Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет367/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   615
3-106-2015-2-chast

А.К. САДВАКАСОВА
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистрі, Астана қ.
MOODLE ПЛАТФОРМАСЫН «ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ» 
КУРСЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Мақалада Moodle оқытуды басқару жүйесін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, информатика мамандығы 
студенттеріне тәжірибе жүзінде қолдану нәтижелері ұсынылады.
Түйін сөздер: қашықтықтан оқыту, оқытуды басқару жүйесі, ақпараттық технологиялар.
Ақпараттық технологиялардың дамуы студенттерге желілік компьютерлік технологияларды 
қолдануға мүмкіндік берді. Бұл оқу үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу 
қажеттілігіне алып келді. Осы саладағы оқытуды дамытудың алдыңғы қатарлы бағыттарының бірі 
- LMS - Learning Management System, яғни оқытуды басқару жүйесі.
Қазіргі уақытта студенттермен ақпараттық коммуникациялық желілер арқылы интерактивті 
іс-әрекет ету кеңінен қолданылуда. Интернет арқылы қашықтықтан оқыту келесі түрде жүзеге 
асырылады: оқытушылар мен студенттер физикалық түрде әртүрлі жерде өз компьютерлерінің 
алдында отырып бір виртуалды кеңістікте іс-әрекет етеді. Оқытуда оқу үрдісінің қатысушылары 
арасында кері байланыс қамтамасыз етіледі (көп жағдайда интерактивті). Қашықтықтан Интернет-
оқыту технологиясын қолдану барысында көптеген интерактивті мүмкіндіктер пайда болады: Web-


№ 3 (106) 2015
303
браузердің көмегімен виртуалды аудиториядан оқу материалын жүктеу, чат, электронды пошта, 
аудио байланыс арқылы оқытушылар және студенттермен тілдесу, бейнеконференцияларға қатысу, 
интерактивті зертханаларда эмуляторлармен жұмыс істеу сонымен қатар нақты уақыт режимінде 
оқу курсының материалын жаңарту т.б.
Қашықтықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ) – бұл оқытылатын курс, жүргізілетін консультация 
аумағында қашықтықтан оқытуды, оқу үрдісін қосымша сүйемелдеуді, электронды құжат алмасуды, 
электронды оқыту материалын жасауды, оқу үлгерімін бағалау мен басқарудыұйымдастыруға 
арналған бағдарламалық қамсыздандыру [1]. 
Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізі –мақсатқа бағытталған, басқарылатын, жеке басына 
ыңғайлы сабақ кестесімен орындалатын, оқытудың арнайы құралдарымен қамтылған, оқытушымен 
Интернет арқылы байланысу мүмкіндігі бар студенттің өз бетімен жұмысы [2].
Оқу курсының құрылымы және ҚОЖ –дағы оқытудың мазмұндық компоненті оқытушының 
жасаған ОӘК арқылы жүзеге асырылады. ҚОЖ ортасының технологиялық мүмкіндіктері 
оқытушының студенттің өз бетімен жұмысын бақылау деңгейін де анықтайды.
ҚОЖ келесі мүмкіндіктері бар:
- оқыту үрдісін сүйемелдеудің қосымша жүйесін ұйымдастыру;
- студенттердің оқыту орталығынан жырақта орналасу жағдайында белгілі бір пәндерге/
курстарға жазылған студенттерге әдістемелік нұсқаулар және кеңестер беру, тапсырмалар ұсыну, 
тестілеу арқылы оқытуды қашықтықтан өткізу;
- оқыту, тестілеу, білім беру сапасын жоғарылату, бір уақытта тыңдайтын студенттер санын 
жоғарылату мақсатында оқыту орталықтары мен жоо-да оқыту үрдісін басқару.
Қашықтықтан оқыту (ҚО) – оқу материалын өз бетімен игеруде сонымен қатар оқыту үрдісі 
барысында студенттер мен оқытушы арасында интерактивті іс-әрекет етуді, студенттерге оқу 
материалының негізгі көлемін жеткізуді қамтамасыз ететеін технологиялар жиынтығы [3].
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданудың келесі мүмкіндіктері бар:
- оқытуға жіберетін шығынды үнемдеу (аудиториялық қор үнемді қолданылады, студенттер мен 
оқытушыларға оқу орнына жол жүру қажеттігі болмайды және т.б.);
- оқытатын адамдар санын көбейту;
- оқытудың интерактивті құралдарын, көлемді электронды кітапханаларды т.б. қолдану арқылы 
білім сапасын жоғарылату;
-бірыңғайбілім беру ортасын құру.
Қазіргі қашықтықтан оқыту келесі негізгі элементтерді қолданудан құралады:
- ақпаратты тарату ортасы (пошта, теледидар, ақпараттық коммуникациялық желілер);
- ақпарат алмасудың техникалық ортасына тәуелді әдістер. 
Қашықтықтан оқытуда кең тараған ашық жүйелердің бірі – Moodle(ағылшынша Module Object-
Oriented Dynamic Learning Environment –модульді объектіге бағдарланған динамикалық оқу орта-
сы). Бұл ең алдымен оқытушы мен студент арасындағы іс-әрекетті ұйымдастыруға бағдарланған 
оқытуды басқару жүйесі [5]. 
Оның басты мақсаты – қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Moodle платформасын қолдану 
студенттердің семестр бойы академиялық белсенділігін реттеуге мүмкіндік береді. Оқу пәні 
баллдық-рейтингілік жүйеге сәйкес келетін бірнеше кезеңдерге бөлінеді, және студент жұмысы 
әрбір модуль соңында бағаланады [4]. 
Бұл жүйеде қатысушалар арасындағы байланыс бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады: дәстүрлі 
(e-mail және форум) және вебинарлар көмегімен. Вебинар (webinar) – оқытушы мен аудитория 
мәтіндік, аудио немесе бейне-чаттар арқылы байланысатын онлайн-треннингтің бір түрі. Треннинг-
барысында слайдтар немесе электронды тақтада қолданылады. Әдетте вебинарлар архивтеледі, 
оларды қажет болғанда қолдануға болады. Бұл оныңбілім беруде, қашықтықтан оқытуда қажетті 
оқыту құралы екендігін көрсетеді.
Moodle жүйесінің келесі мүмкіндіктері бар:
-оқытушы мен студентке ыңғайлы оқу уақыты мен орнын таңдау;
-білімді терең меңгеру;
-қажетті уақытта оқытушымен байланысқа шығу;
-оқытуды даралау;
-уақыт пен қаржыны үнемдеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет