№ 3 (106) 2015
305
Жүйеде тестінің көптеген түрлері қолданылды:
-
Жабық тест – студент сұрақтың жауабын бірнеше жауап нұсқасының ішінен таңдай алады
және әр сұраққа бір немесе бірнеше дұрыс жауап бола алады;
-
Альтернативті - студент сұраққа «Дұрыс» немесе «Дұрыс емес» деп жауап беруі қажет. Егер
«жауаптарға пікір» опциясы таңдалған болса, онда студент тестке жауап бергеннен кейін жазылған
пікірді көреді;
-
Қысқа жауап –сұраққа жауап берген кезде студент сөзді немесе қысқа сөйлемді тереді.Қысқа
жауаптардың бірнеше дұрыс жауаптары бола алады, әрқайсысының бағалануы әртүрлі;
-
Сандық - сұраққа жауап берген кезде студент сандық мәнді енгізеді;
-
Сәйкестік – студентке сұрақтар мен жауаптардың тізімі беріледі. Студенттің мақсаты: әр
сұрақ үшін дұрыс жауабын тауып, дұрыс жауаптардың тұсына сұрақтардың номерлерін қою;
-
Сипаттама – бұл нұсқа сұрақ болып табылмайды. Ол бар болғаны терілген мәтін. Студент
осы нұсқадағы 32 сөздерді пайдаланып шығарма немесе эссе жазуы керек;
-
Сәйкестікке ашық түрдегі кездейсоқ сұрақтар – сұрақтың кіріспе мәтінімен танысқан соң,
студентке бірнеше сұрақтар мен жауаптар беріледі. Оған әр сұраққа жауап мәзірінен сәйкесін таңдау
керек. Барлық сұрақтар балл бойынша бірдей және барлығы қосылып берілген сұрақ түрінің толық
бағасын береді;
-
Кірістірілген жауаптар – әйгілі Cloze пішіміне ұқсас, сұрақтардың өте ыңғайлы түрі.
2-Сурет. «Тестілеу» бөлімі
Тестілеу нәтижесі, орындалған практикалық тапсырмалар және топтық жобаға қатысу нәтижелері
оқушының курсында сақталады.
Студент мұғалім ретінде бұл жұмыстарды бағалайды. Ағымдық бағалар мен қорытынды баға
курстың «Бағалар» бөлімінде сақталады.
4-Сурет. «Бағалар» бөлімі
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ақпараттық технологиялар факультетінде Moodleжүйесінде
қолдану тәжірибесі бұл жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік берді.
Артықшылықтарына жүйені меңгеру оңайлығы мен студенттердің оқу іс-әрекетін бақылауды
автоматтандыру мүмкіндігін жатқызуға болады. Оқытушалырдың оқу ресурстарын, тестілерді
|