Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет384/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
318
Мысал. Мексика шығанағының мұнай өндіру ұңғымасында мұнай төгіліп, үлкен кеңістіктің 
ластану қаупін тудырды.
Салдарлары:
- Мұнай құбырдан ағады.
- Мұнай теңіздің беткі қабатына бақылаусыз таралады.
Құбырдағы ағуды тез тоқтату қиын болды. Сондықтан да алғашқы мақсат – ағуды тоқтатуға 
қосымша уақыт ала отырып, акваторий бойынша мұнайдың бақылаусыз ағуын болдырмау.
Мәселелік жағдайдан тапсырманы тұжырымдауға өту үшін көптеген талдау жұмыстарынжасау 
керек: жағымсыз салдар пайда болуына не алып келгенін және техникалық жүйенің қандай 
бөлігі түзетуді талап ететінін түсіну, қандай жағдайда жағымсыз әсері тоқтайтынына болжам 
жасау. Шешімі табылған тапсырма мына сұрақтарға: бұл түзетуді қалай жасауға болады, бұл 
шарттарды қалай құруға болады? жауап беруі тиіс.Тапсырманы шығыны көп және күрделі (және 
әрқашанда тиімді емес) дәстүрлі тәсілмен шешуге болады, белгілі бір интеллектуалдық күшті, 
шығармашылық мүмкіндігі зор, қарама-қайшылықтарды шешу және көрсету білігін, белгісіз 
ресурстар мен мүмкіндіктерді айқындауды талап ететін жоғары шешім аймағына ұмтылуға болады. 
Өнертапқыштық деңгейдегі тапсырмаларды шешу соңғы нәтижеге барынша жетуді болжайды. Бұл 
қажетті нәтижеге ең аз шығынмен қол жеткізу деген сөз.
Қолданылуы мүмкін болатын шешімдер: судағы мұнайды жинап алатын және оны судың беткі 
қабатына жібермейтін парашютті күмбез түріндегі майысқақ қабықшаны қолдануға болады. Ал, 
сол «қоймадан» мұнайды танкерге тартып сорып алады. 
Тапсырманың шешімі – бұл тек техникалық жүйені қалай өзгертуге, түрлендіруге болатын идея 
ғана. Әрі қарай бұл шешімді шынайы жағдайдың барлық ерекшеліктері ескерілетін техникалық 
шешімге айналдыру керек [6].
ТТШТ технологиясын пайдаланаотырып, «Мұнай» тақырыбын өткенде білім алушыларға 
төмендегі тапсырмаларды беруге болады:
«Жер майын» табу
Мұнай мен газ Каспий жағалауында ертеректен бері өндіріледі. Сол жердің тұрғындары «жер 
майы» жанып тұратын балшықты майшамдарды қолданған. Мұнайды терең құдықтардан алған. 
Ұстаны құдыққа түсер кезде арқанмен белінен байлайды. Бірақ құдықта зиянды булану болады 
және адам онда тез есінен танып калады. Ал, құдықта ұзақ болу қайғылы жағдаймен аяқталуы 
мүмкін. Тапқыр тапсырма: жоғарыда қалғандарға ұстаның есінен танып қалмағандығын қалай 
білуге болады?
Мұнайға серіктес газдарды тасымалдау тәсілі
Бұрын мұнай өнеркәсіптерінің барлығында отты алаулар жанып тұратын, яғни мұнайға серік 
газдарды жағатын. Бір жағынан ол өрт және жарылғыш қауіпті болғандықтан, оны әйтеуір бір жаққа 
құрту керек болды. Басқа жағынан ол аз болғандықтан, арнайы газ құбырларын орнатудың еш мәні 
болмады. Тапсырма: мұнайға серік газдарды тасымалдаудың тиімді тәсілін ұсыныңыз.
Мұхиттардың беткі қабаттарын мұнайдан тазарту тәсілдері
Мұхиттарға төгілген мұнайды жоюдың тәсілдерінің көптеген әдістері ойлап табылды. Мысалы, 
мұнай мұхит түбіне шөгіп тұнбас үшін мұнай пленкасын өңдеу. Бірақ та мұнай үшін абсорбенттер 
қымбат және улы. Сонымен қатар, мұнай уақыт өте келе олардан босап, қалқып шығады немесе 
топыраққа өтеді. Мұнайға магнитті ұнтақ қосу арқылы магниттің көмегімен төгілген мұнайды 
жинауға мүмкіндік береді. Осылардың нәтижесінде құрылғы күрделенеді.
Абсорбенттермен мұнай пленкаларын өңдеуде мұнай мұхиттың беткі қабатына жайылуын 
тоқтатады. Дегенмен де, абсорбенттер қымбатқа түседі, улы және уақыт өте келе олар мұнайды 
қайтадан суға шығарады. 
Құрылғыны күрделендірмей мұхиттардың бекі қабатын мұнай пленкаларынан тазарту үшін 
қымбат емес және қолжетімді материалдарды пайдалану керек.
Мұнай қалдықтарынан ауадағы иістер
Төгілген мұнай өнімдерін, бензинді, керосинді жойғаннан кейінжағымсыз иіс қалады. Шағын 
орындарды желдетіп алуға болады. Ал, үлкен аумақты орындарға не істеуге болады? Жағымсыз 
иістерден қалай құтылуға болады?
Микроағзаларға көмектесейік!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет