Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
316
1946 жылы Г.С. Альтшуллер шығармашылық әдіснама бойынша жұмыстарының нәтижесінде
ТТШТ технологиясын Г.С. Альтшулер ойлап тапқан [1]. Тапқыр тапсырмаларды шешу теориясы
атауы кейінірек 70 ж. пайда болады.Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның
шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады.
Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі - балалық кездегі елестету
деңгейінің
жоғарылығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.
ТТШТ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның
бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып,
шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.
ТТШТ және оның ұстанымдары тек техникалық қана емес,
сонымен қатар басқа да
шығармашылық тапсырмаларды шешуге де қолайлы.ТТШТ күшті ойлаудың жалпы теориясына
жетудің жолындағы бір кезең. Күшті талантты ойлау - бұл ең алдымен жүйелі ойлау: жүйенің өзі-
осы шақ, үстілік жүйе- келер шақ, астылық жүйе - өткен шақ.
Білім алушыларға арналған әдіс-тәсілдер төмендегідей:
•
Жүйелік жақындау - компоненттік,
құрылымдық, функционалды және генетикалық
жақындаудың элементтер негізінде қоршаған ортаның жүйелік көріністерінің бастауларын
қалыптастыру. Бір-бірімен тығыз байланыста болатын бөлімдерден құралған жүйені
біртұтас
ретінде түсінік беру, объектінің осы шақтағы, өткен шақтағы және келер шақтағы жағдайын бөліп
ала отырып, уақыт және кеңістік туралы ұғым беру.
•
Каталог әдісі - білім алушыларды кез-келген таңдалған сөздегі белгілерді екінші бір кез-
келген басқа кітаптан алған сөзге ауыстыруға үйрету.
•
Қарама-қайшылықты шешу әдісі - ұсынылған заттар мен құбылыстарды, тәжірибелерді әр
қырынан қарау;
•
Сиқырлы нысандар әдісі - білім алушыларға таныс объектінің сипаттарын екініші бір
объектіге таңып айту, қолдану;
•
Салыстыру әдісі - заттар мен нысандардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау.
Осы әдістерді жүзеге асыруда білім алушылар заттардың қасиеттерін: түсін, пішінін, өлшемін
ажыратуды үйренеді. Ол үшін ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтауға жаттығулардың мәні зор:
«Заттар несімен ұқсас және қандай айырмашылықтары бар?», «Не өзгергенін анықта?», «Цифрлық
несие», «Фигураларды аяқта», «Артық затты тап», «Нүктелер жаттығуы», т.б.
Оқыту үдерісінде оқытушы шығармашылығында стандартты
емес шешімдерді қабылдауға,
дәстүрлі емес әдістерді қолдануға, объективті және субъективті себептерді ескеруге, жорамалданған
нәтижені алдын ала болжауға тура келетіні сөзсіз. Бұл оқытушыдан шығармашылықты, өзінің жеке
әдістерін жүйелей білу білігін, белгіленген мақсатқа жетудің тиімді жолдарын таба білуді талап
етеді. Басқа әдістердің ешқайсысыда мақсатқа қол жеткізуде дәл осы әдістей тиімді бола алмайды.
Сондықтан бұл әдісті шығармашылық әдіс деп аталады [
2; 3
].
Шығармашылық стильмен жұмыс істеу кезіндегі оқытушының іс-әрекетінің сипаты төмендегідей
болады:
•
Оқу-танымдық мәселелерді қоя білу;
•
Жаңа білімді іздестіруде, мәселелер мен стандартты емес міндеттерді шешуге жұмылдыруда;
•
Өзбетінше шешімдер мен қорытындылар жасау жолында білім алушыға қолдау көрсету [4].
1945 жылы дарынды ойлау жай ойлаудан немен ерекшеленетіндігін ұғынуға ұмтылған Г.С. Аль-
тшуллер шығармашылықтың ғылыми технологиясын дайындауына кірісті. Оның технологиясының
басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға
болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады.
ТТШТ- тапқыр
тапсырмаларды шешу теориясы жаңа техникалық мақсаттарды нақты ғылымға айналдырады.Себебі,
өнертапқыштық тапсырмалардың шешімі ізденістердің орнына текке логикалық операциялардың
жүйесіне құрылады. Экскаватор болған жағдайда, күрекпен жұмыс істеу, автокөлік болғанда, жүкті
арқалау орынсыз және ысырабы көп. Ойды қажетті бағытқа бұруға және ескішілдік, қызығушылық
тудыртпайтын жұмыстың көп бөлігін орындауға қабілетті жүйелі құралды қолданудың орнына
шығармашылық «нұрлануды» күту орынсыз.
ТТШТ қолданушыларының ұстанымы: әрбір адам тумысынан дарынды және кемеңгер,
алайда оны барынша аз күш жұмсап барынша жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі заманға