Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет383/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
317
бағдарлануға үйрету керек. Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырыпты, материалдар 
мен іс-әрекет түрін дербес таңдауды білдіреді. Олар балаларды заттар, құбылыстардың қайшы 
ерекшеліктерін анықтауға және осы қайшылықтарды шешуге үйретеді. Қайшылықтарды шешу – 
шығармашылық ойлаудың кілті.
ТТШТ технологиясында қайшылықтардың көптеген тәсілдері жинақталған. Алайда деректер 
қорын көп жағдайда жас оқытушы қолданады. Тәжірибелері мол педагогтар табиғат және затты 
әлемнің қоршаған объектілерінде өздері қайшылықтарды табады және оларды білім алушылармен 
жұмыс жасауда қолданады. Бірақ негізгі міндет: білім алушыларды өз шешімдерін іздеуге және 
табуға үйрету – бұл шығармашылық ойлауда, қиялдауда, жаңаны ойлап табуда байқалатын 
өнертапқыштық кезең.
Айта кететін жайт, ТТШТ технологиясы білім алушыны ғана емес, оқытушыны да 
шығармашылықпен жұмыс жасауға үйретеді. ТТШТ қолдаушылары алдында тұрған басты 
мәселе – дайын формуланы білім алушылармен сабақ өткізуде схемалық түрде қолдану ниетінен 
сақтандыру. Білім алушылар тумысынан үлкендердің ақпараттарын талдай отырып, өздерінің 
қандай да бір жүйесін құруға, өзінің пәктігі мен аңғалдығын көрсете, жүріп жатқан үдерістердің 
заңдылықтарын ұғынуға талпынады. ТТШТ оқиғалар мен құбылыстардың заңдылықтарын түсіну 
үдерісімен мүмкіндігіне қарай танысуды ұсынады. [5].
Тапқыр тапсырмаларды шешу теориясы технологиясы педагогикасында біз ашық тапсырмалардың 
негізгі екі түрін бөлеміз: өнертапқыштық тапсырмалар және зерттеушілік тапсырмалар. 
Өнертапқыштық тапсырмаларда стандартты емес жағдаяттардан бірнәрсені ойлап табу немесе 
шешімін табу талап етіледі. Ал, зерттеушілік тапсырмаларын түсініксіз құбылыстарды түсіндіру, 
оның себебін анықтау тапсырмалары деп есептейміз. Бұл жағдайда түйінді сұрақтар мыналар 
болып табылады: Қалай жүреді? Неліктен?
Сабақта тапқыр тапсырмаларды әртүрлі мақсатта қолдануға болады. Мысалы, мынадай:

Сабақты жандандыру үшін қызықты мысалдарды таңдап, тапсырмаларды шешу;

Тапқыр тапсырмаларды шешу механизмдерімен танысу;

Білім алушылармен бірлесе отырып тапсырмаларды шешудің жаңа жолдарын табу, өз 
тапсырмаларын құру, тапсырмаларды жіктеудің түрлерін өзгерту.
Көптеген тапсырмаларды зерттеушілік немесе өнертапқыштық тапсырмалар түрінде алуан түрлі 
етіп тұжырымдау керек
Тапқыр тапсырмаларды шешу алгоритмі – бұл орындаушы тапсырманың бір шешімін табуы, 
болмаса тапсырманың шешімін таба алмау себебін түсінуі және оң нәтижеге жету үшін тапсырманы 
қалай қайта тұжырымдауға болатынын айқындайтын алдын ала жазылған әрекеттің жүйелілігі.
Генрих Альтшуллер кез-келген шығармашылық алгоритм кем дегенде үш қағидадан тұратынын 
көрсетті:

Ең дұрыс ақырғы нәтиже тұжырымы;

Қарама-қайшылықты көрсету; 

Арнайы құрылымды ақпаратты қолдану (шығармашылық әдіс-тәсілдер, тиімділігі
стандартты шешімдер).
Тапқыр тапсырмаларды шешу алгоритмі күрделі жағдайларды жақсарту үдерісін толығымен 
немесе ішінара қолдайды. 
Атақты физик Ричард Фейманның қарапайым алгоритмі:
1.Тапсырманың шартын жазыңыз.
2. Жақсылап ойланыңыз.
3. Шешімін жазыңыз.
Тапқыр тапсырмаларды шешу теориясы технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білім 
алушылардың ұсынылған алгоритмдерді үлкен қызығушылықпен меңгеретінін және өз бетінше оқу 
және сабақтан тыс іс-әрекетте оларды тиімді қолданатынын байқауға болады. Соның нәтижесінде 
алған білімді шығармашылық қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, білім алушылардың 
белсенділігін және мотивациясын көтеруге әсер етеді, өз бетінше тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік 
береді.
Химия тәжірибеге бағдарланған пәндердің бірі болғандықтан, ТТШТ технологиясын пайдалану 
арқылы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет