Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет388/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   615
3-106-2015-2-chast

К. СӘДУАҚАСҚЫЗЫ
1
, М. КАМИЛАЕВА
2
пед.ғ.к., Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры
1
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ магистранты
2
ТТШТ-ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНЫП ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ
Мақалада сабақтан тыс іс-әрекетте креативті ойлауды дамытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. 
Авторлар ғылыми шығармашылықтың бейімделген әдістерін сипаттайды, тапқыр тапсырмаларды шешу 
теориясы қарастырылады. Мектептегі ТТШТ-ның басты мақсаты ақиқатты түрлендіруге бағытталған 
шығармашылықпен жүйелі түрде ойлауды дамытудан тұрады. Шығармашылық қабілеттілік - материалдық 
және рухани мәдениет пәндерін құру, жаңа идеялар тудыру, жаңа ашылулар жасау, жаңалықтар өндірісі, 
бір сөзбен айтқанда адам іс-әрекетінің әртүрлі саладағы жеке шығармашылығы. Егер баланың әрекетінде 
шығармашылық сипат болса, онда ол баланы үнемі ойлануға мәжбүрлейді және қабілеттілікті бақылау 
мен дамыту құралы ретінде өз бетінше сүйікті ісі болады. Шығармашылық іс-әрекет әрқашанда қандай 
да бір жаңаны жасаумен, өзің үшін жаңа білімді ашумен, өз бойыңдағы жаңа мүмкіндіктерді айқындаумен 
байланысты.
Түйін сөздер:
шығармашыл жүйелі ойлау
, ТТШТ-технологиясы, миға шабуыл әдісі, 
фокальды нысандар 
әдісі
, синектика. 
Қазіргі білім беру жүйесі жас ұрпақты шынайы өмірге дайындауға бағдарланған. Еңбек 
нарығында мектеп пен жоғары оқу орындарының түлектері ізденімпаз болу үшін шығармашылық 
қабілетке, өз бетінше ойлау мен біртума қасиетке ие болу керек және де шығармашылық іс-әрекет 
барысында өз бетінше білім алып, оны талдай білуі керек.
Баланың осындай жан-жақты дамуына тек қана сыныптық жұмыстар ғана ұйымдастырылып 
қоймай, сонымен бірге оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары да әртүрлі формада (үйірмелер, 
ғылыми қоғам және тағы басқалар) жүзеге асырылатын білім ұйымдары – ең алдымен жалпы білім 
беру мектептері әсер етеді. Мұндай білім беру жүйесі тек тереңдетілген білімді алып қана қоймай, 
сонымен қатар ойлауды дамытудың ең жоғарғы шығармашылық деңгейіне жетуге әсер етеді. 
Педагогтің міндеті – балаларға қызықты және қолжетімді іс-әрекетте оларды айқындау және 
дамыту. Көптеген жағдайда нәтижелер керемет, өйткені біздің жағдайда жұмысты негізінен кәдімгі 
қарапайым балалар және барлығы орындайды. Қабілеттілікті дамыту – демек, бұл баланы іс-
әрекет тәсілдерімен қаруландыру, оның қолына кілтті, жұмысты орындау принциптерін беру, оның 
дарындылығын көрсету мен айқындау үшін жағдай жасау. 
А. Холодная мен Л.С. Выготскийдің пікірінше«Қабілеттілік жай ғана еңбекте көрінбейді
ол еңбекте қалыптасады, дамиды, өркендейді және іс-әрекет жоқ жерде жоғалады»,-десе, Л.С. 
Рубинштейн «Адамның дамуы – бұл оның қабілеттерінің дамуы»,- деген пікірді ұстанады.
Осы тұрғыдан Л.С. Выготский «Қабілеттілік мұра болып қалмайды, тек олардың даму 
мүмкіндіктері – бастамасы», ал А.Н. Леонтьев«Қабілет пен қызығушылық қалыптасады және 
іс-әрекет кезінде ғана көрінеді» деп қабілеттілік ұғымын тереңдетеді. Ғылыми-техникалық 
прогрестің жеделдеуі сан мен сапаға тәуелді болатын шығармашыл дамыған ақыл-ойдың, олардың 
қабілеттілігін қамтамасыз ететін ғылымның, техниканың, өндірістің тез дамуы, сондықтан да оны 
қазір халықтың интеллектуалдық потенциалын көтеру деп атайды. 
Демек, бәрі жаңа нәрсені жасап шығарушы болу керек па? Иә! Біреулері азғантай болса да, 
кейбіреулері үлкен, бірақ міндетті түрде барлығыда жаңа. Бірақ сонша таланттыларды қайдан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет