Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет390/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
323
– «креативті» деп атайды. Интеллектуал тіпті күрделі тапсырмаларды да шешуге дайын. Бірақ бұл 
«жабық тапсырмалар» деп аталатын, бұрын біреудің оған дейін қойылған, белгілі шешу технологиясы 
бар тапсырмалар. Ал, креатив тапсырманы өзі көріп және өзі қойып, берілген жағдайдың тар 
шеңберінен шығуға ұмтылады. Креативті (сыни) ойлаудың басты ерекшелігі репродуктивті ойлау 
мен іс-әрекет тәжірибесінен бас тартуында болып табылады. Өйткені, ұқсастығы бойынша кез-
келген іс-әрекет бұрын қолданылған жағдаймен сәйкес келіп отырады. Репродуктивті іс-әрекетті 
немесе ұқсастық бойынша іс-әрекет нәтижелерін қолдану әрқашанда төмен болады және ойдағыдай 
жетістікке жете алмауы мүмкін. Көптеген мақалаларда дәстүрлі мектепте білім алған бала көптеген 
жылдар бойы сыни ойлау қызметі жаттығуларынан құтылады делінген. Өйткені ондай мектептер 
репродуктивті ойлауды дамытуға негізделген. Оған оқулықтағы мәліметтерді есте сақтап және 
мұғалімнің алғашқы талаптарына сай сол білімді қайта еске түсіре білуі қажет. Бұл білімнің 
репродуктивті қайта өндірісі. Бірақ өмірде, кез-келген шығармашылық кәсіби іс-әрекетте сыни 
ойлау тәжірибесі ең маңызды болып табылады. Дәстүрлі сабақ пен ТТШТ элементтерімен (бұл 
үнемі өнімді оқыту) өткізілетін сабақтағы баланың интеллектуалдық белсенділігін салыстырғанда 
үлкен айырмашылық байқалады. Дәстүрлі сабақтарда бала проблемалық жағдайда мұғаліммен 
тікелей жұмыс жасағанда ғана интеллектуалды белсенді болады. Жалпы бұған аптасына 2 сағаттан 
аса сағат бөлінеді. Басқа уақытта бала сабақта болғандарды пассивті түрде қабылдайды. Мұғалім 
сыныппен жұмыс істей отырып, әрбір оқушыға көп уақыт бөле алмайды. Өнімді оқытуда оқушы 
өз бетінше жекелей немесе жұпта шығармашылықпен жұмыс жасайды. Мұндай жұмыс оқу 
күнінде 2-3сағатты алады. Мұндай интеллектуалдық үдерістер жүктемесі кезінде сыни ойлау үнемі 
жаттығады. Мектепте репродуктивті оқытудан өнімдіге өтуі – сыни ойлау әрекетін қалыптастырудың 
алғашқы және маңызды жолы. 
Мектептегі ТТШТ-ның басты мақсаты шындықты өзгертуге бағытталған шығармашыл жүйелі 
ойлауды мақсатты дамытудан тұрады. ТТШТ-мен айналысатын балалар өте тез ойлауға үйренеді. 
ТТШТ-педагогикасының негізіне жатады:
1. Психологиялық инерция шығару тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік беретін әдістеме мен 
технология (ШҚД – шығармашылық қиялды дамыту)
2. Нақты шығармашылық тапсырмаларды шешуге деген олардың жалпы ұстанымдарына, 
жүйелердің даму заңдарына негізделген мәселелерді шешу әдіснамасы – қуатты ойлаудың жалпы 
теориясы (ҚОЖТ).
3. Шығармашыл тұлғаны дамыту теориясы негізінде құрылған тәрбиелік жүйе (ШТДТ).
ТТШТ-педагогикасында қолданылатын құралдар негізінде бастапқыда бұл технологияны 
дамытушылық оқытумен жақындастыратын проблемалық-іздеу әдісі жатады. Сонымен, ТТШТ-лық 
оқыту кезінде оқытушылардың алдына мәселе қойылады, бірақ оларды шешу үшін проблемалық 
тапсырмаларды шешуде жетістікке жетуге көмектесетін құралдар ұсынылады.
Оқыту кезінде шығармашылық үдерістердің бағыттылығы мен басқарушылығы басты болып 
табылады, әдістер ретінде ой-елесті белсендірудің алгоритмдік емес әдістері сияқты ТТШТ-да 
дайындалған қиялдаудың алгоритмделген әдістері де қолданылады. Ой-елесті, қиялды белсендірудің 
алгоритмдік емес әдістеріне миға шабуыл, морфологиялық талдау, фокальды нысандар әдісі, 
синектика жатады.
Жаңа идеяларды жандандырудың ең белгілі және кеңінен қолданылатын әдісі америка инженері 
А.Осборн ұсынған «миға шабуыл» әдісі болып табылады [1, 2].
Бұл қазір де өте кең таралған жаңа идеяларды ұжымдық іздеу кезінде шығармашылық ойлауды 
белсендіру әдісі болып саналады.
Миға шабуыл шығармашылық бірлестікте жекелеген мүшелердің ұйымдасқан топтарының жаңа 
идеяларды іздеу және табу әдісін көрсетеді. Бұл атау қарастырылатын мәселені шығармашылық 
шешуде топтың бүтін бір ми ретінде шабуыл жасауымен байланысты. Жұмыс бірнеше кезеңде 
жүреді: дайындық, шабуылды жүргізу, бағалау және идеяларды іріктеу, қайта өңдеу және өте құнды 
идеяларды дамыту. Дайындық кезеңінде тапсырма дәл тұжырымдалады және жазылып отырады 
(жалпы мағынада). Дайындыққа сонымен бірге нақты материалдардыіріктеу кіреді: ұқсастықтар; 
іс-әрекет принциптері туралы мәліметтер нысаны. Миға шабуылдың мәні – көбінесе идеялар 
сараптамасынан кейінгі интуиция негізіндегі мәселені шешу жолдарын бірлесіп іздеу. Әдіс іздеудің 
инерциялық бағыттылығынан құтылуға мүмкіндік береді, адамның ассоциативтік қабілеттерін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет