Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет442/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
367
3. Тақырыпты меңгерудегі бірізділік және ойының анықтылық кезеңдері.
4. Оқу үдерісіндегі білім алушылардың әр кезеңдегі қарым-қатынас көрсеткіші.
5. Осы үдерістегі білім алушы мен білім берушінің түрткілік іс-әрекеті.
6. Шығармашылық іс-әрекеттегі дұрыс шекараны көрсету.
Осылай кез келген педагогикалық технологияның алдына қойған мақсаты оның негізгі 
компоненті болып табылады. 
Қазіргі таңда білім беру процесіндегі ең маңыздысы – әр білім алушыны, оның белсенділігін 
дамытуды қамтамасыз ететін педагогикалық технологияларды жасауға деген қажеттілік туындады. 
Білім алушы өзінің еңбегінің жаңа нәтижелерін алуға және оны тәжірибеде қолдануларына 
мүмкіндік беретіндей білім берудің жағдайларынжасау қажет. Ал біз болсақ, білім алушылардың 
келешегіне назар аудармаймыз. Алдағы уақытта оларға тек таңдаған мамандықтары бойынша ғана 
емес, сонымен қатар заманауи технологиялар аясынан да хабардар болулары қажет болып саналады. 
[4].
Интерактивті оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық 
айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі 
студент өзінің жетістіктерін, зияткерлік белсенділігін сезетіндей, оқу барысында қызығушылықтарын 
арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивті оқытудың тиімділігі сол, барлық 
студент қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы 
әсер етуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдану және бір-біріне деген жанашырлық 
қалыптасады. Яғни жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда 
жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі - психологиялық-
педагогикалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің практикасына ендіру.
Жалпы интерактивті оқыту теориялық та, практикалық та тұрғыда зерттеуді қажет ететін 
дидактика міндеттерінің бірі болып саналады. Ал интерактивті оқыту формаларын, әдістерін 
пайдалану білім беруші мен студенттің қарым-қатынас жағдайын аса шеберлік, білімділік 
демократиялық бағытта уақыт талабына сай таңдауды қалайды. Педагогикалық үрдісте жаңа 
технологияларды енгізіп интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан 
шыңдайтындығы дау тудырмайды. Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде студенттер түсіну 
процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар 
көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ студенттерді өз бетімен ізденуге 
үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда білім беруші 
мен студенттің өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі студенттің белсенділігіне орын 
береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады. Бұл 
әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін 
білу қажет. Интерактивті оқыту өзара түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды қамтамасыз 
етеді. Интерактивті әдістер ешқандай жағдайда да дәрістік материалдардың орнын ауыстырмайды, 
бірақ оны жақсы меңгеруге септігін тигізеді, және ең маңыздысы: пікірді, қатынастарды, мінез-
құлық машығын қалыптастырады [5].
Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында білім беруші мен білім алушының 
қарым-қатынасы түбегейлі өзгеріп, «білім беруші-ұйымдастырушы, бағыттаушы», ал «білім 
алушы-ізденуші, белсенді» субьектіге айналуы тиіс. Білім алушы белсенділігін арттыру үшін 
қолданылатын әдістерді интерактивті әдіс дейді.Интерактивті процесс – бұл педагогикалық 
процеске қатысушылардың өзара қарым-қатынасы және бір-біріне әсер ету арқылы бір мақсатты 
көздеуі. Оның негізінде әр қатысушының өз тәжірибесі жатады. Интерактивті әдістің мақсаты тек 
ақпарат ұсыну емес, білім алушыларды өз бетінше ақпаратты табу дағдыларын қалыптастыруға 
итермелеу, әр қатысушының мінез-құлқы мен жұмыс жасау жағдысына оң өзгеріс енгізу, логикалық 
ойлау дағдыларын дамыту.
Білім беруші білім алушының нені білетінін және нені жасай алатынын, оның қызығушылықтарын, 
әр білім алушының не істегісі келетінін түсінуге тырысуы керек. Интерактивті әдіске құрылған 
дәріс білім берушіден білім алушының бойында келесі қабілеттерді дамытуға күш салуды қажет 
етеді:
1. ережелерді, фактілердіескесақтау;
2. материалдытүсіну, ұғыну;
3. білімінтәжірибеде қолданабілу; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет