Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет443/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
368
4. ақпараттысараптайбілу;
5. ақпаратқа, жағдаятқа бағаберебілу.
Сонымен, білім берудің интерактивті әдістерін қолданған кезде студентті педагогикалық 
процестің белсенді қатысушыларын жасауға, студенттің танымдық белсенділігін қалыптастыруға 
және дамытуға мүмкіндік беретіндігі анықталды. 
Жағымды атмосфера жасау, қарым-қатынасты ұйымдастыру «коммуникациялық шабуыл» 
жасау әдісі ең бастапқыдан шетел тілін сөйлеуге және ұйымдастыруға арналған интерактивті тәсіл. 
Педагогтың білімгерлердің қатысуын, дамуын өз тізгініне алуына ықпал етеді.
Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік 
оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша 
ойлау қалыптасуда.Қазір дәстүрлі білім беруде студенттерге тек пәндік білім, білік, дағдылардың 
белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде 
қалыптасуына көңіл бөліп отыр. Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік 
білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі 
елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, 
басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-
жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік 
адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін 
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша неме-
се шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық 
компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге студенттің әрекеті – 
оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер 
беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге 
бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік 
өзгерістерге қарай топтастыруға болады.
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған. 
Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең 
алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін 
технологияландыру (озық техникаларды мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны, электронды 
оқулықтарды т.б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің субьектісі 
ретінде дамуын қаматамасыз ету керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда барлығының 
көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды 
белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа шығаруға, кемсітуге жол 
бермеукерек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет