№ 3 (106) 2015
371
- Біліктілікті арттыру жүйесінде тыңдаушылардың жетістіктерін бағалау мүмкіндіктерін
Ю.О.Лобода, Т.Г.Новикова,еңбектерінде қарастырылды.
- Ал, Е.Н.Макарова , Е.Л.Рачевский жоғары сынып оқушыларының жеке білім траекториясын
құру жолдарын зерттеді [4].
Отандық және шетелдік тәжірибелерге талдау жасау, біліктілігін арттыру жүйесінің негізі са-
ралау екенін көрсетті. Саралауды оқытудың теориялық негіздерін қалыптастыру мүмкіндіктерін
И.Э.Унттың , Т.Б.Захарованың , Б.Г.Ананьевтың, психологиялық-педагогикалық зерттеулері алдыңғы
орынды иеленеді. Жоғары мектептің педагогикалық- психологиялық пәндер оқытушыларының
кәсіби біліктілігін арттыру курсында берілетін білім, тыңдаушыларға жекемүмкіндіктері мен білім
алуға қажеттілігіне сай болуын қарастырады. Біліктілігін арттыру оқытудағы білім сапасы, жеке
тұлғаның бойында қалыпасқан талаптарына сай білім беру нәтижесі болуын қарастырады. Білім
берудің тиімділігі, білім мазмұнын жеткізу құралдарына сай нәтижелі болатынын қарастырады.
Біліктілігін арттыру тыңдаушыларды жеке тұлғалық бейімділігін, қабілетін, кәсіпті иеленуге деген
қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін, білм берудің қолжетімділігі мен заманауи білім беру үшін
ерекше педагогикалық жүйе қажет, ал оның өзі мынадай қағидаларға негізделеді: дифференциаци-
ялау, интеграциялау, вариативтілік, оқытуды даралау, дамытушылық, біліктілігін арттырудын іс-
әрекеттік сипаты [5].
Саралап оқытудың педагогикалық қағидасына сай бейіндеу түріне қарамай барлық
тыңдаушыларғанегізгі жалпы білім беру қажет. Мектептегі білім беру үдерісінің тәжірибесіне бейіндік
саралаудан тыс деңгейлік саралауды ендіру қадамдары оқытудың педагогикалық тиімділігінің
көтерілуіне алып келмегендігі мәлім. Бұл оқытудың деңгейлік саралануы тыңдаушылардың оқу
мүмкіндігі туралы антропологиялық екі жақты ойлауға сүйенуімен байланысты. Бейіндік саралау
маңыздырақ болып табылады, себебі оның негізінде оқушының түрлі арнайы қызығушылықтары
мен қабілеттері, өздерінің қызығушылықтары бойынша оқуға тең мүмкіндіктерінің болуы тура-
лы антропологиялық, шындыққа жақын ой жатыр. Сондықтан бейіндік саралау деңгейлік са-
ралау мәселесін бір уақытта шешуге мүмкіндік береді, себебі шындығында бейіндік жоғары
мектептің педагогикалық- психологиялық пәндер оқытушыларының кәсіби біліктілігін артты-
ру ерекшеліктерін. Сонымен қатар саралаудың мынадай кемшіліктері де бар, мысалы саралау
жүйесінде оқушылар қоршаған ортаны тұтас күйінде қабылдай алмайды (оның түрлі қырларының
интеграциясын, яғни оқу барысында білімді меңгеру өзінің міндеті деп түсінеді). Сондықтан
оқушыларды бейіндік оқыту табысты жүзеге асу үшін тек қана саралау ғана емес, интеграциялық –
жүйенің жеке элементтерінің немесе оның бірыңғай мақсаттарға жету үдерісіндегі өзара тәуелділік
орын алуы тиіс. Захарова Г.Б. оқу барысындағы саралауды оқыту мазмұнының вариативтілігіне,
әдістері мен интенсивтілігіне сай байланыстырады [6].
Вариативтілік – бұл жоғары мектептің педагогикалық- психологиялық пәндер оқытушыларының
кәсіби біліктілігін арттыру ерекшеліктерін таңдау үшін білім беру бағдарламалары неме-
се жеке білім беру қызмет түрлерін ұсынатын және құрайтын білім беру жүйесінің сапасы. Са-
ралау қағидасы білім беру үдерісін даралаумен тығыз байланысты. Даралау дегеніміз «жүйенің
тыңдаушылардың курсқа қатысуы Қажеттіліктері мен мүмкіндіктері, жеке қызығушылықтарын
ескеруге бағытталуы». Оқытуды даралау проблемасы бойынша А.А. Бударныйдың, И.Д.
Бутузовтың, Е.Я. Голанттың және т.б. еңбектерi маңызды орын алады. Педагогикалық жоғары
мектептің педагогикалық- психологиялық пәндер оқытушыларының кәсіби біліктілігін артты-
ру ерекшеліктерін ерекшелiктерiн, олардың даму деңгейлерi мен оқуға деген қабiлеттiлiгiн еске-
ру арқылы оқыту тәсiлдерi, қарқыны таңдап алынатын оқу үдерісiн ұйымдастыру мағынада
қолданады. Мұнда көбiнесе барлық тыңдаушылардың мiндеттi түрде барлық ерекшелiктерiн еске-
ру ұйғарылмайды. Зерттеушiлер бiрқатар сапалық қасиеттерi бойынша ұқсас келетiн қандай да бiр
топ арттырудың ерекшелiктерiн ескерумен шектеледi [7],
Жоғары мектептің педагогикалық – психологиялық пәндер оқытушыларының кәсіби біліктілігін
арттыру ерекшеліктерінің тағы бір маңызды қағидасы оның дамушы, іс-әрекеттік сипаты болып
табылады. Ол білім беру мазмұнының практикалық бағытталуы мен оны меңгеру әдістерінің
белсенділігінен құралады. Бұл қағиданы жүзеге асырудың көмегімен біліктілікті арттыру
әлеуметтенген бағытына және түлектерді ары қарайғы еңбек қызметіне даяйындық жүзеге асыры-
лады. Осылайша, жалпы біліктілікті арттыруды жүзеге асыру үдерісінде тұлғалық-бағдарланған
|