Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ – БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет74/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   615
3-106-2015-2-chast

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ – БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ 
БІЛІМІН ӘДІСТЕМЕЛІК ТҰРҒЫДА ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗІ 
Мақалада өтпелі кезеңнің әдебиеттік оқу пәнінің жаңа мазмұны мен оның басты ерекшеліктері сөз 
болады. Әдебиеттік оқу пәнінің жаңа мазмұны негізінде оқушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша 
бағаланалып, олардың тұлғалық, жүйелі-әрекеттік, пәндік нәтижелермен айқындалып, әрқайсысының 
атқаратын өзіндік функциясы дәлелденеді.
Пәндік нәтижелер – білім салалары бойынша оқытылатын әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктеріне 
байланысты жаңа білімді меңгерудегі тәжірибелерді игеру, оны өзгертіп өздігінен қолдануы, қазіргі 
ғылымның әлемдік бейнесін сипаттайтын ғылыми білімнің негізгі элементтерінің жүйесін пайдалана 
алу әрекеттерінен, функционалдық сауаттылығынан көрініс табады.Оқулықтың жаңа мазмұнынын іске 
асыруда мұғалімнің білімін әдістемелік тұрғыда жетілдірудің жолдары талданады. 
Түйін сөздер: әдебиеттік оқу, білім мазмұны, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік пәндік нәтижелер.
Қазақстан Респубикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік –экономикалық модер-
низация – Қазақстанның дамуының басты векторы» атты Қазақстан халқына жолдауында білім 
беру жүйесін модернизациялауға басымдық бағыт беріп, білім мазмұнын модернизациялаудың бес 
бағытын айқындап берді [1]. Төртінші бағыттың тікелей педагогикалық білім берудің базалық стан-
дарттарын жетілдіру, мектеп мұғалімдерінің және жоғары оқу орындарының оқытушыларының 
біліктілігін арттыруды көздеуі жалпы білім беру жүйесін модернизациялаудың көзіне айналып 
отыр.
Осы бағытты іске асыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жалпыға міндетті орта 
білім беру стандартының жетілдіріліп, 2012 жылы 23 тамызда Үкімет тарапынан бекітілуі, өтпелі 
кезеңнің жаңа білім мазмұнын айқындауға негіз болып отырғаны, еліміздің әлемдік білім кеңістігіне 
енуінің алғышарты болып табылады [2]. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығының ірге тасы бастауыш мектепте қаланатынын, со-
нымен қатар оқушылардың оқу еңбегіне қажетті оқу іc-әрекетінің білігі мен дағдысын игеруі, оқуға 
үйрену, санау, теориялық ойлаудың қарапайым элементтерін, сөйлеу мәдениеті мен тәртібі, салауат-
ты өмір салтын, жеке бас гигиенасы, отандық және әлемдік мәдениетті түсінуін қамтамасыз ететін 
білім мазмұны негізгі мектептің әдебиет пәнін меңгеруге база жасаудың негізі болып табылады. 
Стандарт бойынша бастауыш білім мазмұнын айқындауда жаңа ұстанымдар басшылыққа алы-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет