Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет82/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
67
нан зардап шеккен балалар дене кемістіктеріне орай ақыл-ойы тоқырап қалғандар тағы басқа се-
бептерден кеміс болып қалғандарды да жатқызамыз. Сондай-ақ бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс 
жағдайының ауыр болу себептерінен бірқалыпты дамымай қалған балаларды да қосамыз. Мұндай 
жайттар негізінен әлеуметтік жағдайлармен ұштасады [4-137]. 
Ақыл-есі кем болуының тағы бір себебі – тұқым қуалаумен ауысатын ауруларға ұшырау. Сондай-
ақ балалардың жас кезінде бақытсыздыққа ұшырауы. Ақыл-есі кем баланың әлеуметтік жағдайын 
жәбірлеп оны өз құрдастарынан оқшаулау бала психикасының дамуына кері әсер етеді. Баланы 
жынды немесе нақұрыс деп атау – оның намысына тиіп, теріс бағытқа ауып кетуіне себепші болады. 
Бала кемістігі әлеуметтік ортада айқын сезіледі, алайда оны үйреншікті ортасынан ажырату қиын.
Ақыл-ес кемшілігін зерттеулерімен байланысты сұрақтар, дефектологияның ең негізгі саласына 
жатады. Онымен тек қана олигофренопедагогтар емес, сонымен қатар бағыттас ғылым мамандары 
- психологтар, невропатологтар, психиаторлар, эмбриологтар, генетиктер және т.б. айналысады 
[5-67].
Ақыл-есі кем мәселесіне назар аудару осындай кемістігі бар адамдар саны азаймайтындықтан 
қозғалды. Бұл туралы дүние жүзі елдері бойынша статистикалық мәліметтер дәлелдейді. Бұл 
жағдай бала дамуының бұзылуын барынша түзету үшін жағдай жасау мәселесін бірінші дәрежелі 
етеді. Біздің елімізде ақыл-есі кем балалармен оқу-тәрбие жұмысы білім және денсаулық сақтау 
жүйесін арнайы мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде жүргізіледі. Орталық нерв жүйесін 
ауыр жарақаттанған балалар әлеуметтік қорғау балалар үйінде тұрады, ол жақта олармен арнайы 
бағдарлама бойынша оқу-тәрбие жұмысы өткізіледі. 
Ақыл-есі кем – бұл тек «ақылдың аздығы» емес, бұл барлық психиканың, тұлғаның орталық нерв 
жүйесіндегі органикалық зақымданудың нәтижесі болған сапалық өзгерістері. Бұл дамудың кері түрі, 
бұл кезде тек ақыл-ес емес, сонымен сезімі, жігері, мінез-құлқы, дене дамуы зардап шегеді. Мұндай 
ақыл-есі кем балалардың ауытқулық дамуының аралық түрі олар үшін жүйке жүйесінің іс-әрекеті 
ерекшеліктерінен де пайда болады. Ақыл-есі кемшілігін зерттеуші ғалымдардың қорытындысына 
жүгінсек, шартты рефлекс әрекетінде тұрпайы өзгерістердің қозуы немесе тежелуі процестерінің 
тепе-теңсіздігі және ескерту жүйелерінің қарама - қайшы әрекеттері бұзылуы болатынын көрсетті. 
Бұл баланың психикалық кемістігі дамуының физиологиялық негізі болып табылады [6-150].
Ақыл-есі кем қалғандардың психика ерекшеліктері айтарлықтай толық зерттелген. Осы 
зерттеулер көрсетуінше ақыл-ес дамуы артта қалғандарда тану процесі барлық кезеңдерде толық 
дамымау белгісі орын алады, ал кейбір жағдайларда психикалық функцияның дамуының кері түрі 
көрінеді.
Нәтижесінде бұндай балалар қоршаған орта туралы бұрмаланған, кейде толық емес түсініктер 
алады, бірақ олардың тәжірибесі өте аз. Бәріне белгілі ақыл-есі жетілмеген адамда танымның 
бірінші деңгейі – түйсік кемістігі болады. Ақыл-есі кем адамның түйсігі жиі бұзылады, оларда есту, 
көру, тілінің жетілмеуінен зардап шегеді, бірақ талдамасы сақталған жағдайда осы балалардың 
түйсік ерекшеліктерімен көзге түседі, бұны психологтардың зерттеулерінен аңғаруға болады. 
Түйсік жалпыламасының бұзылуы негізгі кемшілік болып табылады, ол дені сау балалармен 
салыстырғанда баяу, шапшаңдығынан байқалады. Баяу қабылдау ақыл-ес жетілмегендіктен күшейеді, 
олар бастысын қиындықпен айырады, кейіпкелер, бөлімдер арасындағы ішкі байланыстарды 
түсінбейді. Сондықтан олардың қабылдауы кем дифференциалдаумен ерекшеленеді.
Ақыл-есі кемдерге кеңістік пен уақытты түсіну қиыншылықтары тән. 8-9 жасында осындай 
балалар оңы мен солын айыра алмайды, мектеп ішінде өзінің сыныбын, асхананы, шығатын есікті 
таба алмайды. Олар сағатты айтуда, апта күнін, жыл мезгілін анықтауда қателеседі. Өздерінің ақыл-
есі дұрыс құрдастарынан ақыл-ес дамуы артта қалғандар түсті едәуір кеш айыра бастайды. 
Түсіну ой қабілетімен тығыз байланысты. Егер оқушы оқу материалының тек сырт жақтарын 
түсінсе, негізгі, ішкі жақтарын көрмесе, онда тапсырманы түсіну, ұғыну, орындау қиындыққа түседі.
Ес (ойлау) - танымның негізгі құрамы болып табылады. Ол талдау, синтез, салыстыру, жалпылау, 
нақтылау операциялары түрлерінде орын алады. Зерттеулер көрсеткендей (В.Т.Петрова, Б. И. 
Пинский, И. М. Соловьев, Ж. И. Шиф және т.б.), аталған барлық операциялар (іс-әрекеттер) ақыл-
есі кемдерде жеткіліксіз қалыптасқан және өзгеше белгісі бар.
Еске түсіру - өте қиын, үлкен жігерлі белсенділік пен мақсаттылықты талап етеді. Оқиғалардың 
қисынын түсінбеу себепті ақыл-есі кемдер еске түсіру процессі жүйесіз болады. Түйсіктің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет