Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Өндіріс жобасының техникалық-экономикалық көрсеткіштері



бет21/25
Дата17.06.2023
өлшемі1.61 Mb.
#475167
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
umk rekonstrukiya str-18-1u

3. Өндіріс жобасының техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
Қайта жаңғыртудың тиімділігін айқындайтын өндіріс жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіші кәсіпорынның немесе оның бөлшектерінің дайындық жұмыстарынан бастап қайта жаңғыртылған қуаттардың пайдалануға берілген сәтіне дейінгі қайта құру жөніндегі барлық шаралардың жүзеге асырылу уақыты болып табылады. Бүл уакыт қайта жаңғыртудың ұзақтығымен сипатталады.
Жаңа құрылыс сияқты қайта жаңғыртудың ұзақтығы да экономикалық, жобалық, ұйымдастыру дайындықтарының және қайта жацғыртуды жүзеге асырудың барлық кезеңдеріне бастапқы көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Объектіні қайта жаңғырту, немесе техникалық қайта жарақтандырудың дайындық жұмысының орындалуынан бастап, объектінің пайдалануға берілуіне дейін Мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдау актісі бойынша есептеп шығарылады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта жаңғыртудың ұзақтық мөлшері жұмыс істеп тұрған өндіріс кәсіпорындарын қайта жаңғырту мақсатымен сәйкес келетін, құрылыс техникасы мен технологияларының деңгейі, жұмысты ұйымдастырудың озық әдістері мен түрлері ескеріле отырып, құрылыс өндірісі мен қайта жаңғыртылатын кәсіпорынның ұйымдастыру-технологиялық және ресурстық мүмкіндіктері негізінде айкындалатын жұмыстар кешенін орындаудың барынша мүмкін уақыты болып табыла­ды.
Мөлшерлерге мыналар қосылады: жалпы ұзақтығы; дайындық кезеңінің ұзақтығы; жабдықтарды құрастыру, өндірісті тоқтату ұзақтығы.
Дайындық кезеңінің ұзақтығы "Құрылыс өндірісін ұйымдастыру" 3.01.01 -85 ҚМжЕ бойынша дайындық жұмыстарына сәйкес анықталады және ол әдетте қайта жаңғыртудың жалпы ұзақтығының 20-25 пайызын құрайды.
Технологиялық жабдықтарды құрастыру ұзақтығы ескі жабдықтарды қайта жабдықтау уакыты ескерілмей жаңа құрылыс ретінде белгіленеді.
Әр объект бойынша келтірілген қайта жаңғырту ұзақтығы мына формуламен анықталады:
Т = Тқұж /к1·к2·к·к4·к5
мұндағы Т - қайта жаңғырту құрылысын ұйымдастыру жобасының, деректері бойынша объектіні қайта жаңғырту ұзақ-
тығы; К1, ...К» - көлемдік-жобалау шешімдері, құралымдық шешімдер, жұмыс құралымдары, құрылыс алаңының тығыз-дығы, қайта жаңғыртуды ұйымдастыру әдісі факторларының жаңғыртудың ұзақтығына әсері ескерілген түзету коэффициенттері.
Осы формула бойынша белгіленген қайта жаңғырту ұзақтығы түпкі нәтижеде осындай объект құрылысының мөлшерлі ұзақтығынан асып кетпеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет