Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Ғимараттарды қайта құру туралы түсінік



бет2/25
Дата17.06.2023
өлшемі1.61 Mb.
#475167
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
umk rekonstrukiya str-18-1u

1. Ғимараттарды қайта құру туралы түсінік. Ғимараттарды қайта құру олардың арналуын, ішкі не сыртқы түрін өзгертумен байланысты қайта құруды қарастырады. Ғимаратты қайта құру кезінде күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар, жаңа құрылыс жұмыстары да жүргізіледі. Сонымен бірге, күрделі жөндеу және қайта құру кезінде бір типтес жұмыстар орындалуы мүмкін, мысалы, жекелеген салмақ түсетін конструкцияларды ауыстыру (жабын ауыстыру, бағаналарды алмастыру). Алайда қандай да бір жұмыстарды дұрыс жіктеген жөн: ғимаратты күрделі жөндеу не болмаса қайта құру.
Ғимараттар мен құрылыстарды қайта құру кезінде құрылыс үдерісін ұйымдастырудың жаңа құрылыс кезіндегі жұмыстарды ұйымдастырумен салыстырғанда, бірқатар ерекшеліктері болады:

  • орындалатын жұмыстардың әртүрлілігі, бытыраңқы орналасуы мен ұсақ ауқымдылығы;

  • жаңа құрылысқа тән емес жұмыстар кешенін орындау (конструкцияларды нығайту, жекелеген құрылымдық элементтерді ауыстыру, оларды монтаждау және т.с.с.);

  • құрылыс алаңының тар жағдайлары, әрі қысылу факторы жұмыстарды ұйымдастырдың жалпы сұлбасына көп әсер етеді.

Ескірген ғимараттарды қайта құрудың басты бағыттарын шартты түрде үш топқа бөлуге болады.
Қайта құрудың экономикалық артықшылықтары тәжірибе жүзінде дәлелденген. Жаңа құрылыспен салыстырғанда, қайта құру кезінде күрделі салымдар орташа есеппен 8...10%-ға, ал кейде одан да көп азаяды..
2. Қайта құрудың басты бағыттары. Қайта құру жүргізілген кәсіпорындарда жобалық қуаттылықтарды игеру, жаңадан салынған кәсіпорындардан гөрі, үш есе тезірек жүреді.
Қалалық құрылыс орталықтарын қайта құру кезінде ғимараттарға іргелес жер асты кеңістігін ұтымды игеруге ерекше орын бөлінуі тиіс, оларды сауда орталықтары, автотұрақтар, шағын кәсіпорындар және т.б. ретінде пайдалануға болады.
Ғимараттарды қайта құрудың негізгі құрылымдық-технологиялық тәсілі болып сыртқы және ішкі қабырғалардың конструкцияларын, баспалдақ алаңдарын сақтап қалу және беріктігі жоғары жабындарды орнату табылады.
Қосымша ойықтар орнату, желдету арналарын ауыстыру нәтижесінде ішкі қабырғалардың едәуір тозуы жағдайында қайта құру кезінде салмақ түсетін және қоршау конструкциялары ретінде сыртқы қабырғалар ғана сақталып, кірістірмелі жүйелер қойылады
Құрылыс көлемін өзгерте отырып, қайта құру өзіндік іргетастары бар кірістірмелі ауыспайтын жүйелерді орнатуды көздейді, бұл ғимараттардың үстінен бірнеше қабаттар салуға мүмкіндік береді. Бұл ретте сыртқы қабырғалардың, ал кейде ішкі қабырғалардың конструкциялары жоғарыдағы қабаттардың жүктемесінен босатылып, өздігінен салмақ түсетін қоршау элементтеріне айналады.
Ғимаратты кеңейте отырып қайта құру кезінде қазіргі іргетастар мен қабырғаларды салмақ түсетін конструкциялар ретінде ішінара пайдалану және де үстінен салынатын қабаттардың жүктемесін ғимараттардың шығарылмалы элементтеріне қайта бөлу нұсқалары пайдаланылуы мүмкін.
Ескіден салынған (1930-1940 жж.) ғимараттарды қайта құру қағидаттары секциялық типтес үйлердің қарапайым құрылымымен, темірбетонды плиталардан тұратын ұсақ даналық жабындардың болуымен, сондай-ақ сыртқы қабырғаларының жұқалығымен шартталады. Негізгі қайта құру тәсілдері лифт шахталарын және эркерлер мен қондырмалар түріндегі басқа да шағын формаларды жалғап салуды, қабаттар мен мансардалар салуды, әкімшілік, коммерциялық не шаруашылық сипаттағы аз қабатты құрылыстарды тұрғызуды көздейді.
Ғимараттарды қайта құру кезінде бар аудандардың аумағында ғимараттың көлемдік-жоспарлы параметрлерін өзгертпей, немесе шартталған шектеулі аумақ шегінде негізінен ғимараттың салмақ түсетін конструкцияларын нығайту не ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Мұндай жұмыстардың қажеттілігі жаңа технология талаптарынан туындайды. Бұл көп қабатты ғимаратта жаңа ауыр жабдықты монтаждау болуы мүмкін, ол кезде жабын плиталарын немесе каркастың басқа элементтерін (бағаналарын, іргетасын) нығайту талап етіледі.
Жұмыстар ғимараттың көлемдік-жоспарлы параметрлерін өз- гертпей орындалады; бұл ретте сол жердегі ғимараттардың үстінен құрылыс салу немесе өндірістік ғимаратқа қосымша құрылыс салу есебінен қосалқы ауқымдар арттырылуы мүмкін.
Ғимараттың көлемдік-жоспарлы параметрлерін (қабат биіктігін, салмақ түсетін конструкциялардың аралықтарын) өзгертумен байла- нысты қайта құру негізінен жаңа технология шарттарымен тікелей байланысты болады. Ғимаратты қайта құру кезінде қабат биіктігін өзгертуге немесе аралықтарын ұлғайтуға тура келеді.
Бірқатар жағдайларда кәсіпорынды қайта құру моральдік және физикалық тозуы елеулі, жекелеген корпустарды түбегейлі қайта құрумен ілеседі. Мұндай қайта құру шатыр әдісімен жүргізіледі, бұл кезде ғимаратта негізгі өндіріс тоқтамайды, оның үстінен жаңа корпус салынады. Жаңа ғимаратты тұрғызу жұмыстары толықтай аяқталған кезде, ескі ғимарат бұзылады.
Көлемдік-жоспарлы параметрлерді ұлғайту қажеттілігі кейде құрылыс жұмыстарын жүргізу тәсілімен шартталады. Мәселен, өндірістік ғимаратты қайта құру жағдайында аралықтардың бір сыртқы қабырғасын ауыстыру кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары негізгі өндірісті тоқтатпай орындалуы мүмкін. Ол үшін бар қабырғаның қасынан жаңа қабырға тұрғызылады, кейін жабын орнатылады, сосын аралық-кран (немесе көпір краны) қойылады. Бұл жұмыстар орындалған соң ескі конструкциялар бұзылып жиналады; бұл мақсатта қайтадан монтаждалған аралық-кран пайдаланылады.
Шетелдік және отандық тәжірибе көрсеткендей, кез келген салмақ түсетін құрылымы бар ғимаратты үлкен арақашықтықтарға орын ауыстыруға болады; бұл ретте көлемдік-жоспарлы параметрлерді өзгертуге немесе сақтап қалуға да болады. Мұндай жұмысқа кететін шығындар әдетте жаңадан салынған ғимараттың құнынан 60...70%-дан аспайды.
Арналуы әртүрлі ауқымдарды ұлғайту мақсатында көп қабатты ғимараттарға үстінен бір-екі қабат салынады, яғни ғимараттың қа- баттылығын арттыра отырып қайта құрылады. Үстінен құрылыс салудың техникалық мүмкіндіктері ескі ғимарат іргетасын нығыздау салдарынан оның салмақ көтеру қабілеттілігін ұлғайтумен шартталады. Бұл үстінен құрылыс салу жүктемесін сол жердегі іргетастарды нығайтпай, соларға ауыстыруға мүмкіндік береді. Ғимараттың жер үстіндегі салмақ түсетін конструкцияларын күшейті жұмыстарын қысқарту не болмаса толығымен болдырмау үшін үстінен салынатын қабаттардағы құрылыс конструкцияларының жеңілдетілген немесе жеңіл түрлерін қолдану қажет.
Іргетасын немесе салмақ түсетін конструкцияларын күшейту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі үлкен ғимараттар үшін үстінен қабат салу жағдайында азаматтық ғимараттарды қайта құру кезінде жиі кездесетін ыңғайлап құрылыс салу әдісі қолданылады. Бұл әдістің мәні мынада: бүкіл ғимаратты белгілі бір биіктікке көтеру жүзеге асырылады, оның астынан іргетас қаланады және бүкіл ғимараттың жүктемесін көтере алатын, салмақ түсетін конструкиялармен бір-екі қабат тұрғызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет