Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Дәріс 9. Жаңғыртылатын үймереттің құрылыс бас жоспарын және мерзімдік жоспарын жасау



бет19/25
Дата17.06.2023
өлшемі1.61 Mb.
#475167
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
umk rekonstrukiya str-18-1u

Дәріс 9. Жаңғыртылатын үймереттің құрылыс бас жоспарын және мерзімдік жоспарын жасау.


Жоспар:
1. Жаңғыртылатын үймереттің құрылыс бас жоспары.
2. Мерзімдік жоспарын жасау.
3. Өндіріс жобасының техникалық-экономикалық көрсеткіштері.

Құрылыс бас жоспары кешенді немесе жекелеген цехтық қайта жаңғырту белгіленген өнеркәсіп кәсіпорынының жағдайлық жоспары мен бас жоспары негізінде жасалады. Бұл орай­да объектілердің негізгі құрылыс жоспарлары дайындық, негізгі құрылыс және іске асыру-реттеу кезеңдерінің әртүрлі уакытының бөліктеріне арналып құралады.


Құрылыстың бас жоспарлары қайта құрудың әр кезеңінде: дайындық, тоқтатылғанға дейінгі, тоқтатылған кезендерге, сондай-ақ, объектіні қайта жаңғыртудың жекелеген кезеңдеріне: үймереттің негізгі қаңқасын бөлшектеу және құрастыру, ажырату, инженерлік жүйелерді көшіру мен орнату кезеңдеріне арналып жасалады.
Объектінің құрылыс бас жоспарының шешілуіне өз кезегінде өнеркәсіп-саласына байланысты территорияның дайындалуы сипаты елеулі әсер етеді. Бұл әсердің сандық бағасын шығару үшін алаң тығыздығымен сипатталып, төмендегі формуламен айқындалатын коэффициент қолданылады:
кт = (F- f )/ S,
мұндағы F - кәсіпорын территориясының жалпы алаңы; f -үймереттер мен ғимараттар, эстақадалар, көліктер, көшеттер орналаскан алаң; S - жұмыс істеп тұратын кәсіпорынның территориясында жұмыс жүргізу үшін құрылыс ұйымына қажетті алаң. құрастыру машиналары мен механизмдерінің жұмыс істейтін аймағы айрықша бөлінуі және үйлесімді бекітілуі, жұмысшылардың оның ішінде қайта жаңғыртылып жатқан объектінің сыртымен жүруді ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда цехтарды немесе учаскелерді пайдаланатын қызметшілердің жүретін жолдары бөлінуі және бекітілуі тиіс.
Айрыкша тар жағдайда құрылыстың бас жоспарында құрылыс құралымдары мен материалдарын жинайтын, құрылыс жабдықтарын сақтайтын, топырақты уақытша орналастыратын орындар мұқият анықталуы қажет.
Құрылыстың бас жоспарында жұмыс өндірісіне бөлінген учаскелердің шекаралары мен құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің аса қауіпті аймақтары нақтылы белгіленуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет