Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Жұмыстарды жүргізу жобасы



бет24/25
Дата17.06.2023
өлшемі1.61 Mb.
#475167
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
umk rekonstrukiya str-18-1u

3. Жұмыстарды жүргізу жобасы. Қайта құру кезіндегі жұмыстарды жүргізу жобасы нормативті талаптар мен ұсыныстарды ескере отырып, жұмыс сызбалары бойынша құрылысты ұйымдастыру жобасының негізінде әзірленеді.
Жұмыстарды жүргізу жобасы қайта құрылатын нысандағы жұ- мыстарды ұйымдастырудың жетекшілі ретінде пайдаланылады, сондай-ақ құрылыс материалдарын және конструкцияларды әкелу, жедел жоспарлау және өндірстік басқару графиктері бойынша нысандардың қамсыздандырылуын ұйымдастыру үшін бастапқы құжат болып табылады.
Жұмыстарды жүргізу жобасында технологиялық тіреулер ретін- де пайдаланылатын құрылыс конструкцияларын диагностикалау мәселелері шешілуі тиіс және де оларды нығайту бойынша қажетті іс-шаралар әзірленуі тиіс. Демонтаждаудан кейінгі кезеңде көптеген құрылымдық элементтердің қималары ашылып, құрылымы нақты- ланады, конструкция материалдарының физикалық күйін көзбен және құралдардың көмегімен зерттеу мүмкіндігі пайда болады, әрі олардың беріктігін, қаттылығын, тұрақтылығын есептеулерге түзе- тулерді енгізуге мүмкіндік туады. Жұмыстарды жүргізу жобасында 
техникалық күйін нақтылау қажет етілетін тораптар мен элемент- тер және де олардың материалдарының беріктік сипаттамаларын анықтау әдістері көрсетіледі. Келтірілген зерттеулер мен есептеу- лердің негізінде конструкцияларды нығайтудың барынша ұтымды әрі сенімді әдістері қабылданады.
Жабындарды бұзған соң бос биіктігі едәуір артатын, сондай-ақ демонтаждау кейін атыздар пайда болатын жерлердегі қаттылық өз- геретін тас конструкцияларды күшейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Зерттеу нәтижелері бойынша акті құрастырылып, оның негізінде жұмыстарды жүргізу жобасы әзірленеді, онда қамтылатындар:

  • нысанды монтаждық ұяшықтар мен қабаттарға бөліп, жұ- мыстар көлемінің есебі көрсетілген монтаждау жұмыста- рының күнтізбелік графигі;

  • монтажды крандардың, тұрақты және уақытша жолдар- дың, электрмен және жылумен қамсыздандыру сұлба- ларының, монтаждау және демонтаждау кезінде қажетті құрылыс материалдарының қоймаларын орналастыру ай- мақтары көрсетілген нысанның бас құрылыс жоспары;

  • нысанға конструкциялардың, материалдар мен бөлшек- тердің келіп түсу графигі;

  • кәсіптер бойынша жұмыс кадрларының қажеттілік графигі;

  • негізгі және қосалқы машиналар мен механизмдердің қа- жеттілік графигі.

Қайта құру жағдайларында жеке жұмыс түрлерін жүргізудің тех- нологиялық сұлбалары (карталары) мынадай бөлімдерді қамтиды:

  • технологиялық картаның атауы, арналуы мен қолдану об- лысы;

  • нысандардың сипаттамасы мен құрылыс-монтаждау үдерістерін орындау жағдайларының нұсқалары;

  • нұсқалар бойынша құрылыс-монтаждау үдерістерін дай- ындау және жүргізу технологиясы бойынша нұсқаулар;

  • сапа бақылауы;

  • жұмыстардың көлемдері мен шығындарды бағалау;

  • технологиялық үдеріс нұсқалары бойынша материал- дық-техникалық ресурстар мен техникалық-экономикалық көрсеткіштер;

  • конструкцияларды монтаждау және демонтаждаудың тех- нологиялық тізбектілігі, жұмыс орындарын ұйымдастыру, қажетті машиналар, механизмдер мен құрылғылардың тізбесі;

  • алаңда монтаждық машиналарды орналастыру сұлбала- ры, олардың орнын ауыстыру, монтаждау және демонтаждау әдістері;

  • нысанның таршылық параметрлерін есептеу және оларды монтаждық машиналар мен көлік құралдарының габариттік сипаттамаларымен салыстыру;

  • конструкцияларды күшейту және ауыстыру кезіндегі бар- лық технологиялық үдерістерді қауіпсіз орындау шарала- ры;

  • жаңа материалдарды және бұзудан кейін қалған материал- дарды жинау тәсілдері мен орындары.

  • Ғимараттың (құрылыстың) жоспарлары мен қималары эскиздер түрінде артық деректерсіз орындалады, онда төмендегілер көрсетіледі:

  • қайта құруға дейінгі және одан кейінгі ғимараттың (құрылыстың) негізгі өстері, өлшемдері мен биіктік бел- гілеулері; жұмыс істеп жатқан, демонтаждалатын және жаңадан орнатылатын технологиялық жабдықтың орнала- суы;

  • қазіргі эл ектр желілері, бөліп тарату құрылғылары және т.б.

Қажет жағдайда жоспарлар мен қималардың парақтарында ғимараттың (құрылыстың) қайта құрылатын бөлігінің, оның ішінде демонтаждалатын (бұзылатын) бөлігінің негізгі элементтері мен тораптарының құрылымдық шешімдері келтірілуі мүмкін.
Конструкцияларды тар жағдайларда монтаждау және демонтаждау шараларының кешені қолданыстағы қауіпсіздік техникасының ережелерін, өндірістік санитария және өртке қарсы техника ережелерін ескере отырып әзірленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет