Дәріс 8. Құрылыс құралымдарын күшейту.
Жоспар:
1. Алдын ала ширатылған тіректермен күшейту.
2. Кран астындағы темірбетон арқалықтарын күшейту.
3. Тұтас темірбетон жабындарын күшейту.
Құрылыс құралымдарын нығайту. Темірбетон құралымдарын нығайтудың барынша кең тараған әдістері мыналар болып табылады: құрамалы және берік темірбетон құралымдарын темірбетон құрсаулармен, үш жақты қабықпен және бір жақты бетонмен бекітіп, қосымша арматура орната отырып бетондау. Нығайту құралымы бетонның класы нығыайтылатын құралымының бетоннан бір класс жоғары болуы, бірақ В15-тен төмен болмауы тиіс, іргетастарды нығайту үшін В12,5 бетонын пайдалануға болады;
- шойын элементтермен нығайту:
- алдын ала темірбетон құрсаулардың тарту қабілетін арттыру үшін екі жақты және бір жақты металл тіректереді;
- алдын ала тіреуіштердің тарту қабілетін қалпына келтіру үшін құрсауларды; әсіресе, динамикалық және вибрациялық күштер әсер еткенде арқалықтардың тарту қабілетін арттыру үшін металл шпренгельдерді қолдану.
Алдын ала ширатылған тіректермен күшейту технологиясы орталық жүктелген бағаналарға арналған, олардың жасанды қабілетін ию әдісін қолданып, 1200кН-ге арттыру үшін пайдаланады.
Металл тіреуіштер құрастыру кезінде жұқа планкалармен қосылатын екі элементтен тұрады. Нығайту бұрыштары ВСт3сп5 маркалы болаттан 8509-86 МемСТ бойынша, қосу планкалары ВСт3сп маркалы болаттан дайындалады.
Көп қабатты үймереттерде тіреуіштерді нығайтуды төменгі қабаттардан бастау, яғни жұмыс өндірісін төменне жоғары қарай жүргізу керек. Келесі қабатқа материал ашық құрастыру ойығы арқылы тельфермен беріледі.
Аса тар жағдайда құрастыру кезінде металл тіректерді элементтен құрастыруға болады.
Кран астындағы темірбетон арқалықтарын күшейту. Технология ашық кран эскадасының кран астындағы темірбетон арқалығының төменгі белдеуін нығайту жөніндегі жұмысты орындауға арналған.
Кран астындағы темірбетон арқалықты нығайту төменгі белдеуде бетонның үстіңгі қабатын орнатумен тиянақталады.
Төменгі белдеуде бетонның беткі қабатын кран асты арқалығының қалыбы ретінде орнатқанда әдетте аспалы дірілдеткішті ажырамайтын блок-форма қолданылады. Бетон ерітіндісін құралымға қалыптың қабырғалық ернеуіндегі саңылаулар және кран асты арқалығының тік қырлары арқылы қиылады.
Арматуралық жұмыстар сапасы, сондай-ақ бетондық беткі қабаты дайындау және бұрынғы арматураны тазарту жасырын жұмыстар актісімен тіркелуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |