Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Тұтас темірбетон жабындарын күшейту



бет18/25
Дата17.06.2023
өлшемі1.61 Mb.
#475167
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
umk rekonstrukiya str-18-1u

Тұтас темірбетон жабындарын күшейту. Технология қалыңдығы 120мм қырлы тұтас темірбетон жабындарды олардың төменгі жағына бекітілген металл торлармен ток реттеу арқылы нығайтуды қарастырады.
Жұмыс өндірісі басталғанға дейін: нығайтылытын құралымдарға тым жақын (0,7-1м) өтетін инженерлік-технологиялық коммуникацияларды – металл қаптамалар мен технологиялық жабдықтарды – ағаш қалқандармен берік қорғау; аралықтар арқылы технологиялық құбырлар өтетін тұстарға металл құрсаулар – қалыңдығы 3мм табақ болаттан гильзалар қойып, оларды тіреуге қамыттармен бекітілуі; жұмыс орнын инвентарлық қоршаумен оңашалау және қажетіне қарай технологиялық ойықтарды жабу; жұмыс жүргізілетін аймақта уақытша жарықпен қамтамасыз ету керек.
Кәсіпорын жұмыс істеп тұрған жағдайда тұтас темірбетон жабындар құралымдарын нығайту кезінде жұмыс жүргізуге рұқсат - наряд алу қажет.
Жұмыс істеп тұрған жағдайда нығайту мынандай технологиялық реттілікпен орындалады:
-инвентарьлық ағаштар орнатылады;
-темірбетон жабындардың беткі қабаты дайындалады (бетонның коррозиядан бүлінген қорғаныс қабаты берік қабатына дейін тазартылады, қажет болған жағдайда қолданылып жүрген арматуралар тазартылып, тегістеледі); қосымша арматуралардың қосылған тұтастарында арқалықтардың төменгі қырлары 1/2 диаметр ашылады; беткі қабаттың қатпарлығы жеткіліксіз жағдайда кертік жасалады;
-арқалықтардың қолданыстағы арматураларының қамыттарына жанасу қырлары бойынша бекіткіш бұрыштар орнатылып, бекітіледі;
-жобаға сәйкес қырлы арқалықтардың төменгі бұрыштарына қосымша арматура пісіріп жабыстырылады;
-алдын ала дайындалған торлар тірек қырлы бекіткіштердің арасына тартылып, күршектерге бекітіледі; тордың қырлы арқалықтар аралығындағы 10мм-ден артық салбырап тұруын болдырмау үшін ол белдеу – жапсырмалардың көмегімен ПШ-52 құрастыру пистолетінен дюбельдермен атылып, темірбетон тақтаға бекітіледі; бұрыштама фиксаторларға және қырлы арқалықтардың күшейткіш арматураларына арматуралық тор тартылады.
Нығайтылатын құралымдардың беткі қабатын торкреттеу мынандай реттілікпен жүргізіледі: жабын тақтасы – арқалықтардың қабырғалық қырлары. Арқалықтардың төменгі қырларын бетондау алдында торкрет – ерітінді бекігеннен кейін бұрыштық қырларға струпциналармен жұқа асбестті – цемент табақтарынан жасалған қалып қалқандары қойылады. Торкрет – бетон әрқайсысы 15мм-лік қалыңдықпен екі қабат жүргізіледі. Екі қабат алғашқысы әбден бекігеннен кейін салынады. Соңғы қабаттың беті маякпен тегістеліп, ажарланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет