Қазақстан Республикасың Білім және Ғылым министрлігі


Плауындар (Lycopodiopsida) класы



бет2/5
Дата19.12.2023
өлшемі33.23 Kb.
#487150
түріТопик
1   2   3   4   5
консорция

Плауындар (Lycopodiopsida) класы
Бұл класс тең споралы плаундарды біріктіреді.Бұл астероксилондар ,дрепанофикустар және плаундар қатарларына бөлінеді.
Астероксилон (Asteroxylales) қатары
Девон дәуірінің орта кезеңінде тіршілік еткен астероксилон қатарындағы өсімдіктер жер бетінен мүлдем жойылған өсімдіктерге жатады.Жер асты қалдықтарында сақталып қалған бөліктері бойынша бұл өсімдіктер дихотомиялы түрде бұтақтанған, аласа келген шөптесін өсімдік болуы мүмкін.Ұсақ тікенекті жапырақтары негізгі және жанама бұтақтарын тегіс жауып тұрған.Астероксилондар сыртқы пішіні жағынан қазіргі кездегі плаундарға ұқсас болған. Жапырақ тақтасы толық жүйкеленбеген, жүйкесі тек түп жақтарында болған. Мұндай жапырақтарды сабақтың қысқа өсінділері немесе энациясы ретінде қарастырады. Жапырақтардың қойнауында қысқа келген тұғырда бүйрек тәрізді спорангийлер ретсіз орналасқан.Спорангийлері жоғарғы жақтарында түзілген саңылаулары арқылы ашылған.Сабақтарының сыртқы беті устьицалары бар эпидермамен қапталған. Сабақтың көп бөлігі тығыз келген паренхималық клеткалардан тұратын қабықтан және борпылдақ аэренхимді клеткалардан тұрған.Орталық бөлігінде экзархты ксилемаларды флоэмалар қоршап орналасқан.Астероксилонның жер асты органдары белгісіз.


Дрепанофикус (Drepanophycales) қатары
Бұл қатар 2 туыс жіне 7 түрді қамтиды.Дрепанофикус девон дәуірінде тіршілік еткен, барлық материктерде кең таралған өсімдіктер қатарына жатады.Бұлар ұзындығы 50 см , вертикальді немесе төселіп өсетін тең дихотомиялық типте бұтақтанған өсімдіктер болған.Астероксилондардан негізгі ерекшелігі , олардың жапырақ тақтасы толық жүйкеленген.Спорангийлері жапырақтың қойнауында, болмаса вегетативтік жапырақтардың араларындағы спорофиллдің бет жақтарында орналасады.Ең көне түрлерінің қатарына австралиялық барагванатия туысы жатады. Жер асты қазбаларынан табылған сабағының ұзындығы 30 см,жуандығы 6,5 см-ге дейін баратын біршама ірі өсімдіктердің қатарына жатады. Осыған байланысты бұл сүректі өсімдік болуы мүмкін.Дихотомиялық типте бұтақтанған сабақтарында біршама ұзын жіңішке келген жапырақтары орналасқан.Кейбір жапырақтарының жоғарғы жағы айыр тәрізді бөлінген. Сабақтарындағы вегетативтік жапырақтарының араларында онша айқын көрінбейтінспора түзуші аймақтары болған , бірақ анық стробилдері жоқ.Спорофиллдердің беткі жақтарында бүйрек тәрізді спорангийлері орналасқан.Өзінің дамуын жалғастырған плаун тәрізділер топтарының араларында,дрепанофикустар қатары эволюциялық дамудың жанама бұтағында орналасуы мүмкін. Сонымен, бұл қатардың басты ерекшеліктеріне:
1.жапырақтарының жүйкеленуін немесе жапырақтарының васкуляризациялануын;
2.спорангийлердің жапырақ қойнауында орналасуын, олардың қоректік заттармен қамтамасыз етілуін, спорангийлерді сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғауын;
3.өсімдікте жүйесіз орналасқан спорофиллдердің арнайы спора түзетін сабақтарда орналасуын жатқызамыз.Жер бетінен жойылған дрепанофикус және оларға тақау орналасқан өсімдіктер филогенетикалық тұрғыда плаун тәрізділердің 3 тармағының негізін құрайды.Оларға тең споралы сүректі бетінде жойылған тең споралы сүректі лепидендрондықтар қатарлары жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет