Қазақстан Республикасың Білім және Ғылым министрлігі


Изоэтопсидалар (Isoetopsida) класы



бет4/5
Дата19.12.2023
өлшемі33.23 Kb.
#487150
түріТопик
1   2   3   4   5
консорция

Изоэтопсидалар (Isoetopsida) класы,
Селагинеллалар (Selaginellales) қатары

Бұл катарға бір тұқымдас (Selaginellaceae) және бір туыс (Selaginella) жатады. Селагинелла туысының құрамында 700-ге жуық түрлер бар. Негізінен, ылғалды тропикалық ормандарда мүктер сияқты бұлар да жер бетін тегіс жауып жатады.


Селагинеллалар пішіндері жағынан мүктерге өте ұқсас болып келеді. Көбінесе ауаның жоғарғы ылғалдылығын қалайды, тек кейбір түрлері ғана құрғақшылыққа төзімді. Мысалы, Мексикада қуаңшылық жағдайда өсетін түрлері шар тәрізденіп домаланып калады, ал ылғалды кезеңде жазылып қайтадан бастапқы қалпына келеді (гигроскопиялық құбылыс).
Селагинелла туысында көбінесе жері е төселіп осетін формаларымен катар, өрмелеп өсетін түрлері де кездеседі. Селагинел- лалардың биіктігі бірнеше ондаган сантиметрге жететін көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Ашық алаңдарда, құргақ жсрлерде өсетін кейбір түрлердің тік өсетін сабақтарының биіктігі 20-30 см, үзындыгы 2 м-ге дейін барады. Сабақтары дихотомиялы түрде бұтактанады, жапырақтары нэзік, әрі ұсақ болып келеді . Сабақтары төселіп өсетін түрлердің жапырақтары 4 қатар түзігі орналасады, олардың жогаргы екі жапырагы ұсақ, төменгі екі жапырагы көлемі жагынан үлкендеу болады. Жапырақтары біркелкі емес, ягни анизофиллия құбылысы тэн.
Селагинелланың жапырақтары өте үсақ. Олардың негізгі ерекшеліктеріне жапырақтың төменгі бөлігінің аздап жалпаюы және оның беткі қойнауында тілшенің немесе лигуланың орналасуы жатады. Вегетативтік жапырақтардагы тілше ерте қурап қалады, ал спорофилде ол тіршілігінің соңына дейін сақталады.
Селагинелла жапырақтарында устьицалар болады, ал мезофилінде хлорофилл дәндерінің орнына пластинка түріндегі хроматофоралар болады. Бұл қарапайым белгілеріне жатады. Тік сабақты өсімдіктер түрлерінің жапырақтары спиральді түрде орналасады да, жапырақтарының көлемі біркелкі болады.
Сабақтарының төменгі жағы ризофора деп аталады. Ризофорадан дихотомиялы түрде тармақталған қосалқы тамырлар тарайды.
Селагинелла сабагының устьицалары жоқ, эпидермистің астындағы арқаулық клеткалардың қабатынан (гиподерма) кейін қабық орналасады. Қабықтың астында ұзынша келген хлорофилді клеткалар - трабекулалар болады. Трабекулалардың жіңішке ұштары бір немесе бірнеше стельге жалгасады. Стель эндодермадан, перициклден, өзектен және трахеидті сүректен тұрады. Кейбір түрлерінде бүйірлерінде саңылаулары бар сатылы түтіктер түзіледі. Негізінен протостель, кейде сифоностель, тіпті гілектостель де кездеседі.
Масақтарда немесе стробилаларда орналасқан спорофиллдердің төменгі жағында тілше түріндегі ерекше өскіндер болады. Спорангийлері мен споралары екі түрлі. Микроспорангийлер мен мегаспорангийлер масақтың екі жағында, болмаса микроспорангийлер жоғарғы, ал мегаспорангийлер төменгі жағында орналасады. Микроспорангийлерде өте көп мөлшерде ұсақ микроспоралар, ал мегаспорангийде бірден төртке дейін (көбінесе төртеу) мегаспоралар түзіледі. Споралары плаундар спораларына ұқсас.Шашылған споралардан дара жынысты, екі үйлі гаметофит дамиды. Ағалық гаметофит жетілмеген немесе редукцияланған, ол тіпті микроспора қабығының ішінде дамиды. Аталық гаметофит өркеннің бір вегетагивтік клеткасы мен бірнеше қосымша клеткалардан ғана тұрады. Орталық қосымша клетка (антеридиялық клетка) бірнеше спермагенді клеткалар түзеді. Әрбір спермагенді клеткадан қос талшықты бір сперматозоид түзіледі.
Аналық гаметофит қабығының ішінде мегаспора дамиды. Өскінше көптеген проталлиалды клеткалардан тұрады. Қабық ішінде орналасқан спора клеткалары қарқынды түрде бөлінуіне байланысты мегаспора қабықшасы жыртылып, гаметофит босайды. Өз бетінше тіршілігін бастаган жасыл тусті өскіншенің ризоидтары болады. Ол өскіншені топырақтағы ылғалмен қамтамасыз етеді. Өскіншенің жоғарғы бөлігінде орналасқан архегонийлер денесі, өскінше ұлпасына бүтіндей кірігіп орналасады. Ұрықтануы ылғалды кезеңдерде жүзеге асады. Ұрықтанған жұмыртқадан түзілген екі клетканың жоғарғы клеткасынан ілмек, төменгі клеткасынан ұрық түзіледі. Ұрық жетілгеннен кейін, тамыры арқылы топырақтағы қоректік заттармен қоректеніп, өз бетінше тіршілік етеді. Жетілген селагинелла өсімдігі спорофиттік ұрпақтың бастамасы болып саналады.
Селагинелланың кейбір түрлерінде түзілген өскінше мегаспорангийден бөлінбей, аналық өсімдікте қалады. Жұмыртқа клеткасының ұрықтануы, ұрықтың түзілуі мегаспорангий ішінде жүреді. Яғни, түзілген ұрық мегаспорангий қабырғасымен сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғанып орналасады. Бұл биологиялықтұрғыдан қарағанда, жоғары сатыдағы өсімдіктердегі тұқым түзу процестеріне ұқсас болған. Тұқым түзу процестеріне ұқсас құбылыстар карбон дәуірінде тіршілік еткен, сыртқы пішіні жағынан селагинеллага ұқсас миадесмия (Miadesmia) туысында да кездескен. Сонымен, бұл қатардың негізгі ерекшеліктеріне әр түрлі микроспора және мегаспоралардың түзілуі, аналық және аталық типтес екі түрлі өскіншелердің бөлек түзілуі жатады. Селагинелланың гаметофитінің редукциялануы өсімдікте әр түрлі споралардың болуымен байланысты қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет