Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ, БІЛІМ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР



бет6/8
Дата22.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#1741
1   2   3   4   5   6   7   8
2.3 ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ, БІЛІМ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Павлодар облысы 1938 құрылған жылы онда денсаулық саласында 34 аурухана (10 қалалық, 24 ауылдық), 40 келіп - кетіп емделетін ауруларды емдейтін мекеме және 53 фармацевтік дәріхана кәсіпорындары жұмыс істеп тұрған. Ауруханаларда екі- екі рентген аппараттары және лабораториялары болды. Барлығы 30 дәрігер болса, оның 10-ы ауылдық жерлерде еңбек етті. 1941-1945 жылдары ауылшаруашылығының басқа салалары сияқты денсаулық та Ұлы Отан соғысының жеңісін қамтамасыз етуге жұмыс істеді.

Медициналық мекемелердің дамуына тың және тыңайған жерлерді игерудің де айтарлықтай әсері болды. Жаңадан құрылған совхоздарда 10-15 төсекке арналған учаскелік ауруханалар мен дәріхана пункттері ашылды. 1961 жылдың 1 қаңтарында Павлодар облысында медицина ұйымдарының саны 133-ке жетті. Онда 3950 төсектік 91 аурухана, 442 дәрігер, 2392 орта дәрежедегі медицина қызметкерлері жұмыс істеді. Бұл 10 мың халыққа шаққанда 75,2 төсек, 8,4 дәрігер және 45,6 орта дәрежедегі медицина қызметкерінен келді деген сөз.(100)

Облыста 1965-1985 жылдары өнеркәсіп күрт дамыды. Павлодар қаласында ПТЗ, МАЗ, ПАЗ, Химкомбинат, ЖЭО-2,ЖЭО-3, Екібастұзда ЕЖЭК, ЕФЗ, Ақсу ГРЭС-і, Қ. Сәтпаев атындағы Ертіс- Қарағанды каналы қатарға қосылып, халық игілігіне жұмыс жасай бастады. Жоғарыда айтылған ірі өнеркәсіп алыптарына қосымша әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандар, оның ішінде денсаулық сақтау мекемелерін салу да жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде ПТЗ - да 1750 адамды қабылдауға арналған емхана, 120 төсектік балалар бөлімшесі; ПАЗ- да 600 төсектік аурухана 1200 адамды қабылдай алатын емханасымен; Химкомбинатта 730 төсектік аурухана мен 950 адамды қабылдай алатын емхана құрылыстары пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Екібасзтұзда шахтерлерге арналған медициналық санитарлық бөлім, Ақсуда (бұрынғы Ермак) энергетиктерге арналған медициналық санитарлық бөлім мен 350 төсектік перзентхана емханасымен бірге халық игілігіне айналды. Бұған қоса Шідерті поселкесінде де 175 төсектік аурухана мен 200 адамды қабылдай алатын емхана салынып, барлық аудан орталықтарында (Павлодар ауданынан басқа) 120-175 төсектік, әрқайсысының 250 адамды қабылдай алатын емханасы бар қатарға қосылды. Одан кейінгі жылдары Павлодарда 3 тіс емдеу емханалары (1 балалардікі), Екібастұз бен Ақсуда екі емхана салынды. Барлық аудан орталықтарындағы ауруханаларда тіс емдеу кабинеттері, ал олардың жергілікті бөлімшелерінде тіс дәрігерлік кабинеттер жұмыс істеді.(100,67-71 б)

Мамандандырылған диспансерлердің материалдық техникалық базаларын жақсарту жолында нақты жұмыстар жүргізілді. 1972 жылы пайдаланылуға 250 төсектік типтік корпус, 500 адамды қабылдай алатын емханасымен берілуі облыстық туберкулез диспансерін ескі барақтардан көшіруге мүмкіндік берсе, 1983 жылы оған қосымша 5 қабатты құрылыс салынып, төсек саны 500- ге жеткізілді. Сондай- ақ, Екібастұзда 90 төсектік туберкулез диспансері, Павлодарда 500 төсектік емханасымен қоса психоневрологиялық диспансері, облыстық санэпидстанция, 15 дәріхана, медучилище оқушыларына 2 жатақхана, Екібастұз медучилищесі мен Павлодардағы дәрігерлердің білімін жетілдіретін факультет курсанттарына бір -бірден жатақхана да қатарға қосылды. Одан басқа Успенка ауданының Константиновка, Павлодар ауданының Ефремовка, Пресновка, Ақтоғай ауданының Коминтерн селолары мен Май ауданының Жалтыр, Екібастұз ауданының Төртүй ауылдарында участкелік ауруханалар салынды.

Осындай игі шаралардың нәтижесінде медициналық мекемелердің материалдық- техникалық базасы нығайып, жақсарды. Ауруларды емдейтін медициналық техникалық, диагностикамен қамтамасыз ету үшін, оларға жұмсақ және қатты құралдарды жеткізу мақсатында арнайы құрылған «Меджабдықтау» қызметтері жұмыс істеді. Алайда, осы кезеңде дәрігерлер мен орта дәрежедегі медицина кадрларының жетіспеушілігі байқалды.

Жергілікті жастардан дәрігер кадрларын дайындауға Семей медициналық институтының арнайы жасақталған қабылдау комиссиясы 15 жыл қатарынан теңдесі жоқ көмек көрсетті. Орта дәрежелі медицина қызметкерлерін, яғни медбике мен акушерлер дайындау үшін Екібастұз қаласында медучилище ашты. Ал Павлодар қаласындағы медучилище болса сегіз мамандық бойынша (фельдшер, акушер, санфельдшер, тіс дәрігері, провизор, лаборант, медбике) қызметкерлерді дайындады. Сондай-ақ, мұнда 1984 жылдан бастап Семей медициналық институтының дәрігерлердің білімін жетілдіретін факультеті жыл сайын 8 негізгі мамандық бойынша дәрігерлерді қайтара дайындаудан өткізіп тұрды.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап көмек көрсетудің арнайы түрлерін жақсарту жолында жан-жақты игі шаралар жасалды. Соның нәтижесінде кардиологиялық, эндокринологиялық, неврологиялық, геронтологиялық, нейрохирургиялық, жақ- бет, күйік, жүрек- қантамырлары бөлімдері мен кабинеттер ашылды. Барлық ірі ауруханаларда ауырықызбаушылық және реанимация бөлімдері жұмыс істейді. Бұл орайда облыстық ауруханада барокамера, № 1 қалалық ауруханада «Жасанды бүйрек» бөлімдері бар. Сондай- ақ, облыстық тубдиспансерде халықта жыл сайын туберкулезден сақтап, зерттейтін бригада жасақталған. Олардың құрамында бірнеше жылжымалы флюорография (жартысы өз алдында бөлек электроқуатымен жабдықталған) бар.

1970 жылдардан бастап халық арасындағы туберкулез ауруының алдын алу шаралары 80 пайызға, егу 100 пайызды қамтыды. Туберкулез ауруларын дәрігерлік жолмен емдеуден басқа жедел шаралар да жүзеге асырылды. Мысалы, ауруларды шипажайға демалдыруға жіберу ісі көп нәтиже берді. Нәтижесінде халықтың туберкулезбен ауруы жалпы 1970 жылы 100 мың адамға шаққандағы 120- дан, 1991 жылы 69,5-ке кеміп, өлім осыған сай 34-тен 14,2 -ге азайған. Жыл сайын халық арасында жоспарлы түрде профилактикалық егулер жүргізіліп тұрған. 1970 жылы тұрғындар арасындағы 100 мың адамға шаққандағы іш сүзек ауруы 2002 жылы 10,6- дан 0,12-ге , жұқпалы гепатит 161,6 дан 32,9-ға, шек ауруы 1436,2-ден 250-ге, бруцеллез 52,0- ден 2,9-ға, қызылша 244,6-дан 0,12-ге азайған. Сондай- ақ дифтерия (тамақ ауруы), полиомиелит, туляремия, бөртпе сүзегі, безгек сияқты аурулардың түрлері толықтай жойылды [101,11 б)

1991 жылдың 1-қаңтарына есептегенде облыста медициналық ұйымдардың саны 220 (2002 жылы 165), ауруханалық ұйымдар 101 (2002 жылы-45) болды. Егер 1991 жылы 10 мың халыққа санағанда 140 төсектен келсе, 2001 жылы -75,4 тен келді. Ауру төсектерінің жалпы саны 13595 -тен 5680- ге азайды. Тіс ауруын емдейтін емханалар мен дәріхана мекемелері толықтай жеке адамдардардың қолына көшті. Дәрігерлер мен орта дәрежелі кадрлардың саны 1/3-ке кеміп кетті. Сөйтіп қайта құру жылдарында денсаулық саласын қаржыландыру жоспардағының 70-75 пайызын ғана құрады. 1995 жылдан 2002 жылға дейін жыл сайын 1 миллиардқа дейін қаржы жетпей жатты. Медицина қызметкерлерінің еңбекақылары 6-8 айға, ауылдық жерлерде бір жылға дейін кешіктіріліп берілді.

Соңғы жылдары ел экономикасы тығырықтан шығып, алға жылжығаны байқалады. Сондықтан да болар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2002 жылды «Денсаулық жылы» деп жариялағаны. Осы жылдан бастап бұл сала қызметкерлері еңбекақыларын мерзімінде алды және олардың алдында үкіметтің берешегі жоқ. Көптеген медицина мекемелері күрделі жөндеу жүргізіп, медициналық жабдықтарды жаңартып үлгерген. Павлодар қаласында тағыда бір жаңа аурухана мен диагностикалық орталық салынып, пайдаланылуға берілді.

Облыс аймағындағы денсаулық сақтау саласын реформалау 1998 жылдың наурыз айында облыстың денсаулық жүйесін одан әрі жетілдіру туралы бірлескен жоспарды бекіткеннен кейін басталды. Денсаулық саласын реформалаудың негізгі бағыттары болып, медицина саласын қайта құру мен нығайту, алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету дәрежесін арттыру, ауруруды емдеуге бөлінетін қаржы мөлшерін көбейту, медициналық көмек көрсету рыногінде бәсекелестікті күшейту, медицина ұйымдарының басшыларын тағайындауға конкурстық жүйе енгізу сияқты мәселелер саналды.

Емдеу- профилактикалық (ауруға қарсы алдын ала қолданылатын шаралар) мекемелері қаржыландыру көздері бойынша: 1) тікелей бюджеттен қаржыландырылатын және 2) 1999 жылы медициналық кәсіпорындар болып қайта құрылған облыстық медициналық сақтандыру қоры қаражаты есебінен бөлінді. 1999 жылдың маусым айынан бастап қалалық және аудандық денсаулық бөлімдері құрылды. Мемлекеттік қаржыны орынды пайдалану мақсатында медициналық қызмет көрсету департаменті жасақталды. Ол негізінен мемлекеттік медицина кәсіпорынын қаржыландыру, медициналық қызмет көрсету бағасын қалыптастыру мен медициналық көмек көрсетудің көлемі мен сапасын қадағалауға тиіс болды. Сол кезде облыстың денсаулық сақтау саласының негізін отбасылық дәрігерлік амбулаториялар құраған болатын . Олардың осындай қалалық жерлерде- 34 , ауылдық жерлерде 84 (барлығы 118) орталықтары болды.

Облыстың барлық халқы осы жеке емделуші адамның басына шаққандағы норматив бойынша қаржыландырылатын отбасылық дәрігерлік амбулаторияларға бөлініп берілді. Кейде қайсыбір орталықтарға әкімшілік жолымен бекіту де орын алды. Тек 2001 жылдың сәуір-мамыр айларынан бастап қана халықты осындай отбасылық дәрігерлік амбулаторияларға өз еркімен бекіту ісі жолға қойылды. Сөйтіп, оған өз еркімен жазылу жүзеге асырылды. Осылай облыста 2001 жылдың 1- қаңтарынан бастап жартылай- толық қордан көмек көрсету жүзеге асырыла бастады. Мысалы, барлық отбасылық дәрігерлік амбулаториялар халыққа диагностикалық көмек, кеңес беру шығынын төлеп, өз бағыттары бойынша жоспарлы станционарлық қызмет көрсетуді өз мойындарына алды.

Халыққа медициналық көмек көрсетудің қымбат түрлерінің альтернативасы болып саналатын күндізгі станционарлар, жеңіл ауру түрлерін емдейтін отбасылық дәрігерлік амбулаториялар 25 қалалық және 61 ауылдық жерлерде орналасқан. Сондай- ақ, облыс халықына диагностикалық кеңес қызметін мұндай талапқа сәйкес 6 емхана орындайды. Бұдан басқа мамандандырылған диспансерлер мен ауруханалардың 18 бөлімшелері, облыстық және аудандық ауруханалардың диагносткалық кеңес беретін 11 бөлімшелері, облыс бойынша 3 базалық әйелдерге кеңес беретін орталықтар бар. Сондай-ақ, СПИД- орталық, облыстық клиникалық иммунология және қалалық балалар реабилитация орталықтары да халық денсаулығын сақтап, нығайтуға айтарлықтай үлес қосуда. Отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың жолдамалары бойынша кеңес беру диагностикалық орталықтарда ауруларға медициналық көмек көрсету мемлекет кепілдік берген көлемде тегін көрсетіледі. Ал оның бір бөлігі ақылық негізде жүргізіледі. Бұл отбасылық дәрігерлік амбулаторияның жолдамасынсыз емдеудің қызмет көрсететін: медициналық тексерудің әртүрлері (жұмысқа орналасу, оқуға түсу, жүргізуші куәлігін алуға қажетті) өнеркәсіп кәсіпорындары және мекемелерімен келісім- шартқа отыруға қажетті, қымбатқа түсетін тексеру тәсілдері сияқты түрлері болып келеді. Алайда, кеңес беру диагностикалық орталықтардың ақылы қызмет көлемі жалпы қызмет көрсетудің 1/3 көлемінен аспау керек.

Облыс халқына стационарлық көмекті 36 аурухана ұйымдары мен 7 диспансер көрсетеді. Оларда жалпы саны 5370 төсектік қор бар. Оның ішінде Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана, облыстық балалар ауруханасы, Павлодардағы № 1,2 қалалық ауруханалар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы қалалық ауруханалар, Павлодардағы жұқпалы аурулар, медициналық жәрдем көрсету ауруханасы, 10 құрт ауруына қарсы ауруханалар, 9 аудандық ауруханалар, 5 селолық учаскелік ауруханалар, 2 перзентхана үйі, тәуелді аурулардың алдын алатын және емдейтін облыстық орталық, облыстық реабилитация орталығы, облыстық туберкулез ауруына қарсы диспансер, облыстық психоневрологиялық диспансер, облыстық тері- венерологиялық диспансер, қалалық психоневрологиялық диспансер, тері- венерологиялық диспансер, наркологиялық диспансер Екібастұз қаласында жұмыс істейді. Ауруларды төсек- орынмен қамтамасыз ету деңгейі 10 мың адамға шаққанда 69,1- ден келеді. Оның ішінде қалалық жерлерде 98,2- ден, ауылдық жерлерде 25,1-ден, 43 аурухана ұйымдарының 28-i медициналық кәсiпорын болып саналғандықтан медициналық қызмет көрсету департамент арқылы қаржыландырылады [102, 29б)

Бұдан басқа облыстық және Ақсу, Екiбастұз қалалары мен аудандық ауруханалар ауырған адамдарды емдегендерi үшiн жеке адамдарды қаржыландыру қорынан төлем алады. Базалық тарифтың (7500 теңге) аздығын есепке ала отырып, стационарларда тексерудiң тiзiмге енбеген кейбiр түрлерiне және дәрi- дәрмекке аурулардың қосымша ақы төлеу тәсiлi қолданылды. Медициналық кәсiпорындар көлемi 5 пайыздан аспайтын ақылы қызмет көрсетедi.

Облыс тұрғындарына қалалық жерлерде 3 жедел медициналық көмек көрсету станциялары, қалалар мен аудан орталықтарында және оларға қарасты жергiлiктi ауруханаларда жедел көмектiң 11 бөлiмшелерi қызмет көрсетедi. Облыстың емдеу және аурудың алдын алу ұйымдарының диагностикалық базасының құрамында: 113 клиникалық- диагностикалық лабораториялар, рентгенге түсiретiн кабинеттер, 23 флюорографиялық қондырғылар, 53 функционалдық диагностикалық кабинеттерi, 15 эндоскопиялық кабинет, 23 ультрадыбыстық диагностика кабинеттерi бар.

2002 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазiргi заманға сай қондырғылармен жабдықталған диагностикалық орталықты салтанатты түрде ашты. Облыстың ауруханада жұқпалы ауруларды анықтауға мүмкiндiк беретiн лаборатория жұмыс iстейдi. Павлодардың №1 қалалық ауруханасы толықтай «жасанды бүйрек» аппаратымен жаңартылған. Сондай-ақ, СПИД орталық пен қан орталығы да жаңа қондырғылармен жабдықталған. А удан мен ауылдық жерлердiң халқына 9 аудандық аурухана, 1 диагностикалық аудандық емхана, 9 туберкулезге қарсы аурухана мен 780 төсектiк 5 ауылдық участкелiк аурухана медициналық көмек көрсетуде. Ауылдық жерлердiң әрбiр 10 мың адамы 25,1 төсек- орынмен қамтылған. Аудандық ауруханаларда стационарлық көмек аурудың 5-6 түрi бойынша көрсетiледi.

Ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық санитарлық көмектi 84 селолық отбасылық дәрiгерлiк амбулаториялар көрсеттi. Сондай- ақ, мұнда 87 фельдшерлiк- акушерлiк пункт, 136 фельдшерлiк пункт және арнайы құрылыс нысандары жоқ 51 медицина қызметкерлерi бар. Салалық медициналық ұйымдардың диагностикалық базаларының құрамында 55 клиникалық лаборатория, 23 электрлi кардиография кабинеттерi, 7 ультрадыбысты диагностика кабинеттерi, 2 эндоскопиялық тексеру кабинеттерi кiредi. Емдеу, аурудың алдын алу ұйымдарынан басқа, барлық аудандарды санитарлық- эпидемиологиялық станциялар жұмыс iстейдi. Салалық дәрiхана жүйесi құрамында мемлекеттiк емес 34 дәрiхана ұйымдары бар. Олардың көпшiлiгi аудан орталықтарында немесе iрi селоларда орналасқан.

Денсаулық сақтаудың мемлекеттiк секторымен қатар жеке меншiк медициналық практика да үрдiс алды: 2001 жылдың қараша айында облыста жеке меншiк медициналық 151 субъектiң 51 заңды тұлға да 50-i құқықты тұлға болған. 1998 жылмен салыстырғанда мемлекеттiк емес ұйымдардың саны 1,7 есеге артқан. Амбулаториялық емханалар ұйымдарының саны 24-тен 48-ге дейiн өскен, оның iшiнде отбасылық дәрiгерлiк амбулатория 3-тен 15-ке дейiн, жеке меншiк стационарлар 9-дан 21-ге дейiн, олардағы төсек саны 150- ден 230-ға дейiн артқан, Қазiргi кезде жеке меншiк медициналық құрылымдарда жұмыс iстейтiн дәрiгерлердiң саны 410-ға жетiп, орта дәрежелi медициналық қызметкерлер саны 560 болған.(106,34 б)

Облыста 2610 дәрiгер және 5625 орта дәрежедегi медициналық қызметкерлер жұмыс iстейдi. Олардың iшiнде денсаулық сақтау министрлiгiнiң жүйесiнде 2012 дәрiгер, 4680 орта дәрежедегi медициналық қызметкерлер, басқа ведомстволарда 188 дәрiгер және 389 орта дәрежедегi медициналық қызметкерлер, жеке меншiк медицина саларында- 410 дәрiгер, 560 орта дәрежедегi медициналық қызметкерлер бар. Облыстың әрбiр 10 мың халқына шаққанда 33,6 дәрігер, 72,4 орта дәрежедегi медицина қызметкерiнен келедi. Дәрiгерлердiң 47 пайызы, орта дәрежедегi медицина қызметкерлерiнiң 25 пайызы жоғары категорияларға ие. 8 дәрiгер медицина ғылымдарының кандидаты. Соңғы жылдар iшiнде облыста дәрiгерлердiң мамандықтарын арттыру үшiн психиатрия, онкология, фтизиатрия, неонатологиядан көшпелi семинарлар өткiзу әдетке айналған. Жыл сайын 500 дәрiгер мен 800 орта дәрежелi медициналық қызметкерлер өз мамандықтарын арттырады.(104,17б)

Мемлекеттiк «Иммунопрофилактика» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесiнде 1995-1997 жылдары дифтерия мен полиомиелитке қарсы өткiзiлген иммунизация (организмге жұқпалы ауруды жолатпау шарасын қолдан жасау) күндерiне байланысты және вакцинацияны орталықтан қамтамасыз етуге орай адамдардың 98-99 пайызын егу, полиомиелит, дифтерия, сiреспе ауруларын болдырмай, қызылша, көкжөтел, эпидпоротит ауруларын сирек кездестiретiн жағдай туғызылды. Осындай мақсатты жұмыстардың нәтижесiнде iш сүзек ауруының ошағын жойып, Май, Ақтоғай аудандарында және Ақсу қаласының селолық аймақтарында осы аурудың түрiн бiржолата жоюға қол жеттi. Алайда, әлеуметтiк- экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты, стихиялы нарықтық сауданың дамуына байланысты, сумен қамтамасыз етудiң орталықтандырылған жүйесiнiң бұзылуына байланысты селолық жерлерде жұқпалы шек аурулары мен сальмонеллездiң жоғары деңгейi тiркелдi.

Бұл арадағы шешiмiн табуға тиiстi ең басты мәселе халықты сапалы сумен қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы бес жыл iшiнде 30-ға жуық су құбырлары жабылып, iс жүзiнде ауылдық жерлерде оларды қатарға қосатын қызмет түрлерiнiң барлығы да таратылып жiберiлген. Сондықтан, ауыл тұрғындарының 40 пайызға жуығы сапасыз суды қолдануға мәжбүр.

Облыста 2000 жылы туу көрсеткiшi артып, өлiм азайған және халықтың табиғи өсу түрi көбейген. Бала өлiмi азайып, 2001 жылдың 9 айында туған әрбiр 1000 нәрестенiң 24,2 шетiнеген.

Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 1,5 есе аз. Туберкулезбен ауру соңғы 5 жыл iшiнде 3 есеге көбейiп, 2000 жылы әрбiр 100 мың халыққа санағанда 200,1-ден келдi. Бiрақ, 2003 жылы туберкулезбен ауырғандардың саны азайып, 3 пайызға төмендеп, әрбiр 100 мың адамға шаққанда 160,9 -дан келдi. Сондай- ақ бұл аурудан өлгендер көрсеткiшiнде 9,3 пайызға кемiдi. Бұл арада бұл аурудың алдын алу шаралары мен дұрыс диагностика қою және бұл мекемелердi жақсы қаржыландыру әсiресе дәрi- дәрмек, азық- түлiкпен өз нәтижесiн бердi деп айтуға болады.

Жүйке ауруымен ауырғандардың саны бұрынғы 100 мың адамға шаққандағы 231,3- тен 2001 жылдың соңында 222-ге кемiдi. Керiсiнше жүйке ауруын қоздыратын заттарды қабылдағандардың саны әрбiр 100 мың адамға шақанда 2001 жылы 1,6 есеге артып, 1039,2 адамды құрады. Сондай-ақ, ВИЧ- инфекциясымен ауырғандардың саны 100 мың адамға шаққандағы 2000- жылғы 10,5 адамнан 2001 жылдың 11 айында 48,9 адамға өскен. Облыс аймағында онкология ауруымен ауырғандар саны да әрбiр 100 мың адамға шаққанда 177,4 адамнан айналды. Әрине, бұл өте үлкен көрсеткiш. Оның есесiне бұрын мерезбен ауыратындар саны 100 мың адамға шаққанда 232,6 болса, ендi 20,4 пайызға кемiп, 94,1- ден келдi.(105,48 б)

Жоғарыда айтқанымыздай халықты дәрi- дәрмекпен мемлекеттiк емес дәрiхана ұйымдарының жүйесi қамтамасыз етедi. 2001 жылдың соңында облыста барлығы 345 дәрiхана ұйымдары жұмыс iстеген, оның 226-сы дәрiхана, соның 34-i ауылдық жерлерде. 78 дәрiхана пункттерi болса, 28-i ауылдық жерлерде орналасқан. Сондай- ақ, облыста 10 «Оптика» дүкенi, 1 «Медтехника» дүкенi, 2 дәрiхана киоскiсi бар. Аурухана ұйымдары дәрi- дәрмекпен облыс бюджетi есебiненен қамтылады.

Азаматтардың денсаулығын сақтау жүйесiнде облыста бiрқатар қоғамдық бiрлестiктер жұмыс iстейдi. Олар: онколог дәрiгерлердiң, хирургтардың, психиатрлардың, психотерапевтердiң ассоциациялары мен орта дәрежелi медицина қызметкерлерiнiң де қоғамдық бiрлестiктерi. Сондай- ақ, 2000 жылы педиатр дәрiгерлердiң, жедел және қажеттi көмек дәрiгерлерiнiң, отбасы дәрiгерлерiнiң де ассоциациялары құрылған. Ал 2001 жылдың ақпан айында болса, «Нашақорлыққа қарсы аналардың» мемлекеттiк емес бiрлестiгi тiркелген.

Осы дәрiгерлер ассоциациялары мен орта дәрежелi медицина қызметкерлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi кадрлардың бiлiмдерiн жетiлдiрiп, аттестациядан өткiзу және халыққа медициналық көмек беру жұмыстарын жақсарту шараларымен айналысады. Облыстың денсаулық сақтау саласында 172 кәсiподақ ұйымдары бар. Олар ұжымдық келiсiм шарттарды қалыптастырумен айналысады. Ал Қызыл жарты ай және Қызыл крест қоғамдары болса халықтық тұрмысы төмен таптарына медициналық және әлеуметтiк көмек көрсетумен айналысады. Облыста қарттар мен мүгедектерге арналған 25 төсектiк аурухана бар. Оларға медбикелер күтiм жасайды. Және қайырымдылық пен демеушiлiктен түскен қаржы негiзiнде жұмыс iстейдi.

Бұл жерде Павлодар облысының денсаулық сақтау саласының қалыптасып, дамуына ерекше үлес қосқан ақ халатты абзал жандардың аты- жөндерiн қысқаша болса да айтпай кетуге болмайды. Олар: Михельсон И.В, Кислицина Н.И, Сұлтанов Ғ.Т, Петухов К.Н, Фрезе Я.Я, Каирбеков Т.К, Антонова А.Д, Вуколова А.А, Авербух Б.М, Усманова Г.К, Засухина В.М, Зенченко А.А, Комшук Н.С, Аршокян Г.Г, Каипова Б., Султанова Р.А және т.б. Олар негiзгi жұмыстарынан қол үзбей жүрiп, ғылыми- зерттеулермен де айналысқандықтан 5 дәрiгер докторлық, 17 дәрiгер кандидаттық диссератация қорғаған. Мысалы, Мұстафин А.Х, Бейсембаев Е.А, Қожанова А.К. ғылым докторы аталса, Б.Д Оразғалиев, С.Б. Иманғазинов, С.А Алтынбеков, Н.М.Садықов,Сакиев К.З,Казангапов Д. М және т.б кандидаттық диссертация қорғаған. Көптеген дәрiгерлер мен орта дәрежелi медицина қызметкерлерi үкiметтiң жоғары наградаларымен марапатталған.(105,41б)

Ал, ендi облыс аймағындағы денсаулық сақтау саласындағы соңғы деректерге сүйенер болсақ, онда 2006 жылдың 1- қантарында барлығы 359 медицина ұйымдары жұмыс iстеген. Олардың 2221 мекеме, оның iшiнде 12 аурухана мен 3 диспансер және 135- қазыналық коммуналдық кәсiпорындар, оның iшiнде 27 аурухана, 4 диспансер және 98 амбулаторлық- емхана ұйымдары. Жалпы дәрiгерлiк амбулатория саны 88 болса, оның 82- сi ауылдық жерде.

Облыста денсаулық сақтау мекемелерi мен нысаналарын күрделi жөндеуден өткiзу және материалдық техникалық жағынан қайта жабдықтау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сондай- ақ, облыстың денсаулық сақтау саласын 2005-2007 жылдары реформалау және дамыту бағдарламасы аясында республикалық және жергiлiктi бюджеттiң есебiнен облыстың денсаулық сақтау нысандарының материалдық техникалық базасын нығайтуға 1740,3 миллион теңге бөлiнiп, игерiлдi.

Өткен жылы облыстың денсаулық сақтау бюджетi 2004 жылмен салыстырғанда 28 пайызға артып, 7,9 миллиард теңгенi құраған.

Халыққа тегiн медициналық көмек көрсетудiң кепiлдiк көлемi 2005 жылы республикалық трансферттi есепке алғанда 6643,3 миллион теңге болса, оның iшiнде облыстық бюджеттен бөлiнгенi 6063,9 миллион теңге. 2004 жылмен салыстырғанда өсiм 18,1 пайызға артты [106,57б)

2005 жылы көп салалы ауруханаларда станционарларлық ауруларды дәрi- дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңiл бөлiндi. Соның нәтижесiнде бұл мақсатқа 767,5 миллион теңге бөлiнiп, 1 ауруға орта есеппен дәрiмен қамту үшiн шығынды 11,7 мың теңгеге жеткiзуге қол жеткiзiлдi. Өткен жылмен салыстырғанда стационарларда ауруды дәрiмен қамту 3,3 есеге артты. Халыққа алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету тарифы әр адамға шаққанда ауылдық жерлерде 84- тен 101 теңгеге дейiн, облыс қалаларында 50-ден 58 теңгеге дейін арттырылған.

Медициналық ұйымдардың алғашқы медициналық санитарлық көмек берудегі материалдық- техникалық базасын одан әрі нығайту жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджеттен нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге 36,2 миллион теңге бөлініп, игерілді. Жаңадан 22 санитарлық көлік алынып, медицинаның бұл саласын көлікпен жабдықтау 96- дан 98 пайызға артты. Сондай- ақ, ауылдық дәрігерлік амбулаторияларға медициналық қондырғылар сатып алу үшін облыстың бюджеттен 49 миллион теңге бөлініп, игерілді. Соның нәтижесінде ауылдық жерлердің алғашқы медициналық- санитарлық көмек беру нысандарын медициналық қондырғылар мен медицинаға арналған бұйымдармен қамтамасыз ету 19 пайыздан 57 пайызға дейін өсті.

Облыс денсаулық саласын төсекпен, дәрігерлермен, орта дәрежелі медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету көбейді. Жыл өткен сайын бірқатар аурулардың көрсеткіші жақсара түсуде. Туберкулез ауруларының алдын алу және емдеу туралы республиканың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Павлодар облысында да нақты шаралар жүргізілуде. Мысалы, осы арайда балалардың туберкулезге қарсы демалыс орны, Ақтоғай және Успенка аудандарындағы туберкулез ауруханалары күрделі жөндеуден өткізіліп, 10 қозғалмалы дезинфекция камералары сатып алынды. Осындай игі шаралар 2004 жылмен салыстырғанда осы ауруды 10 пайызға қысқартты.

2005 жылдың 11 айында нәрестелердің шетінеу көрсеткіші 33,3 пайызға кешіп, әрбір туған 1 мың балаға 11,6 -дан келді. Нәресте мен ана өлімінің көрсеткішінің төмендеуіне облыстағы отбасын жоспарлау және жүкті әйелдердің денсаулығын қадағалау шараларының өткізілуі көп септігін тигізді. Нәрестенің шетінеуі облыс көрсеткіштерінен асып түсетін аудандардың мамаңдарына орталықтан барған акушер-педиатрлардың бригадалары практикалық және ұйымдық-тәсiлдiк жағынан айтарлықтай көмек көрсеттi. Соның нәтижесiнде босануға қабiлеттi әйелдердiң арасында 100 пайыз медициналық тексеру жұмыстары жүргiзiлдi. Балалар мен перзентхана ұйымдары үшiн республикалық трансферт есебiнен 35,4 миллион теңге бөлiнiп, 61 бiрлiк қондырғы сатып алынды.

Өткен кезеңде онкология аурулары 5,3 пайызға, мерез 1,5 есеге азайды. Керiсiнше, нашақорлық 8,7 пайызға көбейiп, халықтың 100 мыңына шаққанда 829,1-ден келдi. Әрине, бұл бүгiнгi таңның ең бiр кеселдi ауру түрiне айналуда (107,31б)

Ендi, Павлодар облысындағы бiлiм беру мәселесiне көшейiк. Ол үшiн ең алдымен оның пайда болу және даму тарихына қысқаша болса да тоқтап өткенiмiз жөн болар. Сөйтiп, ХIХ ғасырдың басында патшалы Ресейдiң ағарту министiрлiгi «Ресейдi мекен ететiн басқа адамдарға бiлiм беру шаралары туралы» заң қабылдады. Осыған байланысты қазақ жерiнде де қазақтар үшiн оқу орындары ашыла бастады. Алдыңғылардың бiрi боп Семей губерниясында кейiнiрек төменгi дәрежелi ауылшаруашылығы училищесiне айналған мектеп-интернаттар дүниеге келдi. 1917 жылғы қазан төңкерiсiне дейiн қазақ балаларының негiзiнен ауыл молдаларынан араб тiлiнде хат танығаны белгiлi. Кеңес өкiметiнiң алғашқы жылдарында мұнда әртүрлi дәрежедегi мектептер жұмыс iстедi. Мәселен, әйелдер гимназиясы, жоғары бастауыш училище, орыстардың үш шiркеу мектебi мен училищесi, ауылшаруашылығы мектебi. Оларда барлығы 24 мұғалiм сабақ бердi.

1920 жылы Павлодар уезiнде жаңадан бiрiншi дәрежелi 22 мектеп, 6 жетiжылдық мектеп, оның 4-i ауылдық жерлерде ашылды. Сондай-ақ, ұлттық мектептердiң жүйесi де кеңейдi. 1923 жылы 63 қазақ мектебi болуы. Алғашқы ұлттық мектеп 4 жылдық едi. Кейiнiрек соның негiзiнде жоғары дәрежелi мектептер мен мектеп-коммуналар өсiп шықты. Ал, 1924 жылы болса уезде қазақ балалары үшiн 5 мектеп-коммуналар ашылды. Оның бiреуi бұрынғы орыс-қазақ училищесiнiң негiзiнде Павлодар қаласында орнықты.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдарының орта шенiнде губернияда мұғалiмдердi дайындау курсынан 65 адам өтсе, оның 42-сi қазақтар болды. Алайда мектептердiң өскелең жүйесi күн өткен сайын маман кадрлардың қажеттiлiгiн дәлелдей түстi. Мұғалiмерге методикалық көмек көрсету шаналары жергiлiктi жерлерде iздестiрiле бастады. Сөйтiп, халық ағарту бөлiмдерiнiң жанынан өте бiр тәжiрибелi педагогтардың есебiнен ғылыми-методикалық кеңес құру жұмысы қолға алынды Мұндай кеңестер оқыту сапасын жақсартумен қатар тәрбие жұмыстарын жүргiзу, сабақ берудiң жаңа тәсiлдерiн iздестiру, мұғалiмдерге көмек көрсету проблемасымен айналысты.

Қазақстанның да жер-жерiнде большевиктер жеңiске жеткен соң 1917 жылдың қазан айында кеңестердiң Бүкiлресейлiк құрылтайы «Еңбешiлердiң құқық декларациясын» қабылдағаны мәлiм. Онда сауатсыздықпен күрес жарияланған болатын. Сондықтан Павлодар уезiнде де сауаты жоқ халық үшiн жаппай сауаттандырудың қазақ, орыс тiлiндегi 33 мектебi ұйымдастырылған. Ал, 1925 жылы болса, уезде сауатсыздықты жоюға арналған 104 пункт жұмыс iстедi. Оның 67-сi қазақ ауылдарында орналасты . Сондай ақ, сауаты аз адам дарға арналған мектептер де құрылды. Шаруа жастарына арналған мектептер де болды. Жергiлiктi жерлердегi халық ағарту бөлiмдерiнiң осылдай жанжақты, ұланғайыр ұйымдастырушылық еңбектерiнiң нәтижесiнде 1930 жылдардың басында облыс халықтың 50 пайызы оқу мен жазуға қол жеткiздi. Осы кезде мектепке дейiнгi тәрбиеге де үлкен көңiл бөлiндi. Себебi, жоғарыда айтылған «Еңбекшiлердiң құқық декларациясында» мектепке дейiнгi мекемелер халық ағарту iсiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде көрсетiлген болатын.

Бұл орайда алғашқы балалар бақшасы 1921 жылы Железинка болысының Үрлiтүп селосында ашылыпты. Ал, 1923 жылы болса Павлодар қаласында да кемежөндеу шеберханалары жұмысшыларының балаларына арналған 20 орындық алғашқы балалар бақшасы өз жұмысын бастаған. Егер 1952 жылы есебінде 500 баласы бар,барлығы 18-ақ, мектепке дейінгі мекемелер болса, арада 30 жыл өткен соң олардың саны 480- ге жеткен. Мектеп жасына дейінгі мекемелер жүйесінің тез өсіп, қарқын алуына өнеркәсіп кәсіпорындары, көлік және құрылыс ұйымдары, совхоздар мен колхоздар ерекше үлес қосты. Тек қана өткен ғасырдың 70- ші жылдарында облыста 156 бала - бақша салынып, онда тәрбиеленушілердің саны екі есе өсті. Олардың көпшілігі жаңа типтік жоба бойынша салынған. Яғни, кең де жарық жатар орын, ойын бөлмелері, музыка және денешынықтыру залдары, жүзу бассейндері, көгалдандырылған аулалармен қамтылған. 1980 жылдары облыстың мектепке дейінгі мекемелерінде 5,2 мың педагог жұмыс істейді. Мектепке дайындыққа мектеп жасына дейігі бүлдіршіндердің 90 пайызы қамтылды.

Ал, 1991 жылы болса мектепке дейінгі тәрбие және білім беру жүйесінде 74705 баланы қамтыған 557 балалар бақшасы қызмет атқарды. Қазіргі кезде мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесінде 11352 баланы қамтитын 69 мектепке дейінгі мекеме бар. Облыстың 56 мектепке дейінгі мекемелерінде балаларды мектепке дайындайтын 264 топ жұмыс істейді. Сондай- ақ, мектеп жағдайында 377 сыныпта 4642 бүлдіршіндер мектеп алдындағы дайындықтан өтеді. Осының нәтижесінде 2003 жылы мектепке 90 пайыздан астам дайындықтан өткен бірінші сыныптылар келді [108)

ХХ ғасырдың 20- жылдарының соңында Павлодар уезінің аймағында барлығы 248 мектеп, оның ішінде тоғыз жетіжылдық, бір орта мектеп, ал 30- жылдардың басында 346 бастауыш және 23 жетіжылдық мектептер жұмыс істеді. 1929 жылдың тамыз айында Қазақ ССР- нің Орталық Атқару Комитетінің шешімі бойынша Оскемен қаласынан педагогикалық техникум (Қазіргі Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж) көшіріліп әкелінді. Оның үш курсы мен дайындық бөлімдерінде 120 адам оқыды. Олардың алғашқы шәкірттерінің қатарында Совет Одағының батырлары С.Мүткенов пен Қ. Сұрағанов, Социалистік Еңбек Ері М.Қабылбеков және т.б атақты адамдар бар.

Мектеп өміріндегі шешуші кезең болып ХХ ғасырдың 30- жылдары саналады. 1934-1935 оқу жылдарында уезд бойынша мектеп жасындағы балалардың 96,6 пайызы жалпылама бастауыш біліммен қамтылған. 1938 жылы Павлодар облысының өз алдына жеке құрылуына орай жаңа мектеп құрылыстарын салу қолға алынды. Тура осы кезеңде Павлодар қаласында жаңа үлгіде салынған №8, 10,11,15 орта мектептер пайда болды. Бұл салада өткен ғасырдың 30 жылдарының соңында нағыз мәдени төңкеріс болды деп айтуға болады. 5-7 сынып оқушыларының саны екі еселеніп, 9-10 сыныптар 15 есеге өсті. Барлық мектептерде қаламен ауыл мектептеріне бірдей жаңа оқу жоспары енгізілді. Осы кезеңде жалпылама оқытылуға тиісті балалардың тура есебінің жүйесі ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында жалпы республикаға, оның ішінде Павлодар облысына да өз аймақтарына көшірілген балалар мекемелері мен оқу орындарын орналастыру сияқты жауапты міндеттер жүктелді. Балалар үйлерінің жүйесі кеңейтіліп, көшірілген балалар үшін жаңадан интернаттар мен пансионаттар ашылды. 1947 жылдың қыркүйек айында қосымша 6 балалар үйі ұйымдастырылды. Сөйтіп, 14 балалар үйі мен пансионаттарында 2028 бала тәрбиеленіп, оқытылды. Мектеп нысандарының бір бөлігі әскери аурухана болып қайта жарақтандырылды [109)

Соғыстан кейінгі кезеңде барлық жерлерде жалпы жетіжылдық білім беру жүзеге асырылды. Бастауыш мектептердің көпшілігі, әсіресе ауылдық жерлердегі жетіжылдық білім беруге көшірілді. Бұл шара тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында одан әрі жалғастырылды. 1957 жылы құрамында 65 мыңнан астам оқушысы бар 594 мектеп халық игілігіне қызмет атқарды. Бұл 1917 жылмен салыстырғанда 10 есе артық көрсеткіш еді. 1959 жылдың наурыз айында Қазақ ССР жоғарғы Кеңесі «Мектеп пен өмірдің байланысын нығайту және Қазақ ССР білім жүйесін одан әрі нығайту» туралы Заңды қабылдады [110,3б)

Заң 7 мен 16 жас арасындағы балаларға сегізжылдық жалпы білім беруді жүктеді. Әрі осы жылдары орта білім беруге көшу жұмыстары да белсенді түрде жүргізіліп жатты. Жылма-жыл сегізжылдық мектептерді қайта құру есебінен орта мектеп сандары көбейді. Оқытудың кабинеттік жүйесіне көшу оқулықтардың кітапханалық қорларының әлдеқайда көбеюіне себеп болды. Бұның өзі 1983 жылдан бастап 1-5 сынып оқушыларының әрқайсысын тегін оқулықпен қамтамасыз етуге жағдай жасады.

1988 жылы облыс мектептерін компьютерлендіру жұмыстары басталды. Мектептерге оқу компьютерлерінің жаппай келуі 1989-1991 жылдар аралығын қамтиды. Ал, 1991-1996 жылдары компьютермен жабдықталған мектептердің саны 241-ге өсті. Бұған дейін олардың саны 218 болатын.

1997-2000 жылдары облысқа компьютерлік техниканық жаңа буыны келіп түсті. Бүгін 519 білім ұйымдарында 605 компьютер сыныптары орналастырылған. Оларда 455 мұғалім жұмыс істейді. Сондай- ақ, мектептерді кезең- кезеңмен ведомствоаралық «Интернет- мектеп» бағдарламасына сәйкес интернет жүйесіне қосу жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта облыста бұл жүйені реформалау «Мектепке дейінгі дайындық», «Ауыл мектебі», «Ақ ниет» сияқты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру есебінен осы мәселеге жауап беретін атқару органдарының қолдауымен жүргізілуде.

Облыстың білім беру жүйесі оқушыларға оқудың әрқилы түрлерін, оқу орындарының типтерін, білім алу дәрежесін таңдап алуға толық мүмкіндік береді. Облыста 690 білім беру нысандары бар. Соңғы жылдары жаңа үлгідегі оқу орындарының саны артуда. Мәселен, құрамында 6893 оқушысы бар 17 гимназия мен лицейлер жұмыс істейді. 1999 жылдан бастап дарынды балаларға арналған қазақ тіліндегі «Жас дарын» мектебі қатарға қосылып, жыл өткен сайын биік көрсеткіштерге жетуде. 128 мектепте пәндерді тереңдетіп оқытатын 10392 оқушыны қамтитын 516 сынып бар. Мемлекеттік тілде оқитын мектеп саны артты. 153 аралас мектеп те өз жұмысын одан әрі жалғастыруда. Барлығы облыс бойынша 40,8 мың оқушы мемлекеттік тілде білім алды (111,98 б)

Облыстың білім беру жүйесінде әртүрлі үлгідегі интернет мекемелері де лайықты орын алады. Бұлар іштей озара мектеп-интернаттар, мектеп жанындағы интернаттар (бюджеттік), кемтар балаларға арналған интернаттар, демалыс орны тәріздес мектеп интернаттар болып бөлінеді. Бұл мекемелер маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі. Атап айтқанда, балаларды оқытуды және тәрбиелеуді жақсартуға, жеке адамды қалыптастыруға, оларды еңбекке баулуға айтарлықтай әсер етеді. Қазіргі уақытта облыста 1991 жылғы 8-дің орнына 15 интернат ұйымдары, 26 мектеп жанындағы интернат және үш жетімхана бар. Барлық интернаттар компьютер техникаларымен жабдықталған. Олардың материалдық-техникалық базаларын нығайту үшін қомақты қаржы көздері бөлінген. Мектеп бітіруші жетімдер үшін үшін Павлодар қаласында жасөспірімдер үйі құрылған. Сондай-ақ, Павлодар ауданының Розовка селосында отбасылық үлгідегі балалар ауылы да ашылған.

Білім беру мен тәрбиенің одан әрі дамуының басты бағыты болып облыста мектептен тыс мекемелердің құрылуы болып табылады. Бұның өзі мұғалімдер үшін балалармен сабақтан бос уақытта сынып пен мектептен тыс жұмыстарды жүргізудің таптырмас кілті есепті. Мектептен тыс мекеме жүйелеріне мектеп сарайлары мен үйлері, музыка және спорт мектептері, жас натуралистер мен техниктердің станциялары, қала мөлтек аудандарындағы әртүрлі жасөспірім клубтары, балалардың демалыс орындары, балалар теміржолдары жатады. Бұл мекемелерде балалармен жұмыс олардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі. Басты көңіл экологиялық тәрбиеге аударылады. Бұл орайда Павлодар қаласындағы экология мектебінің қоршлған ортаны қорғаудың облыстық басқармасымен облыстың фаунасы мен флорасын зерттеудегі нәтижелі жұмыстарын айтуға болады. Осы ретте облыстың музыкалық көркем өнер мектептерінің оқушылары үнемі халықаралық, республикалық конкурстарға қатысып, жүлдегер, дипломат, лауреат атанып жүргендіктері мақтан тұтарлық жай. Осы сияқты облыстың барлық мектептерінде әртүрлі бағыттағы мектеп мұражайлары жұмыс істейді. Негізінен олар ауыл, қала, ерлік даңқы мұражайы, халықтың әдет-ғұрпы мен облыс аймағында тұратын басқа ұлттардың мәдениетіне арналған Мұражайлар болып келеді.

Енді облыстағы кәсіптік бастауыш білім беру жайына тоқтала кетер болсақ, онда Павлодар облысындағы алғашқы фабрика-зауытта оқыту 1932 жылы сүт комбинаты базасында ашылған. Сондай- ақ 1939 жылы алғашқы механикаландыру мектебі Ертіс поселкесінде ашылған. 1956 жылы Павлодар қаласында №18-ші құрылыс училищесі маман дайындауға кірісті. Ал, 1958-1977 жылдары мұндай оқу мекемелерінің түрлері ерекше көбейіп, 18 мың адамды қамтиған 32 бірілікке жетеді. 1991 жылы облыста республикада алғашқы болып №9 кәсіптік училище ашылды. Онда жоғары разрядты, күрделі мамандықтарды игеретін жұмысшылар дайындала бастады.

Бүгінгі таңда кәсіптік бастауыш білім беретін оқу мекемелерінің жүйелері мен сан, сапа жағынан аймақтағы маман жұмысшы кадрларына сұранысқа байланысты ретке келтірілген. Бұл орайда 18 кәсіптік мектеп пен 10 лицей, оның ішінде 3 мемлекеттік емес. Оларда негізгі және жалпы орта білім базасында 68 мамандық бойынша 6 мың оқушы оқиды. Сондай-ақ мамандықты ана тілінде алуға да жағдай жасалған. 2001 жылы оқуға 3092 адам қабылданып, кәсіптік мектептер мен лицейлерді 2397 адам бітірген. Бастауыш кәсіптік білім беру жүйесінде 591 инженер- педагог қызметкерлер, оның ішінде 365 оқытушылар мен 226 өндірістік оқыту шеберлері еңбек етеді [112,10 б)

Орта кәсіптік білім колледждерде беріледі 1932 жылы Павлодарда сүт техникумы құрылды. 1935 жылы медбикелер мектебі ашылды. 1959жылы музыка училищесі, малдәрігерлік техникумы, Екібастұз тау- кен, Ақсу денешынықтыру техникумы, Ақсу мәдениағарту училищелері жастарға білім, тәрбие беру жұмыстарын бастады. Өткен ғасырдың 80- жылдары орта кәсіптік білім беру мекемелерінің өсу тенденциясы байқалды. Олардың жалпы саны 18-ге жетіп, жаңа оқу корпустары салынып, материалдық базалары нығайтылды. Атап айтқанда осы жылдары педагогикалық және музыка колледждерінің жаңа оқу корпустары мен жатақханалары қатарға қосылды.

1996 жылдан бастап мемлекеттік емес оқу орындары көбейіп, 2001 жылы олардың жалпы саны 15-ке жетті. Бүгінгі тоңда орташа кәсіптік білім беру жүйесін 31 колледж жүзеге асыруда. 2001 жылы қызмет көрсету саласында екі мемлекеттік колледж құрылды. Оларда 64 мамандық бойынша 16 мың адам білім алады. Жыл сайын мемлекеттік тілде оқуға қабылданушылардың саны ұлғаюда. 2001 жылы жалпы колледжге түскендердің саны 8002 адамға жетті. Бұлардан 3931 орта буынның өкілдері бітіріп шықты. Орта кәсіптік білім беру жүйесінде 1363 инженер -педагог қызметкер жұмыс істейді. Олардың 801 жоғары білімді 4 ғылым кандидаты. Барлық колледждер жаңа буында компьютер техникасымен жабдықталып, «Интернет» жүйесіне қосылған.

Соңғы жылдары жоғары білімді мұғалімдермен қамту пайызы артты. Атап айтқанда 1991 жылғы 59,0 пайыздан 2001 жылы 62,4 пайызға, аяқталмаған жоғары білімділер 3,3 пайыздан 4,4 пайызға. Орта арнаулы білімі бар мұғалімдердің саны 1991 жылғы 33,1 пайыздан 2001 жылы 30,0 пайызға кеміген. Осы мерзім аралығында өзінің білім дәрежесін сырттай оқыту жүйесі арқылы 8441 мұғалім арттырды. Олардық 6396-сы жоғары білім 2045-і орташа арнайы білім алды. 1991-2001 жылдары облыс мектептеріне 5441 жас маман, оның ішінде 3273-і жоғары білімді орналасты. Осылардың 2500- і Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 1547- сі Павлодар педагогикалық колледжінің түлектері [113,10-12б)

Облыс мұғалімдерінің қатарында бүгінгі таңда 12666 мұғалім болса, олардың 7,9 мыңы жоғары білімді, қалған 4,0 мыңы орта педагогикалық білімі барлар. Мұғалімдердің көп бөлігі сырттай оқу бөлімі жүйесінде оқуларын жалғастырып, өздерінің кәсіби дәрежелерін педкадрлардың мамандығын жетілдіру курстары арқылы көтеруде. Олардың көпшілігі өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде қол жеткізген ерен еңбектері үшін жоғары үкімет наградаларымен марапатталған. Мысалы, М.Қабылбеков пен З.Жукова социалистік Еңбек Ері аталса, 80 педагог «Республиканың еңбек сіңірген мұғалімі» 1,5 мыңы «Халық ағарту ісінің үздігі» деген лауазымға ие болып, 300- ден астамы орден, медальдардың иесі аталды.

Павлодар облысында жоғары мектептің пайда болып дамуы оның ірі өнеркәсіп орталығына айналуына байланысты еді. Бұл үрдіс ХХ ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан бастап айқындала бастады. Павлодар қаласында 1960 жылы индустриалды, 1962 жылы педегогикалық институттар ашылды. 1985 жылға дейін Павлодардың да жоғары оқу орындары әбден қалыпқа түскен дәстүрлі жолмен дамып отырды. Осы жылдары оларда 13 факультет пен 66 кафедрада 10,2 мың студент 21 мамандық бойынша білім алды. Павлодардың жоғары оқу орындары студенттерге сапалы білім мен нәтижелі тәрбие беруде жоғары көрсеткіштерге жетіп, республика тіпті одақ көлемінде де танымал болды.(125,51б)

1986 жылғы қайта құру бұл облыстың да жоғары білім беру саласына айтарлықтай әсер етті. Мамандықтардың аттары мен қатар заттары да өзгеріп, факультет және кафедра құрамдары жаңарды. 1992 жылы республикада алғашқылардың бірі болып Қазақ мемлекеттік техникалық университеті аталып қайта құрылды. Ал, 1995 жылы болса индустриялды және педагогикалық институттардың негізінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ашылды. 2004 жылы бұл университеттен педагогикалық институт қайтадан бөлініп шықты.

1992 жылдан бастап Павлодарда мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының жүйесі дами бастады. Жоғарыда айтқан Қазақ мемлекеттік техникалық университетінің негізінде 1995 жылы Павлодар университеті деп аталған мемлекеттік емес жекеменшік оқу орны бөлініп шықты. Сондай -ақ, индустрияды және педагогикалық институттардың кейбір факультеттерінің қысқарып кетуіне байланысты 1990 жылдардың басында Екібастұз қаласында Қ.И.Сәтбаев атындағы инженерлік- техникалық институт пайда болды.

Осы кезеңде Павлодарда Қазақстан және Ресей жоғары оқу орындары филиалдарының жүйелері дами бастады. Мысалы, «Қайнар» университетінің, Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтының, Алматы экономика және статистика институтымен қатар Москва, Саратов, Новосибирск, Тюмень және т.б. жоғары оқу орындарының филиалдары есіктерін айқара ашты.

Жалпы алғанда 2005-2006 оқу жылының басында облыстық білім беру жүйесінде 447 күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 8 арнайы, 2 кешкі мектеп, 27 кәсіби мектептер мен лицейлер, 35 колледждер, 82 мектепке дейінгі, 35 мектептен тыс ұйымдар, 12 балалар үйлері, жетімханалар мен жасөспірімдер үйлері жұмыс істеген. Негізінен алғанда білім беру ұйымы құрған жүйе облыс халқының білім беру қызметіне деген сұранымдарын қанағаттандырады .[114,21 б].

Мектептерді 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіру жоспары шараларының шеңберінде жалпы білім беретін мектепте пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптардың сандарын көбейтуде. Өткен жылы мұндай мектептердің саны тағы да 35- ке көбейіп, 187-ге жетті. Облыста үздіксіз білім беретін көп деңгейлі жүйені дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылуда. ҰБТ көрсеткіштерінің нәтижелері тағы да бір рет облыс оқушыларының дайындық деңгейінің жоғары сапасын дәлелдеп берді. 2005 жылдың тестілеу нәтижесі барлық көрсеткіштер бойынша оның алдындағы жылмен салыстырғанда жақсара түскен. Бұл көрсеткіш бойынша республика облыстарының арасынан Павлодар облысы суырылып алға шықты.

Облыста білім беру жүйесін компьютерлендіру жұмыстары жоспарлы және мақсатты түрде жүргізілуде. Интернетке қосылған мектептер жүйесі 2004 жылмен салыстырғанда тағы да 58-ге артып барлығы 365 мектепті құрады. Бұл облыста бар барлық мектептердің 81,6 пайызы деген сөз. 60 білім беру мекемелеріне 580 компьютер сатып алынған. Одан басқа жаңа үлгідегі мектептерге арналып республикалық бюджеттің есебінен жалпы бағасы 72,5 миллион теңге тұратын 19 мультимедиа кабинеттері де жасақталып, қатарға қосылды. Сондай- ақ, Павлодар қаласының екі мектеп- лицейінде, педагогика колледжінде, облыстық педагог кадрларының білімін жетілдіру институтында қашықтықта оқыту кабинеттері құрылды.

Жергілікті бюджет есебінен 41 лингафон кабинеті, 26 физика, 27 химия және 26 биология кабинеттерін жабдықтауға арналған қондырғылар алынды, осы сияқты республика бюджетінің есебінен кәсіби мектептермен лицейлер 17,9 миллион теңге көлеміндегі ауылшаруашылығы техникалары және оқу шеберханаларымен қамтылды. Білім беру саласының 185 ұйымдарында күрделі жөндеу жүргізіліп, 381 миллион теңге игерілді [115,11 б].

Облыста жаз уақытында демалыс және денсаулықты жақсарту мақсатында 45 мыңға жуық балалар демалған мектеп жандарынан құрылған 430 сауықтару лагерлері жұмыс істеді. Жалпы облыс бойынша балалар мен жасөспірімдердің 94 пайызы демалудың барлық түрлерімен қамтылды. Осы мақсатқа қаржыландырудың барлық көзінен 130 миллион теңге бөлінді.

Павлодар облысында денсаулық және білім мен қатар мәдениет пен спорт саласы да өте жоғары деңгейде дамыған деп айтуға болады, жалпы алғанда Ертістің Павлодарға қараған өңірінің мәдени-ағарту мекемелерінің тарихы сонау ХІХ ғасырдан басталады. Ал, оның бертіңгі тарихына келсек, онда өткен ХХ ғасырдың 90- шы жылдарында мәдени-ағарту мекемелері бюджеттік қаржыны үнемді пайдалану мақсатында жинақылау тезіне түсті. Мұның өзі көптеген кітапханалар мен клубтарды қысқартуға алып келді 2001 жылдың басында облыста 750 мәдени- ағарту мекемелері, оның ішінде: 615 кітапхана, 135 клуб мекемелері, 9 мұражай, 3 мәдениет және демалыс парктері болды. Қазіргі кезде 1991 жылдан үнемі қысқарысқа түсіп келген кітапханалар мен клубтардың жойылуы тоқтатылды. Сөйтіп, сан жағынан олардың қайтадан көбею үрдісі байқалады.

Атап айтқанда, 1999 жылмен салыстырғанда кітапханалар саны 36- ға, клуб мекемелері 20-ға өсті, әлуметтік меншік жағдайында жеке меншікке негізделген мәдениет мекемелері құрылып, жұмыс істей бастады. Сондай- ақ, агроөнеркәсіп меншігіндегі мәдениет үйлері де болды. Нарықтық қарым- қатынасқа өту клубтық мекемелерда «Бос уақытты көңілді өткізу- нарық клуб» экономикалық тәсілін белсенді түрде қолдануға алып келді. Клубтармен, мәдениет үйлерімен ұсынылған ақылы қызмет 55 пайызды құрады. Ал, мемлекеттік жүйеге 112 клубтық мекемелер қарайды. Оның ішінде 14 қалалық және облыстық, 10 аудандық, 70 селолық мәдениет үйлері, 9 селолық клуб, 9 автоклуб бар. Бұрынғы мекемелерден автоклубтар өз маңызын жоғалтпаған. Олар аз да болса Баянауыл, Железинка, Ертіс, Лебяжі, Шарбақты аудандарында сақталған. Бұл аударындардың үгіт бригадалары концерттік номерлермен, жылжымалы кітапханаларымен, дәрістермен алшақтағы ауылдарға шығып, 101 шара өткізген. Бір сөзбен айтқанда мәдениет үйлері мен клубтар халықтың шығармашылық білімділігін дамытудың тірек базасы ретінде сақталуда [116, 89 б].

Бүгінгі таңда облыс бойынша қатарында 7686 мүшесі бар 655 көркем-өнерпаздар құрамы жұмыс істейді. Оның 526-сы құрамында 6208 адамы бар көркемөнерпаз ұжымы. Оның ішінде аудандар бойынша: Ақсу қаласының ауылдық аймағында-193 мүшесі бар 20 ұжым; Ақтоғайда-399 мүшесі бар 37 ұжым; Баянауылда-226 мүшесі бар 14 ұжым; Железинкада-148 мүшесі бар 14 ұжым; Ертісте-678 мүшесі бар 66 ұжым; Қашырда 470 мүшесі бар 50 ұжым; Лебяжде-269 мүшесі бар 24 ұжым; Майда-297 мүшесі бар 41 ұжым; Успенкада-544 мүшесі бар 54 ұжым; Шарбақтыда-1033 мүшесі бар 100 ұжым; Екібастұз қаласының селолық аймағында-747 мүшесі бар 35 ұжым; Павлодар қаласында-903 мүшесі бар 48 ұжым; Қалқаман поселкесінде-90 мүшесі бар 5 ұжым.

Бұлардан басқа облыста 1467 мүшесі бар 105 хор және ән ұжымдары жұмыс істейді. Атап айтқанда 7 ән және би; 44 драма; 27 халық аспаптар оркестрі; 8 үрлемеле аспаптар оркестрі, 52 эстрадалық ансамблдер; 48 фольклорлық; басқа да 71 ұжымдар. Көркемөнер ұжымдарынан басқа безендіру-қолтаңбалық өнер, техникалық шығармашылық, спорт және т.б. түрлерінен көптеген әуесқойлық бірлестіктер бар [117,11 б].

Облыста «халықтық» және «үлгілі» атақтарға ие ұжымдар саны өсуде. 2001 жылы осындай 31 ұжым тіркелген. Олардың қатарында Екібастұз қаласының «Сюрприз» хореографиялық ансамблі, Ақсу қаласының «Русские узоры» фольклорлық ансамблі, Баянауылдың «Беу, жігіттер» және «Баян әуендері», Қашырдық «Автомобилист», Шарбақтылық «Ән төгіл» және «Рябинушка» және т.б. ұжымдарды айтуға болады.

Сондай-ақ, өнердің басқа да түрлері: айтыс, фестиваль, галаконцерт, конкурс, көрме, театрландырылған қойылым, мектеп бітірушілер балы, балалар таңертеңгілігі, Наурыз, Республика күні сияқты айтулы мерекелік даталарға арналған мәдени шаралар кең етек алуда. Кейбір аудандарға Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтап, кездесулер өткізу үшін үгіт бригадаларын ұйымдастырып, концерттік бағдарламалар дайылдау дәстүрге айналған. Мысалы, Иса Байзақовтың 100 жылдығына байланысты облыстық және республикалық ақындар айтысы өткізіліп, «Ән қанатында» атты жас орындаушылардың облыстық конкурсы ұйымдастырылды. Бұдан басқа 2000 жылдың қыркүйек айында Павлодар қаласында республикалық айтыс болып өтті. Оған 11 облыстан 18 ақын қатысты. Екі күнге созылған айтысқа екі мыңнан астам жанкүйер қатысты. Облыстың мәдени өміріндегі тағы да бір ұмытылмас оқиға Қазақстан халықтары мәдениеті мен өнерінің ІV фестивалы болды. Оған облыстың барлық аудандарының елді мекендерінен 30 ұлттық 5 мың өкілдері қатысты. Соңғы жылдары облыс көлемінде әскери-патриоттық және жауынгер әндерінің фестивалін; «Хрустальный звон» жас орындаушылардың конкурсын, «Балдаурен» балалар творчествосының фестивалін өткізу дәстүрге айналған.

Павлодар облысының шығармашылығық ұжымдары мен орындаушылары Алматыда өткен жас музыканттардың 34-ші республикалық конкурсының; «Жас қанат» эстрадалық әндердің республикалық конкурстың; Астана қаласында өткен шығармашылық жастардың «Шабыт» халықаралық фестивалінің; Өскеменде өткен «Русский узор» республикалық фестивалінің; Алматы, Астана қалаларында өткен «Қазақстан халықтары достығы фестивальның»; Шымкент қаласында өткен Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған ақындар айтысының; Москва қаласында өткен «Утреняя звезда» телевизиялық бағдарламасының және басқа да көптеген осы сияқты түрлі шаралардың лауреаттары мен дипломанттары болып есептеледі.

Клуб мекемелерінің жұмысы облыстың 14 ұлттық мәдениет орталықтарымен, оның ішінде 1999 жылы құрылған қазақтың ұлттық «Шаңырақ» орталығымен; Қазақстан халықтары кіші ансамблеяларымен; тілдерді дамытудың облыстық қорымен және басқа да мекемелермен бірге өткізіледі. Клубтық мекемелер үшін ұйымдық методикалық орталығы болып «Халық шығармашылығы мен мәдени-оралымның облыстық орталығы» қазыналық коммуналды орталығы саналды. Осыған орай, мысалы 2000ж. Ақсу қаласында «Қала әкімшілігінің мәдени-оралымдық орталығы» ашылды. Бұл орталық негізінен осы аймақтың ауылдарына арналған методикалық- үйлестіру мекемесі екендігінде дау жоқ.

2001 жылы облыста 161 мемлекеттік кітапхана болды. Осы кітапханалардың жалпы оқушылар саны-197 мың 800 адам; кітапхана қызметін пайдаланатындар саны -1 миллион 646 мың; кітап қоры-3 миллион 12 мың дананы құраған. Бұдан басқа облыс көлемінде 415 оқу орындарының кітапханалары бар. Оның ішінде 370 мектеп, 9 жоғары оқу орны, 16 техникум мен колледж 20 кәсіптік техникалық білім беру училищелерінің кітапханалары, ауылшаруашылығы мамандарына, ғылыми-техникалық және медицина қызметкерлеріне арналған 9 кітапхана оқырман сұралымын қанағаттандыру жолында жұмыс істеуде [118, 211б].

2002 жылы Павлодар облысында 9 мұражай мен 3 филиал тіркелді. Олардың көпшілігі соңғы он жылдықта құрылған. Ең көнесі 1942 жылдан халық игілігіне қызмет атқарып келе жатқан Г.Н.Потанин атындағы өлкетану мұражайы. Екіншісі 1990 жылы құралған Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы. Сондай- ақ, бұл негізгі мұражайлардан басқа 2000 жылы құрылған фотограф- өлкетанушы Д.П.Багаевтың мұражай- үйі, 1967 жылы Баянауыл ауданының орталығында құрылған Қ.И.Сәтбаевтың мұражайы, 1993 жылы құрылған С.Торайғыров мұражайы, 1994 жылы құрылған М.Ж.Көпеев мұражайы бар. Бұлардан басқа 2000 жылы Павлодар қаласында М.Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығық үйі, 2000-2001 жылдары Ақсу қаласы мен Шарбақты және Успенка селоларында аудандық тарихи өлкетану мұражайлары ашылды. Екібастұз қаласында К. Пішембаев атындағы тарихи өлкетану мұражайы да бар.

Ерекше тоқтала кететін жайы Г.Н. Потанин атындағы тарихи- өлкетану мұражайы, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы, Д.П.Багаев атындағы мұражай үйі, М. Шамсутдинова атындағы шығармашылығық ән үйі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында салынған тарих және сәулет өнері болып саналатын нысандарда орналасқан. Бұл Павлодар мұражайларының қорлары 65 мыңнан астам экспонаттардан тұрады. Олардың арасында көрерменнің неғұрлым қызығушылығын тудыратын: Ертіс өңіріне қарасты Павлодар аймағының ежелгі фаунасы туралы, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бірден- бір заттар туралы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы құжаттар туралы, Д.П.Багаевты суреттер коллекциялары туралы аса құнды, бай материалдар бар.

Ал, әдебиет және мемуарлар мұражайларындағы М.Ж.Көпеевтің, академик Қ.Сәтбаевтың, зұлмат заманның қудалауына ұшыраған Ж.Аймауытовтың, суырып салма ақын Ж.Аймауытовтың көзі тірісінде ұсталған заттары мен басқа да ақын- жазушылардың қолжазба шығармалары кімді болмасын бей- жай қалдырмайтындығы анық. Мұражайлар осындай көл- көсір рухани байлықты кейінгі ұрпаққа жан- жақты насихаттау жолында аянбай еңбек етуде. Оған дәлел бір жыл ішінде мұражайларда 250 мың адамның болуы дер едік.

2001 жылдың деректері бойынша облыста 3 парк: Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында мәдениет және демалыс парктері бар. Бұл бақтарда 12 денешынықтыру нысандары және 12 атракциондар жұмыс істейді [119, 205 б ].

Мәдениетті жасайтын адамдар. Павлодар облысында бұрын да қазір де өнерлі адамдар көп болған. Әсіресе, ақын- жазушылар. Мысалы, ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі Бұқар жырау Калқаманұлы қиын- қыстау заманда халықты хандар мен батырлардың маңына топтасуға шақырған. Бұл тұстағы ақындардың жыраулардан айырмашылығы адамдардың өзара қарым- қатынасы, олардың ішкі көңіл- күйі және олардың мінез- құлқын жырлауында еді. Бұндай ақындардың қатарына Көтеш, Қобылан, Сақау және т.б ақындарды жатқызуға болады.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті сол кезеңдегі тарихи, саяси оқиғалар негізінде дамығаны белгілі. Ол тақырыптарға алғаш қалам сілтеп, классикалық шығармалар туындатқан С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, С.Дөнентаев, Қ. Кемеңгеров және басқа да павлодарлықтардың еңбектері ерекше. ХХ ғасырдың 30- жылдарында ерекше даму жолына түскен қазақ әдебиетіне, оның поээия жанрына ерекше үлес қосқан К.Бекхожин, Д.Әбілев, И. Байзақовтарды айтпай кетуге болмайды. Ал, Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары А.Шамкенов, Қ.Ыдырысов, М.Әлімбаев, З. Шашкин, З. Ақышев сынды ақын- жазушылардың жаңалыгы әдебиет төріне келді.

Өнеркәсіп тақырыбына А. Жақсыбаев, С.П. Шевченко сынды жазушылар тың серпін әкелді. Сондай- ақ, Е.Ерботин, М. Жаманбалинов, Н.Чернова, Д.Приймактардың балалар ақыны ретінде республика көлеміне кеңінен танымал болды. Бүгінгі таңда да олардың жолдарын лайықты шығармашылықтарымен жалғастырып жүрген ақын, жазушылар жоқ емес. Олар С. Елікбаев, А.Қани, С.Баязитов, Ғ.Жұматов және т.б.

Осы жылдар аралығында мәдениет мекемелерінің мемлекеттік жүйесі 21 кітапханаға көбейіп, 2006 жылдың басында 240 кітапханадан, 131 клуб мекемелерінен, 11 мұражайдан, 2 театр және мұражайдан тұрды. Халықтың әртүрлі категориясына арналып 6302 жалпы шара өткізілді. Облыстың мәдениет мекемелерінің материалдық- техникалық базасы жақсарып, жергілікті аймақтармен жұмыс жүргізу белсенділігі артты. Мәдениет мекемелерін қаржыландыру жыл ішінде 382,6 миллион теңгені құрап, 114,8 пайызды құрады [120, 43 б].

Жыл басынан Ұлы Отан соғысының жеңісінің 65 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 15 жылдығы, халықаралық балаларды қорғау күні, мектеп бітірушілердің балы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығы, Жаяу Мұсаның 175 жылдығы, наурыз мерекесі және т.б айтулы кұндерді атап өту шаралары жүзеге асырылды.

Павлодар облысында 20 – дан астам ұлттық - мәдени бірлестіктер бар. Олар 1993 жылдың 31 наурызында тіркелген «Ватан» атты қалалық дәрежедегі әзірбайжан ұлттық- мәдени орталығы. Бұл орталықтың мақсат- міндеті туралы оның төрағасы Махмудов Джафар былай деді: « Ең басты міндет павлодар облысындағы әзірбайжан диаспорасының ұлттық мәдениетін, туған тілін, тарихын, салт- дәстүрін жаңғыртуын ғана қоймай, кейбір проблемаларды зерттеп, шешу болып табылады.»

Орталықтың жұмысын 8 адаммен құралған президиум басқарады. Ай сайын, соңғы жұмады орталық мүшелірінің жалпы жиналысы өткізіліп, алдағы уақытта өткізілетін шаралардың кезекті мәселелері қарастырылады.

Орталықта 13 адамнан тұратын ақсақалдар кеңесі құрылған. Сондай- ақ, бірнеше өнер ұжымдары бар. Олардың ең танымалы «Ватан» вокальды аспаптар ансамблі. Орталық төрағасы Д. Махмудов 2001 жылы Баку қаласында өткізілген әзірбайжандардың бірінші дүниежүзілік құрылтайына қатысып, ұлттық қатынастарды нығайтуға және бейбітшілік пен достықты бекітуге қосқан жеке үлесі үшін « Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.

«Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Пригодин Николай: « Біздің басты міндетіміз беларус диаспорасы өкілдерінің мәдени, экономикалық, әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыру және қорғау. Беларус тегін оқып, салт- дәстүрді, ұлттық мәдениетті жаңғырту. Басқарудың жоғары органы болып қоғамдық бірлестік мүшелерінің жалпы жиналысы саналады. Орталық қызметін 9 адамнан құрылған кеңес басқарады. Жұмыс сапасы бойынша секторлар құрылған. Сондай- ақ, ақсақалдар кеңесі мен жастар бірлестігі жұмыс істейді. Орталықта хор және « Крыницы» вокальды тобы бар. Одан басқа жастардың « Свитанок» вокальды ансамблін, би ансамблін, « Беларусочка» клубын, спорт клубын да атап өтуге болады. Орталық үшін « Конек» акцияларын өткізу дағдырға айналған. Олар еңбек ардагері мен зейнеткерлер үшін көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттерін өткізеді. Сондай- ақ, Қазақстандағы беларус диаспораларының өмірлерін баяндайтын мини-мұражайлар, құжаттар мен экспонаттар құрылған. Павлодар қаласындағы ұлттық жаңғыру мектебінде беларус бөлімшесі де бар. 2001 жылы осы бөлімшенің балалары алғаш рет Беларуссияға демалуға шақырылды.(117,218 б)

Павлодар облыстық «Эльпида» грек ұлттық мәдени орталығының төрағасы Ифандопуло Людмила Петровна; « Ортатылық қызметі грек диаспорасы өкілдеріне ана тілін оқуға, мәдениет, өнер, салт – дәстүрлерін жаңғыртуға көмек жасау үшін құрылған. Орталықтың жоғары органы болып диаспора мүшелерінің жалпы жиналысы есептеледі. Бақылау органы ретінде 5 адамнан тұратын ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. Орталықта 22 адамнан құралған « Олимпик» жастар бөлімшесі бар. «Агапи» би тобы құрылып, грек тілін үйренгісі келетіндердің жексенбілік сыныбы құрылған. Сондай- ақ, « БТР бигера кофе үстінде» әйелдер клубы, жастар мини- театры да бар».

Славян мәдени орталығының төрайымы Кузина Татьяна Ивановна: « Бұл орталық 1996 жылдан жұмыс жасауда. Орталықтың басты міндеті славян халықтарының мәдениетінің, салт- дәстүрінің дамуына жағдай жасап, қолдау көрсету. Бүгінгі таңда орталықта 21 творчестволық ұжым жұмыс істейді. Олардың аралығындағы ең беделділері орыс әндерінің хорлары, « Славянки» фольклорды ансамблі, « Рябинушки» ансамблі, киноклуб, әдеби- музыкалық салон, « Павлодарочка» би ұжымы бар.

Орталықта діни мектеп, жастар бірлестігі жұмыс жасайды. Осындай славян орталығының өткізетін түрлі шараларын жыл сайын 4 мыңнан астам адам қатысады. Орталық Москва, Омбы, Алтай өлкесі қалалары мәдени орталықтарымен тығыз байланыста. Ол штаб пәтері Прага қаласында орналасқан « Славянский собор» халықаралық қоғамдық ұйымның мүшесі. Орталықтың орыс әндерінің хоры фольклорлық және « Шукшин оқулары» фестивалінің де лауреаты».

Бұлардың барлықтары да Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының мүшелері. Олардың бүгінгі таңда халықтар достығын нығайтуға жасап отырған тындырымды істері көл- көсір. Жоғарыда айтылғандай игілікті шаралар жұмысымызда аталмай қалған басқа да 16 ұлттық – мәдени бірлестіктерде үнемі жоғары деңгейде жүргізіліп келеді. Әсіресе, бұл тұрғыда Павлодар қаласындағы ұлттық жаңғыру мектебін атап өтуіміз керек. Бұл мектеп 1996 жылдан үзбей жұмыс істеп келеді. Мектептің басты мақсаты балаларды ана тіліне үйрету, өз халқының салт – дәстүр, әдеп- ғұрып, мәденитімен таныстыру. Мектепте 25 мұғалім жұмыс істесе, олардың 4- уі алыс және жақын шетелден шақырылғандар.

Енді Павлодар облысындағы денешынықтыру және спорттың республика көлеміндегі өзіндік алар орнына тоқталсақ, онда бұл салада да көп жетістіктің барлығына көз жеткізуге болады. Сөйтіп, 1991 жылы қоғамның даму тарихы жаңа кезеңге көшті. Қайта құрудың ауыр қиыншылығы толықтай елдің, жарым- жартылай оның спорт өмірінің иығына да түсті. Алайда, республика және облыс басшыларының жан- жақты қолдауына сүйенген спорт пен денешынықтыру өздерінің бұрынғы қол жеткен табыстарын одан әрі ұштай түсті. Тек, 2001-2003 жылдардың өзінде- ақ облыс әкімі денешынықтыру және спорт мәселесіне байланысты алты шешім қабылдапты. «Павлодар облысының мәдениет, өнер және спортты қолдау жөніндегі қоғамдық қоры» арқылы болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылар мен біздің мемлекетіміздің олимпиадалық құрама командасына кандидаттарға арнайы стипендиялар бөлу мәселесі қаралды. Балалармен және жасөспірімдермен жергілікті жерлерде жұмыс істеу үшін ойын құралдары мен спорт киімдерін алу үшін қаржы бөлінеді.

Соңғы жылдары спортты қолдау мақсатында бірқатар акционерлік қоғамдар мен жекелеген кәсіпкерлер айтарлықтай демеушілік көрсетті. Олардың қатарында «Қазақстан алюминий», «Қазақтелеком», ПМХЗ, МАЗ, «Роса» және т.б ірі өнеркәсіп орындары бар. Қазір облыста балалар мен жасөспірімдердің 25 спорт мектептері жұмыс істейді. Олардың 3-уі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі. Бұл спорт мектептерінде 13043 оқушы шұғылданады, яғни 2001 жылға қарағанда 2344 оқушыға көп. Сондай-ақ, «Облыстық туризм мен спорт департаментенің спорттағы дамуды балалар үшін мамандандырылған мектеп-интернат» мекеме жұмыс істейді.

Облыстың денсауықтыру мен спортын дамыту жолында 1341 штаттағы денешынықтыру қызметкерлері шұғылданады. Олардың қатарында 1- СССР-дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы; 36 - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары; 68 - жоғары дәрежелі жаттықтырушылары; 11- халықаралық дәрежедегі төрешілер, 14 - жоғары дәрежелі ұлттық жаттықтырушылар, 27 - ұлттық дәрежедегі төрешілер бар, 16 спорт қызметкелері «Қазақстан Республикасының деңешынықтыру мен спортын дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет белгісімен марапатталған, облыста 36 олимпиадалық спорт түріне 22-сі кеңінен тараған. Оның 13 түрі міндетті болып саналады. Спорттың 18 түрінен Павлодар облысының 149 спортшысы Қазақстан Республикасы әртүрлі құрама командаларының мүшелері болып табылады.Павлодар спортының тарихына аттары алтын әріппен жазылғандар: еңбегі сіңген спорт шебері 1992 жылғы жазғы олимпиада ойындарының баскетболдан жеңімпазы Ирина Герлиц, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Владимир Барабаш, мәнерлеп сырғанаудан СССР және Европаның рекорды жасаған, Қазақстан Республиканың спортына еңбегі шебер, мәнерлеп сырғанаудан 1998 жылғы қысқы олимпиадалық ойындарының қола жүлдегері Людмила Прокашева (1992, 1994, 1998 және 2002 жылдардағы олимпиада ойындарына қатысушысы). Дәл сондай-ақ, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері жазғы олимпиадалық ойындарға қатысушылар: Николай Кульпин (бокс), ағайынды Әшіровтар, Сергей Шакимов (дзюдо), Юлия Бондарева (мылтықпен ату), Дмитрий Пантов (биатлон ), Невзоров Андрей (шаңғы), жастар арасындағы жарыстың күміс жүлдегері Ержан Иманжүсіпов, Курочкин Александр-Европа кубогының жүлдегері, 400 метрге жүгіруден СССР-дың 6 дүркін чемпионы, Прозорова Наталья- командалық есеп бойынша дүние жүзі чемпионы 10 000 метр қашықтыққа жүгіруден дүниежүзі кубоганың қола жүлдегері. Дүйсеков Елеусіз -СССР чемпионатының күміс жүлдегері және көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Иманжүсіпов Ержан-күрестің самбо түрлері мен жастар арасындағы дүние жүзі чемпионы, Шакимов Сергей -Азия жарыстарының үш дүркін чемпионы, олимпиада ойындарына қатысушы, Курочкин Игорь-Ағайынды Знаменских атындығы халықаралық жарыстардың жеңімпазы, 400 метрге кедергілермен жүгіруден Европа кубогының күміс жүлдегері. Кузьмин Василий-СССР чемпионатының күміс жүлдегері, Медведко Виктория-акробатикадан Азия ойындарының чемпионы, Әсел Мустафина-көркем гимнастикадан спорт шебері, Египеттегі 4 континентінің чемпионы, Людмила Попова-көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сеулдегі 4 континентінің күміс жүлдегері, Юлия Юрченко гимнастикадан спорт шебері, Финляндияда болған халықаралық турнирдің күміс жүлдегері.

Құрамында П. Коцур, А. Ибрагимов, Е. Егоров сияқты халықаралық дәрежедегі гроссмейстерлер мен шеберлер бар шахматшылар командасы 2000 жылы Ливанда болған және 2002 жылы Йеменде болған қалалар арасындағы жарыста екі мәрте Азия чемпиондары атанды. Сондай-ақ, мылтық атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қайрат Қайырбаев,велосипедші, Қазақстан Республикасының спорт шебері Сергей Мельников, дзюдошы Әлия Мейрамғалиевалар жақсы табыстарға жетті.

2001 жылы Жапонияның Осака қаласында өткен ІІІ Шығыс – Азия ойындарына Қазақстан Республикасында Павлодар облысынан 17 спортшы қатысты. Бұл жолы дзюдодан спорт шебері Әлия Мейрамғалиева қола медальды жеңіп алса, қолдобы мен аяқдобынан 3 орынды Йеменді олардың қатарына қалдобынан Елена Козлова, Ирина Розина, аяқдобынан Антон Чиганов, Денис Щепкин сияқты Павлодар облысының спортшылары да болды. Сондай-ақ, 2002 жылдың 27 қыркүйегінен 13 қазаны аралығанда Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында ХІV жазғы азиат ойындары өткізілді. Мұнда да Қазақстан Республикасының құрама командаларының қатарында Павлодар облысының Е.Козлова, К. Мешков, Е. Яковлев, А. Шишигина сияқты спортшылар жақсы ойын көрсетіп, айтарлықтай табыстарға жеті.

Бұл кезде қазіргі жоспардың арасында кеңінен тарап, қолдауға ие болған кикбоксинг, джиу-джитсу, таэквондо, пауэрлифтинг сияқты спорт түрлері ерікші даму сатысына көтерілді. Мысалы, 2003 жылы павлодарлық спортшы Қабылбек Садырбаев кикбоксингтен екінші рет дүние жүзі чемпионы атағын жеңіп алды. Сондай-ақ, спорттың бұл түрінен Мәди Досмухамбетов та күміс және қола медальдің иегері атанды. Ал Дмитрий Панфилов пен Дмитрий Ворона пауэрлифтингтен Азия Чемпиондары мінбесіне көтерілді.

Ресей Федерациясының баскетболдан әйелдер арасындағы чемпионатына Павлодар облысының «Ертіс» командасы да қатысты, 2000-2001 жылдардың қорытындылары бойынша VІ орынға көтерілді. Футболдан Павлодар облысының «Ертіс» құрама командасы 1993,1997,1999 және 2002 жылдары Қазақстан Республикасының чемпионы атағын жеңіп алды. 2002 жылы велосипед спортынан Тайландта болған жастар арасындағы жарыстан Азия чемпионының атағына халықаралық дәрежедегі спорт шебері Юда Юрий қол жеткізді. Сондай-ақ, бодибилдингтен спорт шеберлігіне кандидат Елена Вотчел Қытайда өткен жарыста Азия чемпионы атанды. Ал, Е. Шелестов болса Сочи қаласында биатлоннан өткен жарыста дүниежүзі чемпионы атағын немденді.

2002 жылы Москва қаласында өткен ТМД және Балтия елдерінің ІІ халықаралық жастар ойынына Қазақстан Республикасы құрама командасының санында біздің облысымыздан спорттың волейбол, жүзу, шахматтан 6 адам қатысып, жақсы өнер көрсетті. Ирландияда қарулы күштер арасында бокстан өткізілген дүниежүзілік чемпионатқа қатысқан Азамат Мақажанов өз салмағы бойынша жеңімпаз атанды.

Павлодар облысында осымен төртінші рет мүгедек-спортшылардың арасында спартакиада өткізілді. Ал, осы облыстық спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болса 46 адам Қазақстан Республикасының ІІ Параолимпияда ойындарына қатысып 3-ші жалпы командалық орынды жеңіп алды. Облыстың 2002-2005 жылдары денешынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасына орай 2003 жылы облыстық «Мүгедектердің спорт клубы» құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін болған Қазақстан Республикасының ІІ халықтық ойындарына Павлодар спортшылары 14 облыс пен Алматы және Астана қаласын қоса есептегенде VІ-орынға аяқ тіреді.

2002 жылы үш кезеңге бөліп өткізілген V облыстық спартакиада болды. Спартакиаданың бірінші кезеңінде денешынықтыру ұжымдарында 4450 адамды қамтыған 513 жалпы спорттық шаралар өткізілді. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде де 21056 адамды қамтыған 256 шара ұйымдастырылды. Бұдан басқа 15 мыңнан астам спортшылар қатысқан аудандар мен қалалардың да спартакиадаларды өткізілді. V облыстық спартакиаданың есебінен аудан командалары арасында волейболдан, қала мен аудан командаларының арасында футболдан, Президенттік көпсайыстан 2002 жылдың 1 мен 20-шы маусым аралығында Павлодар қаласында спорттың басқа түрінен 2002 жылдың 27 мен 30 маусымы аралығында Екібастұз қаласында жарыстар болып өтті.

Облыстық спартакиаданың соңғы бөлігінде қалалықтар спорттың 14 түрі; аудандар арасында 13 түрінен және ат спортының 9 ұлттық түрінен барлығы 13 команда қатысты. Онда 1600 адам күш санасты. Спартакиаданың қорытындысы бойынша қалалардың арасынан бірінші орынға Екібастұз қаласының спортшылары; аудандар арасынан Павлодар ауданының спортшылары шықты. Павлодар қаласының «Тайбұрыл» ипподромында ат спортының ұлттық бағдарламасы бойынша шабандоздар жарысқа түсті. Бұнда қалалар арасынан Павлодар қаласының, аудандардың арасынан Баянауыл ауданының шабандоздары жеңімпаз атанды.

Павлодар облысында ең басты назар «Салауатты өмір салты» шеңберінде өткізілетін денешынықтыру мен спорт шараларына аударылады. Тек 2002 жылдың өзінде ғана 123 653 адамды қамтыған осындай 1404 шара өткізілген. Облыста денешынықтыру мен спортты одан әрі дамытуға және қоғамға салауатты өмір салты принциптерін енгізуге бағытталған 2002- 2005 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру ойдағыдай аяқталды. 2005 жылы денешықтыру үшін жергілікті бюджеттен бөлінген 710,6 миллион теңгенің 709,5 миллион теңгесі 99,8 пайыз болып игерілді. Өткен жылмен салыстырғанда спорттық нысандар саны 95 бірлікке артып, меншіктің барлық түріне жататын спорт нысандары 2881-ге жетті. Оның 1672-сі ауылдық жерлерде. Оларды негізгілері: «Астана» мұз сарайы, 16 стадион, 1 манеж, 2 ипподром, 9 спорт кешені, 474 спорт залы, 14 жүзу бассейні, 2 шаңғы базасы, 140 ату тирі. Сондай-ақ, өткен жылы 16 халықаралық дәрежедегі спорт шебері; әртүрлі спорт түрінен 49 Қазақстан Республикасының спорт шебері; 213 спорт шеберіне кандидаттар дайындалды. Жыл басынан облыста барлығы 1175 жалпы спорттық шаралар өткізілді [121,102 б ]

Бүгінгі таңда Павлодар облысындағы денсаулық, білім, мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде. Осыдан небәрі 70 жыл бұрын 34 аурухана мен 30-ақ дәрігер болған аймақта қазір облыс халқына 36 аурухана ұйымдары мен 7 диспансер көрсетеді. Оларда жалпы саны 5380 төсектік қор бар. Оның ішінде Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана, облыстық балалар ауруханасы, Павлодардағы №1,2 қалалық ауруханалар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы қалалық ауруханалар, Павлодардағы жұқпалы аурулар, медициналық жәрдем көрсету ауруханасы, 10 құр ауруына қарсы ауруханалар, 9 аудандық ауруханалар, 5 селолық учаскелік ауруханалар, 2 перзентхана үйі, тәуелді аурулардың алдын-алу және емдейтін облыстық орталық, облыстық реабилитация орталығы, облыстық туберкулез ауруына қарсы диспансер, облыстық психонервологиялық диспансер, облыстық тері-венерологиялық диспансер, наркологиялық диспансер, наркологиялық диспансер – Екібастұз қаласында жұмыс істейді.(121,12-46 б)

Сондай-ақ, облыста 2610 дәрігер және 5625 орта дәрежедегі медициналық қызметкерлер бар. Олардың ішінде денсаулық сақтау министірлігінің жүйесінде 2012 дәрігер, 4680 орта дәрежедегі медициналық қызметкерлер, басқа ведомстволарда 188 дәрігер және 389 орта дәрежедегі медициналық қызметкерлер, жекеменшік медицина салаларында – 410 дәрігер, 560 орта дәрежедегі медициналық қызметкерлер бар.Облыстың әрбір 10 мың халқына шаққанда 33,6 дәрігер, 72,4 орта дәрежедегі медицина қызметкерінен келеді. Дәрігерлердің 47 пайызы, орта дәрежедегі медицина қызметкерлерінің 25 пайызы жоғары категорияларға ие, 8 дәрігер медицина ғылымдарының кандидаты. (121, 49 б)

Ал білім беру мәселесіне келсек, онда Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында мұнда әйелдер гимназиясы, жоғары бастауыш училище, орыстардың үш шіркеу мектебі мен училищесі, ауыл шаруашылығы мектебі болған. Онда барлығы 24 мұғалім сабақ берген екен. ХХ ғасырдың 20 жылдарының соңында Павлодар уезінің аймағында барлығы 248 мектеп, оның ішінде 9 жеті жылдық, бір орта мектеп, ал 30 жылдардың басында 346 бастауыш және 23 жеті жылдық мектептер болған.(121,186 б)

Облыста білім беру жүйесі әсіресе бүгінгідей тәуелсіздік алған жылдары ерекше табыстарға қол жеткізген. Атап айтқанда, қазір облыста 690 білім беру нысандары бар. Соңғы жылдары жаңа үлгідегі оқу орындарының саны артуда. Мысалы, құрамында 6893 оқушысы бар 17 гимназия мен лицейлер жұмыс істейді. 1999 жылдан бастап дарынды балаларға арналған қазақ тіліндегі «Жас дарын» мектебі қатарға қосылып, жыл өткен сайын биік көрсеткіштерге жетуде. 128 мектепте пәндерді тереңдетіп оқытатын 10392 оқушыны қамтитын 516 сынып бар. Мемлекеттік тілде оқытатын мектеп саны да артып отыр.(129,24 б )

Сондай-ақ, Павлодар облысында денсаулық және біліммен қатар мәдениет саласы мен спорт өте жоғары деңгейде деп айтуға болады: Жалпы алғанда Ертістің Павлодарға қараған өңірінің мәдени-ағарту мекемелерінің тарихы сонау ХІХ ғасырдан басталады. Ал оның бертіндегі тарихына келсек, онда өткен ХХ ғасырдың 90 жылдарында мәдени-ағарту мекемелері бюджеттік қаржыны үнемді пайдалану мақсатында жинақылау тезіне түсті. Мұның өзі көптеген кітапханалар мен клубтарды қысқартуға алып келді. 2001 жылдың басында облыста 750 мәдени-ағарту мекемелері, оның ішінде: 615 кітапхана, 135 клуб мекемелері, 9 мұражай, 3 мәдениет және демалыс парктері болды. Қазіргі кезде 1991 жылдан үнемі қысқарысқа түсіп келген кітапханалар мен клубтардың жойылуы тоқтатылды. Сөйтіп, сан жағынан олардың қайтадан көбею үрдісі байқалады.

Павлодар облысында денешынықтыру мен спорт жұмысы да өте жоғары дәрежеге қойылған. Атап айтқанда, бүгінгі таңда облыстың денешынықтыру мен спортты дамыту жолында 1341 штаттағы денешынықтыру қызметкерлері шұғылдануда. Олардың қатарында СССР-дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 36 – Қазақстан республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары, 11 – халықаралық дәрежедегі төрешілер, 27 – ұлттық дәрежедегі төреші.(131,26 б)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет