Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет7/8
Дата22.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#1741
1   2   3   4   5   6   7   8
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары жыл басында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауын жариялайды. Онда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы ұсынылып, ол үшін алдағы үш жыл ішінде экономикалық жалпы өсімінің деңгейін 27,7 пайызға жеткізуді қамтамасыз етіп, 2009 жылы ішкі жалпы өнімді жан басына шаққанда 559 долларға жеткізу сондай-ақ, инфляцияның жылдық орташа деңгейін 2006 жылы 5,7-7,3 пайыз, 2007-2008 жылдары 5-7 пайыз аралығында ұстап тұру көрсетілген [122,2 б].

Қазақстан Республикасының алдына қойып отырған осындай көл-көсір міндеттердің абыроймен орындалуына оның аймақтық құрылымдарының да қосар үлестері мол болмақ. Бұл тұрғыда еліміздің Солтүстік Шығыс аймағында орналасқан алып өнеркәсіп орталығы Павлодар облысының да өзіндік орнының барлығы анық. Енді екі жылдан соң өз алдына облыс болып құрылғанына 70 жыл толғалы отырған Павлодар облысының әлеуметтік- экономикалық даму деңгейі, әсіресе тәуелсіздік жылдарындағы көңіл аударарлықтай.

Біз «Павлодар облысының әлеуметтік- экономикалық даму жолдарының ерекшеліктері (1938-2006 жж)» атты жұмысымыздың алғашқы тарауында Павлодар облысының әлеуметтік- экономикалық дамуының негізгі нышандары мен басты бағыт- бағдарларын қарастырдық. Оның «Тәуелсіздік жылдарындағы Павлодар облысының өнеркәсібі: кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі, электр қуатын өндіру және т.б» деген бірінші тақырыпшасында алдымен оның пайда болуы мен қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасалып, одан соң тәуелсіздік жылдарындағы өнеркәсіптің жеке салаларына нақты талдаулар жасалып, соңғы 15 жыл аралығындағы даму тенденциясына, яғни жетістіктері мен кемшіліктеріне және даму жолына сараптама жасалады.

Автор өткен 2005 жылдың он бір айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұтастай алғанда нәтижелі көрсеткіштермен сипатталады дей келіп, 2005 жылы облыстың кәсіпорындарымен 282,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, жеке көлемінің индексі 109,6 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен 5,4 пайыздық деңгейге жоғары болды. Өнеркәсіп өндірісінде негізгі үлесті өңдеу секторы иеленді. Былтыр облыста мұнай өнімдері өндірісінің көлемі 24,8 пайызға, химия өнеркәсібіне 4,9 пайызға, азық-түлік өндірісінде 7,5 пайызға арттырылды деген нақты деректерге жүгінеді [123,41 б].

Ал осы тараудың «Павлодар облысындағы құрылыс және инвестиция, көлік пен байланыс, сауда мен шағын кәсіпкерлік» деп аталатын екінші тақырыпшасында болса автор осында көрсетілген мәселерге жеке-жеке тоқталып төмендегіндей қорытындылар жасап отырған. Біріншіден, құрылыс пен инвестиция бойынша 2005 жылы облыста тұргын үй құрылысына салынатын қаржы көлемі оның алдындағы 2004 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге артқан. Сөйтіп, 2005 жылы тұрғын үй құрылысына бағытталған қаржының тиесілі бөлігі, яғни оған жұмсалған инвестицияның жалпы көлемі 3,9 пайызға көбейіп, 7,6 пайызды құраған.

Тәжірибе жүзінде осы салаға республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 100 пайызға игеріліп, жалпы көлемі 2346,9 миллион теңгенің жұмысы жасалған. Қала шаруашылығына тән коммуналды үй- жай құрылысына бөлінген 393,8 миллион теңге жыл қорытындысы бойынша 99,8 пайызға немесе 393,0 мың теңгеге орындалған. Сондай- ақ, жергілікті атқару ұйымдарын несиелеуге арналған қаржы да толықтай игерілген. 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй мен индустрия құрылысын дамыту бағдарламасына сәйкес жалпы көлемі 17,6 мың шаршы метр коммуналды үй- жай, оның ішінде: Павлодар қаласында 5 қабатты 30 пәтерлі және 10 қабатты 120 пәтерлі тұрғын үй; Екібастұз қаласында 9 қабатты 54 пәтерлі тұрғын үй, облыс аудандарында 7 бір қабатты екі және бір пәтерлі тұрғын үй құрылыстары салынып, пайдалануға берілген [124,13 б].

Павлодар қаласында ипотекалық жүйе бойынша 30,1 мың шаршы метр баспана: оның ішінде 4 тоғыз қабатты, 2 он қабатты және 1 бес қабатты тұрғын үйлер қатарға қосылған. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру құрылыс материалдарын шығаруға көбейтуге де жағдай жасаған. Әсіресе, керамикалық және силикатты кірпіштерді шығару 2 есеге, бетон бұйымдары 2 есеге, құрылысқа қажетті металл құрылымдары 25,8 пайызға, жылу ұстағыш материалдар 15,9 пайызға артқан. Сөйтіп, негізгі капиталға құйылған инвестиция облыс көлемінде 512- 97,1 миллион теңгені (114,7 пайыз) құраған.

Екіншіден, 2006 жылдың қантар- наурыз айларында облыс көлігімен (теміржол және ауа көлігін есептемегенде) 14 миллион тонна жүк тасымалданыпты. Бұл 2005 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға артық көрсеткіш. Құбыр көлігімен тасылған жүк көлемі 1,4 есеге артса, автомобильмен тасылған жүк көлемі керісінше 0,7 пайызға азайған [125,86 б].

2006 жылдың қантар- наурыз айларында автомобиль, қалалық электр көліктерінің жолаушы айналымы (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалау есебімен) 2005 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға көбейіп, 2161 миллион жолаушы шақырымды құраған.

2006 жылдың қантар- наурыз айларында облыстық байланыс кәсіпорындары жалпы құны 1085 миллион теңгенің қызметін көрсеткен. Бұл 2004 жылдың қаңтар- наурыз айларымен салыстырғанда 12,5 пайызға артық көрсеткен. Сөйтіп, халыққа көрсетілген байланыс қызметінің үлесі 60 пайызға жеткен. Үшіншіден, Павлодар облысында экономиканы реформалау жылдарында сауда саласында түпкілікті өзгерістер жүзеге асырылды. Сауда саласына толықтай қайта құру жұмыстары жүргізілгендіктен нарықтық инфрақұрылым кәсіпорындары даму жолына түсіп, кәсіпорындардың басым бөлігі жеке меншік формаларын өзгертіп, шаруашылық және құқықтық дербестікке қол жеткізді.

Соның нәтижесінде 2006 жылдың 1 тоқсанында бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі 12,8 миллиард теңгені құрады (қоғамдық тамақтандыру қызметі айналымынсыз), бұл 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға артық көрсеткіш. Сондай- ақ, нарықта және жеке меншік сауда орындарында жеке тұлғалармен сатылған тауарлардың үлесі 64 пайызды құраған немесе 8,2 миллиард теңге болған [126,32 б].

Өткен ғасырдың 90- жылдарында елімізде белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үрдістері шағын кәсіпкерліктің құрылуы мен дамуына алғышарттар жасады. Тиімді нарықты экономика құру үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы оның құрылымды жасайтын ролі арқылы анықталып, бәсекелестік ортаны дамытуды; базарды тауармен және жұмыспен қамтамасыз етуді; жергілікті өкімет биліктерінің экономикалық базасын нығайтады; ауылдар мен шағын және орташа қалаларды қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпкерлік секторы сондай- ақ, бірқатар маңызды әлеуметтік функцияларды да орындайды. Атап айтқанда, оның қатарына жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеленістерді жұмсарту мен нарықтық қатынастарды демократияландыру проблемаларын шешу міндеттері енеді. Осыған орай Павлодар облысындағы шағын кәсіпкерліктің бүгінгі жағдайы төмендегідей.

2006 жылдың 1 сәуіріне заңды тұлға болып табылатын 7 мыңнан астам шағын бизнес кәсіпорны тіркелген (бұл облыстағы заңды тұлғалардың жалпы көлемiнің 70 пайызы). Оның ішінде 68 пайызы жұмыс істейтін, яғни экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе асыра алатын заңда тұлғалар болып табылады.

Белсенді кәсіпорындардың 34 пайызы сауда мен автомобиль және үй шаруашылығында пайдаланатын бұйымдарды жөндеуге мамандандырылған, шамамен 17 пайызы өнеркәсіп қызметімен қамтылған, 15 пайызы құрылыспен айналысады. Аумақтың бөлігінде белсенді шағын бизнес кәсіпорындарының басым бөлігі Павлодар мен Екібастұз қалаларында шығырланған. Олардың үлес салмағы облыстың белсенді кәсіпорындар санының сәйкесінше 70 және 20 пайызды құрайды. Осы мерзім аралығында шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарында 23 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.

Ал бұл жұмыстың осы алғашқы тарауының «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы: егіншілік, мал шаруашылығы, фермерлік қожалық» деген соңғы үшінші тақырыпшасында облыстың негізгі ауылшаруашылығы салаларының пайда болу, қалыптасу және даму жолдары қарастырылды.

Ең алдымен егіншілік мәселесіне тоқталар болсақ, онда Павлодар облысы Республикада жиналатын астықтың бір пайызынан (1999 жыл) алты пайызына дейін (1995 жыл) өндірді. Астық өндіру әрбір адамның басына шаққанда 2002 жылы 835 килограммнан келді. Бұл дегеніміз облыстың шеттен астық сатып алмай- ақ, өзін- өзі нанмен және ұннан пісірілген түрлі өніммен толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі барлығын көрсеттті.

2002 жылы астык өндірудегі ауылшаруашылығы кәсіпорындарының салыстырмалы арақатынасы 47 пайызды, шаруа (фермер) қожалықтарында 53 пайызды, күнбағыс -36 және 64 пайызды, картоп 1 және 13 пайызды, көкөніс-3 және 30 пайызды, бау – бақша өнімі 11 және 66 пайызды құрады.

Ал, үй шаруашылығының үлесіне картоптың 67 пайызы, бау- бақша өнімінің 23 пайызы, астық өнімдерінің 0,1 пайызы келді.

Облыстың мал шаруашылығының көрсеткіші де жоғарыда сөз болған егіншілік сияқты талай рет өсіп және кеміп отырды. Ірі қара малдың неғұрлым толық саны облыста 1989 жылы тіркелген 770,2 мың бас, қой мен ешкі 1975 жылы 1678,2 мың бас, шошқа 1991 жылы 145,8 мың бас , жылқы 1994 жылы- 125,2 мың бас, құс 1992 жылы- 3945 мың бас. Облыста мал басының негізгі түрлері 2003 жылдың басында 2001 жылдың осы мерзімі мен салыстырғанда: ірі қара мал -22,3 мың басқа немесе 8,6 пайызға; сиыр 8,7 мыңға немесе 6,7 пайызға; қой мен ешкі 25,9 мыңға немесе 12,8 пайызға; шошқа 25,7 мыңға немесе 45,6 пайызға; құс-127,2 мың басқа немесе 14,8 пайызға; жылқы 2,2 мың басқа немесе 4,4 пайызға артқан [127,64 б ].

Сондай- ақ, ауылдың әлеуметтік экономикалық қайта түлеуінде шаруа (фермер) қожалықтарының өзіндік орын алатындығы белгілі. Облыста соңғы 15 жыл ішінде олардың саны 114- тен 3116 бірлікке көбейген. Осыған орай шаруа қожалықтарының өнім үлесі жалпы облыс көлемінде жыл өткен сайын артып келеді. Мысалы, 2002 жылы астық өндіру 53,1 пайызды, кұнбағыс 64,1, картоп 12,6 көкөніс 30,7, ет 8,2 , сүт 7,3, жүн 11,9. жұмыртқа 0,4 пайызды құраған [128, 24 б].

Бұл зерттеу жұмысының екінші тарауы «Аймақ тұрғындарының әлеуметтік дамуының өзіндік ерекшеліктері» деп аталады. Оның «Павлодар облысы тұрғындары санының өсу динамикасы мен этникалық және әлеуметтік құрамы» деген бірінші тақырыпшасында негізгі мәселенің өзекті проблемалары талдана, қорытындылай келе оның жетістіктері мен кемшіліктері мынадай соңғы деректермен айғақталады.

Павлодар облысы халқының саны 2006 жылдың 1 наурызындағы көрсеткіш бойынша 743,2 мың адам болған. Осы жылдың қантар- ақпан айларында туған балалар саны 2005 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға азайып ол қайтыс болған адамдар саны былтыр 1,6 мың болса, биылғы жылы 9 пайызға азайып, 1,5 адамды құраған. Осының нәтижесінде облыс бойынша халықтың табиғи өсімі 131 адамға жеткен ( қалаларда- 114 адам, ауылдарда 17 адам).

Облыстағы қалыптасқан некелік- отбасылық жағдай некенің 3,3 пайызға азаюымен сипатталады. 2006 жылдың қантар -ақпан айларында барлығы 656 неке қию және 327 ажырасу факті тіркелген.

2006 жылдың қантар-ақпан айларында облыстан республикадан тыс аймақтарға 269 адам қоныс аударса, оның 210-ы ТМД елдеріне, 59-ы ТМД- дан тыс елдерге (2005 жылдың қантар- ақпан айларында -613 адам қоныс аударған, оның ішінде ТМД елдеріне 300, ТМД дан тыс елдерге 313 адам) көшкен.

Сондай-ақ, 2006 жылдың қаңтар-ақпан айларында ТМД елдерінен келгендердің саны 1,8 есеге артып, 475 адамды құраған. ТМД-дан тыс елдерден қоныс аударғандар саны 4,1 есеге артып, 303 адамға жеткен. (129, 3б)

Екінші тараудың «Павлодар облысы халқының әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүру дәрежесінің көрсеткіштері» деген екінші тақырыпшасы таблица (кестелер) түрінде негізделіп, оларға комментарийлер беріліп отырылған. Соның нәтижесінде жалпы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүру дәрежесінің көрсеткіштері олар тұтынатын халықшаруашылық өнімдерінің бағасын сараптау арқылы есептелініп шығарылған.

Осыған орай ең алдымен бүгінгі таңдағы баға нарқына көңіл аударсақ, онда 2006 жылдың 1 тоқсанында өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың баға индексі 101,8 пайызды құраған. Сондай-ақ, 2006 жылдың қаңтар-наурыз айларында электр энергиясын, газ бен су өндіру және болуда, баға көлемі 8,8 пайызға, кен өндіру өнеркәсібінде 2,4 пайызға өсіп, өңдеу өнеркәсібіне баға өзгеріссіз қалған. Ал, жылдың осы мерзімінде ауылшаруашылық тауар өндірушілері өткізген өнімнің бағасы 4,7 пайызды құрап, нақтылап айтқанда өсімдік шаруашылығы өнімі-0,9 пайызға, мал шаруашылық өнімі 6 пайызға артқан.(129,4 б)

Міне, халық шаруашылығының әр саласында баға нарқының осылай көтерілуіне байланысты Павлодар облысында тұтыну бағасының индексі (инфляция деңгейінің негізгі көрсеткіші) 103,3 пайызды құраған. Азық-түлік тауарының бағасы 4,9 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы-0,4 пайызға өскен. Ақылы қызмет құны-3,6 пайызға артқан. Бағаның қарқынды өсуі қант өнімінде байқалды-36,9 пайыз, көкөніс пен жеміс 16 пайызға қымбаттаған. Тұз-19,9 пайызға, темекі өнімдері 8,3 пайызға өскен. Халыққа көрсетілетін ақылы қызмет түрлері көтерілген: көлік қызметі-9,8 пайызға, атап айтқанда қала маңындағы пайыз-3 пайызға (нақтырақ айтқанда электр қуаты-10,8 пайызға, қоқыс жинау-21,2 пайызға), медициналық қызмет көрсету түрлері-4,5 пайызға артқан.(130,4 б)

Екінші тараудың үшінші тақырыпшасы «Павлодар облысындағы денсаулық, білім, мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер» деп аталғандықтан онда осы салаларға байланысты төмендегідей нақты мәселелер қарастырылған. Облыста республикамыздың барлық жерлеріндегідей денсаулық сақтау ісіне ерекше мән біріліп отыр. Оның айқын дәлелі бүгінгі таңда аймақта 2610 дәрігер және 5629 орта дәрежедегі медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың ішінде денсаулық министрлігінің жүйесінде 2012 дәрігер, 4680 орта дәрежедегі медициналық қызметкер, басқа ведомстволарда 188 дәрігер және 389 орта дәрежедегі медициналық қызметкерлер, жеке меншік медицина салаларында-410 дәрігер, 560 орта дәрежедегі медицина қызметкер бар. Облыстың әрбір 10 мың халқына шыққанда 93,6 дәрігер, 72,4 орта дәріжедегі медицина қызметкерлерінен келеді. Дәрігерлердің 47 пайызы, орта дәрежедегі медицина қызметкерлерінің 25 пайызы жоғары категорияларға ие. 8 дәрігер медицина ғылымдарының кондидаты. Соңғы жылдар ішінде облыста дәрігерлердің мамандықтарын арттыру үшін психиатрия, онкология, фтизиатрия, неокатологиядан көшпелі семинарлар өткізу дәстүрге айналған. Оның үстіне жыл сайын 500 дәрігер мен 800 орта дәрежелі медициналық қызметкерлер өз мамандықтарын арттырады. [131,19 б].

Павлодар облысында денсаулықпен қатар білім беру саласы да жақсы жолға қойылған. Оған мына төмендегі мысалдардан айқын көз жеткізуге болады. Жалпы алғанда, 2005-2006 оқу жылының басында облыстың білім беру жүйесінде 447 күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 27 кәсіби мектептер мен лицейлер, 35 колледждер, 82 мектепке дейінгі, 35 мектептен тыс ұйымдар, 12 балалар үй, жетімханалар мен жасөспiрiмдер үйлері жұмыс істеген. Негізінен алғанда, бұл білім беру ұйымы құрған жүйе облыс халқының білім беру қызметіне деген сұранымдарын толық қанағаттандыратын болып шықты.

Мектептерді 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіру жоспары шараларының шеңберінде жалпы білім беретін мектептер пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптардың сандары көбейтуде. Откен жылы мұндай мектептердің саны тағы да 35-ке көбейіп, 187-ге жетті. Облыста үздіксіз білім беретін көп деңгейлі жүйені дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылуда. ҰБТ көрсеткіштерінің нәтижелері тағы да бір рет облыс оқушыларының дайындық деңгейінің жоғары сапасын дәлелдеп берді. 2005 жылдың тестілеу нәтижесі барлық көрсеткіштер бойынша оның алдындағы жылмен салыстырғанда жақсара түскен. Бұл көрсеткіш бойынша республика облыстарының ортасынан Павлодар облысы алдыңғы қатардан көрінді [132,62 б].

Павлодар облысында біліммен қатар мәдениет пен спорт саласы да өте жоғары деңгейде дамыған деп айтуға болады. Жалпы алғанда Ертістің Павлодарға тараған өңірінің мәдени-ағарту мекемелерінің тарихы сонау ХІХ ғасырдан басталады. Ал, оның бертінгі тарихына келсек, онда өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында мәдени-ағарту мекемелері бюджеттік қаржыны үнемді пайдалану мақсатында жинақылау тезіне түсті. Мұның өзі көптеген кітапханалар мен клубтарды қысқартуға алып келді. 2001 жылдың басында облыста 750 мәдени-ағарту мекемелері, оның ішінде: 615 кітапхана, 135 клуб мекемелері, 9 мұражай, 3 мәдениет және демалыс парктері болды. Қазіргі кезде 1991 жылдан үнемі қысқарысқа түсіп келген кітапханалар мен клубтардың жойылуы тоқтатылды. Сөйтіп, сан жағынан олардың қайтадан көбею үрдісі байқалды.

Осы жылдар аралығында мәдениет мекемелерінің жүйесі 24 кітапханаға көбейіп, 2006 жылдардың басында 240 кітапханадан, 131 клуб мекемелерінен, 11 мұражайдан, 2 театр және мұражайдан тұрды. Халықтың әртүрлі категориясына арналып 6302 жалпы шара өткізілді. Облыстың мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жақсарып, жергілікті аймақтармен жұмыс жүргізу белсенділігі артты. Мәдениет мекемелерін қаржыландыру жыл ішінде 382,6 миллион теңгені құрап, 114,8 пайызды құрады [133,6 б].

Енді Павлодар облысындағы денешынықтыру және спорттың республика көлеміндегі өзіндік алар орнына тоқталсақ, онда бұл салада да көп жетістектердің барлығына көз жеткізуге болады. Облыстық денешынықтыруы мен спортын дамыту жолында 1342 штаттағы денешықтыру қызметкерлері шұғылданады. Олардың қатарында 1 СССР-дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы; 36 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары; 68 жоғары дәрежелі жаттықтырушылар; 11 халықаралық дәрежедегі төрешілер, 14 жоғары дәрежелі ұлттық жаттықтырушылар, 27 ұлттық дәрежедегі төрешілер бар. 16 спорт қызметкерлері «Қазақстан Республикасының денешықтыруы мен спорттын дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет белгісімен марапатталған. Облыста 36 олимпиадалық спорт түрінің 22-сі кеңінен тараған. Оның 13 түрі міндетті болып саналады. Спорттың 18 түрінен Павлодар облысының 149 спортшысы Қазақстан Республикасының әртүрлі құрама командаларының мүшелері болып табылады.

Қорытындылай келгенде, Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму жолдарының ерекшеліктері осындай. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі таңда іргетасы қатайып демократиялық жолмен дамуға бағыт алған кеңбайтақ республикамыздың біртұтас организмінің жанды бір бөлшегі болып саналатын Павлодар облысының да әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына қосар үлесінің молдығына осы жұмысты жазу барысында толықтай көз жеткізгендей болдық.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия-Павлодар. 2003. 662 с .

2 Павлодарской области 65 лет: статистический сборник-Павлодар. 2003. 192 с .

3 Павлодарской области 65 лет: статистический сборник-Павлодар. 2003. 192 с.

4 Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия-Павлодар. 2003. 662 с .

5 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз- кайсацких орд и степей.- Алматы.1996; Андреев Н.Г.Описание Средней Орды киргиз-кайсаков.-Алматы.1998; Миллер Г.Ф.История Сибири.Т 1.М.-Л.1937;Паллас Г.Ф.Путешествия по разным провинциям Российского государства. Ч 2,Кн2.СПб.1786; Красовский Н.Материалы для географии и статистики России. Область сибирских киргизов. Ч 1-3.-СПб,1868; Гейнс А.Х. Киргизские очерки// Военный сборник .1866-№ 1,6-8; Идаров С.И.Киргизская степь и новорожденная в ней Семипалатинская область. – СПб.1855;

6 Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. т 4 –А,1960; Шорманов М. Заметки о киргизах Павлодарского уезда.// Записки Западно-Сибирского отдела ИРГО._Сем..1906.-Кн.32; О скотоводстве у киргизов Западной Сибири// Сибирское хозяйство и лесоводство часть 142. №1-1883;О звероводстве казахов// Звезда Прииртышья. – 1999 г. – 20 марта; Бокейханов А. Избранное. – Алматы, 1995.

7 Потанин Г.И. Материалы для истории Сибири. – Новосибирск, 1867; Заметки о Сибирском казачьем войске // Военный сборник. – 1861, № 5; Семипалатинск и другие города Семипалатинской области// Живописная Россия. – 1884. – часть 2.

8 Коншин Н.Я .От Павлодара до Каркаралинска. Памятная книга Семипалатинского областного статистического комитета на 1901 г. Семипалатинск,1901 г; О памятниках старины Семипалатинской области. Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского ИРГО- Семипалатинск 1903. – вып 1;Катанаев Г.Е. Киргизский вопрос в Сибирском казачьем войске –Омск -1904; Прииртышские казаки и киргизы Семипалатинского уезда. //Записки Западно-Сибирского отдела ИРГО –Омск 1893.-кн 15; Щербина Ф.А. Киргизская народность в местах крестьянских переселений.- СПб, 1905; Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Семипалатинская область, Павлодарский уезд. Т.4 –Воронеж.1901.

9 Лубны-Герцик К. Проблемы использования Иртыша.- Новосибирск. Сов. Азия, 1931.

10 Агеева А.И., Максимова А.Г. Отчет Павлодарской археологической экспедиции 1955 года. – А-1955-1956 гг. (Рукопись) – ИИАЭ им. Ч. Валиханова: Коновалов Я. Павлодарская область сегодня и перспективы. Павлодар – 1955 год; ПрозороваТ.А.-ЧерныхИ.Б. Биоразнообразие растительности Павлодарского Прииртышья.-Павлодар:НПФ «ЭКО»,2002.-12-28 с.; Приймак Д. Улица Абая: странички истории. // Звезда Прииртышья 1972 – 22 января;Соколкин Э. Начало биографии. (Павлодарской области). // Звезда Прииртышья 1977-12 августа Первые красные юрты // Звезда Прииртышья 1988 – 15 января.

11 Лубны-Герцик К. Проблемы использования Иртыша.- Новосибирск. Сов. Азия, 1931.

12 Библиография Павлодарского Прииртышья (пособие по краеведению). ПГУ им. С. Торайгырова – Павлодар. 2002 с

13 Очерки по истории комсомола Павлодарщины -Алматы, 1968

14 Сергиенков С.Н. Павлодарская областная партийная организация в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг). Автореферат диссерт. канд. ист. наук.- Алматы, 1993.

15 Бижанов К. История создания и развития Павлодар-Экибастузкого промышленного района (1946-1965 гг). – М., 1966 г., Зозуля Т.И. Организаторская и массово-политическая работа партийных организаций Казахстанского Прииртышья среди тружеников села в года VIII пятилетки (1966-1970 гг): Автореферат диссертации канд. ист. наук.- Алма-Ата 1978;

Григорьева Р.В. Комсомол Казахстана – активный помощник в создании и развитии Павлодар -Экибастузкого ТПК (1959-1970гг): автореф. канд. ист. наук Алма-Ата 1985 г.

16 Нурбаев К.Ж. История города Павлодара (1917-1940). Автореферат диссерт. канд. ист. наук.-Алматы, 1998; Косаяков Б.К. История города Павлодара (1941-1991 гг). Автореферат канд. ист. наук.-Алматы, 2000;

Енсебаев Т.А. Очерки истории Павлодарского Прииртышья. -Павлодар. 2003; Мамытова С.Н. К вопросу об источниках формирования предпринимательского слоя Прииртышья, их деятельности во второй половине Х1Х- начале ХХ века /Материалы республиканской научно-практической конференции «Торайгыровские чтения» Т-2-Павлодар,2003. 204-210 стр. Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия. -Павлодар, 2003 және т.б.

17 Нурбаев К.Ж История города Павлодара (1914-1940) Диссертация канд. ист. наук Алма-Ата, 1998; Косаяков Б.К. История города Павлодара (1941-1991) автореф. канд. ист. наук Алматы 2000; Сабданбекова З.Э Павлодар өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы.(1897-2007жж). Автореф. канд. ист. наук.-Алматы, 2008 г.

18 Маргулан А.Х. Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана. – А- 1950г; Касымбаев Ж.К. Города Восточного Казахстана (1861-1917гг). Социально-экономический аспект. Алма-Ата 1990г; Қозыбаев М.Қ.Ақтандықтар ақиқаты.- Алматы 1992 г; Әубакиров Ө.А. Социально-экономическое преобразование в сельском хозяйстве Казахстана.- Алма-Ата. Казахстан 1984.- с.200; Чокин Ш.Г. Саржанов Т.С. Шкрет А.А. Энергетика и электрификация Северного и Центрального Казахстана М.-1988;

Дахшлейгер Г.Ф.; Нурпеисов К. История крестьянства Советского Казахстана.- Алматы. Наука 1985.- том 1.-247 с.;Куандык Е.С. Қазақстандағы «Кіші Октябрь» бағыты:бастауы,барысы және салдары (тарихи-саяси талдау) Тарих ғылымының докторының ғыл.дәр.диссертация. Алматы 2002. 269 б; Алексеенско Н.В. Алексеенко А.Н. Население Казахстана за 100 лет (1987-1997 гг).- Усть-Каменогорск,РВК ПО «Полиграфия»,1999.; Сыдыков Е.Б. Казахстан в составе Российской Федерации 1917-1937 гг: Автореферат диссертации доктора исторических наук: 07.00.02-Алматы 1999.; Куатов Б.А. Вековой путь Экибастуза: История крупнейшего топливно-энергетического центра Казахстана.- Алма-ата, Галым – 1977 г;Апышев А.А. Социально-экономическое развитие Павлодарской области 1985-1990 гг.- Павлодар 1995; Инсебаев Т.А. Очерки истории Павлодарского Прииртышья ч.2.- Павлодар – 2000 г; Захаренко А.Л., Косаяков Б.К., Мерц В.К. История Павлодарского Прииртышья. – Павлодар 2003. 133 с; Байсарина К.К. Кенес үкіметінің ұжымшарларын кеңшарларға айналдыру саясаты және оның тәжірибесі. // Поиск.- 2005.- № 4 (2); Нурбаев К.Ж. Социально-экономическое развитие Павлодарского уезда в период 1920-1922 гг.// Научно-популярный журнал ПГУ.-2002.-№1. История экономики Павлодарской области (1938-2003)./Под редакцией Т.Я.Эрназарова.-Павлодар:ПГУ им.с.Торайгырова,2003.. Тереник М.С.Павлодар – это нашей истории строки.-Павлодар:НПФ Эко, 2002.; Қосаяков Б.К. Облысымыздың өндірістік дамуы //Ақиқат.-1999.-№ 57.; Акишев А.А.,Социально-экономическое развитие Павлодарской области в 1985-1990 г.-Павлодар,1995.;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет