Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері жөніндегі нормативтік қүқықтық актілерді, дидактиканың принциптерін, педагогика және жасерекшелік психологиясының негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеудің принциптері мен тәртібін. Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендірудің принциптерін. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, техника қауіпсіздігінің, өндірістік санитарлық қызметтің және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім, 8 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім, 10 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес, оның ішінде әдіскер қызметінде 2 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі боуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім, ғылым кандидатының бірінші дәрежесінің, білім беру жүйесінде 12 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің, оның ішінде әдіскер қызметінде 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ірі ғылыми еңбектері және ашқан жаңалығы, сондай-ақ практика жүзінде жүзеге асқан нәтижелері бойынша дипломы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің және 20 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі, ғылым докторы ғылыми дәрежесінің және 15 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі және жарияланған әдістемелік материалдары болуы тиіс.
Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі
ғылыми-практикалық орталықтың (ҒПО) әдіскері
Лауазымдық міндеттері. Ғылыми-зерттеу қызметі: Зертханалардың ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауын ұйымдастырады, оның даму болашағын анықтайды, зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің әдістері мен құралдарын, алға қойылған ғылыми-зерттеу міндеттерін шешудің жолдарын қарастырады. Балалар мен жастар дарындылығын дамытудың ғылыми проблемаларын, осы мәселелер бойынша отандық және шетелдік жетістіктерді зерделейді және талдайды.
Ғылыми-әдістемелік қызметі: Оқу-әдістемелік құжаттаманы, зерттеліп жатқан проблемалар шеңберіндегі құралдарды әзірлейді, рецензиялайды және бекітуге дайындайды. Ұлттық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарын өткізу тәжірибесін, дарынды балаларға арналған қосымша білім беретін мектептердің жұмысын жүргізеді, пысықтайды және таратады. Семинарлар, конференциялар, дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстарын өткізуге қатысады. Дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің жай-күйіне талдау жасайды және білім беру процесінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Ұйымдастыру-педагогикалық қызметі: Дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының есептері мен жоспарларына талдау жасайды. Республикалық, халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобаларының жарыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Дарынды балаларға интеллектуалдық, эмоционалды-ерікті, тұлғалық психодиагностикалық зерттеу жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беру мекемелерінің қызметі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; дидактиканың принциптерін; педагогика және жасерекшелік психологиясының негіздерін; басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдардың жүйелілік принциптерін; баспалармен жұмыс істеудің негіздерін; оқу-әдістемелік құжаттамалардың принциптері мен тәртібін білуі тиіс. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім, білім беру жүйесіндегі 2 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 1 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім, 3 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім, 5 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: жоғары педагогикалық білім, 7 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 4 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің және жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.
Арнайы (түзеу) білім беру ұйымының директоры
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнама мен білім беру ұйымдарының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметтерін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірлесіп, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережесін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес психикалық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындылары бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) санын қалыптастырады, білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан тәрбиеленушілердің мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулерді бағалауды және олардың қажеттілігін анықтауды қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басатындармен) жүргізілетін жұмыстарды үйлестіреді. Белгіленген нормаларға сәйкес білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жағдайларын қамтамасыз етеді.
Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, ішкі тәртіп ережелерінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Белгіленген заңнама шегінде ұйымның мүліктері мен құралдарына иелік етеді.
Педагог кадрлар мен көмекші қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Қызмет туралы қажетті есептілікті дауындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және әлеуметтік психологияның даму бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; әлеуметтік педагогиканың, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды; қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білім немесе арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша қосымша білімімен бірге жоғары педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Арнайы (түзеу) білім беру ұйымы басшысының орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжымның ағымдағы және алдағы қызметін жоспарлауды ұйымдастырады. Педагогтердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау және қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми және бейінді құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және білім алушылардың білім дайындығы нәтижелерінің объективтілігіне, факультативтерге, үйірме және секция жұмыстарына бақылау жасайды. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Оқу сабақтарының және басқа да оқу қызметі түрлерінің кестесін жасайды. Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды. Эксперименттік жұмыс нәтижелеріне талдау жасайды, оқытушылардың анағұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шаралар қабылдайды.
Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуге даярлауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, оқытудың көрнекі және техникалық құралдарымен жарақтау, әдістемелік кабинеттерді, кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру жұмыстарын үйлестіреді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауға алады.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің арнайы бағдарламаларын құруды қамтамасыз етеді. Мәдени-тәрбиелеу іс-шараларын дайындау және өткізу жұмыстарын, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердегі қажеттіліктерді бағалау және анықтау жүргізу жұмыстарын үйлестіреді. Педагог кадрларды іріктеу және орналастыру жұмыстарына қатысады.
Жұртшылықпен және денсаулық сақтау органдары өкілдерімен, ата-аналармен (және оларды алмастырушы тұлғалармен) тәрбие процесін қамтамасыз етуші әкімшілік және бөлімшелер өкілдерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді. Пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Белгіленген есеп құжаттамаларын сапалы және уақытылы жасауды және беруді қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім берудің даму бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; әлеуметтік педагогиканың, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін; санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білім немесе арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілінің 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Арнайы (түзеу) интернаттық ұйымның
тәрбиешісі (аға тәрбиешісі)
Лауазымдық міндеттері: Әрбір баланы тұлғалық дамыту мақсатында балалардың жеке қабілеттерін, мүдделерін және икемділіктерін зерделейді, осы негізде және психологтың ұсынымдамалары бойынша олармен түзеу-дамыту жұмыстарын (топпен немесе жеке) жоспарлайды және өткізеді. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін күнделікті жұмысты жүргізеді. Тәрбиеленушілердің күн режимін, олардың үй тапсырмаларын орындауын, қоғамдық еңбек жұмыстарына қатысуын ұйымдастырады. Оларға оқуда, бос уақыттарын ұйымдастыруда және қосымша білім алуға даярлауда көмек көрсетеді. Сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жұмыстарын ұйымдастырады. Медицина қызметкерлерімен бірлестікте тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін іс-шаралар өткізеді, балалардың ұйымда болуы уақытында олардың өмірі мен денсаулығына дербес жауапты болады. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Топқа бекітілген мүліктің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктің, оқу жабдықтарының, ойыншықтардың есебін жүргізеді және бағалайды, арнайы әлеуметтік қызметті ұсынуға қажеттіліктерді анықтайды, балалардың арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждығына талдау жасайды.
Интернаттық ұйымда аға тәрбиешінің міндеттерін орындау кезінде тәрбиешілердің жұмыстарын басқарады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, озық педагогикалық тәжірибені қорытындылауға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарын және басқа да білім берудің даму бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердің мемлекеттік стандарттарды; арнайы педагогиканы, психологияны, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: білім беру ұйымы қызметінің бейіні бойынша «арнаулы педагогикадан» қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: білім беру ұйымы қызметінің бейіні бойынша «Арнаулы педагогикадан» қосымша білімі бар техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс; сонымен қатар жеке бағытталған оқыту мен тәрбие берудің технологияларын меңгеруі, әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуы, озық педагогикалық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар тәрбиеленушілерді жас ерекшеліктеріне қарай және оларға ыңғайластырылған көзқараспен қарауды ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өзі құрастыра білуі, тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуі, педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие беру саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөніндегі шығармашылық топты басқаруы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар жеке бағытталған оқыту мен тәрбие берудің технологияларын меңгеруі; тәрбие беру процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі, білім беру ұйымы шеңберінде озық тәжірибелі мектептердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагогикалық жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар білім алушыларға жас ерекшеліктеріне қарай және оларға ыңғайластырылған көзқараспен қарауды ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өзі құрастыра білуі, тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуі, педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие беру саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөніндегі шығармашылық топты басқаруы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагогикалық жұмыс өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс.
Арнайы білім беру ұйымдарының басшысы
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-педагогикалық түзеудің психологиялық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (бұдан әрі - ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады. Арнайы мекеменің түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын талқылау және анықтау кезінде кеңестің алқалық жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты басқарады, құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, ПМПК, ППТК-ны арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегі арқылы тұрғындар арасында семинарлардағы, педагогтерді даярлау және біліктіліктерін арттыру курстарындағы педагог қызметкерлердің, медициналық және басқа да қызметкерлердің арасында дифектологиялық білімді тарату жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп, балалардың аномальды дамуының алдын алу мәселелері бойынша сақтандыру жұмыстарын ұйымдастырады. Балаларды тексеруден өткізудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді. Ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдерін дамыту, өмірлері мен денсаулықтарына қауіпсіздігіне жағдайлар жасау, ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыру шараларын қабылдайды. Өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. ПМПК, ППТК-ның мүдделерін барлық органдарда қорғайды.
Қажетті есепті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызметті; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе «Арнаулы педагогика» немесе «Арнаулы психология» мамандықтары бойынша қосымша білімімен қоса медициналық білім және арнайы (түзеу) білім немесе денсаулық сақтау ұйымдарында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.
Интернат ұйымының басшысы
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметті басқарады. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлестікте жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа да нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес интернаттық ұйымдардың қызметтерін ағымдағы және келешектегі жоспарлауды ұйымдастырады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын қамтамасыз етеді. Бітірушілердің білім сапасына жауапкершілік алады. Оқу-білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Оқушылардың, тәрбиеленушілердің санын қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдардың және әдістемелік, қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, түрғын үй, еңбек және т.б.) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдайлар жасау шараларын қабылдайды, арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаждықты бағалау және анықтау жұмыстарын ұйымдастырады. Белгіленген нормаларға сәйкес тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап-бағу жағдайларын қамтамасыз етеді. Арнайы әлеуметтік қызметтерді бағалауды жүргізеді. Педагогикалық кеңесті басқарады.
Педагог кадрлар мен көмекші қызметкерлерді іріктеуді және жұмысқа орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Басқарманың құрылымын, штаттық кестесін бекітеді.
Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық қор жүйесінің есебін, сақталуын, толықтырылуын, ішкі еңбек тәртібінің сақталуын, санитарлық-гигиеналық режімді, еңбекті қорғауды және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымдарындағы мүліктер мен қаражаттарды иеленеді.
Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) жұмысты үйлестіреді. Білім беру ұйымын мемлекеттік және басқа ұйымдарға таныстырады, қажетті есептілік құжаттамаларды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |