Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және МдОТҰ-ның әдіскері (аға тәрбиешісі) лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскерге (аға тәрбиешіге) қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар оқу-әдістемелік жұмысты талдау әдістемесін меңгеруі, шығармашылық семинарларды, әдістемелік бірлестіктерді басқара білуі, МдОТҰ-ның оқу-тәрбиелік және тақырыптық жоспарларын өз бетінше әзірлей білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және МдОТҰ-ның әдіскері (аға тәрбиешісі) лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге (аға тәрбиешіге) қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстың әдістерін меңгеруі; білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және МдОТҰ-ның әдіскері (аға тәрбиеші) лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ әдіскерге (аға тәрбиешіге) қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар оқу-әдістемелік құжаттамаларды басылымға әзірлеуді және дайындауды ұйымдастыра білуі, педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің жүмысын ұйымдастыруға қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта), МдОТҰ-ның әдіскері (аға тәрбиешісі) лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскерге (аға тәрбиешіге) қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар оқу-әдістемелік жұмысты талдау әдістемесін меңгеруі, шығармашылық семинарларды, әдістемелік бірлестіктерді басқара білуі, МдОТҰ-ның оқу-тәрбиелік және тақырыптық жоспарларын өз бетінше әзірлей білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және әдіскер (аға тәрбиеші) лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге (аға тәрбиешіге) қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар эксперименттік жұмыстың әдістерін меңгеруі; білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта), әдіскер (аға тәрбиеші) лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Мектепке дейінгі ұйымдардың музыкалық жетекшісі
Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамуды жүзеге асырады. Музыка аспаптарында ойнаудың техникасын шебер меңгерген. Музыка бойынша сабақтарды, балалар мерекелерін және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді; балалармен жеке жұмыстар жүргізеді, дарынды балаларды таңдайды. Таңертеңгілік гимнастикаға, дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады.
Балалармен ойындық іс-әрекеттерді, саздық-дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға қатысады. Педагогикалық кеңестерді, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын дайындауға қатысады. Балалармен жұмыс істеуге алдыңғы қатарлы озық тәжірибиелерді енгізеді. Балаларды музыка бойынша тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналармен тәрбиешілерге кеңестер береді. МДМ тәрбиеленушілерінің саздық даму деңгейін бақылап отырады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарды және басқа нормативтік құқықтық актілерді; мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттын, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің педагогикасы мен психологиясын; жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасын; балалардың жеке даму ерекшеліктерін, әр түрлі жастағы балалардың музыканы қабылдау мүмкіндіктерін және моторикасын, жан дүниесін; балалар репертуарының музыкалық шығармаларын білу; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, музыкалық аспаптарда шебер ойнау, дәрігерге дейінгі медициналық көмек, еңбек заңнамаларының негізін; еңбекті қорғаудың нормасы мен ережесін, техникалық қауіпсіздікті, өртке қарсы қорғанысты.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санатсыз маман: жоғары кәсіптік білім (музыкалық, музыкалық-педагогикалық) білім;
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
жоғары педагогикалық білім немесе жоғары кәсіптік (музыкалық-педагогикалық) мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие жетекшісі лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;
Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диогностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғарғы педагогикалық білім немесе (музыкалық) жоғары білім, музыкалық жетекші лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы.
Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе жоғары (музыкалық) музыкалық жетекші лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім.
Тиісті санатын алу үшін міндеттерді белгілей отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және мектепке дейінгі ұйымда музыкалық жетекші лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диогностикасының элементтерін меңгеру, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім, мектепке дейінгі ұйымда музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, одан басқа мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта, музыкалық) және мектепке дейінгі ұйымда музыкалық жетекші лауазымында еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің көмекшісі
Лауазымдық міндеттері. Оқушылардың (тәрбиеленушілер) тіршілік іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, білім беру мекемелеріне келген уақыттан бастап оларға күтім жасайды (киінуге, шешінуге, жууынуға, тамақтануға, төсекке жатқызуда көмек көрсетеді, емдік-профилактикалық іс-шараларға бірге барады, тәрбиешінің жетекшілігімен балаларды қыдыртады). Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлеріндегі балалардың денсаулығына және өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.
Тәрбиелік білім беру және түзету-білім беру, оңалту процестеріне қатысады (мүгедек балаларға сабақ оқуда көмектесу, егер оның өз еркімен қимылдауы денсаулығына байланысты шектелген жағдайда). Балаларға санитарлық-гигиеналық күтім көрсету бойынша, сонымен қатар мүгедек балаларға орнынан қозғалту және өз-өзіне қызмет ету кезінде шұғыл іс-шаралар кешенін жүзеге асырады; олардың күн тәртібінің сақталуын бақылайды.
Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, олардың психофизикалық дамуын ынталандыруға бағытталған тәрбиешінің ұсыныстарын орындайды. Санитарлық-гигиеналық ережемен белгіленген бекітілген ғимараттың санитарлық жағдайының сәйкестігін қамтамасыз етеді. Топтағы құрал-жабдықтардың және жиһаздардың сақталуын қамтамасыз етеді. Балалардың ұйықтау мезгілінде тәрбиешінің қатысуымен жүргізілетін іс-шаралар кезінде, балалармен болады.
Педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен тәрбиелік білім беру және сауықтыру жұмыстармен қамтамасыз ету бойынша өзара қызмет атқарады. Педагогикалық кеңестердің жұмыстарына, ата-аналар жиналысына қатысады және олардың шешімін орындайды. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; санитарияның және гигиенаның негіздерін, жас ерекшілігі психологиясы мен педагогикасын, ғимаратты, құрал-жабдықтарды, жиһаздарды ұстау бойынша санитарлық-гигиеналық нормаларын; алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін; мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құжаттарды, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіби орта) білім немесе жалпы орта білім.
Білім беру ұйымы жанындағы интернат меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері. Интернаттың жұмыстарына басшылық етеді, тәрбиешілердің және басқа да қызметкерлердің жұмысын бірыңғай оқу-тәрбие процесі шегінде бақылауды жүзеге асырады, оқу-әдістемелік құжаттарды жасау жұмысын үйлестіреді. Сапалы білім мен тәрбие беру ісін бақылауға алады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек береді, педагогикалық тәжірибені таратуға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, жұмыскерлердің және оқушылардың шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдай тудырады.
Оқу-тәрбие (әдістемелік, мәдени, сыныптан тыс) жұмыстарын ұйымдастырады. Интернатта тұратын балаларға медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі тәртіп ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігін, санитарлық және өртке қарсы ереженің сақталуын бақылайды, қажетті үй-тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз етеді, балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастырады. Интернат, мектеп және ата-аналармен байланыста жұмыс жасауға бағыттайды. Интернат қызметі туралы қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамсыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын, педагогиканың және психологияның және басқа да қосымша білім берудің даму перспективаларын және бағыттарын анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым және тәжірибе, экономика жетістіктерін; қаржы-шаруашылық қызметті; еңбек туралы заңнаманың негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғануды, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагог қызметінде еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы оқу-өндірістік (оқыту) шеберханасының меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Шеберхананың жұмысына басшылық жасайды, еңбек (өндірістік) оқытудың сабақ кестесінің орындалуын қадағалайды. Шеберхананы оқу үрдісіне қажетті арнайы техникалық оқу құралдарымен, әдістемелік материалдармен, аспаптармен және көрнекі құралдармен жабдықтауды ұйымдастырады. Оларды пайдалану, есебі мен сақталуына жауапты, құралдардың электр және өрт қауіпсіздігіне уақтылы тексереді. Құралдарды және арнайы киімдерді пайдалану ережесін сақтауға үйретеді. Станок, машина, құралдар мен аспаптарды жөндеуден өткізуді ұйымдастырады, еңбек (өндіріс) сабақтарында қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылайды. Шеберханадағы жұмыс уақытында оқушылардың өмірі мен денсаулығына жағдай жасайды және толық жауап береді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Бала құқығы туралы» заңдарын және білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді; санитария және гигиенаның негізін; қондырғыларды жөндеу, монтаж, пайдалану ережесін; практикалық оқулар мен семинарлар өткізілетін базада стендтар мен қондырғылар жұмыс істеу тәртібі мен ережелерін; еңбек, экономика, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі туралы заңнамаларды, еңбек қорғаудың нормасы мен ережесін, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғанысты; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік білім (орта арнайы, орта кәсіби) және оқу-өндірістік шеберхана меңгерушісі лауазымында немесе тиісті бейініне сәйкес ұйымды басқару лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Білім беру ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдері
Лауазымдық міндеттері. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен, немесе оларды алмастырушылармен байланыс жасайды. Сабаққа қатысу, оқыту тәртібін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту үрдісінде балалардың денсаулығы мен өмірлерін сақтау үшін қажетті жағдай жасайды. Іс-әрекетті есепке алуды және қажетті дайындықты қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Респуликасында жасына байланысты және асыраушысынан айырылуына байланысты, мүгедектігіне байланысты мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық түзеуді қолдау», «Кәмелетке толмағандардың арасында тәртіп бұзудың және қараусыз қалмауының алдын алу» заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; пәннің жүргізу әдістемесін, тәрбие жұмыстарының; пән кабинеттері мен қосалқы орындарды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын; оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі дамуының бағыттары мен болашағын; еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; басқа да білім берудің, педагогиканың, психологияны, педагогика ғылымы мен тәжірибелерін; еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық әрекеттерінің негіздерін; еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін; санитарлық нормалар мен ережелерін анықтайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді.
Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша: оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, жабдықтар мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘД кабинетіне және арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.
Бастауыш әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша: «Жалпы әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасы азаматын әскери есепке алудың мәселелері жөніндегі құқықтық нормативтік актілерді білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман (информатика, музыка, сурет, БӘД, технология, дене шынықтыру, сызу мұғалімдерінен, мамандандырылған оқу орындарының арнайы пән мұғалімдерінен, Базистік оқу жоспарының вариативті бөлімі пәндері (валеология, өзінтану, қолданбалы экономика, экология және т.б. мұғалімдерінен басқа) жұмыс өтіліне талап қойылмайтын жоғары педагогикалық білім болуы керек.
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман (информатика, музыка, сурет, БӘД, технология, дене шынықтыру, сызу мұғалімдерінен, мамандандырылған оқу орындарының арнайы пән мұғалімдерінен, Базистік оқу жоспарының вариативті бөлімі пәндері (валиология, өзінтану, қолданбалы экономика, экология және т.б.) техникалық және кәсіби білім (арнайы орта, кәсіптік орта) жұмыс өтіліне талап қойылмайтын жоғары білім;
Тиісті біліктілік санатын алу үшін міндеттерін анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәннің берілу әдістемесін жасауы, белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдануы, білім алушыларды диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, мектептің шығармашылық топтың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру мекемесінің шеңберінде озық тәжірибелі мектептердің жұмысына белсенді қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы;
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік талдау әдістерін білуі, оқытудың өзіндік жеке бағдарламаларын құра және іске асыра білуі, шығармашылық семинарларға, шығармашылық топтарға жетекшілік жасай алуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді қолдана білуі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік лауазымда еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы, немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы, немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы;
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар жаңа оқу бағдарламаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жасай білуі, оларды сынақтан өткізе алуы; өз пәні бойынша жаңа тәжірибелік тапсырмалар құрастыруы, білім берудегі өзекті мәселелерді шешуде шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы керек.
біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысына, білім беру мекемесінде іс-тәжірибесінің таратылуына белсенді араласа білуі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы;
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
екінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар өздігінен пәнді оқыту әдістемесін әзірлей білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысын, озат тәжірибелер мектебін басқара алуы, білім беру мәселесі бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |