Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы



бет7/13
Дата03.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#174222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы;

біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:

Бірінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәнді оқытудың авторлық бағдарламасын құра білуі; жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту бағдарламаларын жасай білуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу, өз пәні бойынша тәжірибелік тапсырмалар құрастыру, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқара білуі керек.



Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіби білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Информатика, музыка, сурет, БӘД, технология, дене шынықтыру, сызу мұғалімдерінің біліктілігіне қойылатын талаптар, мамандандырылған оқу орындарының арнайы пән мұғалімдерінің, Базистік оқу жоспарының вариативті бөлімі пәндері мұғалімдерінің (валеология, өзін-өзі тану, қолданбалы экономика, экология және т.б.) біліктілігіне қойылатын талаптар.



біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман:

тиісті мамандығы бойынша жоғары педагогикалық немесе жоғары кәсіби білім.



біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:

жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы;



біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:

жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы немесе мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы;



жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандық бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 6 жылдан кем болмауы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы.



біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман:

тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта).



біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:

тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек.



біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:

тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы.



біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:

тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.



Шағын жинақталған білім беру ұйымдарындағы мұғалімдеріне қойылатын қосымша біліктілік талаптары: бір-бірімен байланысты пәндерді оқытуға құқығы бар жоғары педагогикалық білім, бір-бірімен байланысты пәндерді оқытуға құқығы бар техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.

Білім беру ұйымдарындағы бастауыш сыныптар мұғалімдеріне қойылатын қосымша біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.

Ескерту: 1995 жылға дейін ХІ педагогикалық сыныбы бар орта мектепті бітіргендер орта педагогикалық білімді мамандар қатарына жатады.

Дефектолог-мұғалім, логопед-мұғалім, логопед
Лауазымдық міндеттері. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған жұмысты жүзеге асырады. Оқушылар мен тәрбиеленушілерді тексереді, сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды, балалардың психофизикалық қалпын есепке ала отырып, сабақ жүргізуге топ жинақтайды.

Дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын түзету үшін топтық және жеке сабақтар өткізеді. Мұғалімдермен және тәрбиеленушілермен тығыз байланыста жұмыс істейді, сабақтарға қатысады.

Ата-аналармен, оларды алмастырушылармен байланыс жасайды, балаларға арнайы көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдері қолдану жөнінде кеңес береді. Қажетті құжаттамаларды жүргізеді.

Оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыруға және олардың әлеуметтенуіне, саналы түоде таңдауына жәнекәсіптік бағдарламаларды меңгеруге ықпал етеді. Мемлекеттік стандарттар шеңберінде оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін және құралдарын пайдаланады. Білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқушылардың, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейін қамтамасыз етеді. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Бала құқықтары туралы тұжырымдамада» баяндалған оқушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары мен еркіндіктерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіреді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға, әдістемелік бірлестік жұмыстарына және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады. Ата-аналармен (оларды алмастырушы тұлғалармен) байланысты жүзеге асырады.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды. Оқыту үрдісінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Білім беру процесі кезеңінде оқушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және клиникалық негіздері; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дамуындағы алдын алу тәсілдері мен ауытқуларды түзеу; кәсіптік және практикалық қызметтердің мәселелері жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттар; дамуында ауытқулары бар білім алушылармен және тәрбиеленушілермен жұмыс жөнінде бағдарламалық-әдістемелік әдебиет; дефектологиялық ғылымның жаңа жетістіктері; құқық және экономика негіздері; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: «Дефектология» (логопедия) мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім.

Тиісті санатты алуға міндеттілікті анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман: мұғалім-лагопедке, біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалім-лагопедке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстың дағдыларының болуы, жаңа оқыту әдістемесін сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты жүргізе білуі, озық тәжірибелерді зерделеуі, оны практикада қолдана білуі, оқушылардың тұлғалық жеке мәдениетін, олардың әлеуметтенуін қалыптастыруды талдау дағдыларының болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» (логопедия) мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, логопед мұғалімі лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:

дефектолог-мұғалімге, біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған тәрбиеленушілердің оқуын талдау әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларға, шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік жасай алуы, озық педагогикалық тәжірибелерді енгізуі, дефектологияның қазіргі әдістерін игеруі, оларды пайдалану құқығына сертификаттарының болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, өзінің кәсіби құзіреттілігінің саласында тиісті теоретикалық және практикалық білімдерді игеруі қажет.



Біліктілікке қойылатын талаптар:

«Дефектология» (логопедия) мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, логопед мұғалімінің лаузымында еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалім-лагопед лауазымындағы еңбек өтілінің 1 жылдан кем емес.



біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:

мұғалім-дефектологқа, мұғалім-лагопедке, біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты лагопедке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу әдістерін, игеруі, жаңа бағдарламаларды әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі жаңа оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін әзірлей білуі, оларды апробациядан өткізу жұмыстарын жүргізе алуы; сурдопедагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу жөніндегі шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі, өзінің кәсіби құзіреттілігінің саласында тиісті теоретикалық және практикалық білімдерді игеруі қажет.



Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» (логопедия) мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, логопед мұғалімінің лаузымында еңбек өтілі 6 жылдан кем емес, немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілінің 3 жылдан кем емес.
Педагог-психолог
Лауазымдық міндеттері. Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) психикалық, соматикалық және әлеуметтік қалпын сақтауға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырады. Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияныға сәйкес адамдардың құқықтарын қорғауға көмектеседі. Мекеменің әлеуметтің саласын үйлестіруге ықпал етеді және әлеуметтік бейімсізденудің пайда болуының алдын алу шараларын жүзеге асырады.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дамуына кедергі келтіретін себептерді анықтайды, түрлі психологиялық көмек көрсету шараларын (психологиялық түзету, кеңес беру, үйренуге бейімдеу) жүргізеді. Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, ата-аналарға (оларды алмастырушы тұлғаларға), педагогикалық ұжымға нақты проблемаларды шешуге көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі, бағыттағы психологиялық диогностиканы жүргізеді.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұлғалық және әлеуметтік даму проблемаларына педагогикалық ұжымды, ата-аналарды бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психо-педагогикалық қорытынды жасайды. Бекітілген нысан бойынша құжаттарды жүргізеді және бағыт бойынша пайдаланады.

Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беруде дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, дарынды білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылығының дамуына психологиялық қолдау көрсетеді.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дамуындағы психологиялық-физиологиялық ауытқушылық деңгейін анықтайды, психологиялық-педагогикалық түзетуді жүргізеді. Білім алушылардың тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлер мен ата-аналардың (оларды алмастырушы тұлғалардың) педагогикалық мәдениетін қалыптастырады. Білім алушылардың тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлер мен ата-аналардың (оларды алмастырушы тұлғалардың) әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша білім беру мекемелерінің кеңес береді.

Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, сондай-ақ ата-аналар жиналысын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағдарламаларымен көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жұмыстарына қатысады. Өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етеді. Еңбек, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларды орындайды.



Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерд; педагогика және психология, тұлғалық псхология мен сараланған психология, бала психолгиясы мен жас ерекшелігі психолгиясының; әлеуметтік психолгия мен медициналық психолгияның негіздерін; бала нейропсихолгисын, патопсихологияны, психосоматиканы; дефектология, психотерапия, сексолгия, психогигиена, кәсіби бағдарлау, еңбек психолгиясының, психодиагностиканың, психолгиялық кеңс беру мен психопрофилактиканың негіздерін; белсенді оқытудың, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингтың әдістерін, жеке және топтық кәсіби консультацияның, диогностиканың және баланы дамытудың дұрыс және аномальдық түзетуінің қазіргі әдістерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: «Психология» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім немесе «Тәжірибелік психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен қосымша медициналық, педагогикалық жоғары білім, «Психология» мамандығы бойынша еңбек өтіліне талап қойылмайтын қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттілікті анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ педагог-психологке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар қазіргі психологиялық әдістерді білуі, оны қолдану мүмкіндігін беретін сертификаттарының болуы; білім беру мекемесіндегі нақты психологиялық жұмыста қолдану артықшылықтарын айқындай білуі; балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізудің жаңа технологияларын дайындауға қатысуы; білім беру мекемесіндегі озық психологиялық-педагогикалық тәжірибені меңгеруге арналған әдістемелік семинарға қатысуы қажет.



Біліктілікке қойылатын талаптар:

«Психология және педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім немесе «Тәжірибелік психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен қосымша медициналық, педагогикалық жоғары білім және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес; немесе психология ғылымының кандидаты (докторы) дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 1 жылдан кем емес.



біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты педагог-психологке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар әртүрлі топтағы балалармен және жасөспірімдермен психологиялық жұмыс түрлерін ұйымдастыра алуы, кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіру; озық тәжірибені меңгеруде семинар жұмысына жетекшілік етуі тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар:

«Психология», «Психология және педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім немесе «Тәжірибелік психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен қосымша медициналық, педагогикалық жоғары білім және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес; немесе психология ғылымының кандидаты дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес, немесе психология ғылымының докторы дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 1 жылдан кем емес.



біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты педагог-психологке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен және жасөспірімдермен психологиялық жұмыс түрлерін ұйымдастыруда өздігімен психология-педагогикалық бағдарламаларды дайындай алуы қажет.



Біліктілікке қойылатын талаптар:

«Психология», «Психология және педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім немесе «Тәжірибелік психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен қосымша медициналық, педагогикалық жоғары білім және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес; немесе психология ғылымының кандидаты дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, немесе психология ғылымының докторы дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.



Қосымша білім беру педагогі
Лауазымдық міндеттері. Қосымша білім беру саласындағы білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады, қамтамасыз етеді. Қосымша білім беру бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, оның сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Үйірме, секция, студия, клубтық және басқа бірлестіктерге балаларды жинақтайды, оқу мерзімінің соңына дейін сол құрамды сақтауға жағдай туғызады. Психофизиологиялық мақсаттан туындайтын педагогикаға негізделген жұмыс формаларымен, құралдарымен және әдістерімен қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, оны дамытуға, кәсіби қызығушылығының тұрақты қалыптасуына, тәрбиеленушілердің тұлғалық рухани-адамгершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Дарынды және талантты білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына қолдау көрсетеді. Оқушылардың мәдени-көпшілік шараларына қатысуын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Оқу үрдісінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіреді. Ата-аналарға, оларды алмастырушыларға, сол сияқты педагог қызметкелерге қажетті кеңес береді. Әдістемелік бірлестік және басқа да әдістемелік жұмыстарға қатысады.



Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, білім беруге байланысты басқа да құқықтық нормативтік актілерді; педагогика, психология теориясын, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту әдістемесін; тәрбие жұмысының әдістерін, бағдарламалар мен оқулықтарды; пән кабинетінің жабдықталуына қойылатын талаптарды; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогика ғылымының даму бағыттарын; тәрбиеленушілердің сұранысы мен қызығушылығының даму ерекшелігін, олардың шығармашылық әрекетінің негіздерін; талантарды іздеу және қолдау әдістерін; ойын-сауық және демалысты, спорттық-сауықтыру және бос уақытты ұйымдастырудың ғылыми-техникалық, эстетикалық әрекетінің мазмұны мен әдістерін меңгеру, үйірме, клуб, секция, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын; балалар ұжымы, ұйымдары және қауымдастығы әрекетінің негіздерін, еңбек туралы заңнаманың негіздерін білу.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім.



біліктілігі орта деңгейлі санатсыз маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім (арнайы орта, кәсіптік орта).

Тиісті санатты алу үшін міндеттілікті анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, одан басқа тәжірибелік, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды білу дағдысының болуы, оқытудың жаңа әдістерін апробациядан өткізу бойынша жұмыстар жүргізе алуы, өңірлік көрмелер, олимпиадалар, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі керек.



Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білім және қосымша білім беретін мұғалім қызметінде еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіби білім қосымша білім беретін мұғалім қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.



біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, тәжірибелік, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды білу дағдысының болуы, республикалық көрме, олимпиада, конкурс, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі, педагогикалық басылымдарда жарияланымдарының болуы керек.



Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білім және қосымша білім беретін педагог қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіби білім қосымша білім беретін мұғалім қызметінде еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.



біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар халықаралық, республикалықконкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың жарыстардың жеңімпаз-ұжымдарына жетекшілік ете білуі, авторлық әдістемелік әзірлемелерінің болуы тиіс.



біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейлі санатсыз қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстарды білу дағдысының болуы, оқытудың жаңа әдістерін апробациядан өткізу бойынша жұмыстар жүргізе алуы, өңірлік көрме, олимпиада, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім (арнайы орта, кәсіптік орта) және қосымша білім беру педагогының лауазымында еңбек өтілінің 3 жылдан кем емес.



біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі сонымен қатар, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстарды білу дағдысының болуы, республикалық көрме, олимпиада, конкурс, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі тиіс.



Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті мамандығы бойынша (бейін бойынша) техникалық және кәсіби білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және қосымша білім беру педагогының лауазымындағы еңбек өтілінің 4 жылдан кем емес.



біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, одан басқа республикалық, халықаралық көрме, олимпиада, конкурс, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі қажет.



Біліктілікке қойылатын талаптар:

иісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және қосымша білім беру педагогының лауазымындағы еңбек өтілінің 5 жылдан кем емес.


Педагог-ұйымдастырушы
Лауазымдық міндеттері: Тұрғылықты мекен-жайлары бойынша білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерімен, олардың қызығушылығы мен қажеттілігін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды. Жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің қалыптасуына жағдай жасайды, олардың талантын дамытуға, ақыл-ой және физикалық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Жасөспірімдер мен балалардың жұмыстарын, клуб, үйірме, секция, әуесқой бірлестіктерімен бірлескен әртүрлі жұмыстарды ұйымдастырады. Қандай да бір бағытты: ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және тағы басқа.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бала құқығын қоғамдық ұйымдарда, қауымдастықтарда іске асыруға ықпал етеді. Ойын-сауық және бос уақытты өткізуді ұйымдастыруда білім алушылардың әлеуметтік мәні бар бастамаларын қолдайды, балалардың демалыс уақытын, экскурсия, саяхат, мерекелер, кештер ұйымдастырады. Балалардың мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады. Іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет