Ықтимал тәуекелдiң атауы
|
Тәуекелдi басқару бойынша қажеттi шараларды қолданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар
|
Тәуекелдi басқару жөнiндегi iс-шаралар
|
1
|
2
|
3
|
Сыртқы тәуекелдер
|
1. Демографиялық процестер (туылғандар санының өсуi) және көшi-қон жағдайлары
|
Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтудың төмендеуi
|
1. Меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейiнгi ұйымдарда мемлекеттiк тапсырысты орналастыру тетiгiн жетiлдiру.
2. Бiлiм беру ұйымдары жанынан отбасы жағдайында мектепке дейiнгi жастағы бала тәрбиелейтiн ата-аналарға арналған консультациялық пункттер желiсiн дамыту.
|
Оқушыларды спорттық секциялардың қамтудың төмендеуi
|
1. Мектептерде қосымша спорттық секцияларды ашу.
2. Жаңа жалпы бiлiм беретiн мектептердi салу.
|
Қосымша бiлiммен балаларды қамтудың төмендеуi
|
Қосымша бiлiм беру ұйымдарының желiсiн сақтау және кеңейту.
|
2. Ғылымды қаржыландырудың көлемi төмен
|
Елiмiздiң ғылыми-техникалық әлеуетiнiң қайтарымсыз күйзелiсi
|
Ғылымды қаржыландыру көлемiн қамтамасыз ету
|
3. Өңiрлердiң дамуына демографиялық, көшi-қон, экономикалық факторлардың әсер етуi, сондай-ақ бiлiм беру объектiлерiнiң қолданысқа берiлу мерзiмi.
Жыл сайын апатты жағдайдағы мектептердiң анықталуы.
|
Апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымда оқытатын мектептер санының көбеюi
|
1. Мектеп ғимараттарына қосымша құрылыс салуды жүзеге асыру.
2. Мектеп ғимараттарына күрделi жөндеу жүргiзу.
|
4. Зерттеулер келiсiм шарттарын орындамаған жағдайда TIMSS, PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулердi өткiзу қаупi туады
|
Зерттеулердiң шартын орындамау халықаралық деңгейде Қазақстан оқушыларының бiлiм сапасының көрсеткiшiнiң төмендеуiне және ЭЫДҰ тарапынан материалдарды немесе нәтиженiң мәлiметтерiн, сонымен қатар болуы мүмкiн заңды iс-қимылды ұсынбауға әкелiп соғады
|
Аталған тәуекелдердi азайтуға TIMSS, PISA халықаралық зерттеулердi iске асыру үшiн халықаралық және жергiлiктi атқарушы органдармен белсендi iс-қимылы әсер етедi.
|
5. Педагогтiң еңбек уәждемесiнiң төмендiгi, мұғалiм мамандығының мәртебесiнiң төмендеуi
|
Педагог кадрлардың сапалық құрамының нашарлауы
|
Еңбекақы деңгейiн арттыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу Мұғалiмдердiң қызметiн насихаттау жөнiнде акция және БАҚ науқанын өткiзу.
|
6. Саладағы еңбекақы төлеу деңгейi мен елдегi орташа еңбекақы деңгейi арасындағы сәйкессiздiкке байланысты техникалық және кәсiптiк бiлiм жүйесiнен кадрлардың кетуi
|
Кәсiби мүмкiндiктердiң күрт төмендеуi және бiлiмнiң «қауқарсыздық» қаупi
|
Еңбекақы деңгейiн арттыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу
|
7. Жоғары бiлiм мамандарының сұранысқа ие болмауы
|
Индикаторлар мен көрсеткiштерге жетпеу.
Мамандығы бойынша жұмысқа орналаспаған мамандар санының артуы
|
Кадрларды даярлау сапасын арттыру:
- жоғары оқу орындарына академиялық еркiндiк беру;
- жұмыс берушiнiң талаптарына бiлiм беру бағдарламалары мазмұнының сәйкестiгi;
- жоғары оқу орындарының оқу-зертханалық базасын күшейту.
|
8. Жұмыс орындарының болмауы
|
Индикаторлар мен көрсеткiштерге жетпеу
Жұмысқа орналаспаған жоо бiтiрушiлерi санының артуы
|
Экономика саласының нақты қажеттiлiктерiмен қоса кадрлар даярлауға мемлекеттiк тапсырысты құрылымдау
|
9. Ғалымдардың өз ғылыми әлеуетiн iске асыруы аса қолайлы болғандықтан басқа мемлекеттерге кетуi
|
Ғылыми-зерттеу қызметiмен айналысқан ғалымдар санының азаюы.
Ұлттық қауiпсiздiкке қатер.
|
Ғылыми-техникалық базаны ынталандыру, жаңарту; ғылыми зерттеулердi өткiзудi қамтамасыз етуге арналған шығыстарды көбейту; алынған нәтижелердiң мониторингiн жүзеге асыру; ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгiн арттыру
|
10. Шетел азаматтарының Қазақстанға бiлiм алуға келуiн құқықтық тосқауыл
|
Индикаторлар мен көрсеткiштерге қол жеткiзбеу
Бiлiм беру қызметi экспортының азаюы
|
Оқу үшiн Қазақстанға қабылдау және келу мәселелерiн реттейтiн ведомствоаралық келiсiмдердi жасау
|
11. Электронды оқу жүйесiн қолданылатындардың төмен уәждемелiлiгi
|
Жүйенi қолдануда қызығушылықтың болмауы. Жаңалықтарды елемеушiлiк. Жүйенi енгiзуде мерзiмнiң артуы
|
Мамандандырылған тренингтер мен оқыту семинарларын өткiзу. Оқу процесiне АКТ-ны мiндеттi қолдану туралы нормативтiк-құқықтық қамтамасыз етудi дамыту
|
12. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жеткiлiктi деңгейде болмауы, соның iшiнде электронды ресурстар жүйесiн толыққанды пайдалану үшiн интернеттiң болмауы
|
Ақпараттық жүйеге қолданушылардың қол жетiмсiздiгi және/немесе жүйеде өз бетiнше жұмыс iстеу үшiн КЖҚ нашар жылдамдығы
|
Жүйемен жұмыс iстеу үшiн оқушыларға жоба шеңберiнде мүмкiндiктер ұсыну: Бiлiм беру ұйымдарының кiтапханаларында жұмыс орындарын құру. Пайдаланушылар үшiн электрондық оқыту жүйесiне жоғары өткiзу мүмкiндiгi бар Интернет желiсiне КЖҚ қосу мүмкiндiгi
|
13. Жобаны iске асыру барысында орындаушылардың үйлесiмсiздiгi
|
Ағымдағы мәселелердiң уақытылы шешiлмеуi. Электрондық оқыту жүйесiн iске асыру бойынша белгiленген жұмыстардың уақытында орындалмауы. Жоба iс-шараларының мерзiмдерi мен сапаларының бұзылып орындалуы
|
Жоба бойынша жұмыс тобын құру
Жобаны орындаушылар арасындағы келiсiм БҒМ (тапсырыс берушi) жағынан ғана емес, орындаушылар жағынан да жұмыс тобының жұмыс мониторингiн жүргiзу
|
14. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған қазақстандық отбасыларды материалдық ынталандыру тетiгiнiң болмауы
|
Жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қабылдаушы отбасылардан балалар үйлерiне керi қайтуы артады
|
Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған қорғаншыларға (қамқоршыларға) жәрдемақы тағайындау және төлеу
|
15. Көптеген азаматтардың жетiм балаларды отбасылық орналастырудың мәселесiне немқұрайлы қарауы, жетiмдiк қоғамның емес, мемлекеттiң проблемасы деп ұғынуы
|
Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушiлерiнiң саны кемiмейдi
|
Жетiм балалардың және тәуекел тобындағы балалардың проблемаларын шешудiң оң тәжiрибесiн насихаттау, қолдау, дамыту, тарату. Акциялар, PR-науқандар өткiзу арқылы қоғамда жетiмдiктiң проблемасына қатысты азаматтық ұстанымды күшейту
|
16. Кәмелетке толмағандар арасындағы қараусыздық пен панасыздықты алдын алу мәселесi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың ведоствоаралық үйлестiруi төмен
|
Анықталған қараусыз және панасыз қалған балалардың саны төмендедi
Қараусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандардың саны артуда.
|
Ведомствоаралық үйлестiрудi күшейту
|
17. Жастардың әлеуетiн қоғамды тұрақсыздандырудағы қозғаушы күш ретiнде пайдалану
|
Әртүрлi қоғамға қарсы iс-шараларға қатысушы жастар санының ұлғаюы
|
Қатердi төмендетуге жастар арасындағы тиiмдi тәрбие жұмысы ықпал етедi. Жастар үшiн азаматтық көзқарасты белсендiру, азаматтық отансүйгiштiктi қалыптастыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және өткiзу
|
Iшкi тәуекелдер
|
1. Бiлiм сапасының нашарлауы
|
Елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiне қатер
|
Бiлiм беру жүйесiн басқаруды, бiлiм беру мазмұнын, кадрлар даярлауды жетiлдiру.
Жұмыстың тиiмдiлiгiн бағалау және бiлiм берудiң сапасын арттыру бөлiгiнде республикалық орталықтардың, бiлiктiлiктi арттыру институттарының қызметiн талдау, оңтайландыру және олардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
|
2. Педагогтердiң көп бөлiгiнiң дайындығының төмендiгi, өзiндiк бiлiм алуға және кәсiби тұрғыда өсуге ұмтылудың жетiспеушiлiгi
|
Мектептегi бiлiм беру сапасының төмендеуi (нашар педагогтер оқытатын балалар, үздiк мұғалiмдер оқытатындардан жаңа бiлiмдi 4 есе баяу меңгередi)
|
Қазiргi заманғы тәрбие мен оқыту технологияларын ескере отырып, мұғалiмдердiң сапалы дайындалуын қамтамасыз ету, педагог кадрларды даярлау стандартын жетiлдiру, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерiн педагогикалық практикамен қамтамасыз ету.
Ваучерлiк-модульдiк жүйенi енгiзу және бiлiктiлiктi арттыру жүйесi қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау негiзiнде ББЖКБАРИ мен облыстық БАИ-дың ұсынатын қызметтерiнiң сапасын арттыру.
12 жылдық мектептердiң құзыреттiлiк тәсiлiн ескере отырып, мұғалiмдердiң стандарттарын (моделiн) әзiрлеу.
|
3. 2015 жылдан бастап оқушылар контингентiнiң өсуi күтiлуде. Бастауыш мектепке балаларды 6 жастан бастап қабылдау жүргiзiледi. Бұл жас ерекшелiгiне қарай оқытудың жағдайын жасауды талап етедi (ойын бөлмелерi, сыныптарды топқа бөлу және т.б.) сондай-ақ, бұл да мектепке бiршама салмақ түсiредi
|
Оқушы орнының тапшылығы.
|
Мектептегi орын тапшылығы мен профициттi анықтауда-сыныптар мен бейiндi мектептердiң күтiлетiн контингентiн ескере отырып, әр мектептер бөлiнiсiнде мониторинг жасау.
Мектепке қосымша ғимарат салуды жүзеге асыру.
Мектеп ғимаратына күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу.
|
4. TIMSS, PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулердi жүргiзуге ықпал ететiн техникалық (бағдарламаның қателiктер беруi) және ауа-райының климаттық жағымсыз жағдайлары
|
Қосымша күш-жiгердi қажет етедi және зерттеулердiң тоқтап қалуына алып келуi мүмкiн.
|
Аталған тәуекелдi азайту үшiн зерттеулердi өткiзетiн жерлерде лауазымды тұлғалардың жоғары жауапкершiлiгi қажет.
|
5. Қосымша бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының әлсiздiгi. 71% бейiнделген үй-жайларда, 10 ұйым апатты жағдайда
|
Балаларды қосымша бiлiммен қамтудың азаюы
|
Қосымша бiлiм беру объектiлерiн құжаттандыру және оларды күрделi жөндеудi қажет ететiн объектiлер тiзбесiне енгiзу
|
6. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру МЖБС-ның уақытылы әзiрленбеуi
|
МЖБС-ның уақытылы бекiтiлмеуi, бөлiнген қаражаттың игерiлмеуi.
|
Мiндеттердi уақытылы орындау
|
7. Ғылыми халықаралық шығарылымдардың басылып шығаруын жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында профессорлық оқытушылық құрам мен ғылыми қызметкерлер санының төмендеуi
|
Профессорлық оқытушылық құрамның және ғылыми қызметкерлердiң инновациялық қызметке үлес қосуларының әлсiреуi
|
Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингiн өткiзуге жәрдемдесу
|
8. Жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу және тәжiрибелi конструкторлық жұмыстардың нәтижесiнде алынатын мониторинг сапасының төмендеуi
|
Инновациялық қызметте жоспарланған нәтижелерге қол жеткiзбеуi
|
Жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу және тәжiрибелi конструкторлық жұмыстардың өлшемдерiн, мақсаттары мен мiндеттерiн жетiлдiру
|
9. Бiлiм беру ұйымдарында электронды оқыту жүйесiнде бiлiктi мамандардың жетiспеуi (жүйелiк администраторлардың, компьютерлiк техниканы реттеушiлердiң және т.б.)
|
Электронды оқыту және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жүйесiнде техникалық олқылықтарды жою үшiн бiлiктi мамандармен қамтамасыз етуiнiң төмендiгi
|
Электронды оқыту жүйесiнiң жүйелi әкiмшiлерiн даярлау сапасын қамтамасыз ету.
Бiлiктiлiктi арттыру бойынша электронды оқыту жүйесiнiң көрсетiлетiн қызметтерiнiң сапасын арттыру.
|
10. Ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасының ескiруi
|
ҒЗТКЖ сапасының төмендеуi, тұтынушылар тарапынан ҒЗТКЖ-ға сұраныстың жоқтығы
|
Ғылыми ұйымдарды қазiргi заманғы жабдықтармен жарақтандыру, оның iшiнде жеке инвестициялар тарту арқылы
|
11. ҒЗТКЖ нәтижелерiнiң төмендiгi
|
Ғылыми әзiрлемелердiң, жаңа технологиялардың жоқтығы, инновациялық белсендiлiк деңгейiнiң төмендiгi
|
Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды басқару тетiгiн жетiлдiру арқылы ҒЗТКЖ нәтижелерiн арттыру
|