Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы



бет11/31
Дата12.07.2016
өлшемі2.03 Mb.
#195663
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31

6-тарау. Тәуекелдердi басқару

Ықтимал тәуекелдiң атауы

Тәуекелдi басқару бойынша қажеттi шараларды қолданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар

Тәуекелдi басқару жөнiндегi iс-шаралар

1

2

3

Сыртқы тәуекелдер

1. Демографиялық процестер (туылғандар санының өсуi) және көшi-қон жағдайлары

Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтудың төмендеуi

Бiлiм беру ұйымдары жанынан отбасы жағдайында мектепке дейiнгi жастағы бала тәрбиелейтiн ата-аналарға арналған консультациялық пункттер желiсiн дамыту.

2. Демографиялық процестер (туылғандар санының өсуi) және көшi-қон жағдайлары. Бiлiм беру объектiлерiнiң пайдалану мерзiмiнiң бiтiуiне байланысты ғимараттардың тозуы

Оқушы орындарының тапшылығы мен үш ауысымда оқытатын мектептер санының көбеюi.
Апатты жағдайдағы мектептер санының көбеюi

1. Мектеп ғимараттарына қосымша құрылыс салуды жүзеге асыру.
2. Апатты жағдайдың алдындағы мектеп ғимараттарына күрделi жөндеу жүргiзу.

3. Педагогтiң еңбек уәждемесiнiң төмендiгi, мұғалiм мамандығы мәртебесiнiң төмендеуi

Педагог кадрлардың сапалық құрамының нашарлауы

Еңбекақы деңгейiн арттыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу
Мұғалiмдердiң қызметiн насихаттау жөнiнде акция және БАҚ науқанын өткiзу.

4. Саладағы еңбекақы төлеу деңгейi мен елдегi орташа еңбекақы деңгейi арасындағы сәйкессiздiкке байланысты техникалық және кәсiптiк бiлiм жүйесiнен кадрлардың кетуi

Кәсiби мүмкiндiктердiң күрт төмендеуi және бiлiмнiң «қауқарсыздық» қаупi

Еңбекақы деңгейiн арттыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу

5. Жоғары бiлiм мамандарының сұранысқа ие болмауы

Индикаторлар мен көрсеткiштерге жетпеу.
Мамандығы бойынша жұмысқа орналаспаған мамандар санының артуы

Кадрларды даярлау сапасын арттыру:
- жоғары оқу орындарына академиялық еркiндiк беру;
- жұмыс берушiнiң талаптарына бiлiм беру бағдарламалары мазмұнының сәйкестiгi;
- жоғары оқу орындарының оқу-зертханалық базасын күшейту.

6. Жұмыс орындарының болмауы

Индикаторлар мен көрсеткiштерге қол жеткiзiлмейдi.
Жұмысқа орналаспаған жоо бiтiрушiлерi санының артуы

Экономика саласының нақты қажеттiлiктерiмен қоса кадрлар даярлауға мемлекеттiк тапсырысты құрылымдау

7. Ғылымды қаржыландырудың көлемi төмен

Елiмiздiң ғылыми-техникалық әлеуетiнiң қайтарымсыз күйзелiсi

Ғылымды қаржыландыру көлемiн қамтамасыз ету

8. Ғалымдардың өз ғылыми әлеуетiн iске асыруы аса қолайлы болғандықтан басқа мемлекеттерге кетуi

Ғылыми-зерттеу қызметiмен айналысқан ғалымдар санының азаюы.
Ұлттық қауiпсiздiкке қатер.

Ғылыми-техникалық базаны ынталандыру, жаңарту; ғылыми зерттеулердi өткiзудi қамтамасыз етуге арналған шығыстарды көбейту; алынған нәтижелердiң мониторингiн жүзеге асыру; ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгiн арттыру

9. Шетел азаматтарының Қазақстанға бiлiм алуға келуiне құқықтық кедергiлер

Индикаторлар мен көрсеткiштерге қол жеткiзбеу
Бiлiм беру қызметi экспортының азаюы

Оқу үшiн Қазақстанға қабылдау және келу мәселелерiн реттейтiн ведомствоаралық келiсiмдердi жасау

10. Электронды оқу жүйесiн пайдаланушылардың төмен уәждемелiлiгi

Жүйенi қолдануда қызығушылықтың болмауы. Жаңалықтарды елемеушiлiк. Жүйенi енгiзу мерзiмiнiң ұлғаюы

Мамандандырылған тренингтер мен оқыту семинарларын өткiзу. Оқу процесiне АКТ-ны мiндеттi қолдану туралы нормативтiк-құқықтық қамтамасыз етудi дамыту

11. Техникалық жағдайлардың сәйкес келмеу тәуекелi

Бiлiм беру ұйымдарында жүйенiң жұмыс iстеуi үшiн байланыс арналарының өткiзу қабiлетi жеткiлiксiз

Бағдарламалық шешiмнiң архитектурасына қойылатын талаптарды қайта жасау

12. Жобаны iске асыру барысында орындаушылардың үйлесiмсiздiгi

Ағымдағы мәселелердiң уақытылы шешiлмеуi.
Электрондық оқыту жүйесiн iске асыру бойынша белгiленген жұмыстардың уақытында орындалмауы. Жоба iс-шараларының мерзiмдерi мен сапаларының бұзылып орындалуы

Жоба бойынша жұмыс тобын құру.
Жобаны орындаушылар арасында келiсу.
БҒМ (тапсырыс берушi) тарапынан ғана емес, орындаушылар тарапынан да жұмыс тобының жұмыс мониторингiн жүргiзу

13. Көптеген азаматтардың жетiм балаларды отбасылық орналастырудың мәселесiне немқұрайлы қарауы, жетiмдiк қоғамның емес, мемлекеттiң проблемасы деп ұғынуы

Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушiлерiнiң саны кемiмейдi

Жетiм балалардың және тәуекел тобындағы балалардың проблемаларын шешудiң оң тәжiрибесiн насихаттау, қолдау, дамыту, тарату. Акциялар, PR-науқандар өткiзу арқылы қоғамда жетiмдiктiң проблемасына қатысты азаматтық ұстанымды күшейту

14. Кәмелетке толмағандар арасындағы қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу мәселесi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың ведоствоаралық үйлестiруi төмен

Анықталған қараусыз және панасыз қалған балалар санының төмендеуi.
Қараусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандардың саны артуда.

Ведомствоаралық үйлестiрудi күшейту

15. Жастардың әлеуетiн қоғамды тұрақсыздандырудағы қозғаушы күш ретiнде пайдалану

Әртүрлi қоғамға қарсы iс-шараларға қатысушы жастар санының ұлғаюы

Қатердi төмендетуге жастар арасындағы тиiмдi тәрбие жұмысы ықпал етедi. Жастар үшiн азаматтық көзқарасты белсендiру, азаматтық отансүйгiштiктi қалыптастыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және өткiзу

Iшкi тәуекелдер

1. Бiлiм сапасының нашарлауы

Елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiне қатерi

Бiлiм беру жүйесiн басқаруды, бiлiм беру мазмұнын, кадрлар даярлауды жетiлдiру.
Жұмыстың тиiмдiлiгiн бағалау және бiлiм берудiң сапасын арттыру бөлiгiнде республикалық орталықтардың, бiлiктiлiктi арттыру институттарының қызметiн талдау, оңтайландыру және олардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.

2. 12 жылдық бiлiм беруге көшуге байланысты 2015 жылдан бастап оқушылар контингентiнiң өсуi байқалуда. Бастауыш мектепке балаларды қабылдау 6 жастан бастап жүзеге асырылады.

Оқытудың жас ерекшелiк жағдайын қамтамасыз ету қажет (ойын бөлмелерi, сыныптарды топтарға бөлу және т.б.)

6 жасар баларға жағдай жасау. Қосымша ойын бөлмелерiн ашу.

3. TIMSS, PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулердi жүргiзуге ықпал ететiн техникалық (бағдарламаның қателiктер беруi) және ауа-райының климаттық жағымсыз жағдайлары

Қосымша күш-жiгердi қажет етедi және зерттеулердiң тоқтап қалуына алып келуi мүмкiн.

Аталған тәуекелдi азайту үшiн зерттеулердi өткiзетiн жерлерде лауазымды тұлғалардың жоғары жауапкершiлiгi қажет.

4. Ғылыми халықаралық басылымдарда еңбегiн жариялайтын жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрам мен ғылыми қызметкерлер санының төмендеуi

Профессорлық-оқытушылық құрамның және ғылыми қызметкерлердiң инновациялық қызметке үлес қосуларының әлсiреуi

Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингiн өткiзуге жәрдемдесу

5. Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың нәтижесiнде алынатын мониторинг сапасының төмендеуi

Инновациялық қызметте жоспарланған нәтижелерге қол жеткiзiлмеуi

Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың өлшемдерiн, мақсаттары мен мiндеттерiн жетiлдiру

6. Бiлiм беру ұйымдарында электронды оқыту жүйесiнде бiлiктi мамандардың (жүйелiк әкiмшiлерiнiң, компьютерлiк техниканы реттеушiлердiң және т.б.) жетiспеуi

Электронды оқыту және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жүйесiнде техникалық олқылықтарды жою үшiн бiлiктi мамандармен қамтамасыз етудiң төмендiгi

Электронды оқыту жүйесiнiң жүйелi әкiмшiлерiн даярлау сапасын қамтамасыз ету.
Бiлiктiлiктi арттыру бойынша электронды оқыту жүйесiнiң көрсетiлетiн қызметтерiнiң сапасын арттыру.

7. Бiлiм саласындағы бақылау департаментерi мамандарының кәсiби шеберлiктерiнiң жоқтығы

Бiлiм саласындағы бақылау департаменттерi мамандарының деңгейiн арттыру бойынша күнделiктi және жұмыс

Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша жүйелi жұмысты жүргiзу, кәсiби шеберлiктi қалыптастыру

8. Ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасының ескiруi

ҒЗТКЖ сапасының төмендеуi, тұтынушылар тарапынан ҒЗТКЖ-ға сұраныстың жоқтығы

Ғылыми ұйымдарды қазiргi заманғы жабдықтармен жарақтандыру, оның iшiнде жеке инвестициялар тарту арқылы

9. ҒЗТКЖ нәтижелерiнiң төмендiгi

Ғылыми әзiрлемелердiң, жаңа технологиялардың жоқтығы, инновациялық белсендiлiк деңгейiнiң төмендiгi

Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды басқару тетiгiн жетiлдiру арқылы ҒЗТКЖ нәтижелiлiгiн арттыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет