Негiзгi проблемаларды талдау
ТжКБ-ның 70 %-ға жуық оқу орны ескiрген жабдықтарды пайдаланып жұмыс iстеуде.
ТжКБ жүйесiнде бiлiм алудың жастар үшiн тартымдылығы мен беделi жоқ.
Қаржыландыру көлемi төмен күйiнде қалып отыр – ЖIӨ-ден 0,3 %. ТжКБ оқу орындарында 600 мыңнан астам бiлiм алушы немесе елдiң бiлiм беру жүйесiндегi барлық бiлiм алушылар санынан 13 % адам бiлiм алады.
Мамандардың бiлiктiлiк деңгейiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары жаңартуды талап етедi, өйткенi олар өндiрiстiң жаңа технологияларына сәйкес келе бермейдi.
Сала кадрларын даярлау сапасын басқарудың негiзгi тетiктерiнiң бiрi – жұмыс берушiлердiң өздерiнiң бiлiктiлiктi тәуелсiз бағалауы, яғни мамандарды сертификаттау. Барлық салаға мамандардың бiлiктiлiктерiн сертификаттау жүйесiн енгiзу қажет.
Өндiрiсте тағылымдамадан өту және оқытушылардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi қазiргi заманғы талаптарға жауап бермейдi. Инженерлiк-педагогикалық қызметкерлер мәртебесiнiң төмендiгi жоғары бiлiктi кадрларды тартуға мүмкiндiк бермейдi.
Сондай-ақ, елдiң индустриалдық-инновациялық дамуы үшiн кәсiби кадрларды даярлауға қажеттiлiктi қамтамасыз етуге кедергi келтiретiн бiрқатар проблемалар бар:
1) ұзақ мерзiмдi кезеңге кадрларға деген қажеттiлiктi болжау жүзеге асырылмайды, оның iшiнде ҮИИД жобалары бойынша;
2) ТжКБ оқу орындарының бiлiм алушыларына кәсiпорындарда өндiрiстiк практика мен тағылымдама ұйымдастыру мәселесi белгiлi бiр деңгейде шешiлмеген.
Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау:
Сыртқы факторлар:
1) жұмыс берушiлердiң техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлауға қызығушылық танытпауы;
2) жұмыс берушiлер өндiрiстiк практика мен тағылымдамадан өту үшiн қажеттi орындар санын ұсынбайды;
3) жергiлiктi бюджеттен ТжКБ-ны қаржыландыру көлемi жеткiлiксiз;
4) ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған кадрларға деген қажеттiлiктердi болжау әдiстемесiнiң жоқтығы;
5) кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау жүйесi экономика саласының барлық мамандықтар бойынша енгiзiлмеген.
Iшкi факторлар:
1) жекелеген аудандардағы ауыл жастары үшiн техникалық және кәсiптiк оқытудың қолжетiмсiздiгi;
2) материалдық-техникалық базаның нашарлығы;
3) еңбекақы төлеу деңгейiнiң төмендiгiне байланысты инженерлiк-педагогикалық қызметкерлердiң техникалық және кәсiптiк бiлiм жүйесiнен кетуi;
4) оқытушылар мен өндiрiстiк оқыту шеберлерi бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiз деңгейi.
4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру
Реттелетiн саланы немесе қызметтер аясын дамытудың негiзгi параметрлерi
Қазiргi кезде жоғары бiлiм беру саясаты республика экономикасының барлық салалары үшiн құзыреттi және бәсекеге қабiлеттi мамандарды кәсiби даярлаудың жағдайларын қамтамасыз ету, жоғары мектептiң интеллектуалдық әлеуетi мен практикалық-бағдарлық қызметiн күшейту, оны ғылыммен және өндiрiспен ықпалдастыру халықаралық бiлiм беру стандартына сәйкестендiру қажеттiлiгiмен айқындалады.
2011 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша республикада 147 жоғары оқу орны жұмыс iстейдi (9 ұлттық, 1 халықаралық және «Назарбаев Университетi» ДБҰ, 32 мемлекеттiк, 13 азаматтық емес, 90 жеке меншiк жоғары оқу орны, оның iшiнде 16 акционерленген).
2010 – 2011 жылдарға арналған 3НК статистикалық есептiлiгiне сәйкес жоғары оқу орындары студенттерiнiң жалпы контингентi 620,4 мың адамды құрады. Жалпы әлемде 10 мың адамға шаққанда 232 студенттен келедi. Қазақстанда бұл көрсеткiш 422,5 адамды құрайды.
Жоғарғы оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның саны 39,6 мың адамды құрайды, оның 45,5 %-ының ғылыми атақтары бар.
Қазақстанның жоғары мектебi әлемдiк бiлiм беру деңгейiне қол жеткiзуге және бiртұтас бiлiм беру кеңiстiгiне енуге ұмтылуда. Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу тетiгi Болон процесiнiң параметрлерiн орындау болып табылады, оған Қазақстан Республикасы 2010 жылы наурызда қосылған болатын.
Қазiрге кезде Қазақстан Республикасында жоғары бiлiм беруде Болон декларациясының негiзгi принциптерi iске асырылуда. Бүкiл азаматтық жоғары оқу орындарында оқыту кредиттiк оқыту технологиясы бойынша жүргiзiлуде, республиканың 38 жоғары оқу орнында екi дипломдық бiлiм беру iске асырылуда, 42-сiнде қашықтықтан оқытылуда.
Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру құрылымы ЮНЕСКО-ның бiлiм берудiң халықаралық стандарттық жiктелiмiне сәйкес келедi. Мамандарды даярлаудың үш деңгейлiк: бакалавр-магистр-PhD доктор моделiне өту толық iске асырылды. Жоғары бiлiм беру сапасын қамтамасыз ету және кепiлдiк беру жүйесi құрылды.
2009 жылы балавриат – магистратура – докторантура бiлiм беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ететiн Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру мамандықтарының жiктеушi бекiтiлдi.
Жоғары бiлiм берудiң бәсекеге қабiлеттiлiгi мен сапасы көрсеткiштерiнiң бiрi жоғары оқу орындарының әлемдiк академиялық рейтингтерге енуi болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президентi 2010 жылғы қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жоғары оқу орындары әлемнiң жетекшi университеттерiнiң рейтингiсiне енуге ұмтылуы тиiс деп атап өттi.
2009 жылы бiрiншi рет Қазақстанның бес жоғары оқу орны және 2010 жылы бiр жоғары оқу орны Times Higher Education – QS World University Ranking (Ұлыбритания) халықаралық рейтингiсiне қатысты.
2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттiгiнiң нәтижелерi бойынша әлемнiң 401 – 450 ЖОО қатарына кiрдi.
Болон декларациясы қағидаттарының бiрi сынақ бiрлiк жүйесiн енгiзу болып табылады. Кредиттiк оқыту технологиясын жетiлдiру жұмыстары жалғастырылуда, оның мақсаты кредиттiк бiрлiктiң еуропалық жүйесiмен үйлестiру. Бұл ретте отандық бiлiм берудiң дәстүрлi ерекшелiктерi ескерiледi. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жалпы еуропалық жүйемен салыстыруға келетiн дипломға Қосымшаны әзiрледi. Аталған жүйе студенттiң бiр жоғарғы оқу орнынан басқасына ауысуы кезiнде оқудағы жетiстiктерiн дұрыс өлшеу мен салыстыру өлшемдерiн қамтамасыз ету үшiн қажет. Осыған байланысты ECTS үлгiсi – сынақ балдарын қайта тапсырудың еуропалық жүйесi бойынша сынақ балдары жүйесiн әзiрлеу үшiн жұмыс тобы құрылды.
Астана қаласында әлемдiк деңгейдегi беделдi жоғарғы оқу орны – «Назарбаев Университетi» жұмыс iстейдi, ол отандық инженерлiк-техникалық және ғылыми кадрларды даярлауға сапалы серпiн жасауды қамтамасыз етедi. Университет бағдарламасының «Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiң» орта бiлiм берудiң оқу бағдарламаларымен сабақтастығы қамтамасыз етiлетiн болады.
Экономикадағы болып жатқан өзгерiстерге икемделу мақсатында мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының құрылымында оқу бағдарламаларының мазмұнын айқындауда жоғары оқу орындарының академиялық еркiндiгi кеңейтiлдi: таңдау бойынша компонент көбейтiлдi – бакалавриатта 50 %-дан 55 %-ға дейiн, магистратурада 60 %-дан – 70 %-ға және докторантурада 80-тен 90 %-ға дейiн.
Жоғары оқу орындары бiлiм беру, ғылым және өндiрiс арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын бiлiм берудiң инновациялық инфрақұрылымын дамыту, түрлi бейiндегi ғылыми-инновациялық орталықтар, жаңа технопарктер құру жұмыстарын жүргiзуде.
2007 жылы 16,67 млн. АҚШ доллары (2 млрд. теңге) сомасындағы республикалық бюджет қаражаты есебiнен 10 инженерлiк бейiндiгi университет зертханасы құрылды. 2008 жылы 8,33 млн. АҚШ доллары (1 млрд. теңге) сомасындағы республикалық бюджет қаражаты есебiнен ашық үлгiдегi инженерлiк бейiндегi 5 зертхана ашылды. Аталған зертханалардың ғылыми ресурстарын ғылыми орталықтардың, зерттеу институттарының ғалымдары және университеттер оқытушылары пайдалана алады.
Қазiргi әлемде елдiң әлеуметтiк экономикалық дамуының маңызды субъектiлерi ретiнде университеттердiң миссиясы мен қызметi өзгеруде. Университеттер бiлiм жүйесiнiң ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамның қозғаушы күшiне айналуы тиiс. Осыған байланысты 2008 жылдан бастап қамқоршылық кеңестер құру, жұмыс берушiлердi басқаруға тарту және жоғары оқу орындарын басқарудың алқалық органдарының қызметiн кеңейту жолымен корпоративтiк менеджмент принциптерi енгiзiлуде.
Қамқоршылық кеңестер 65 жоғары орнында жұмыс iстейдi. Университеттерде корпоративтiк басқаруды енгiзу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жүргiзiп отырған ауқымды жұмыстарының бiр бөлiгi болып табылады және ол әкiмшiлiк реформаның принциптерiне сәйкес келедi. Аталған жұмыстар жоғары оқу орындарын басқару жүйесiн демократияландыруға ықпал етедi.
2010 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Қазақстандағы барлық диссертациялық кеңестердiң қызметi аяқталды. «Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына» сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң құрылымы PhD докторы дәрежесiн оқытудың соңғы кезеңiнде бере отырып, бакалавриат – магистратура –докторантура үш деңгейлi жүйесiне ауысты. Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты ұлғайту көзделiп отыр.
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңын iске асыру мақсатында Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрықтарымен мынадай нормативтiк құқықтық құжаттар бекiтiлдi:
1) «Диссертациялық кеңес туралы үлгi ереже»;
2) «Ғылыми дәрежелер беру туралы ережесi»;
3) «Ғылыми атақтар беру ережесi».
Философия докторы, бейiнi бойынша доктор ғылыми дәрежесiн беру жөнiндегi докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 16 диссертациялық кеңес құрылды – 5 ұлттық университетте және «Астана» медицина университетiнде.
Интитуционалдық аккредиттеудiң ұлттық стандарттары мен өлшемдерi бекiтiлдi. 2008 және 2009 жылдары бес ұлттық жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi (бұдан әрi – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi (бұдан әрi – Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi (бұдан әрi – Абай атындағы ҚазҰПУ), Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi (бұдан әрi – Л. Гумилев атындағы ЕҰУ) және Қазақ ұлттық аграрлық университетi (бұдан әрi – ҚазҰАУ) ASIIN және ACQUIN (Германия), ABET (АҚШ) белгiлi шетелдiк аккредиттеу агенттiктерiмен бiлiм беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өткiзу үшiн шарттар жасады. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 60 млн. теңгеден астам мөлшерде қаржылық қаражат бөлiндi.
2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ASIIN агенттiгiнде 10 бiлiм беру бағдарламасы бойынша және Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ABET, ASIIN, АИОР агенттiктерiнде 11 бiлiм беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуден өттi.
2011 жылы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ АИОР агенттiгiнде 6 бiлiм беру бағдарламалары бойынша аккредиттеуден өттi, ҚазҰАУ ASIIN агенттiгiнде 2 бiлiм беру бағдарламалары бойынша аккредиттеуден өттi.
Абай атындағы ҚазҰПУ ASIIN агенттiгiнде 2 бiлiм беру бағдарламасы бойынша аккредиттеуден өтудi аяқтады.
2009 жылы Қазақ-Британ техникалық университетi 4 бiлiм беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуден дербес өттi.
2009 – 2010 жылдары БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының (бұдан әрi – ҰАО) және Тәуелсiз қазақстандық аккредиттеу бiлiм беру сапасын бағалау ұйымының аккредиттеу кеңесi 33 қазақстандық жоғары оқу орны ұлттық институционалдық аккредиттеуден өттi.
Негiзгi проблемаларды талдау
Ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған кадрлар қажеттiлiгiне болжам жасау жүзеге асырылмайды.
Мемлекеттiк бақылаудың қорытындылары бойынша бiрқатар жекеменшiк жоғары оқу орындарының жекелеген мамандықтары бойынша бiлiм беру қызметi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарында белгiленген талаптарға, бiлiктiлiк талаптарына толық сәйкес келе бермейтiнi байқалады. Бiлiм беру саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк аттестаттауды жүзеге асыру кезiнде бiрыңғай тәсiл жоқ және бақылау қызметiн орындаудың төмен деңгейi байқалады.
Әлеуметтiк әрiптестiк нашар дамыған. Ғылым мен өндiрiстiң байланысы нашар.
Жұмыс берушiлердi кадрлар даярлауға тарту жөнiндегi заңнамалық база жеткiлiксiз.
Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы әлсiз, зертханалардың осы заманғы жабдықтармен жарақталу пайызы төмен.
Мемлекеттiк жоғары оқу орындары жатақханаларының 77 %-ының салу мерзiмi 25 жылдан жоғары. Оларға ағымдағы жөндеу жүргiзiлген соңғы мерзiмi 1 жылдан 5 жылға дейiнгi аралықты құрайды.
Профессорлық-оқытушылық құрамның бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi тиiстi деңгейде дамымаған.
Диссертациялық зерттеулер шеңберiнде орындалатын ғылыми зерттеулер мен қолданбалы әзiрлемелердiң тиiмдiлiгi және нәтижелiлiгi төмен.
Жоғары оқу орындарын кадрлық қамтамасыз етуде жағымсыз үрдiстер орын алған: профессорлық-оқытушылық құрам жүйелi түрде ұлғайтылмайды, қоса атқарушылық бойынша жұмыс практикаға енгiзiлген, жемқорлық көрiнiстерi орын алған.
Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Сыртқы факторлар:
1) зертханалық жабдықтарды сатып алуға және профессорлық-оқытушылық құрамның бiлiктiлiгiн арттыруға арналған бағдарламалық қаржыландырудың жоқтығы;
2) кәсiби оқытуды жүргiзуге және студенттердiң практикадан өтуiне мүмкiндiк беретiн оқу орталықтарының жоқтығы;
3) кадрлар даярлау үшiн жұмыс берушiлердiң жеткiлiксiз гранттар бөлуi.
Iшкi факторлар:
1) бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру жөнiндегi қызметтердiң әлеуеттi жұмыс берушiлермен тығыз байланысы жолға қойылмаған;
2) студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамды қолдаудың әлеуметтiк бағдарламасы дамымаған;
3) жоғары оқу орындары ғалымдарының ғылыми бағдарламалар мен жобаларды орындауға қатысу тиiмдiлiгi жеткiлiксiз.
Жоғары оқу орындары жұмысының айқындығын күшейту, өз қызметiнiң кең көлемi бойынша ақпараттар ұсыну қолайлы бәсекелестiк ортаны қалыптастырады. Бұл ретте жоғары оқу орындары мен неғұрлым тиiмдi бағдарламаларды одан әрi дамытуға ынталандырады. Қоғамдық бақылау және бағалау тетiктерi бұл процестердiң катализаторларына айналады.
Халықаралық талаптарға сәйкес аккредиттеу рәсiмiн жүргiзу барысында iшкi факторлар ретiнде бiлiм беру ұйымдарының өзiн-өзi бағалауы (өзiн-өзi талдау) қарастырылған. Аккредиттеу агенттiктерi бiлiм беру ұйымдарының ұсынған есебiнiң (өзiн-өзi бағалау материалдары) негiзiнде сарапшыларды тарту және бiлiм беру ұйымдарына бару арқылы сыртқы бағалауды жүзеге асырады.
2. 2-стратегиялық бағыт. Экономиканы жедел
әртараптандыруды ғылыми қамтамасыз ету
Реттелушi саланы немесе қызмет аясын дамытудың негiзгi параметрлерi
Ел ғалымдарының қызметi мемлекеттiк басымдықтарға сәйкес қалыптасқан республикалық мақсатты және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды, iргелi зерттеулер бағдарламаларын iске асыруға және Қазақстанда инновациялық қызметтi дамытуға бағытталған.
Ғылымды дамыту 5 басым бағытқа шоғырланған: энергетика, шикiзат пен өнiмдi тереңдетiп қайта өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, өмiр туралы ғылым, елдiң зияткерлiк әлеуетi.
Елде ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердi орындайтын 400-ден аса ұйым жұмыс iстейдi, оның iшiнде 95-i – мемлекеттiк ғылыми-зерттеу институттары, 121-i – жоғары кәсiби бiлiм беру, 108-i – кәсiпкерлiк қызмет секторы, 100-i – коммерциялық емес қызмет секторы. Ғылыми зерттеулермен және әзiрлемелермен 17,0 мың адам (2006 ж. – 19,56 мың адам; 2007 ж. – 17,77 мың адам, 2008 ж. – 16,3 мың адам, 2009 ж. – 15,8 мың адам) айналысады, оның iшiнде зерттеушi-мамандар – 10,9 мың адам (2006 ж. – 12,4 мың адам; 2007 ж. – 11,5 мың адам, 2008 ж. – 10,8 мың адам, 2009 ж. – 10,1 мың адам).
2007 – 2010 жылдары ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қаржыландыру көлемi 13,7 млрд. теңгеден 20,15 млрд. теңгеге дейiн немесе 32 %-ға өстi.
Қазақстан ғылымын мемлекеттiк қаржыландыру деңгейi соңғы 3 жылда ЖIӨ 0,21 %-дан 0,15 %-ға дейiн өзгердi. АҚШ доллары шаққанда есептегенде ҒЗТКЖ-ға кететiн шығын Қазақстанда әрбiр жан басына жылына шамамен 14 долларды (салыстыру үшiн Ресейде – 70 шамасында; АҚШ-та – 892; Швецияда – 875, Финляндияда – 726 доллар) құрайды.
Ғылыми инфрақұрылымды дамыту мақсатында ғылымның басым бағыттары бойынша 5 ұжымдық пайдаланымдағы ұлттық зертхана құрылды және нақтандырылды. Жетекшi жоғары оқу орындарының жанынан 15 инженерлiк бейiндегi зертхана ашылып, жұмыс iстейдi. 6 инновациялық-бiлiм беру, оның iшiнде екi халықаралық консорциум құрылды.
Ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн коммерцияландыру бойынша шаралар қабылдануда. Жоғары патогендi құс тұмауына қарсы отандық вакцина (2008 – 2009 жылдарда 7,7 млн. доза өндiрiлдi) шығарылуда. A/H1N1 тұмауына қарсы әсерсiздендiрiлген вакцинаны дайындаудың технологиясы әзiрлендi. Қарағанды фармацевтикалық кешенiнде 20 млн. түпнұсқа фитопрепараттардың орамын шығару қамтамасыз етiлуде. 110 жаңа жұмыс орны құрылды.
«Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберiнде гуманитарлық бағыттағы 6 ғылыми-зерттеу ұйымы 70-тен астам ғылыми жобаларды орындады. Нәтижесiнде ұлттық және әлемдiк ғылыми пiкiрлер, мәдениет және әдебиет басылымдарының сериялары әзiрлендi, 230-ден астам кiтап атауы басып шығарылды.
2010 жылы Бiлiм және ғылым министрлiгi 43 бағдарламаға әкiмшiлiк еттi (49 %).
2009 жылы шетелдiк ғылыми орталықтарда 120 қазақстандық ғалым, оның iшiнде жас ғалымдар тағылымдамадан өттi. Ағылшын тiлi курстарымен ғылыми ұйымдар базасында 203 адам қамтылды.
Зияткерлiк меншiк институтының деректерiне сәйкес 2010 жылы өнертабыстарға арналған қорғау құжаттарының жалпы саны 1 868-дi құрады (оның iшiнде 87,9 % – ұлттық өтiнiм берушiлерден, 12,1 % – шетелдiк өтiнiм берушiлерден), 2000 жылғы ұқсас көрсеткiштен 15,5 %-ға артық.
2010 жылы ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асырудың нәтижесiнде 354 қорғау құжаты алынды, 150 әзiрлеме енгiзiлдi, жарияланымдар саны – 11 360 (мақалалар мен әзiрленген құжаттар). Жарияланымдарда жоғары деңгейлi белсендiлiк 1 қызметкерге шаққанда iргелi зерттеу бағдарламалары бойынша байқалуда – 1,2. Салааралық зерттеу бағдарламалары бойынша – 0,74.
Соңғы жылдар iшiнде қазақстандық ғалымдардың халықаралық журналдардағы жарияланымдарының олардың жалпы санына арақатынасы өзгерiссiз қалып отыр және 6 %-ды құрайды. Қазақстан ғалымдарының шетелдiк жарияланымдарының үлесi жалпы дүниежүзiлiк ағымда 0, 017 %-ға тең. Елдердi жарияланған жұмыстардың абсолюттiк саны бойынша саралауды ескере отырып, Қазақстан зерттеу жылында 1000 – 10000 жарияланымдары бар топқа жатқызылған. 4 088 жарияланым санымен бiздiң республикамыз әлемнiң 236 елi арасында 91-орынды иеленедi. Scopus МБ Қазақстанның жыл сайынғы жарияланымдары шамамен 50 % құрайды. Әрбiр дәйектеме келтiрiлген мақалаға 1-ден 9-ға дейiн сiлтеме жасалған. Қазақстандық ғалымдардың жыл сайынғы жарияланымдарының шамамен 270 бiрлiктi құрайды, ол аталған базадағы мақалалардың жалпы санының 0,018 бөлiгiн құрайды. 2003 жылдан бастап қазақстандық ғылыми еңбектердiң санын орта есеппен 29,3 %-ға ұлғаюы байқалуда. Алайда, әлемдiк жарияланымдар ағымының белсендi түрде өсуi жағдайында отандық жарияланымдардың орташа салмағы 2008 жылы 0,016 %-ға төмендедi.
Қазақстандық ғалымдардың қарқынды коммуникациясын олардың танымал басылымдардағы басылған жарияланымдары 2003 жылдан бастап – 41 – 55 %, ал 2007 ж. – 59,4 % шетелдiк тең авторлармен бiрлесiп жасалғаны дәлелдейдi.
Ғылыми өнiмдердiң саны мен сапасы дәйектеме келтiрiлген жарияланымдардың санымен анықталады. Жыл сайынғы Қазақстанның дәйектеме келтiрiлген жарияланымдарының үлесi орташа 45,2-нi, орташа әлемдiк мәнi – 62,1-дi құрайды.
Қазақстандағы ғылыми-техникалық дамудың макроэкономикалық талдауы ЖIӨ-дегi жаңа ғылыми өнiмнiң үлесi соңғы жылдары 1,1 %-дан аспайды, ғылыми өнiмдi өндiру бойынша кәсiпорындардың белсендiлiгi – 2,3 %.
Қазақстан ғалымдарының жақын және алыс шетелдермен: Ресей, Белорусь, АҚШ, Қытай, Үндiстан, Германия және басқалармен ынтымақтастығы дамуда. «Ғылым саласындағы 2007 – 2009 жылдарға арналған халықаралық ынтымақтастық» ғылыми-техникалық бағдарламасының шеңберiнде 92 бiрлескен жоба орындалды.
Ғылыми-техникалық салада нормативтiк және құқықтық база жетiлдiрiлуде.
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi әзiрлеген«Ғылым туралы» және «Ғылым мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды.
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес елiмiзде ғылым саласын басқарудың жаңа моделi iске асырылуда, ғылыми зерттеулердi iрiктеу мен қаржыландырудың жаңа қағидалары енгiзiлуде. Заңды қабылдаудың мақсаты бәсекеге қабiлетiлiкке қол жеткiзу және елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуына қажеттi бiлiмдi алуды, жинақтауды және берудi қамтамасыз ететiн ғылым жүйесiнiң тепе-теңдiгi үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
Жаңа заңды қабылдау ғылыми-техникалық саладағы нормативтiк құқықтық базаны 2006 жылғы шiлдедегi Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдаған осы саладағы басқару жүйесiнiң өзгерiстерiмен сәйкестендiру қажеттiгiнен туындап отыр.
Заңның ережелерiн iске асыру барысында ғылымның бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстарды қалыптастыру; республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асыру ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нысандары бойынша қарастыру мен шешiм қабылдау мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкiлеттi органның жанында құрылатын консультативтiк-кеңес беру ұйымдары құрылуда.
Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет ерекшелiгiн ескере отырып және бюджет қаражаттарын тиiмдi пайдалану үшiн қаржыландырудың келесi түрлерi ұсынылады: базалық, бағдарламалық-мақсаттық және гранттық.
Тағы да аса маңызды айта кететiн жайт – бюджеттiк қаржылай қаражаттарды, кадрлық әлеуеттi және материалдық ресурстарды ғылымның басым бағыттарына шоғырландыру мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ғылыми зерттеу бағдарламаларын бiрыңғай басқару қағидасының заңмен бекiтiлуi. Бұл дегенiмiз барлық ғылыми ұйымдар бiр ғана министрлiкке тәуелдi болуды, яғни ғылым монополияланады дегендi бiлдiрмейдi. Мұндағы ең басты мақсат ғылыми-техникалық бағдарламаларды жасауға және iске асыруға, iске асырылған бағдарламалардың нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдауға қойылатын талаптардың тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Бiр әкiмшiнiң болуы iргелi және қолданбалы зерттеулердi тиiмдi үйлестiруге, олардың салааралық үйлесуiн жүзеге асыруға, қайталануды болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Заңның реттеу нысаны болып инфрақұрылымды дамыту, оның iшiнде, зерттеу университеттерiн (Назарбаев Университетi), ашық типтегi ұлттық ғылыми зертханаларды, инженерлiк бейiндегi университеттiк зертханаларды, мемлекеттiк және жекеменшiк нысанындағы жобалау және конструкторлық, ғылыми-ендiрушiлiк үйымдар желiсiн, патенттiк қызметтердi, ғылыми-бiлiм беру консорциумдары мен холдингтердi, ғылыми орталықтар жанындағы коммерцияландыру кеңселерiн және басқа да қазiргi заман талабына сай ғылыми-техникалық қызмет нысандарын құру, ғылым мен өндiрiс, ғылым мен бiлiм беру арасында интеграциялық байланыстарды дамыту.
Ғылыми зерттеулердiң сапасын көтеру үшiн Қазақстанның әлемдiк ғылыми кеңiстiкке кiруi үшiн жағдай жасалуы қажет, ол өз кезегiнде ТМД елдерi мен алыс шетелдердiң ғылыми мекемелерiнiң бiрлескен ғылыми бағдарламалар мен жобаларды орындауда, кадрларды даярлауда, зерттеулердi жүргiзудiң халықаралық стандарттарына көшуде мемлекетаралық интеграциялау мәселелерi заңдық реттеудi талап етедi.
Заңда ғылыми кадрларды даярлау мен оларды аттестаттау мәселелерi қарастырылған, оның iшiнде философия докторларын (PhD) даярлаумен байланысты мәселелер, сондай-ақ ғылыми еңбектердi, оның iшiнде жас ғалымдардың еңбектерiн көтермелеуге бағытталған нормалар заңдық түрде бекiтiлген.
Заңды iске асыру шеңберiнде Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптау ұлттық орталығы құрылды («Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптау ұлттық орталығы» акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 19 шiлдедегi № 831 қаулысы).
Достарыңызбен бөлісу: |