Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы


Еңбек қызмет түрлерінің карточкалары (кәсіп)



бет4/13
Дата05.07.2016
өлшемі1.03 Mb.
#179212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


3. Еңбек қызмет түрлерінің карточкалары (кәсіп)


1) Мамандық атауы: тәрбиешінің көмекшісі.

9. ҰБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3.

10. Лауазымның мүмкін болатын атаулары: тәрбиешінің көмекшісі, бала күтуші, гувернант.

11. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың барлық аталған кәсіптері субъектілерді құзыретті тұлғаның рухани, интеллектуалдық және дене мүмкіндіктерін ашуға, денсаулық сақтау, ақпараттық-оқыту ортасын әзірлеуге, өз білімін жетілдіруі мен өзін дамытуына қолайлы жағдай жасауға міндеттейді.

Жұмыс жасаудағы нормативті құжаттармен байланысы кәсіби стандартқа қатысты №2 қосымшада белгіленген.

12. Тәрбиеші көмекшісінің жұмыс жасау шарттарына, біліміне және жұмыс тәжребесіне қойылатын талаптар кәсіби стандартқа қатысты №2 қосымшада белгіленген.

13. Кәсіби стандарттың бірлік тізімі кәсіби стандартқа қатысты №2 қосымшада белгіленген.

14. Тәрбиешінің көмекшісі жүзеге асыратын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірліктерін сипаттайтын, функционалды карта №2 қосымшада белгіленген.

15. Тәрбиеші көмекшісінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар № 2 қосымшада белгіленген.

2) Мамандық атауы: тәрбиеші.


16. ҰБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4,5

17. Лауазымның мүмкін болатын атаулары: тәрбиеші, мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі.

13. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың барлық аталған кәсіптері субъектілерді құзыретті тұлғаның рухани, интеллектуалдық және дене мүмкіндіктерін ашуға, денсаулық сақтау, ақпараттық-оқыту ортасын әзірлеуге, өз білімін жетілдіруі мен өзін дамытуына қолайлы жағдай жасауға міндеттейді.

Тәрбиеші жоспарлау құжаттарын, оқу-әдістемелік кешен, көрнекі құралдар әзірлеу, мектеп алды даярлық, мектепке дейінгі мекемелер, шағын орта, тәрбиеленуші мен тәрбиеші құжаттарын рәсімдеу, техникалық оқыту құралдары мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тағы басқалары оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырушылық, техникалық және әдістемелік жағдайларын туғызады.

Оқу орны, ата-аналармен қарым-қатынасқа, рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге, креативті ойлауды дамыту мәселелеріне, әдістемелік, педагогикалық және басқарушылық кәсіпқойлыққа, тұлғалық-кәсіптік құзыреттіліктерді қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

14. Тәрбиешінің жұмыс жасау шарттарына, біліміне және жұмыс тәжребесіне қойылатын талаптар кәсіби стандартқа қатысты №3 қосымшада белгіленген.

15. Кәсіби стандарттың бірлік тізімі кәсіби стандартқа қатысты №3 қосымшада белгіленген.

16. Тәрбиешінің жүзеге асыратын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың бірліктерін сипаттайтын, функционалды карта №3 қосымшада белгіленген.

17. Тәрбиешінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар №3 қосымшада белгіленген.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру кәсіби стандартына 1-қосымша


1-кесте. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері



Іс-әрекет түрінің атауы

Еңбек нарықтығындағы өзгерістерге қарай мамандық атауы


ГК РК 01- 2005 сәйкес мамандық атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі



Ұйымдастырушылық- көмекші іс-әрекет

Тәрбиешінің көмекшісі

Тәрбиешінің көмекшісі, бала күтуші, гувернант

3



Педагогикалық іс-әрекет.

Санатсыз тәрбиешісі (4.1)

Тәрбиеші, мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі

4



ІІ санатты тәрбиеші (5.4)

5



І санатты тәрбиеші (5.3)

5



Жоғары санатты тәрбиешісі (5.2)

5

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру кәсіби стандартына 2-қосымша


1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ ҚР)

Базалық топ

5131Балаларды күтетін қызметкерлер

Педагогикалық және оларға теңестірілген қызметкер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары (ТБС)

ҰБШ сәйкес

біліктілік деңгейі



Санаттар

3










санаты жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет