3-параграф. Білім беру ұйымына қауіптің жазбаша нысанда түсуі
15. Қауіп-қатер алушының жазбаша нысандағы іс-әрекеті (басшы, қызметкер, педагог, білім алушы):
Алғаннан кейін мұндай құжаттты, хабарласушымен барынша сақ болыңыз. Мүмкіндігінше оны таза, тығыз жабылған пластик пакетке салыңыз да, бөлек қатты қалтаға салыңыз.
Оған саусақ іздерін қалдырмауға тырысыңыз.
Егер құжат конвертте келіп түссе – оны тек сол немесе оң жағынан ашып, шеттерін қайшымен мұқият кесіңіз.
Барлығын сақтаңыз: мәтіні бар құжаттың өзі, кез келген тіркеме, конверт және қаптама-ештеңені тастамаңыз.
Құжаттың мазмұнымен таныс тұлғалар тобын кеңейтпеңіз.
102 ішкі істер органдарының арнасына немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне дереу хабарлау қажет.
4-параграф. Білім беру ұйымының қызметкерлеріне, педагогтеріне, білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қарулы шабуыл жасау
16. Қызметкерлерге, педагогтерге, білім алушылары мен тәрбиеленушілерге қарулы шабуыл жасалған кезде өзін-өзі оқшаулау үшін шаралар қабылдау, қауіпті аймақтан дереу шығу, сондай-ақ ішкі істер органдарының "102" арнасына немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарлау қажет.
Жасырынып, террористердің кетуін күтіңіз және мүмкін болған жағдайда ғимараттан шығыңыз.
17. Басшының іс-қимылы:
қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы Құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарды дереу хабардар ету;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау, объектідегі тосын жағдай туралы хабарлау);
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимыл жасау.
18. Персоналдың іс-қимылы (қызметкерлер, педагогтер):
жағдайды бағалаңыз, білім алушылармен бірге ғимараттан қалай кететініңіз туралы нақты жоспар жасаңыз;
егер оқушылармен бірге қауіпсіз эвакуациялануға мүмкіндік болса, ғимараттан шығыңыз;
заттар мен сөмкелерді қалдырыңыз;
қолыңызды жасырмаңыз, олар көрініп тұруы керек.
Егер ғимараттан шыға алмаған жағдайда:
кабинеттен, топтан жылдам шығып, дәліздегі барлық білім алушылар, тәрбиеленушілер мен қызметкерлерді өз кабинетіңізге бағдар беру;
сізге таныс емес немесе кіруге рұқсаты жоқ ересектерді кабинетке немесе топқа жібермеу;
есікті мықтап жабыңыз, мүмкіндігінше кілтпен;
терезелерді жабыңыз, барлық перделерді түсіріңіз немесе жабыңыз;
шабуылдаушы оларды есікке қарап көре алмайтындай етіп білім алушыларды қабырғаға тұрғызыңыз;
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге "Қауіпсіз бұрыш" табыңыз;
жарықты сөндіріп және компьютерлердің мониторларын өшіріңіз, ұялы телефондарды дыбыссыз сигналға қойыңыз;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін тыныштықты қамтамасыз ету;
қатысу парағын толтырыңыз (дәліздерден кірген білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тізімдеңіз (жоғарыда көрсетілгендей) және осы сыныпта болуы керек, бірақ жоқ болған білім алушылардың тізімін жасаңыз.
Ескерту: шамдарды өшірмес бұрын, барлық қызметкерлер сабаққа қатысу журналын тауып, қолында ұстайды. Бұл барлық білім алушылар мен тәрбиеленушілерді эвакуациялауға көмектеседі.
спорт залындағы білім алушыларды шешінетін бөлмеге ауыстырып, барлық есіктерді құлыптап, қауіпсіз орын табу керек;
асханалардағы білім алушыларды жақын сыныптарға көшіру қажет;
егер қызметкерлер мен білім алушылар білім беру ұйымының ғимаратынан тыс жерде болса, олар ең жақын қауіпсіз жерге жетеді, тоқтайды, жатып қалады және қозғалмайды;
егер қызметкерлер, білім алушылар және тәрбиеленушілер дәретханада болса, олар кабинаны жауып, жарықты сөндіреді;
дәліздегі барлық адамдар дереу жақын сыныпқа көшіп, жарықты сөндіреді;
медбикелер/асхана қызметкерлері/көмекші қызметкерлер өздері тұрған бөлмеде қалып, есіктерді жауып, жарықты сөндіреді;
білім алушылар мен кітапхана қызметкерлері кітапханада қалады. Кітапханашылар есіктерді құлыптап, жарықты сөндіріп, балалар мен өздері үшін қауіпсіз орын табады.
Ескерту: Басшының өкіміне дейін қауіпсіз жерлерде болыңыз.
19. Білім алушылардың іс-қимылы:
дүрбелең болмау, барлық жағдайда мектеп қызметкерлері мен мұғалімдерін тыңдау;
объектіні білдірмей тастап кету, мүмкін болмаған жағдайда-қауіпсіз жерде жасырыну;
есікті құлыптау, құқық қорғау қызметкерлерінің келгенін күту;
құқық қорғау және/немесе арнайы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар етуге міндетті.
Ескерту: басшының немесе педагогтардың өкіміне дейін қауіпсіз жерлерде болыңыз.
20. Білім беру ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың іс-қимылы:
қарулы шабуылдаушыны анықтау;
мүмкіндігінше объектіде адамдардың жаппай болу орындарына оның жылжуын бұғаттау;
қарулы шабуыл фактісі туралы объект басшылығына, құқық қорғау және/немесе арнайы мемлекеттік органдарға кез келген тәсілмен хабарлау;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау).
Достарыңызбен бөлісу: |