6-параграф. Білім беру ұйымының ішінде және оның аумағында атыс кезінде
26. Басшының іс-қимылы:
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің және басқада қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоғары деңгейде қажетті жағдай ұйымдастыру;
құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарды атыс туралы дереу хабардар ету;
қызметкерлердің, педагогтар мен білім алушылардың өмірін қорғауға арналған іс-әрекеттерді ұйымдастыру.
27. Персоналдың (қызметкерлер, педагогтар) және білім алушылардың іс-қимылы:
егер сіз көшеде атыс естіген болсаңыз, терезе жанында тұрмаңыз, тіпті ол пердемен жабылған болса да;
терезе алды тақтайының деңгейінен жоғары көтерілмеңіз;
балаларға оқ атылатын сыныпқа кіруге рұқсат бермеңіз.
Егер атыс кезінде көшеде болсаңыз, жерге жатып, баспанаға баруға тырысыңыз (ғимараттың бұрышы, гүлзар, аялдама), егер жақын жерде ондай болмаса, басыңызды қолыңызбен жауып, қозғалмай тік жатыңыз.
Бәрі басылған кезде сіз көтеріліп, маршрутты өзгерте отырып, межелі жерге жете аласыз.
7-параграф. Білім беру ұйымы ғимаратының жарылуы кезінде
28. Басшының іс-қимылы:
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің және басқада қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоғары деңгейде қажетті жағдай ұйымдастыру;
ғимараттың жарылуы туралы құқық қорғау және/немесе арнайы мемлекеттік органдарды дереу хабардар ету;
қызметкерлердің, педагогтер мен білім алушылардың өмірін қорғауға арналған іс-әрекеттерді ұйымдастыру.
29. Персоналдың (қызметкерлер, педагогтер) және білім алушылардың іс-қимылы:
шыны шкафтардың, витриналар мен терезелердің жанында болмауға тырысып, еденге жатыңыз;
сіз негізгі қабырғалардың астына тығыла аласыз, өйткені көбінесе бөлімдер, төбелер, люстралар өлімге әкеледі;
баспалдақ алаңына шықпауға, қосылған электр құралдарына қол тигізуге;
қараңғыда қалғанда сіріңкені бірден жақпаңыз - газдың ағуы мүмкін;
ғимараттан артқа қабырғаға басу арқылы шығу керек, әсіресе баспалдақпен түсу керек болса. Сіз бүгіліп, басыңызды қолыңызбен жабуыңыз керек-сынықтар мен әйнектер үстіне себілуі мүмкін.
Көшеде қалсаңыз, ғимараттан қашыңыз, бұл ретте карниздер және қабырғалар қадағалаңыз, олар құлап кетуі мүмкін. Сіз тез және мұқият жүруіңіз керек, өйткені үй құлаған кезде қалың шаң бұлт көтеріледі, ол дүрбелең тудыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |