1.2. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім берудің алғашқы сатысы. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамытуды, яғни сөйлеу, оқу, талдау жасауға үйретуді және ойын толық, дұрыс жеткізуді қамтиды. Ғылым мен техниканың кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын- бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Соған сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік стандарты жетілдірілді. Оқу жоспарына сай зерделенетін пәндердің барлығы да білімдік және тәрбиелік рөлі жағынан бірдей маңызға ие болып негізгі пән, қосымша пән деп бөлінбей оқытылады. Барлық пәндер біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің ерекше қырларын ұйымдастыра отырып, сананың этикалық, эстетикалық түрлерін дамытудың, оқушының шығармашылық әлеуетін практикалық іс-әрекет арқылы ашуды қалыптастырады. Мемлекеттік стандартта дамыта оқыту ұстанымына сәйкес білімнің теориялық деңгейін көтеру, оқу әрекетін қалыптастыруда білімнің танымдық, шығармашылық рөлін мақсат етіп қойды.
Демек, бұл мақсатты жүзеге асыруда оқу, жазу, математика, дүниетану, ән, еңбек, бейнелеу т.б. пәндерді оқытуда баланың шығармашылық дағдыларын, еңбек біліктерін қалыптастыру – негізгі жұмыс формасы. Пәндерді оқыту арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен сусындаған, болашақ халық игілігін жасайтын азамат тәрбиелеу. Ал міндеті- оқушылардың танымдық деңгейін кеңейту, шығармашылық және еңбек біліктерін, қабілеттерін дамыту, рухани байлықты дамытуға жағдай жасай, салауатты өмір салтын насихаттау. Соның негізінде ұшқыр ойлы, жаны сұлу, тәні сау, шығармашылықпен ойлай білетін дара тұлғаны тәрбиелеуге ұмтылуымыз қажет.
Шығармашылық әрекет – білім беру мазмұнының негізгі элементтерінің бірі. Мұның өзіндік мазмұны бар, оқушыларды жаңа роблемаларды ізденіп шешуге, өмірді шығармашылықпен қайта құруға дайындайды. Балалардың шығармашылық күші тек білім көлеміне байланысты емес және адамдардың табиғи қабілетінің болуы да жеткіліксіз. Дайын күйінде меңгерілген білім көлемі де, үлгі бойынша меңгерілген іскерлік те баланың шығармашылық мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алмайды. Бала өз бетінше ойланып әрекет етіп үйренбейінше өзінің табиғат берген нышаны мен қабілетін көрсете, шығара алмайтын жағдайға жетеді.
Шығармашылық қабілеті дамыған ұрпақтың болуы – бүгінгі қоғам талабы.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуда мектепте пәндерді жүйелі оқыту мақсатты түрде ықпал ете алады.
Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс- әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, еңбек білік дағдыларын қалыптастыру қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау сабақты дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту деп, ең алдымен оған қатысты адам сапаларын қалыптастырамыз. Оған ойлау белсенділігі, тездете үйрену, ептілік пен тапқырлық, нақтылы практикалық жұмысты орындауға қажетті білімді игеруге талпыну, еңбексүйгіштік, әр түрлі құбылыстардағы өзгешелікті көре білу қабілеті және т.б. жатады. Дербес жасалатын шығармашылық өнім: үлгі, макет, өлең, ойыншық, т.б. шығармашылық, іскерлік қызметке қажетті сапалардың осыншалық ауқымды әрі тиімді дамуының нәтижесі болуы тиіс.
Мектеп қабырғасындағы оқу үрдісі барысында оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктері мен қабілеті арасындағы айырмашылықтарды естен шығармау керек. Кіші мектеп жасындағы
балалардың өзіндік дербес мүдделері, қабілеттері, икемдері ьолса, онда оқу процесінде еңбектің түрлі саласын енгізіп, олардың шығармашылық ынтасын көтермелеп отыру керек.
Білім – шығармашылықтың тірегі. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері оның білімінен тысқары кете алмайды. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қызметі басталуға дейін жұмысты орырдауға қажетті білімі жетіспей жатады. Сондықтан олар тек бірегей шығармашылық ғана емес, жалпы кез-келген өнімді жасай алмайды. Демек балаларды қажетті негізгі білімдер мен шығармашылық өнімдерді жасауға керек болатын дағды, әдістерге үйрету керек. Ол пәндерді оқыту барысында жан-жақты іске асады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылар көп нәрсенің бәрін бірдей меңгеріп кете алмайды. Егер оқытылатын материал мөлшері оның ақыл-ой, ерік- жігер мүмкіншілігінен асып кетсе, онда бала артық білімді игермек түгіл, өз мүмкіндігіне сай келетін қалған материалды іріктеген кезде балалардың белгілі бір уақыт өлшемінде тиімді игере алмайтын материал санына шек қоямыз. Ал бірақ іс-әрекетін оның дербестігімен бірлікте қараймыз. Өйткені, олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірінің дамуына екіншісі ықпал жасайды. Баланың еңбекке деген бейімділігі бала күннен бастап қалыптаса бастайды.Оқу және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып нығаяды. Дарындылық оқу және шығармашылық болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым секілді. Өмірді танып білу әдетте оқып үйренуден басталады. Сонан соң бала сол білімін шығармашылықпен пайдалануға ұмтылады. Яғни, оқушы бір деңгейден екінші деңгейге көтеріліп, әрі қарай толыса түседі. Оқу және шығармашылық қабілеттің арасындағы байланыстарды ескеру өте маңызды. Адамның ақыл-ойы биіктеген сайын шығармашылық қабілеті де жоғарылай түспек. Америка психологі М.Корненің пайымдауынша олар былайша тұжырымдалады:
-
Бағдарлама талабына сәйкес келмейтін оқу үрдісі;
-
Оқу бағдарламасының әлсіздігінен туындап жатқан сабаққа деген
салқын көзқарас және тәртіптің нашарлығы;
-
Дарынды балалар әдетте күрделі істер мен ойындарды ғана ұнатады. Сондықтан оларды орта дәрежедегі құрбы – құрдастарының іс – қимылдары қызықтыра қоймайды;
-
Олар стандартты талаптарды қаьылдай білмейді.Өйткені, олар қызғылықсыз болып көрінеді;
-
Өз шама – шарқын бағалай білмеу, өз кінәсін өзгеге аудара салуға бейім тұру;
-
Алдына орындалмайтын мақсат қою, қиялға берілушілік;
-
Өзара сенімсіздік;
-
Өзіне сын көзбен қарауды білмеушілік.
Қабілет, дағды, білім және икемділік арасындағы байланыс жай сөз еткенде осы байланыстың екі жағы туралы айтпасқа болмайды. Еңбек психологиясында білімдарлық – қабілеттілікті анықтаудың бірден – бір параметрі. Н.А.Менчинскаяның пайымдауынша білімді игеруге деген қабілеттілік білімдарлықтың негізі болып табылады. Білімділіктің қасиеттері ретінде біз мыналарды негізге аламыз:
-
ойлау қызметін жинақтап қорыту;
-
іс-әрекет пен ойлаудың ұғынықтылығы;
-
ойлак мен еңбектің икемділігі;
-
ойлау мен еңбектің тұраұтылығы;
-
ойлау мен еңбектің дербестігі.
Бұл білімдарлық оқушының мектепте оқу пәндерін барынша мол игеруге деген құлшынысы.
Бүгінде республикамыздың көрнекті ғалымдары Ж.М.Әбділдин, Қ.Б.Жарықбаев, М.М.Мұқанов т.б. еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасына қосқан зор үлес деп білеміз.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері әсіресе ән, ойын, еңбек сабақтарында, жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен, білумен байланысты көрінеді. Қазіргі таңда шығармашылық қабілеттің дамуы басты нысаны болып, ол оқушыда шығармашылықтың белгілерінің
болмауы үлкен мәселе болып көтеріліп отыр. Өйткені, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келмек.Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісі алғашқы сатыларының бірі болып саналады. Білім беру ісі дегенде мұғалім еңбегі айтылады. Педагогтардың айтуынша қабілетсіз ұстаз болғанмен, қабілетсіз шәкірт болмайды. Бұл пікірді орыстың заңғар жазушысы және ұлы ойшылы Лев Толстойдың: «Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында» деген даналық сөзі де тереңдете түскендей. Демек, біз, ұстаздар сол ашылмай бұйығы жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде аша біуіміз, дұрыс жолға бағыт сілтеуіміз керек-ақ! Сайып келгенде, бұл бәрімізден де аса үлкен жауапкершілікті, ыждағаттылықты талап етері сөзсіз.
Қазіргі педагогиканың оқушылардың бойында шығармашылықпен қызмет ету сапасын қалыптастыруға бағытталуы педагогикалық іс-әрекеттің ұстанымдарының да өзгеруіне соқтырып отыр. Білім бару жүйесі қарекетінің мәні- сынып жөнінде болатын іс-әрекетке тәуелді. Сондықтан мұғалім тек дайын білімді беруші, жеткізуші емес, оқушының оқуын, дамуына көмектесуі,ол ақпарат көзі емес ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуы тиіс.
Сонымен оқушының өзінің шығармашылықпен ойлау қабілеттері оқу үрдісін қайта құрудың басты факторы болып табылады. Ол шін мұғалім ойлау әрекетінің негізі болып табылатын методологияны меңгерген шығармащыл тұлға болуы тиіс. Бірақ әзірге мұғалімнің педаогикалық үрдістегі ойлау әрекетін кәсіби басқарушы ретіндегі әдістемелік те, психологиялық та дайындығы жеткіліксіз.
Білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінде оқу бағдарламалары, негізінен, фактілерді жинақтап есте сақтауға, басқа да шығармашыл емес әрекет түрлеріне құрылған. Сондықтан мектепте жақсы оқыған оқушылардыңкөпшілігі, егер одан кейінгі оқуы немесе жұмысы одан шығармашылықты талап етсе, бұған ьарынша қарсылық көрсетеді. Егер шығармашылық әрекетке білім беру курсының басынан бастап, тіпті, мектепке дейінгі мекемеден бастап, баланың бүкіл шығармашылық әрекетінде дем беріп отырса, мұндай қиыншылықтарды жоюға болады.
Шығармашыл тұлғалардың қасиеттерін зерттей келе, психологтар шығармашылық қабілеттердің табиғаты жаратылыстану және гуманитарлық бағыттар үшін бірдей екенін анықтады.
Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің ьарлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру ізгіліктендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Бұған дейінгі дәстүрлі білім беру оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуынакөңіл бөлінбеді.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.
-
Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
-
ақпараттың дәстүрлі әдістері- ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс- қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
-
баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
-
мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда.
Кіші мектеп жасындағы баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның қабілеттерін жан – жақты дамытуға, өз күші мен мүмкіндігіне деген сенімінің болуына әрқашан жағдай жасап отыруымыз қажет. Бұл проблеманы шешуде жоғарыда айтылған педагог – психологтардың пікірлері мен тұжырымдарын басшылыққа аламыз. Сонда ғана бала шығармашылығын дамытудағы еткен еңбегіміз өз жемісін бермек.
Баланы оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі – бұл көп жылдар бойы көптеген ғалым психологтардың, педагогтардың, практик – мұғалімдердің пікірталас тудырып келген және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселесі.
Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге, теориялық материалдарға сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады. Біріншісі – биологиялық фактор, екіншісі -әлеуметтік орта немесе қоршаған орта, үшіншісі – тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі.
Ғалымдардың пікірінше осы үш фактордың ішінде тәрбиенің, яғни оқу-тәрбие үрдісінің ролі зор.
Туғаннан дені сау баланың белгілі дәрежеде дамитыны сөзсіз. Алайда әрбір баланың педагогикалық-психологиялық тұрғыдан даму ерекшеліктерін ескерсек, барлық баланың бірдей дәрежеде дамуы мүмкін емес.
Көптеген ғалым- педагогтардың, практик- мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рольді ең алдымен оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік әрекет болмаса, жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Сол себепті, біз өз кезегімізде оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын өз бетімен жұмыс, оның түрлері, бала дамуындағы орны сияқты мәселелер төңірегінде сөз етпекшіміз.
Қазіргі кезеңде оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқыту процесінде оқушыларға дайын ақпараттыжеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Бұндай әдістемелер арқылы оқушылар еске сақтау, қайталап айту қабілеттерін ғана дамытып, біржақты ғана жұмыс жасайды. Оқытушы оқушының бұрынғы сабақтарда дайын күйінде берілген материалды қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны ғана бағалайды.
Оқушының дарындылығы, шығармашылық қабілеті бағалаусыз қалады. Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін қарастырып, ғылыми тұрғыда зерттеп, жаппай практикаға енгізуді қолға алу керек. Оқу жүйесін қайта құру кезеңінде оқыту әдістемелеріне де көңіл бөліп, заман талабына сайларын ғана қолдау көрсетіп іріктеген жөн болар еді. Етек жайған нарық заманында шығармашылық қабілеттері бар оқушылардыанықтай отырып оларды әрі қарай оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген біртұтас әдіснамасын құрастырудың маңызы үлкен.
Оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық әдістерін қолдануға ғана байланысты ьолып қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің әртүрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
Шығармашылық қабілеттің балада қалыптасуы кең диапазонды: ақыл-ой қалыстығынан бастап жоғары дәрежедегі таланттылық, жалпы дарындылыққа дейінгіні қамтиды. Сондықтан да барлық оқушыларды бір нұсқалы бағдарламамен оқытар болсақ, дарындыбалалардың қабілеті дамуына зиян келтірген болар едік.
Біздің қазіргі кездегі оқыту жүйесі орташа оқушыға, ал мамандыққа дайындау “орташа маманға” бағытталғанын ескерсек, шығармашыл, дарынды балаларды оқыту жайы жоспарланып, оларға әдейі арналған оқу орындарының ашылуы, өкіметіміздің бұл саладағы бағытының дұрыс екендігін көрсетеді. Соңғы жылдардың ғылыми зерттеулері (С.Л.Рубинштейн, Я.А.Понамарев, Б.М.Кедров, О.К.Тихомиров, А.Н.Брушлинский және т.б.) шығармашылыққа бейім оқушылардан маман дайындау мәселесін әуелі бастан дарындыларды таңдап алу жағын реттеп алмай және әдейі жасалынған бағдарламалар мен әдістемелер қолданбай шешуге болмайтындығын көрсетті:
-
шығармашылық қабілеттің ұрығы барлық адамда, кез-келген түбі түзу сәбиде болады, айырмашылық тек қана жетісу деңгейінде және қоғамдық пайдалылығында болады;
-
шығармашылық қабілетті балалық кезден бастап дамыту қажет;
-
шығармашылық қабілетті дамытудың негізгі жолы- балалар мен оқушы жастарды еңбек етудің олар үшін оқу, үйрену және тәрбие алу екендігін және осылардың бәрі де шығармашылық бағытта болу керек екендігін ескере отырып, шығармашылық қызметке тарту болып тадылады.
Шығармашылықтың мынадай белгілерін атап көрсетуге болады:
-
Объективтік жаңалық;
-
Субъективтік жаңалық;
-
Экономикалық эффекті;
-
Пайдалылығы.
Объективті жаңалық дегеніміз адамзат тарихында әлі ашылмаған жаңалық. Оның экономикалық эффектісі, адамзатқа пайдасы болу керек.
Субъективті жаңалық - әрбір адам үшін әлі танылмаған, білмеген білімі, біліктілігі жаңалық болып табылады. Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылығы оқу-танымдық үрдістен, нақты ойлаудан абстракты ойлауға, одан практикалық біліктілікке, білімді меңгерудің әртүрлі тәсілдерімен, әдістерімен байланысты болады. Оқушы өз іс-әрекетінде білімге деген белсенділік танытуы керек.
Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын, ғылымға, өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды іріктеп, олардан интеллектуалды орта құру жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан жасау мүмкін еместігін ескерсек, дарындыларды іздеп тауып, олардың шығармашылық қызметіне көмектесу қолдан келерлік іс.
Адамның еңбегі мен жұмыс күнін, мамандығына бағалы тауар есебінде қарайтын жаңа көзқарас, өндіріс орындары мен басқа да халық шаруашылық мекемелерінен, ғылыми зерттеу орталықтарынан қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде олардың ынтасы мен шығармашылық қабілетіне, ойлап- болжай білетіндігіне, т.с.с. жақтарына назар аударуды талап етуде. Сұранысқа сай жоғары дәрежедегі маман қызметкерлерімен жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін оқушылар әдістемелерді қолдана отырып дамыту мәселелеріне көңіл аудару қажет.
Қазіргі кезеңде оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқыту процесінде оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Бұндай әдістемелер арқылы оқушылар еске сақтау, айту қабілеттерін ғана дамытып біржақты ғана жұмыс жасайды. Оқытушы оқушының бұрынғы сабақтарды, дайын күйінде берілген материалды қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны ғана бағалайды. Оқушының дарындылығы, шығармашылық қабілеті бағалаусыз қалады.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.
Абай “Он бесінші қара сөзінде” адамның ақыл-ой қабілеті туралы мынандай пікір айтады: “Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуелі – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды, сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалыптасады. Сонда есті адам орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойласа көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен ойлардың өкініші де жоқ болады екен.
Егер кісі орнын таппай, не болса бір баянсыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен-дағы күнінде өкінгені пайда болмайды екен.
Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозьастай, буыны босамастай көріп жүріп бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа сайран қылуға жарамай қалады екен.
Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе көп, әрбір құмарлық өзіне біртүрлі дерт болады екен де, әрбір құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әні-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.”
Оқушылардың өздігінен жасайтын түрлі оқу жұмыстары балалардың белсенділігін арттырады және оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін қалыптастырады, басқаша айтқанда, оқу материалымен белсенді түрде жұмыс істеуге үйретеді. Мысалы: материалдың негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру, оларды белгілі жерге келтіріп топтастыру және қорытындылар жасау сияқты т.б. амалдарды қолдану. Осындай амалдарды қолдану арқылы оқушы материалдың мазмұнын еркін меңгеріп, материалдық баяндау тәртібін өзінше өзгертіп айтып беруге шамасы келеді. Ал материалмен ойдағыдай жұмыс істей алмайтын оқушылар оның мазмұнын тек басынан бастап айтады да, басқаша өзгертіп айтуға қабілеті жетпейді.
Оқу материалымен жұмыс істеудің тиімді жолдарын білетін оқушы оны тек есте қалдыру үшін жаттап алмайды, ол өзінің белсенді ойлау әрекеті арқылы материалдың негізгі жақтарын айырып, оларды белгілі жүйеде байланыстыра түсінуге тырысады. Мұндай оқушылар кейбір екінші дәрежелі жақтарына көңіл аудармай, оның жетекші мүддесі мен заңдылықтарын ұғып алуға күш жұмсайды және басқа материалды (мысалдарды, фактілерді) солармен байланыстыра қарастыратын болады. Оқушы өзінің ұққанын, оқыған материалдың ең маңызды жерлерін қысқша жазып алады. Схема, таблица, модельдер сияқты графикалық жұмыстарды да пайдаланады. Оқу материалын терең меңгеру үшін, теориялық материалдардан нақтыға және керісінше, нақтыдан теориялық материалдармен жұмыс істеуге үйренеді.
Бұдан шығатын қорытынды: оқущылардың өздігінен жұмыс істеуге және оның жемісті болуы олардың ойлау әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты екендігі. Оқушылардың өздігінен оқуына дұрыс басшылық ету үшін олардың ойлау әрекетіндегі дара айырмашылықтары болатындығын ескерген жөн.Балалардың ойлау қабілетін дамытуда салыстыру амалының ролі өте зор. К.Д,Ушинский “Салыстыру – түсінудің, ойлаудың негізі. Дүниеде барлық болып жатқан құбылыстарды салыстыру арқылы ғана білеміз, егер біз еш нәрсемен салыстыруға болмайтын бір жаңа зат кездессе, біз бұл зат туралы бірде-бір пікір, бір ауыз сөз де айта алмаған болар едік” - деді.
Сондықтан оқушыларға салыстыру амалын дұрыс қолдануды үйрету керек. Мынадай тапсырмаларды орындату пайдалы:
-
Салыстырудың мақсатын анықтау.
-
Нәрселерді қандай белгілері бойынша салыстыруға болады?
-
Салыстыру арқылы байқағандарына қорытынды жасау.
Оқушылардың есеп шығарғанда анализ бен синтез амалдарын қолдануда да мынадай айырмашылықтар байқалған: оқушылардың бір тобы – анализ бен синтезді мүлдем қолдана алмаған, екінші тобы – ойдағыдай қолданса, үшінші тобы – шала, толық дәрежеде қолдана алмаған.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Бастауыш сынып оқушысының белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбекке моральдық белсенділік дәрежесі бойынша, адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп бастауыш сынып оқушысының іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтамыз. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында оқушылардың қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі- қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді.
Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейміз. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттерін және олармен өзара қарым-қатынас жасауғаеліктеуі рөлді ойындарды ойнау барысында байқалады.
Көбінесе балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп орындауға, қылықтарын ережеге бағындыруға, керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Осындай бірігу іс-әрекеттерінің қуанышы балалар арасында жолдастық, достық сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір-біріне қамқорлық жасап көмектеседі, ілтипатты болады.
Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін қолдана білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.
Бастауыш сынып оқушыларының санасының қалыптасуына байланысты тәрбиелеу белсенділігі кезінде мұғалімнің, ата-ананың ықпалы күшті болады. Бала даму барысында өзін-өзі жетілдіру мақсатын көздеп, талаптанып, әр түрлі әрекет жасайды. Баланың мұндай талаптанушылығын қосьап, тәрбиеші үнемі оған көмек ьеріп, бағыт беріп отыруы қажет. Оқушыны мұғалімдер түрлі тапсырмалар сия беретін әшейін бос қуыс нәрсе деп қарамай, оқушы - өсуші, дамушы организм, ол шамшырақ, оның тұталып жарық беруі мұғалімнің тікелей басшылығымен ұйымдастырылатын өзін-өзі тәрбиелеу ісіне байланысты. Демек, бала тәрбиенің әрі объектісі, әрі субъектісі болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |