Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет3/28
Дата20.05.2022
өлшемі415.18 Kb.
#458082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Куштик трансформатор диплом

1 Құрылысына шолу





    1. Күштік трансформаторлардың құрылысы

Трансфрматорлар деп индуктивті байланысқан екі не болмаса одан да көп орамаларға ие, бір немесе бірнеше басқа айнымалы ток жүйеге берілген электрмагниттік индукцияны бір не болмаса бірнеше рет түрлендіретін электрмагниттік статикалық құрылғыны айтамыз.


Трансформатор құрлысы төмендегі негізгі бөліктерден тұрады:

      • орама;

      • негізгі оқшаулама;

      • бак;

      • магнитөткізгіш;

      • суыту жүйесі;

      • шығарғыш;

      • бақылау сымдарына жөндеу;

      • шығу және кіру.





    1. сурет – Трансформатордың жалпылама түрі



    1. Трансформаторлардың принципі


Трансформатор принциптерінің әсері электрмагниттік индукция заңдылығына негізделеді. Трансформатордың бірінші орамасын (бірінші ретті) синусоидалы, айнымалы кернеуге жалғағанда осы ораманың


орамдарында айнымалы ток пайда болады, яғни магнит өткізгіштерде айнымалы магнит ағынын тудырады.
Осы ағын магнит өткізгіштерде тұйықтала отыра, бүкіл трансформатордың орамаларына ене отыра, ЭҚК индукциялайды, осы ораманың орамдар санына тура пропорционал болады.
Трансформатор негізгі магнит өткізгіштік өзекшеден және ток өткізетін орамалардан тұрады. Май толған бак күштік тансформаторлардың өзекшелерді, орамаларды суытуға арналған. Трансформаторда стержендерден, яғни өзекшелеріне орамалар оралған, сонымен қатар стержендер арасында болатын ағындарды жүргізу үшін мойынтірек қолдаланылады. Өзекшелер екіге бөлінеді: бронерлі, стерженді .
Бронерлі өзекше - тармақталған магнит жүйесі. Сол себепті, орамаларда орналасқан мойынтіректегі ағын стержендік ағынның тең жартысын құрайды. Көбінесе үш фазалы трансформатор стерженді болып табылады.
Олардың өзекшелері мойынтіректен жалғанған үш стерженді бір табақшаға орналасады. Осындай трансформатордың жүйесі айтарлықтай бейсызық болады, себебі соңғы және ортасындағы стерженнің магнит ағын өткізуі әр түрлі болады.
Ағын өзгеруінің нәтижесінде болат өзекшенің бойында, яғни контур болйында ЭҚК индукцияланады, яғни құйынды токты пайда болдырады, , стерженнің меншікті қимасында орналасады, болат контурда тұйықталады. Құйынды токтарды төмендету үшін трансформаторлардың өзекшесін электртехникалық болаттан жасалатын 0,5мм не 0,35мм қалыңдықта болатын оқшауланғанатын, төртбұрышты табақшалардан жинайды. Олардың арасына ауа саңылауын кішірейту мақсатында неше түрлі әдіс арқылы жиналған, өзекшенің бөліктерін кезекпе кезек жинайды. Жинап болғаннан соң жоғарғы мойынтірек бетін шығара отыра, стержендерге орамаларды орналастырылады, осыдан соң мойынтіректі қайта қысады. Өзекшенің беттері 0,03мм қалыңдығы құрайтын лак не болмаса қағазбен оқшаулайды, сонымен бірге оқшауланған шпилектерм арқылы жинастырылады.
Трансформаторларда электр энергиясын тарату мақсатында көбінесе концентриялық орамалар пайданылады, осы жерде қуыс цилиндрлер деп саналатын түрі бекітілген. Көбінесе, қажет ететін өзекшенің оқшаулау қалыңдығы аз болатын төменгі кернеу орамы жақын өзекшелерде орналастырылады.
Суытудың әдісіне байланысты трансформаторларды орамалары майға салынуна қарай майлы, құрғақ ауа арқылы салқындату болып бөлінеді. Үлкен қуатты трансформаторларды суыту майлы суыту түрінде іске асырылады. Көп жағдайда, трансформаторда майдың сұйық түрін қолдаланылады, аздаған шамалар жылу беруіне ықпал етеді.
560 кВА қуатқа ие трансформаторлардың орамасы концентриялық цилиндрлік орама түрінде дайындалады, көбәнесе, екі қабатты болып жасалады. Орамалардың қабаттарының қимасы дөңгелек немесе
төртбұрышты сымдардан болады. Сымдар винтті сымға нығыздалып, цилиндрлік түрде оралып жасалады.
Қуаты улкен трансформаторлардағы төменгі кернеулі винттік түрде концентриялық орама дайындалады. 35 кВА кернеулі трансформаторлардың орамасы концентриялы болып келеді, үздіксіз түрде дайындалған, винтті түрдегі орамадан бір айырмашылығы, жеке-жеке орама концентриялы орама сияқты оралады. Орамалардың катушкалары үздіксіз, бір ғана сыммен еш дәнекерлеусіз оралып жасалады. Өсьтік ығыстыру күш әсері барысында пайда болатын қысқа тұйықталуда үздіксіз орамалар сенімді болып келеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет