Қалыптасқан пікір бойынша ауыл шаруашылық жануарларының кондициясы (лат. condicio – жағдайы, қалыпы) шаруашылықтық мақсатта пайдалануына лайықты жануардың физиологиялық жағдайы; негізінен жануардың қоңдылығы арқылы сипатталады.
Зауыттық кондициядағы жануарлар негізінен өте семіз емес, ойнақтап тұрады және жыныстық белсенділіктері байқалып тұрады, өйткені оларды аса мол азықтандырмай, жақсы күтіп бағады және дұрыс пайдаланады.
Бордақы малының кондициясы оның бағылу дәрежесін көрсетеді және денесінде жинақталған майдың дәрежесін білдіреді (етті бордақылауда май еттің өн бойына біркелкі таралады).
Көрмелік (выставка) кондициядағы жануарлар орташадан жоғары семіздіктегі және домаланған дене бітімімен ерекшеленеді. Бұған жануарларды молынан азықтандыру мен мұқият күтіп-бағу арқылы қол жеткізеді.
Жұмыс кондициясына қара жұмыс істеуге арналған жануарлар (аттар, есектер, өгіздер және т.б) ие келеді.
Жаратылған (жарау) кондицияларына спорттық жылқы тұқымдары ие келеді. Мұндай жылқылар бірсыдырғы күйде және жақсы дамыған бұлшық еттерімен ерекшеленеді. Бұларға да лайықты азықтандыру мен күтіп-бағу жұмыстары талап етіледі.
Жануарларды сою әдістері. Жануарлардан ет өнімін алу мақсатында оларды сою. Жануарларды сою алдымен үй жануарлары мен құстарына қатысты айтылғанымен, жабайы аң-құстарға да қатысты келеді. Жануарларды союдағы басты мақсат тағамдық ет өнімдерін, өнеркәсіп үшін (тері, жүн, елтірі) және фармакологиялық мақсатта және т.б. шикізаттар алу болып табылады. Сонымен қатар жануарларды сою ауруды болдырмау мақсатында еті жарамды болса арық- тұрық малдарды союдан (амалсыз сою) және ауыр эпидемиялық аурулардың таралуына жол бермеу (санитарлық жою) мақсаттарында да жүргізіледі.
Сурет 3. Бордақы жылқыны сою
Етін тағамдық мақсатта пайдалану үшін союға жөнелтілетін жануарлар: сиыр (алынатын өнімі ірі қара мен бұзау еттері), азия буйволы, қой (алынатын өнімі - қой еті), ешкі, шошқа, жылқы, түйе және үй құстары (негізінен үйрек, өаз бен күрке тауық еттері) өндіріледі. Ірі малдарды сою алдында (ірі қара, жылқы, шошқа) оларды алдымен есінен айырады (ток арқылы немесе балғамен ұрып).
Достарыңызбен бөлісу: |