Қазақстан Республикасы білім және ғылым


Консервілерді стерилизациялау тәртібін есептеудің принциптері



бет41/78
Дата12.09.2022
өлшемі2.01 Mb.
#460613
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
ЕТ Aubakirov Et jane Et onimderi

1.6.1. Консервілерді стерилизациялау тәртібін есептеудің принциптері




Стерилизациялау формуласының символикасы өнімдегі микрофлоралардың құртылу тиімділігі туралы ұғым бермейді. Сонымен бірге, консервілердің алуан түрлері үшін пайдаланылатын стерилизациялау тәртібі, автоклавты бастапқы стерилдеуге дейін қыздыру уақыты (А) мен қондырғыны босатуға мүмкіндік беретін температураға дейін төмендету уақытының (С) бірдей мәні кезінде, стерилдеу уақытының (В) ұзақтығы және стерилдеу температурасымен (Т) ерекшеленеді. Мұның өзі олардың стерилизациялау әрекетін салыстыруды қиындатады.
Жылу стерилизациялауының микробиологиялық, биохимиялық және
физикалық жылу негіздерін білу – жекелеген факторлардың және қоршаған ортаның микроорганизмдердің тіршілік дәрежесіне ықпалын бағалауға мүмкіндік береді, бірақ стерилдеу уақытының маңызын және қандай да болмасын стерилизациялаудың тиімділігін нақты белгілеуге мүмкіндік бермейді.
Стерилизациялау әсерінің шамасы бойынша стерилизациялау формуласын анықтау. Стерилизациялаудың тиімділігінің белгісі ретінде микроорганизмдердің инактивациялану дәрежесін пайдалана отырып, стерилизациялау формуласын практикалық, аналитикалық және графикалық тәсілдермен анықтайды.
Практикалық тәсілге сәйкес, консервіленетін шикізатқа белгілі бір мөлшерде мейлінше кеңінен таралған, термиялық жағынан төзімді бактериялар түрін еңгізеді және А, С, Т көрсеткіштерінің тұрақты мәнінде В ұзақтығын кең көлемде өзгерте отырып, тәжірибе жолымен стерилизациялаудың қажетті тәртібін анықтайды. Мұндай әдіс қол еңбегін көп керек етеді, әрі қателікке ұрындырады.
Аналитикалық әдістемеге сәйкес, автоклав пен банкінің ортасындағы температура тәуелділігін анықтау, соның негізінде автоклавтағы жұмыс тәртібін және консервідегі микроорганизмдердің өлу жағдайын бақылауға алады. Аналитикалық әдістемені пайдалану, консервілерді жылу беру жолымен қыздыру жағдайында автоклавтағы температура айырмашылығының логарифмы және қыздыру уақытының арасындағы тәуелділік түзу сызықты болған кезде мүмкін болады. Аналитикалық әдістемені тәжірибелік қолдану, есеп формуласына енетін кейбір өлшемдердің маңызын эксперименталді жолмен анықтауды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет