Қазақстан республикасы білім және ғылым


Алғашқы бағдарламаларды құрудағы ізденістер. Алғашқы бағдарла- малардың құрылысы мен мазмұны



бет14/94
Дата12.12.2023
өлшемі0.79 Mb.
#486281
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (1)

Алғашқы бағдарламаларды құрудағы ізденістер. Алғашқы бағдарла- малардың құрылысы мен мазмұны. 30-жылдарға дейінгі мектептерде әдеби материалдар болғанымен, әдеби ұғым, әдебиеттің пәндік сипатта оқы- тылуына деген кӛзқарас болған жоқ-ты. Әдебиет 1932 жылға дейін қоғамтану пәндерінің құрамында жанама, қосымша ұғыммен, пәндерге кӛмекші түрінде оқытылып келді. М.Әуезов 1930 жылы «Қазақ шаруа жастары мектебіне арналған бағдарлама және түсінік хат» деген бағдарлама жазды (Қызылорда). Мектептерде әдебиет жеке пән ретінде қоғамдық-тарихи жүйемен оқытылу қажеттігі, және әдебиеттің тарихи даму кезеңдерін, қоғамдық мәнін түсініп оқу қажеттігін осы бағдарламада тұңғыш рет қарастырған.
БК(б)П Орталық Комитетінің 1931 жылдың 6 қыркүйегіндегі
«Бастауыш және орта мектептер туралы», 1932 жылдың 25 тамызындағы
«Бастауыш және орта мектептің программалары мен режимі жайындағы» қаулыларына орай барлық басқа пәндер сияқты әдебиет бағдарламалары қайта қаралды. Қазақстанда да қазақ әдебиеті жеке пән ретінде оқу жоспа- рына кіргізіліп, 1932 жылы ең бірінші бағдарламасының нұсқасы жасалды1.
Бағдарлама жасау ісі кӛптеген ғылым салаларына қатысты жүзеге асады. Сондай-ақ, әдебиет пәнінің бағдарламасын жасау әдебиеттану ғылы- мының ӛсу деңгейіне, даму дәрежесіне сай келіп отыратыны мәлім. Қазақ әдебиеті әлі қалыптасу кезеңін басынан ӛткізіп отырғандықтан алғашқы әдебиет пәнінің бағдарламаларын құру оңай міндет болмады. Оның тағы бір себебі қазақ әдебиеті осы тұстағы «тұрпайы социолизм» дәуірін бастан кешіріп отырған болатын.
1932-1933 жылы Қазақ Оқу комиссариаты бекіткен орта мектептің бағдарламасы фабрика, завод және колхоз жастары жеті жылдық мектебіне арналып жазылды.
а) 4-6-сыныптарда ең алдымен кеңес әдебиетінің шығармалары енді.
ә) Қазан тӛңкерісіне дейінгі әдебиет үлгілері берілді. Бағдарламада кӛптеген кемшіліктер орын алды. Материалдар кӛлемі нақты белгіленбеді. Жүйелі білім мен тәрбие беру мәселелері ескерілмеді. Шығармалардың идеялық-кӛркемдік сапасы тӛмен болды. Бағдарламаға енген шығармалардың тақырыбы, идеясы, мазмұны, образдар жүйесі кӛркемдік ерекшеліктері жағынан ашылмай, құрғақ тізім ғана берілді.
б) Саяси мәселелердің ықпалы бағдарламаларда да басым болды. в) Әдебиет майданы мектепке де зор әсерін тигізді.
г) Ақын-жазушылардың ӛмірбаянына мүлде кӛңіл бӛлінбеді.
д) әдебиет теориясынан берілуге тиісті білім мен мәліметтер кӛрсе- тілмеді.
1934 жылғы бағдарлама алғашқысына қарағанда біраз ӛңделіп басылды, дегенмен бағдарламаның түзілуінде кемшіліктер баршылық еді. Бұл туралы 1934 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында «Орталау және орта мектептеріміз үшін қазақ әдебиеті программасын беретін уақыт жетті» деген тақырыпта мақала жарияланды2 .
Бұл бағдарламада әдеби шығармалардың қоғамтану негізіне сүйене отырып, қоғамдық саяси тақырыптардың тӛңірегіне шоғырландырып берді. Аталған бағдарламаның жаңалығы: әдебиетті тарихи-әдебиеттік курс ретімен оқытуға бейімдеп беруінде болды.
5-сынып бағдарламасына енген шығармалар үш тарауға бӛлініп берілген. Олар: қазақ кеңес әдебиеті, ескі әдеби мұралар және фольклор. 6-



1 Орта мектеп программасы /фабрика, завод және колхоз жастары жеті жылдық мектепке арналған/ 1932.


2 Мәметова Ә. Балаларымызға кӛркем әдебиеттің ең жақсы нұсқауларын беретін уақыт жетті. // Ауыл мұғалімі 1936. №9.
сыныптың бағдарламасы қазақ және орыс кеңес әдебиеті, кеңес одағы халықтарының әдебиеті және шетелдің тӛңкерісшіл әдебиеті деген бӛлім- дерден құралды. Бұл бағдарламаларда оқушыға берілетін әдеби білім мазмұны, оқушы біліміне қойылатын талап кӛрсетілмеген, тек шығармалар тізімі ұсынылған.
1938-1939 жылы Қазақ Оқу Комиссариаты бекіткен орта мектеп бағдарламасы шықты1. 1939-1940 жылы бадарлама белгілі педагог ғалым Ш.Кәрібаевтың басшылығымен және әдіскер мұғалімдердің қатысуымен жасалды2.
1940 жылдары мектептер институты болып ашылып, кейін Ы.Алтынсарин аты берілген ғылыми-зерттеу институтының қазақ мектептері үшін атқарған рӛлі үлкен. Қазақ әдебиетін оқыту ісін жандандыру бағытында Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының қазақ тілі мен әдебиеті бӛлімінің қызметкерлері маңызды шараларды атқарды. Соның бірі
— қазақ тілі мен әдебиеті бағдарламаларын қайтадан қарау, толықтыру мәселесі еді.
1947 жылы қазақ әдебиетінің жаңа бағдарламасы шықты3. Онда білім берумен бірге идеялық-саяси тәрбие беру ісін жандандыру, әрі әдебиет сабағының осы мақсатта тікелей жетекші рӛлін кӛтеру мәселелеріне кӛп кӛңіл бӛлінді.
Әдіскер-ғалым Ә.Қоңыратбаевтың кӛрсетуі бойынша: «Революциядан кейінгі әдебиет пен методикасының үш түрлі кезеңі болды:
1.1917-1927 жылдар арасындағы жік қойылмай, «қоғамтану» түріндегі
оқу;
2.1928-1938 жылдардағы оқу мектептің типіне негізделмеген тарихи-
әдеби курс болып ӛтті;
3. Бастауыш оқу, әдебиеттік оқу мен тарихи курс программасы.
Сӛйтіп І-ІV кластарда бастауыш оқу, V-VІІ кластарда әдебиеттік оқу жүйесі, VІІІ-Х кластардағы әдебиеттің тарихи курсы 1939 жылдан бастап түкпілікті орын алды»4.
1958-1989 жылдары қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесінің тарихында жемісті іздену кезеңі болды деу артық емес. Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен мектепке дидак- тика мен әдебиеттану ғылымындағы тиімді әдіс-тәсілдерді, жаңа ой-пікір- лерді енгізу жұмыстары қолға алынды. Әдебиетте білім мазмұны, оның құры- лымын қайта қарап, нақтылау, ӛрістету міндетін қойды. Осындай міндеттерді ала отырып, сол жылдарда әдебиеттің пән болып оқытылуы жӛнінде алғаш рет ғылыми тұжырымдама жасалды. Пәннің идеялық-эстетикалық,





1 Орта мектеп пррграммалары // Қазақ әдебиеті. Алматы: 1939. Б 33-34.
2 Орта мектеп программалары. /Ү-ҮІІ, ҮІІІ-Х тарихи әдеби курс/. 1939-40.
3 Орта мектеп программалары: Әдебиет. VІІІ-Х кластар. Алматы: 1947. Б 19-20.
4 Қоңыратбаев Ә. Әдебиеттік оқу методикасы, очерктері. – Алматы: ҚМОПБ, 1962. - 212 б.
білімділік-тәрбиелік маңызы айқындала түсті. Осындай жұмыстар барысында әдебиет пән ретінде қалыптасып, тұрақтала бастады.
1959 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында қазақ әдебиеті бағдарламаларының жобасы жарияланды.1 Бұл жылдары 5,6,7-сыныптар әдебиеттік оқу курсын ӛтетін орта буын сыныптар қатарында саналып, 8- сынып әдебиеттің тарихи курсын оқитын жоғарғы сынып есебінде болған- дықтан аталған бағдарламада әдебиеттану курсының барлық кезеңі бір сы- ныпқа жинақталып, топталып берілді. Осы 1959 жылғы 8-сынып бағдар- ламасына ХІХ ғасыр әдебиетінен С.Кӛбеев, С.Торайғыров, И.Дәукебаев шығармалары енгізілді.
1961-1970 жылдар аралығында оқу бағдарламаларында осы айтылған жүйеде еш ӛзгеріссіз беріліп отырған 2.
1967 жылы республикалық мұғалімдер конференциясы болып ӛтті. Республикадағы білім беру жүйесі, мектеп мәселелері сӛз етілді. Осыдан кӛп ұзамай мектеп бағдарламаларында ӛзгерістер енді. Қазақ әдебиеті бағдарла- маларында бастауыш сыныптар 1,2,3 болып, орта буын сыныптар 4,5,6,7- сыныптар болып белгіленді.
1971 жылғы 4-7-сыныптарға арналған сегіз жылдық және орта мектеп бағдарламаларын жарық кӛрді. Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламалары біршама тұрақталып, 1980 жылға дейін осы аталған жүйеде беріліп келді.
1981-1982 оқу жылына арналған сегіз жылдық және орта мектеп бағдарламасында әдебиеттік оқу сыныптарында авторлардың шығармалрын іріктеуде кейбір ӛзгерістер болды 3.
1986, 1987 жылы шыққан бағдарламаларда әдебиет пәнін ӛзге пәндер- мен сабақтастыра оқыту кӛзделген. Тақырыптарға қатысты «Пәнаралық байланыс» ұсынылған. Сондай-ақ 1986 жылғы бағдарламада авторлар құрамы (Т.Ақшолақов, Ә.Дайырова, С.Тілешова, Р.Құтқожина) кӛрсетілген.
Қазақ ССР Халыққа білім беру Министрлігі бекіткендей 1989-90 оқу жылынан бастап мектептер он бір жылдық болуына сәйкес қазақ әдебиетінің жүйелі курсы 5-сыныптан басталатын болып белгіленді. Осыған сәйкес 1989 жылы аталған бағдарлама ӛңделіп, толықтырылып, қайта басылды 4.
Еліміздің егемендігі ӛмірдің барлық саласына түбірлі ӛзгерістер әкелді.
«Демократиялы қазақ елі» атану үмітінен қуат алған еліміздің жаңа бастама- ларына білім беру саласы нысан болды. Ендігі жерде білім беруді жетілдіру мақсатындағы уақытша ӛтпелі бағдарламалар түзіле бастады.





1 Қазақ тілі мен әдебиеті. 1959. №8. -7 б.
2 Сегіз жылдық және орта мектеп программалары, 1966-1970 оқу жылына арналған. Алматы: Мектеп, 1970.
3Жолдыбаев М., Қоңыратбайұлы Ә., Қаратайұлы М. ХІХ және ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің жинағы (7 жылдық үшін). Алматы: Қазақстан баспасы. 1934. Б 132-138.
4 Жалпы білім беретін орта мектеп программалары 1989/90 оқу жылына арналған
/Қазақ тілі мен әдебиеті Ү-ХІ кластар үшін. Алматы: Мектеп, 1989. –213 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет