Алғашқы орыс-қазақ мектептерінде оқу құралдары Ресейлік баспадан шықты, ондағы әдеби материалдар орыс әдебиеті ӛкілдерінің шығармалары болды. Мысалы, А.Е.Алекторовтың «Русско-киргизская азбука», А.Васильевтің «Букварь для киргиз», К.Ушинскийдің «Детский мир и хрестоматия», «Родное слова» Л.Н.Толстойдың «Азбука» т.б. оқу құралдары жарық кӛрді.
Сондай-ақ орыс тілінен аударылған әдеби материалдармен қатар қазақ әдеби мұраларының үлгілернен құрастырылған оқулықтар болды. Қазақ әдебиеті үлгілерін ең алғаш оқулыққа енгізіп, мектеп ӛміріне әкелуші – Ы.Алтынсарин. Оның 1879 жылы Орынборда басылып шыққан оқу құралы
«Қырғыз хрестоматиясы» («Қазақ хрестоматиясы») қазақ оқулықтарының алғашқы қарлығашы еді. «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы мектептер үшін ғана емес оқулық құруда ӛзінен кейінгі сан жылдардағы тәжірибеге тигізген ықпалы орасан. «Қазақ хрестоматиясы» 1889, 1896, 1899 жылдары ішкі мазмұнындағы оқу метериалдары қысқартылып, араб алфавитімен
«Махтуба» деген (Араб тілінде хаттар деген ұғымда) атаумен басылып шыққан. 1906 жылы (А.Васильевтің редакциялауымен толықтырылып, орыс алфавитінде жарық кӛрген нұсқасы) «Қазақ хрестоматиясы» қайта басылған. Осы басылымында оқу материалдарының берілу тәртібі: 1. Балалар ӛмірінен алынған әңгімелер. Орыс хрестоматияларынан, атап айтқанда, Л.Н.Толстойдың, И.Паульсонның т.б. хрестоматияларынан алынған;
Әртүрлі жинақтардағы адамдар ӛмірінен алынған әңгімелер;
Қазақ ақындарының таңдаулы ӛлең-жырларынан үзінділер;
Қазақтың мақал-мәтелдері.
Ы.Алтынсариннің оқулық жазудағы ұтымдылығы оқу материалдарын дұрыс таңдап ала білуі. Ы.Алтынсарин ӛз оқулығында әлем әдебиетінен тәлім-тәрбиелік мәні жоғары шығармаларды сұрыптай отырып, оны қазақ балаларын оқытуда ұтымды пайдаланып отырған. Қазақ халқының әдеби мұрасынының тәлімдік-тәрбиелік құнын дұрыс түсініп, қазақтың бай әдеби мұрасын оқулық-хрестоматияға молынан енгізді. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген халық ауыз әдебиеті үлгілері:
Аңыз әңгімелер: «Лұқпан Хәкім», «Таза бұлақ», «Жиренше шешен» т.б.;
Ертегілер: «Қара батыр», «Тазша бала», «Алтын айдар» т.б.;
Эпостық шығармалар: «Қобыланды батыр», «Қазбек батыр» т.б.,
Әр тақырыптағы мақал-мәтелдер;
Айтыс үлгілері.
Ы.Алтынсарин мектепте оқылатын оқу материалының танымдық, тәрбиелік міндетінің жоғары болуын мақсат тұтты. Осы мақсатта ӛз тарапы- нан бірнеше ӛнегелі ӛлеңдер, шағын әңгімелер жазды. «Қазақ хрестоматия- сына» енгізілген материалдар оқушы бойында ізгілікті, еңбекті, кішіпейіл- ділікті, қарапайымдылықты қалыптастыруды кӛздейді.
Ы.Алтынсариннің оқулық құрудағы бастамасы алғашқы мектептерде жандана түсті. Бұл кезеңдерде жазылған оқу құралдары екі бағытта болды:
Тӛтенше оқу мектептеріне арналған имандылық сипаттағы оқулық- тар. М.Нұрбайұлы «Қазақша әліппе», «Ғалия медресесі» (1910),
Е.Закариянұлы «Қазақ әліппесі» (1910), М.Малдыбаев «Қазақша ең жаңа әліппе», Қ.Қожықов «Әліппе» ( 1912);
Ы.Алтынсарин үлгісін ұстанған оқулықтар: С.Кӛбеев «Үлгілі бала»,
«Үлгілі тәржіме» (1910), О.Алмасов, Т.Меңдешев, К.Бейсембаевтардың ауыл- дық мектептерге арналған хрестоматиялары, А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы».
1928 жылы қаңтардан латын алфавитінің енуіне байланысты қазақ мектептерінде екі түрлі әліппені оқыта бастады. Сонымен қатар осы жылдар- дағы колхоздастыру ісіне қатысты сыныптық сабақ жүйесінің бригадалық еңбек топтарына ауысуы мектептерде оқу мен оқыту процесіндегі дамуына елеулі кедергі келтірді. Білім берудегі бұл тоқырау қазақ зиялыларының назарынан тыс қалмады.
Халық Ағарту Комиссары ретінде А.Байтұрсынов бірінші және екінші буын мектептері үшін оқу құралдары мен хрестоматиялар түзу ісін арнайы мәжілісте кӛтерген. Жаңа оқу құралдарын жазу туралы қаулы қабылданған. Бұл бастамаға қазақ зиялылары: ақын, жазушылар, оқытушылар, білім беру саласының алғашқы қайраткерлері С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Т.Шонаұлы, М.Жұмабаев, Ғ.Болғанбаев, М.Жолдыбаев, Қ.Жұманов, Қ.Тоқтыбаев, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ӛ.Тұрманжановтар қолдау берілген.
Осы бастама негізінде бірнеше оқу құралдарын жазу қолға алынған. А.Байтұрсыновтың «Әліппе» (1921), М.Дулатов «Қирағат» (1914), «Оқу құралы» (1921), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Әліп би», «Жаңа құрал» (1926), Т.Шонаұлымен бірігіп жазған оқу құралы (1927), Т.Шонаұлы
«Жаңалық», «Сауаттан», «Жаңа арна» (М.Жолдыбаевпен бірге (1927), «Шала сауатты ересектер үшін» (1926), М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1927), М.Жұмабевтың «Сауатты бол» (1923), «Педагогика», Ж.Аймауытовтың
«Жаңа ауыл» (1929), Б.Майлин, С.Мұқановтардың «Колхоз – ауыл» (1930), Ғ.Мүсіреповтің «Жаңа ауыл» (1930), М.Әуезовтің «Жеткіншек» (1930) т.б. оқулық-хрестоматиялары қазақ әдебиетінің мектептерде жеке пән ретінде оқытылуына жетекші рӛл атқарды.
Қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар 20-30 жылдардағы қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапқан жаппай сауаттандыру ісіне де елеулі ықпал етті.
Қазақ әдебиеті пәнінің мазмұнындағы тарихи кезеңдер алғаш М.Әуезов оқулығында кӛрініс тапты. М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» оқу- лығында әдеби материалдар жеті бӛлімге жіктеліп ұсынылған:
Сыршылдық салт ӛлеңдер;
Батырлар әңгімесі;
Ел поэмалары;
Тарихи ӛлеңдер;
Ертегілер;
Айтыс ӛлеңдер;
ХVІІІ-ХІХ ғасыр ақындары.
ХХ ғасырдың басында жарық кӛрген оқулық-хрестоматиялар қазақ әдебиетін оқытудың барлық мақсат, міндеттерін ӛтей алмаса да, сол тұстағы
саяси-әлеуметтік жағдай мен заман сұранысын қанағаттандырды. Қазақ әдебиетінің пән ретіндегі жүйесі мен құрылымы, білім мазмұны жылдар бойы қалыптасты. 1930 жылдардағы қазақ әдебиетінің оқу құралдары әрі оқулық, әрі әдеби, ғылыми, зерттеу еңбегінің нәтижесі болып табылды. Алғашқы оқу құралдары жазылған тұста әдебиеттің тарихи курсы толық анықталмаған кез болатын. Оның үстіне әдебиеттің теориясы қалыптаспаған, сыны жоққа тән еді. Аумалы-тӛкпелі кезеңде әдеби мұраға деген кӛзқарастың да тұрақтамаған тұсы болды. Қазақ әдебиетінің алғашқы сынында сыңаржақтық басым еді. Әдебиет пәнінің ғылыми негіздерін анықтау да күрделі үдерістен ӛтті. Сондықтан осы кезеңде жазылған әдебиет майданы мәселелері алғашқы оқу құралдарына енгізіле берді. Сол оқу құралдары ӛз кезегінде орталау оқу орындарына да қызмет етті.
1930 жылдан оқулыққа қарағанда хрестоматиялық сипаты басым оқу құралдарын шығару тенденциясы орын алды. Осыдан былайғы уақытта І.Жансүгіров, С.Сейфоллаұлы, Ә.Мәметкелінінің «Әдебиет құралы» оқулығы (1932), С.Сейфоллаұлы, Ӛ.Тұрманжанұлының «Кӛркем әдебиет» (1934), М.Жолдыбайұлы, Ә.Қоңыратбайұлы, М.Қаратайұлының тӛрт жылдық мектепке арналған «Әдебиет хрестоматиясы», Е.Исмайлов пен Қ.Бекхожиннің 5-сыныпқа арналған хрестоматиясы, 1937-1938 жылдары М.Әуезовтің 6-сынып үшін, Д.Әбіловтің 7-сыныпқа арналған, С.Мұқанов пен Қ.Бекхожинңің 8-сынып үшін, Е.Исмайлов пен Қ.Бекхожиннің 9-сыныпқа арналған әдебиет хрестоматиялары жарық кӛрді. Бұл хрестоматиялардың оқушы-шәкірттердің білімін толықтыруға, әдеби- эстетикалық танымын кӛтеруге зор ықпалы болды.
1940 жылдан бастап әр сыныпқа арналған әдебиет оқулықтары жүйелі шығарылып тұрды. Оқу бағдарламалары мен оқулықтардың жаңартылып, әдістемелік жағынан ізденістің күшейіп, жүйелі шығарылуына себеп болған қырқыншы жалдардағы педагогикалық ғылыми зерттеу институтының құрылуы еді.
Осы жылдары 5-сыныпқа арналған Ш.Кәрібаевтың әдебиет оқулығы жарық кӛрді.1 Оқулықта авторлар шығармалары ұсынылып, соңынан шығар- ма мазмұнына орай сұрау-тапсырмалар берілген. Оқушыларды мәтінмен жұмыс жасауға бағыттаған. Аталған оқулық кейін Ш.Кәрібаев пен С.Тілешованың авторлығымен шыққан 2. Кейінгі оқулықтарда да сұрақ- тапсырмалар жетілдірілгені байқалады.
Оқулық авторлары оқулықта берілген материалдардың мән-мазмұнын анықтау мен талқылауда кеңес дәуірінің ұсынған саясатына үнемі сәйкес болуды кӛздеп отырады. Сол себепті әлеуметтік жағдай теңсіздігінің себебін ашып және социалистік ӛмірдің ерекшелігін октябрь революциясының жемісі ретінде кӛрсетуге бағыттайды.
1 Кәрібаев Ш. Абай (Ӛмірбаяны)// Әдебиеттік оқу кітабы: 5 - класқа арналған. Алматы, 1949. Б 44-51.
2 Кәрібаев Ш. Абай Құнанбаев // Әдебиеттік оқу кітабы: 5 - класқа арналған. Алматы, 1950. Б 3-4.
Ш.Кәрібаевтың 5-сыныпқа арналған бұл оқулығы 1941-1960 жылдар аралығында қайта бастырылған1. Тек бағдарламадағы ӛзгерістерге сәйкес оқулықта кейбір авторлар алынып, кей тұстары толықтырылып отырған.
Ал 1989 жылы оқулық жаңа автордың қосылуымен ӛңделіп, толықты- рылғаны (құрастырушылар: Ш.Кәрібаев, С.Тілешова, К.Назарғалиева)2 .
1989-90 жылдардағы Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің бекітуімен мектептер он бір жылдық болып, орта буын сыныптар 5 - сынып- тан басталуына сәйкес, аталған Ш.Кәрібаев, С.Тілешова, К.Назарғалиеваның авторлығындағы оқулық енді 6-сыныптікі делініп қайта бастырылған.
Осы тұста тоқталуға тиісті тағы бір оқулық 4-сыныптікі. 1967 жылғы мұғалімдер конференциясының шешімдеріне сай бастауыш сыныптар 1,2,3 болып, орта буын сыныптар 4,5,6,7 болып белгіленуіне байланысты 1971- 1972-оқу жылындағы бағдарламаға орай осы жылы 4-сыныпқа «Әдебиеттік оқу» кітабы Т.Әбдірахманов пен Ә.Дайырованың авторлығымен жарық кӛрді. Аталған оқулық 1989 жылға дейін ӛзгеріссіз он тоғыз рет басылым кӛрген. 1989-90 оқу жылында орта буынның ендігі жерде 5-сыныптан басталуына қатысты бұрынғы авторлар (Т.Әбдірахманов, Ә.Дайырова) жаңа автормен толықтырылып (Қ.Айтқалиев), оқулық қайта бастырылған3. 5- сыныпқа арналған оқулықтың жаңа нұсқасында негізгі оқу материалы ӛзгеріссіз басылғанымен әдістемелік құрылымы (методикалық аппарат) бұ- рынғы оқулықтан жетілдіріле түскені аңғарылады. Атап айтқанда мәтінге қатысты берілген сұрақ-тапсырмалар біршама жетілдірілген. Олардың маз- мұны тӛмендегідей болып келеді: 1) Ӛлеңнен теңеу және балама мағына- сында қолданған сӛздерді табыңдар. 2) Теңеу (салыстыру) ретінде қолданыл- ған сӛздерден балама мағынасын беретін сӛздердің бір-бірінен қандай айырмашылығы болатынын мұғалімнің кӛмегімен анықтап беріңдер.4 т.б. Оқулықта әдебиет теориясынан эпитет туралы ұғым қалыптастыру кӛзделген. Т.Әбдірахманов, Ә.Дайырова, Қ.Айтқалиевтің авторлығында бұл оқулық
1995 жылға дейін ӛзгеріссіз беріліп келді.
6-сыныпқа арналған Қ.Бекхожиннің құрастыруындағы әдебиеттік оқу кітабы 1941 жылы жарық кӛрді5 . Оқулық — оқушының басты білім алатын құралы. Сондықтан оқулықта оқушы орындайтын тапсырмалардың дұрыс құралуында үлкен мән бар. Сұрау-тапсырмалар арқылы оқушы білімін, білігін, сӛйлеу тілін дамытады. Әдебиеттік оқу курсы ретінде орта буында оқушылардың кітаппен тығыз қарым-қатынаста болуы керек-ақ. Оқулықта осы мәселелерді жаттығулар арқылы ұтымды шешуге талаптанған. Кітапта
1 Кәрібаев Ш. Абай Құнанбаев // Әдебиеттік оқу кітабы: 5 - класқа арналған. Алматы, 1960. Б 3-4.
2 Ахметов Ш., Аманов Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы, 1956. Б 149-152.
3 Ахметов Ш., Аманов Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы, 1957. Б 150-153.
4 Сонда 94-95 б.
5 Бекхожин Қ. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы: 1941. Б 110-111.
сондай-ақ шығармаларда кездесетін мағынасы ауыр сӛздерге түсіндірме сӛздік берілген.
6-сыныпқа арналған бұл оқулық 1941-1951 жылдары қайталап шы- ғарылып отырған. Бірақ қанша рет қайталанып басылғанымен мәтінмен жұмыс істеуге керекті әдістемелік талаптар жетілдірілмей кӛбінесе ӛзгеріссіз қалып отырған. Осыдан кейін 1952 жылдан бері қарай жаңа авторлардың құрастырумен шығарылған (авторлары Ш.Ахметов, Ш.Амановтар) оқулық- тың да ілгеріде айтылған оқулықтан ерекше ӛзгеріп, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік талаптарға сәйкестенгендігі аңғарылмайды.1 Сұрақтар мен тапсырмалар беруде, мәтінмен жұмыс жүргізуде белгілі бір қалыптасқан сарын сақталған.2 Аталған оқулық 1952-1962 жылдары қалыпты шығарылып тұрған /174-183/. Әр ӛлеңнен кейін қысқаша сӛздік келтірілген. 1989 жылы бұл оқулықтың авторлар құрамы (Ш.Ахметов, Р.Құтқожина болып) ӛзгертіліп, қайта басылып шықты. Орта буын сыныптардың ӛзгертілуіне байланысты, ендігі жерде 7-сыныпқа ұсынылған. 3 Оқулықтың жаңартылып шығуында ілгеріде айтылған олқылықтар сол қалпында берілген. Аталған оқулықта оқу материалы бағдарламаға сәйкес қосылған.
Бұдан кейінгі бір кӛңіл аударарлық оқулық — 7-сыныптың «Әдебиеттік оқу» кітабы. Бұл кітап Ш.Кәрібаевтың авторлығымен 1940 жылы жарық кӛрген. 4 Оқулықтағы сұрау-тапсырмалар оқушыларды ізденіске, шығарма- ның ішкі ӛзегін түйсінуге оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, баланың сезім мүшелерінің (кӛру, есту, иіскеу) қатыстылығын мазмұнды меңгеруге итермелейді. Мұғалімге де біршама әдістемелік бағыт-бағдар береді.
Сонымен қатар сұрақтар мен тапсырмаларда бала қиялын ұштауға арналған жұмыс түрі байқалады. Осы айтылған жұмыстардың негізінде баланы мәнерлеп оқу дағдысына орынды түрде бағыттайды. Кейін де бұл оқулық Ш.Кәрібаев, Н.Ғабдуллиннің авторлығымен шыққан.5 1989-90 оқу жылында орта буын сыныптарының ӛзгеруіне байланысты осы оқулық ӛңде- ліп, толықтырылып 8-сыныптікі делініп ұсынылған.6
Енді бір тоқталып айта кететін оқулық — 1993 жылы «Рауан» баспа- сынан жарық кӛрген 8-сынып оқулығы. Авторлары: Н.Ғабдуллин, С.Мақпыров, Г.Құрманбаева.7 Жаңа әдебиет бағдарламасы негізінде «Жаңа буын» оқулықтары
Ахметов Ш., Аманов Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы: 1952. Б 143-162.
Сонда, 147 б.
Ахметов Ш., Аманов Ш., Құтқожина Р. Әдебиет оқу кітабы. 7-класқа арналған оқулық-хрестоматия. Алматы: Мектеп, 1989. Б. 26-31
4 Кәрібаев Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 7-класқа арналған. Алматы: 1940.
5Кәрібаев Ш., Ғабдуллин Н. Әдебиет оқу кітабы. 8-класқа арналған оқулық- хрестоматия. Алматы: Рауан, 1986.
6 Кәрібаев Ш., Ғабдуллин Н. Әдебиет оқу кітабы. 8-класқа арналған оқулық- хрестоматия. Алматы: Рауан, 1991.
7 Кәрібаев Ш., Ғабдуллин Н. Әдебиет оқу кітабы. 8-класқа арналған оқулық- хрестоматия. Алматы: Рауан, 1989.
жазылды. «Атамұра» баспасынан «Жаңа буынның» 5-сыныпқа, 6-сыныпқа арналған оқулықтары жарық кӛрді. 5-сынып оқулығының авторлары: Ә.Дайырова, Қ.Айтқалиев, Г.Құрманбаева, Ш.Беркімбаева.1 6-сынып оқулы- ғының авторлары: К.Ісламжанұлы, С.Тілешова, Б.Әрінова, Р.Баттал.2
Әрине, ӛткен уақыт, бұрынғы талап-сұраныс тұрғысынан қарағанда, бұл бағдарлама мен оқулықтар, бағдарламадағы қалыптасқан жүйе кӛп игілікті істі тындыруға мұрындық бола алды.
Достарыңызбен бөлісу: |