Жалпы білім беретін мектептерде лирикалық шығарманы оқытудың дидактикалық мақсат, міндеттері. Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарынан бастап жоғарғы сыныптарына дейін қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнының тӛрттен бірін лирикалық шығармалар құрайды. Яғни, мектепте әліппеден әдебиеттің тарихи курсына дейін жалғасатын әдеби білім беру сатысында лирикалық шығармалар кеңінен оқытылады. Дегенмен осы тектес шығармаларды оқытудың мақсат, мүддесі, әдіс-тәсілдері әр сыныпта әртүрлі. Бастауыш сыныпта оқытылатын ӛлең шумақтары оқушыларға кӛркем сӛзбен жасалатын ӛмір кӛріністерін түсінуге, сол арқылы қоршаған орта ерекшеліктерін жете тануға кӛмектеседі. Жылдың тӛрт мезгілі, олардың ӛзіндік ерекшеліктері, табиғат сырлары түсіндіріледі. Ӛлеңді түсініп оқуға, жүргізіп оқуға, жаттауға бейімделеді. Сондықтан бастауыш сыныптардағы берілетін лирикалық шығармалардың дені жаттауға лайықталады да баланың есте сақтау қабілетін шыңдап, зейіні мен есінің ұзақтығын, беріктігін қалыптастыруға да ӛзіндік үлесін қосады.
Орта буын сыныптарда ӛлеңнің, ӛнердің сиқырлы күшін, кӛркемдік ерекшелігін, кең дүниетанымын байқатуға бағытталады. Сол арқылы оқушыларға эмоциялық ықпал етуге, сезім-күйін тәрбиелеуге, шығармашы- лыққа жол ашуға күш салынады. Айтушының сезім-күйіне оранған ӛлең үлгілері арқылы қарасӛзбен жазылған шығарма мен ӛлең туралы алғашқы ұғымдары қалыптасады. Ӛлең мазмұнындағы сыртқы әлем, қоршаған орта сырларын түсіне бастайды.
Жоғарғы сыныпта лирикалық шығармалар белгілі бір тұлғаның әдеби мұрасына қатысты оқытылады. Аталған сыныпта оқушылар ӛлең мағынасы мен мәнін, тақырыбы мен идеясын, лирикалық қаһарманның сезім толқынын ұғынуға, ӛзінше ой толғап, пікір пайымдауға, салыстырулар мен сыни кӛзқарастарға кӛбірек назар салады. Лирикалық жанрдың ерекшелігіне қатысты нақты тұжырымдар кӛп. В. Г. Белинский: «Лирика – поэзияның жаны»,– деп түйеді. «Лирика қандай болса идеяны, ішкі сезімді қамти алады. Лирика мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ береді, оларды ыстық кеуденің қысымынан кӛркем ӛмірдің тың ауасына шығарып, ӛзгеше ӛмір сүргізеді»1 – деп, лирикалық шығарма табиғатын айқындай түседі.
1 Белинский В.Г. Избранное. Эстетика и литературная критика М., 1950, 473 с.
Әдіскер-ғалым Ә.Қоңыратбаев: «Лирикалық ӛлең- жырлардың тағы бір ерекшелігі – кӛлемі шағын келіп, ой тұжырымдалып айтылатындықтан, сӛздің мәндік және мағыналық қасиеті, салмағы арта түседі»,- дейді1.
Лирика кӛне жанр ретінде әдебиеттану ғылымында кӛп зерттелгені мәлім. Ал мектепте лирикалық шығармаларды оқыту мәселесін зерттеген әдістемелік еңбектерден айтар болсақ, негізінде әдебиетті оқыту әдістемесінен жазылған зерттеу еңбектерінде лирикалық жанр сырт қалған емес. Аталған жанрды оқыту мәселесін қарастырған арнайы зерттеулер де бар. М.А.Рыбникова,2 В.В.Голубков,3 Н.И.Кудрящев,4 В.А.Никольский,5 З.Я.Рез6 т.б. еңбектерінде лирикалық шығармаларды оқыту мәселелерін жан- жақты қарастырады. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі аясында да әдістемелік еңбектер, зерттеу еңбектері жарық кӛрді. Атап айтсақ: Ж.Нұрмаханов, Ә.Дайыровалардың «Орта мектепте лириканы оқыту»7 атты оқу құралы жарияланған. Оқу құралында лирикалық шығармаларды оқытудың кейбір әдіс-амалдары кӛрсетіліп, лирикалық шығармаларды оқытуға байланысты сабақ үлгілері берілген. Бұдан ӛзге Д.С.Аңсабаевтың «Орта мектептің 5-9 сыныптарында лирикалық шығармаларды оқыту» 8атты ғылыми-зерттеу еңбегі жарияланды. Әдістемелік зерттеу еңбегінде лирикалық шығармалардың ерекшелігі сипатталып, оны оқытудың әдіс-амалдары қарастырылған. Еңбекте кӛбіне дәстүрлі оқыту жүйесі негізге алынады.
Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында жеке қаламгер шығарма- шылығын оқыту әдістемесінен жарық кӛрген ғылыми зерттеу еңбектерінің бір қатарында лирикалық шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдері сӛз етіледі. Атап айтар болсақ: Ә.Дайырова. «Орта мектепте I. Жансүгіровтің твор- чествосын оқыту»; (1969)9 Б.Д. Жұмақаева «Абай Құнанбаев шығармаларын қазақ мектептерінің 5-8 сыныптарында оқыту әдістемесі» (2003);10 Н.Дӛкенова «М.Жұмабаев шығармашылығын оқыту әдістемесі» (2006)11 сияқты ғылыми-зерттеу еңбектерінде зерттеу нысанына алынған қаламгер
1 Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы. А., Мектеп, 1987. 4-5 б.
2 Рыбникова М.Н. Очерки по методике литературного чтения М., 1971 -72 б.
3 Голубков В.В. Методика преподавание литературы. М., 1962. 81-82 с.
4 Кудрящев Н.И. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы. М.,1977 -39 с.
5 Никольский В.А. Методика преподавания литературы в средней школе. М., 1971 - 48-49 с.
6 Рез З,Я. Изучения лирики в школе ІҮ-ҮІІ классы. М., 1968. -21-23 с.
7 Нұрмаханов Ж., Дайырова Ә. Орта мектепте лириканы оқыту. А., Рауан. 1991.
8 Аңсабаев Д.С. Орта мектептің 5-9 сыныптарында лирикалық шығармаларды оқыту. пед. ғыл. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. А., 2003.
9 Дайырова Ә. Орта мектепте I. Жансүгіровтің творчествосын оқыту. –А.,1969.
10 Жұмақаева Б.Д. Абай Құнанбаев шығармаларын қазақ мектептерінің 5-8 сыныпта- рында оқыту әдістемесі. Пед. ғыл. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындал- ған диссертация. А., 2003.
11 Дӛкенова Н. М. Жұмабаев шығармалшылығын оқыту әдістемесі. Пед. ғыл. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.– А., 2006;
шығармашылығын оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылып, оқытудың дидактикалық мақсат, міндеттері, ғылыми негізі сараланған.
Мектеп практикасында әдеби мәтіндердің ішінде лирикалық шығар- маларды талдау мен тану күрделі. V-ІХ сыныптарда жүз қырықтан аса лирикалық шығарма оқытылады. Олай болса, мектепте қалыптастырылатын әдеби білім мазмұны лирикалық шығармаларға да тиесілі. Лирикалық шы- ғармалар жанры мен тақырыптары жағынан алуан түрлі. Әйтсе де лирика- лық шығармаларды талдап танудың, оқытудың жалпыға ортақ заңды- лықтары мен белгілі бір әдістемелік жүйесі болуы керек.
«Лириканы оқытуда әлі де мазмұнын жалаң хабарлау, ӛнер тілін түсініктілік тіліне айналдыру сияқты бір жақтылық басым. Информациялық материал ӛнер ӛрнегімен қабыстыра берілмейді, демек ӛнердегі мазмұны мен форма бірлігі, ой мен сұлулық тұтастығы сақталмайды. Шығарманың кӛкемдігі мазмұн мен форманың бірлігінен тұратыны мәлім»1 деп түйеді зерттеу еңбегінде Д.Аңсабаев.
Лирикалық шығарма табиғаты эпикалық, драмалық шығармалардан ӛзгеше. Лирикалық шығармалардың жанрлық ерекшелігін сипаттайтын еңбектер кӛп (М.Бахтин, Л.Тимофеев, Д.С.Лихачев, Г.Поспелов, Н.А.Гуляеев, З.Қабдолов, З.Ахметов т.б.). Лирикалық шығарма кӛлемі жағынан шағын болып келеді де эмоцияға, сезім күйге құрылады. Лирикалық шығармада ақынның дүниетанымы, сыртқы ортаны, ӛмір құбылыстарын елестетуі мен сезінуі, ӛзіндік ой жүйесі образды сӛздің қуатымен ӛрнектеледі.
Лирикалық шығармалардың ӛзіне тән ерекшеліктері мен олардың жанрлары туралы ұғым-түсінікті оқушыларға мектеп қабырғасында қалыптастыру кӛзделеді. Аталған ерекшеліктеріне байланысты лирикалық шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдері де түрліше болмақ.
Лириканың жанрлық ерекшелігіне байланысты оқытудағы кездесетін қиындықтар мен кемшіліктер туралы әдіскер-ғалым Г.Құрманбаева «Сырлы да нұрлы жыр әлемі» мақаласында: «Мектепте ӛлеңді ӛту оңай сияқты. Прозалық, не драмалық шығарма емес, оқуға жеңіл» – деп ойлаймыз. Ал шын мәнінде поэзияны, яғни ӛлеңді оқыту қиынның-қиыны, оның себебі: біріншіден, кей мұғалім ӛлеңді ӛзі сүймейді, оқушыны ӛлең ӛмірге ендіре алмайды, екіншіден ӛлеңдер бір сарында ӛтіледі, үшіншіден, ӛлеңді сауатты талдай алмаймыз, міне, осыдан ӛлең оқылмайды. Бала ӛлеңге қызықпайды, әдебиетші мұғалімге поэзиялық шығармаларды оқыту едәуір қиынға соғады. Тұтас 45 минут бойы, ӛлеңнің әр тармағындағы, шумағындағы ойды жеткізуде, талдауда ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыны ой тереңіне бойлата білу керек»2 – дейді.
1 Аңсабаев Д.С. Орта мектептің 5-9 сыныптарында лирикалық шығармаларды оқыту. Пед. ғыл. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.– А., 2003. - 33 б.
2 Құрманбаева Г. Сырлы да нұрлы жыр әлемі // Жасымда ғылым бар деп ескермедім. А., 1995, -114-115 б.
Достарыңызбен бөлісу: |