Тау - алып жүрек Ана туған
Мен – таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін еміп ержеткенмін, Қуат алып қыранның қанатынан.
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам. Күн алғашқы сәулесін маған шашып, Маған келіп түнейді қара тұман.
Тау ұлымын,
Тау – менің дәу бесігім,
Мен оның әуресімін, сәулесімін. Асқар шыңдар желпиді бесігімді, Бір орамын ағытып сәлдесінің.
Мен – таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Тау деген Ана туған, дара тұлғам,
...Тауға барып,
Кӛкке ұшып кетсем бе екен,
Ұстап алып қыранның қанатынан...1
Ӛлеңде тау заттық ұғымнан символдық белгіге айналған. Тау – ӛрліктің биіктіктің, тазалықтың, даралықтың белгісі. Ӛлеңдегі мағыналық фонды құрайтын заттық ұғымдарда «тау», «бұлт», «қыран», «жай оғы», «асқар шың» – таудың символдық бейнесін айқындайтын бірліктер. «Тау – дәу бесік» - қолданысы ұлттық болмысқа қатысты концепт. Ал, «Асқар шыңдар желпиді бесігімді, Бір орамын ағытып сәлдесінің» - деген тармақтардан таудың кӛркем бейнесінің ақын қиялымен астасып, кӛркем образды қолданыс тап- қанын кӛреміз. Бұл қолданыста «тау» — «асқар шың» –– «бұлт» образдары айқындалады. Сонда ақын қиялында «тау — бесігін» асқар шыңдар ағытқан
«бұлт — сәлдесімен» желпиді. Ӛлеңде мекеншақты танытатын «Күн алғаш- қы сәулесін маған шашып, Маған келіп түнейді қара тұман» сияқты тар- мақтар бар. Екі тармақта антитезалық қолданыстар арқылы күн мен түн, ақ пен қара, жарық сәуле мен қараңғы түнек ұғымдарын туындата отырып, уа- қытты да, кеңістікті де қамтыған.
1 Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. –А., Атамұра, 2013.
Ӛлеңде тау сияқты басқа да табиғат перзенттері: «киік» пен «қыран» таңбаланады. «Киіктің сүтін еміп ер жетуі» ақынның табиғаттың киелі кәусарынан сусындап, арман-қиялының асқақтығына «қыранның қанатынан қуат алуы» жеткізгені ӛрнектеледі. Мұнда да жер мен кӛк мекеншақ ұғымын тудырады. Табиғат – биологиялық, рухани қуат кӛзі ретінде таңбаланады.
Ақын да тау кейіптес, тау мінездес, «бұлт бүркенеді», «жай отын ала туады». Ақынның «мені» мәтінде тау ұғымымен қабаттасады («Күн алғашқы саулесін маған шашып, Маған келіп түнейді қара тұман»). Ӛлеңде ақынның эмоциялық күйін танытатын пофосты сӛз қолданыстары – «таудан мен жаратылғам», «Тауға барып, Кӛкке ұшып кетсем бе екен,Ұстап алып қыранның қанатынан...» ұшырасады. Биіктен биікке ӛрлеу, қиялдың қанат қағып, ӛрге самғауы осы шумақтарда еркін танылады. Ӛлеңнің ассоциативті- мағыналық фоны «Тау деген Ана туған, дара тұлғам» тармағында бейне- ленген. Ана → Тау→ дара → тұлға немесе тау - дара, тау - алып жүрек, тау- тұлға, тау дәу бесік. Cонымен қатар табиғат – Ана – тау–перзент ұғым- дары ӛріледі.
Автордың ассоциативті-психологиялық күйі ӛлең мәтінінде еркін танылады. Мәселен, ақын таулық, тау мен ол бір-бірінің иелігінде. Ақын мен тау егіз ұғым ретінде ұсынылады, яғни тау – мекен, тау – жаратылыс негізі. Ой қайталана отырып ӛрбиді.
Адам жаратылысында табиғатқа тәуелді. Барлық күш-қуатын, несібесін қоршаған ортадан алады. Адамның рухани күшінің қайнар кӛзі де табиғатта. Табиғат тылсымын жүрекпен болжап, бағамдайтын ақынның қай-қайсы да мұны жырмен ӛрнектейді.
Мұқағали шығармаларында символдық қолданыстар кӛптеп кездеседі. Мәселен, тау, тау ӛзені, түн, қыран, дала, жел сияқты ұғымдардың адам жаратылысына әсер-ықпалы, одан туындайтын шабыт-күй ақын шығар- маларында ӛзгеше ӛрнек құрайды. Адам да табиғат перзенті ретінде рухани қуат пен шабытты туған жер, ӛскен орта, қоршаған табиғи дүниелерден алатынын аңғартады. Ақын шығармашылығында ӛскен ӛлкеге деген шексіз сүйіспеншілігін, ынтықтығын сездіріп отырады. Аспан таулар аясында дүниеге келген Мұқағали бір шоғыр ӛлеңінде тауды жырлайды: «Хантәңірі»,
«Жігіттер, демалайық тауға барып», «Біздің таулар кемедей шұбатылған»,
«Таудай болғым келеді», «Тауда ӛстім», «Ілініп түн тұр тауларға», «Тау бір аңыз», «Түсіме тау кіреді», «Ығысыңдар, ей таулар, ығысыңдар», «Мен таулықпын» т.б. Осындай кӛркем суретті, сыршыл ӛлеңі «Мен таулықпында» ақын табиғаттың әсемдігін жырлай отырып, сол табиғатқа деген ӛзінің ынтызар кӛңілі мен ой-толғамын білдіреді. Ӛлеңнің басты тақырыбы – ӛрлік, биіктік, асқақтық. Ақын табиғат перзенті – таудың қасиетін айта отырып, адам баласының жан дүниесіне бойлайды. Адам табиғатындағы, іс-әреке- тіндегі ӛрлік, биіктік, асқақтық, ірілікті дәріптейді.
Ӛлеңнің тілдік формасын (поэтикалық мәтіндегі тіл бірліктері ӛрнегінің жиынтық жоспарын) зерделеу жекелеген тіл бірліктерінің жүйесін, ӛлеңнің композициялық құрылымын тануға жол ашады.
Ӛлеңдегі тіл бірліктерінің семантикалық мәнін айқындағаннан кейін олардың ӛлеңдегі құрылымы мен жүйесін аңғаруға болады. Ӛлеңнің композициялық құрылымы қайталаулар арқылы шеңбер түзеді. Курсивпен берілген сӛздер әр шумақтағы мағыналық фонды, экспресивті-эмоциялық күйді танытады.
Әрине, 5-сыныптың оқушысына ӛлең мәтінін дәл осы теориялық ұғымдар арқылы түсіндіру немесе сипаттату орынсыз. Тиімді әдіс-тәсілдерді, бағыттаушы сұрақ-тапсырмаларды пайдалана отырып сӛздің мәнін ашу, кей сӛздердің символдық белгі екендігін таныту қажет. Ӛлең мағынасының таянышы болып тұрған сӛздерді белгілеу, олардың мәнін әркімнің ӛз ұғым- түсінігі бойынша пайымдату, ӛлеңдегі ерекше мәнді танытатын сӛздерді саралау, жүйелеу, кластер түздіру, ӛлең құрылымын таныту оқушылардың ой белсенділігін арттыратын тапсырмалар болып есептеледі. Бұндай тапсырмалар оқушылардың танымдық белсенділігімен қатар, шығармашы- лық мүмкіндігін дамыта түседі. Сонда ғана оқушы білімді түсіну арқылы талдау, қорыту, ӛз білімін бағалау кезеңдеріне ӛте алады.
Лирикалық шығармалардың әрқайсысы жеке құрылымдық жүйе екендігін белгілі. Оларды оқытуда қолданатын әдістерді жинақтап айту күрделі. Солай бола тұра біздің тарапымыздан, лирикалық шығармаларды талдауда, оқытуда жүйеленген жұмыс түрін ұсынамыз:
Шығарманың басты және қосалқы тақырыптарын табу;
Шығармадағы күрделі сӛздер мен күрделі ұғымдарды анықтау, сӛздік жұмысын жүргізу;
Ӛлеңнің құрылысын талдау;
Ӛлеңдегі кӛркем сӛз айшықтарын (троп, фигураның түрлері) табу, мәтіндегі қызметін айқындау;
Шығарманың композициялық құрылымын анықтау, жоспар құру;
Шығарманың синтаксистік құрылым жүйесіндегі ой ағынын, тірек ұғымдар арқылы айқындау;
Шығарма идеясын тану;
Авторлық ұстанымды аңғарту.
Я.А.Коменский оқу үдерісіндегі оқушыға білім мен тәрбие беру жұмы- сын мынадай тӛрт кезеңге бӛледі:
Сыртқы сезімді тәрбиелейтін жаттығулар. Бұл мақсаттағы жаттығулар арқылы бала ӛзін қоршаған ортаны, ӛмірді танып, олармен дұрыс қарым- қатынас жасауға үйренеді.
Ішкі сезімді ой-қиял арқылы елестету мен есту, қол мен тілді тәрбиелейтін жаттығулар.
Нақты зат пен нәрселердің кӛлемі мен барлық заттық нәрселерді, құбылыстарды сезіну, осы сезіну арқылы жиналған материалдар негізінде ой- пікір мен түйсікті дамыту.
Ерікке қатысты; ұстамдылық, еңбек құмарлық, қабілетті дамытуға бағытталған жұмыстар. Осы бағыттағы жаттығулардың барлығын да лири- калық шығармаларды оқытқанда қолану маңызды.
«Мен таулықпын» ӛлең мәтініндегі ойды айқындау, жинақтау, жүйелеу, қорыту үшін тӛмендегідей тапсырмалар ұсындық:
Ӛлеңдегі тауды сипаттайтын сӛздерді белгіле, сол сӛздерді теріп жазып жүйеле.
«Асқар шыңдар желпиді бесігімді,
Бір орамын ағытып сәлдесінің» деген тармақтарды қайталап оқы, кӛз алдарыңа қандай бейне елестейді? «Сәлде» сӛзі қай заттық ұғымның орнына жұмсалып тұр? Асқар шыңның түсі қандай? Сӛз образын, кӛріністі, бейнені сипаттап айтып кӛр.
«Күн алғашқы сәулесін маған шашып,
Маған келіп түнейді қара тұман» деу арқылы ақын нені меңзейді? Осы тармақтарда уақытқа қатысты сӛз қолданыстары бар ма? Тауып белгіле, ӛз түсінігіңді айт.
Мәтіндегі Ана сӛзінің қолданысына назар аудар. Ӛлеңде ақын Ана сӛзін қандай ұғымда қолданған деп ойлайсыңдар?
Ӛлеңде табиғаттың тағы қандай перзенттері аталады.
Ӛлеңді тұтас қайталап оқи отырып, тауға деген ақынның қарым- қатынасы мен сезімін түсінуге талпынып кӛр.
Таудың қай қасиетін ақын ерекше қастарлейді?
«Тау ұлы» тақырыбына ой толғау жаз.
Мектеп оқулығында осы ӛлең мәтініне қатысты мынадай тапсырма берілген екен: «Ӛлеңді мәнерлеп оқы, жаттап ал» «Ақынның ой-арманын әсірелеп, ақын қиялын қалықтататын бейнелі сӛдерді дәптерлеріңе жазып алып, есіңе сақтауға тырыс». «Ӛлеңнен тау ұлында болуға тиіс қандай қасиеттерді аңғаруға болады».1Бұл тапсырмалар дәстүрлі талдауларда мақсат етіліп жүрген мәтіннің тақырыбы мен ӛзекті ойын танытуға да жеткіліксіз. Оның үстіне ақын тау ұлының қасиеттерін сипаттауды басты мақсат етпейді. Тау ұлына қатысты сындық ұғымдағы сӛздер, эпитеттер мәтінде жоқтың қасы. Бұндай дидактикалық жағынан кемшіл сұрақ-тапсырмалар оқушыны мейлінше тығырыққа тіреп, ой-қиялын шектейді.
Мектеп бағдарламасына енген М.Мақатаевтың ӛлеңдерін оқытуда белгілі бір дәрежеде қиындықтар бары рас. Оның бір себебі мектеп бағдар- ламасына енген ақын шығармаларындағы пафостың басымдығында. Оқушы- ларға ӛлең мәтінінен мағыналық танымға жетуден гӛрі сезімдік танымға жету, түйсіну әлдеқайда күрделі болатыны рас. Ақынның бұдан ӛзге
«Фантазия», «Барлығы да сендердікі» ӛлеңдері енген. «Фантазия» ӛлеңінде ақынның халықтың кешегісі мен болашағы туралы ой толғамдары танылады. Адамзат әлеміндегі қиял барша ғылым-білімнің, ғажайыптардың түрткісі. Қазақта «Жеті қат жер», «жеті қат аспан» деген ертеден айтылып келе жатқан ұғымдар. Аспан мен жер қабатының ғылымдағы атауы мен ерек- шеліктері зерттелмей тұрып-ақ, халық табиғат ерекшеліктерін зерделей алғандығын ақын халқымыздың ұшқыр қиялы мен даналығына жориды. Ата-
1 Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А., Атамұра 2013. -213 б.
бабамыздың «ертеңін ергегісінде» болжаған парасат, пайымына сүйсінген ақын, халықтың ғылым мен ӛркениет жолындағы қарым-қабілетінің молды- ғына сенеді.
«Барлығы да сендердікі» ӛлеңі ақынның кейінгі ұрпаққа қалдырған ӛсиет-аманаты деуге болады. Ӛлеңде ақынның айтпақ ойы ашық, бүкпесіз тура мағынасында берілген. «Ӛмір, қоғам, заман, дала, қала» – ата ұрпақтың болашаққа қалдырған мұрасы. Ақын ӛлеңінің ӛзегінде «жаңа атқан таң нұры» – болашаққа сүйіспеншілігі сезіледі, сонымен бірге сенім жүктейтіні де аңғарылады. «Болашақты жалғау үшін болашақ» үлкен жауапкершілік керектігін танытады. Ақынның айтпақ ой алғашқы тармақта-ақ ашық ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: |