Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
Жалпы білім беретін мектептердегі әдебиет пәні мақсатының танымдық, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін саралаңыз.
Әдебиетті оқыту әдістемесін «Кӛркем тарихы», «Ӛмір оқулығы» дәреже- сінде оқып-үйретудің ӛзіндік ерекшелігі қандай?
Әдебиетті ӛмірмен байланыстыра оқыту міндеттері туралы ой ӛрбітіңіз.
Әдебиеттер тізімі:
Мемлекеттік білім стандарты. – А., 1998.
Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX, X – XI сыныптар.–А., 2010.
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985.
Қосымша:
Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969.
І. 3. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы, оның сүйенетін негіздері.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу нысаны.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні басқа ғылымдар аясында.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің басты ұстанымдары.
Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы, оның сүйенетін негіздері. Барлық ғылыми пәндер адамның таным, білігін қалыптастырудағы әсер- ықпалымен ерекшеленеді. Әр ғылым саласы бұл міндетті ӛзінің материа- лының кӛлеміне, зерттеу тәсіліне байланысты шешеді. Солай бола тұра, қоғамдағы әр ғылым саласының негізгі бастау кӛзінде тұтастық байқалады. Білім саласы деген ұғымның ӛзі алғашқы бастау алатын бұлақ кӛзі мен сол
бұлақтың әр арнасы, саласы деген ой деп білеміз. Шындығында барлық ғылымның әуел бастағы шығу тӛркіні бір. Олай болатын себебі ғылым- дардың ӛзі тығыз интеграцияда ғана дами алады.
Ежелгі Греция мен Римде жоғары әулет ӛкілдері оқитын мектептерді философия, риторика деген пәндер оқылған. Философия пәндерінің аясына бүгінгі біздің заманымыздың бірнеше пәндерінің алғашқы бастамалары тоғыстырылған десе де болады. Бүгінгі жаһандану дәуірінде батыстық стандартқа сай білім алу мен әлемдік ӛркениетке ұмтылу қажеттілігі туындап отырған тұста Қазақстандағы ғылым салалары да сол талаптар деңгейіне ұмтылуда. Бүгінде ғылыми дәрежелер бұрынғыдай, жеке ғылым салала- рының атауымен аталмай, гуманитарлық ғылымдарға философия ғылымда- рының магистрі деген дәреже берілуінің ӛзінде сол бастапқы ғылым салала- рының тұтастығы ескерілгендігі кӛрінеді. Бүгінде жеке ғылым салаларының екінші бір ғылыммен байланысының артқандығын танытады.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің де қалыптасуы мен дамуында бірнеше ғылымның қатар ӛрілген тығыз интеграциясы бар. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуына Қазақстандағы алғашқы оқу орындарының, ондағы филология мамандықтарының ашылуы тікелей ықпал етті. Алғашқы педагог мамандар даярлауда болашақ әдебиет пәні мұғалімдеріне қажетті білім мен іскерлікті қалыптастыру кӛзделді. Студент жоғары оқу орнында әдебиеттану ғылымының салаларын меңгерумен қатар кәсіптік бағдар алу үшін әдебиет пәні әдістемесінен сапалы білім мен тәжірибе алу қажеттілігі туындады. Сонымен әдебиет әдістемесі пәнінің туып, қалыптасуын тікелей тіл мен әдебиет пәні мұғалімдерін даярлау тарихымен сабақтастыруға болады.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тууын Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ашылуымен қатысты қарастыра отырып, жоғары оқу орындары ХХ ғасырдың басында ашылғандығына орай, әдебиетті оқыту да осы кезеңде туды деген жаңсақ ұғым қалыптаспауы керек. Әдебиет, яғни сӛз ӛнерінің тарихын зерттеу үшін зейініміз адамзат қоғамының алғашқы кезеңіне дейін сапарлайтыны анық. Әдебиет халықпен бірге туып, бірге жасасып келе жатқандығы да кӛпшілікке мәлім. Әсіресе, қазақ халқы сӛз ӛнерінің құдірет, күшін ежелден таныған. Ӛз ұрпағын салиқалы сӛздің күшімен оқытып, тәрбиелеп келген. Жастайынан батырлық дастандарды тыңдату арқылы балаларды ерлікке, батырлыққа құлшындырып, айтыс ӛлеңдерді тыңдату арқылы сӛздің әсерін, әдемі сӛз ӛрнектерінің сұлулығын тануға сол арқылы ӛздерін де поэтикалық тілде әуезді сӛйлеуге үйретті. Ал жұмбақтар мен жаңылтпаштар арқылы сӛзді дұрыс дыбыстауға, жүйелі ойлауға, ойды түйіндеп айтуға дағдыландырып, тұрмыс-салт жырлары арқылы халық мәдениетін тануға, қадірлеуге үйреткендігі, ертегілер арқылы бала қиялын дамытып келгендігі анық. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізінде ғасырлар бойғы халықтың ұлттық тәжірибесі де берік орын алады. Дегенмен, белгілі бір ғылым саласының дамып, ӛркендеуі тек ӛткен тәжірибемен ғана шектеле алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |