Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
Әдебиет әдістемесінің басты мән-мазмұнын түсіндіріңіз.
Әдеби білім кезеңдері туралы психолог мамандардың пікірін саралаңыз.
Әдеби білімнің алғашқы кезеңіндегі қалыптастырылатын оқушының білім, білік, дағдылары қандай?
Әдеби білімнің екінші кезеңіндегі оқушының оқу-танымдық жұмыстары туралы не білесіз?
Әдебиеттер тізімі:
Мемлекеттік білім стандарты. – А., 1998.
Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX, X – XI сыныптар, - А., 2010.
Қосымша:
Богданов О.Ю., Леонова С.А., Чертова В.Ф. Методика преподавания лите- ратуры. Москва, 1999.
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі .-А.,Рауан,1997.
І. 2. ӘДЕБИЕТ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТ, МІНДЕТТЕРІ
Әдебиеттің пән ретіндегі ӛзіндік ерекшеліктері.
Әдебиет пәнінің танымдық, тәрбиелік, тұлға қалыптастырушылық рӛлі.
Әдебиетті пән ретінде оқытудың мақсат, міндеттері.
Әдебиеттің пән ретіндегі өзіндік ерекшеліктері. Әдебиет пәнінің оқу пәні ретіндегі құрылымы күрделі болып саналады. Себебі оның ішкі мазмұнына кӛркем әдебиет шығармалары, олардың тарихы мен теориясына қатысты ұғымдар, әдебиеттен ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстарының жүйесі, оқушының оқырмандық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қоса қамтылады. Әдебиетті оқыту оқушының сұранысы мен қабілет, мүмкін- дігіне қарай бірте-бірте дамып отырады. Біріншіден, әдебиет оқушының бастауыштан алған біліміне сүйенеді. Шығарманы жүргізіп оқып үйренген оқушы 5-сыныптан бастап мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра бастай- ды. Ең бастысы 5-сыныптан бастап сынып жоғарылаған сайын әдебиетті ӛнердің бір түрі — сӛз ӛнері ретінде тарихи негізін танып, қоғамдық мәні мен адам, жеке тұлға қалыптастыруға тигізетін әсер ықпалын, барлық адам- заттық мәселелерді қамтитын биік болмысын тани бастайды.
«Әдебиет — ӛнердің бір саласы. Ол – сӛз ӛнері. Белгілі әдіскер Қ.Бітібаева «Әдебиет — адам тану құралы» болса1, әдебиет пәні — «адам тәрбиелеу құралы» деген пікір айтады. Ал Ленинградтық әдіскер ғалым
Е.Н.Ильин «Әдебиет – адам қалыптастырушы құрал»1 деген әдебиет пәнін оқытудың жаңа жүйесін ұсынған. Әдебиет пәні арқылы оқушы адам болмы- сын тануды үйренеді, сол арқылы ӛзін-ӛзі тануға талпыныс жасайды. Қоршаған орта туралы ұғымдарын кеңейтеді, рухани дүниесі байиды, туған тілі мен еліне деген құрмет сезімі қалыптасады. Әдебиет пәні арқылы жас- ӛспірімдер туған елінің тарихы мен ғасырлар қойнауындағы сӛз маржанын оқып, сол арқылы туған елінің арманы мен қиялын, болашақтан күтер үміті мен сенімін кӛреді.
Достарыңызбен бөлісу: |