Оқытудың жаңа технологияларына негізделген сабақ жобалары. Жаңа оқыту технологияларына негізделген сабақ құрылымдары әралуан. Мәселен, «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жоба- сынан жүргізілетін оқу үдерісінде сабақты үш кезеңге бӛледі. Олар:
Қызығушылықты ояту кезеңі;
Мағынаны тану кезеңі;
Шығармашылық кезең. Сонымен қатар, ойсергектер мен рефлексияға да ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ модульдік оқыту сабақтарында оқу-таным үдерісін іштей үш кезеңге жіктейді. Олар:
Кіріспе бӛлім;
Сӛйлесу бӛлімі;
Қорытынды бӛлім.
Сабақтың кіріспе кезеңінде оқу материалы бойынша ақпарат беріледі. Сӛйлесу бӛлімінде түрлі әдіс-тәсілдер арқылы, рӛлдік ойындар, дидакти-
1 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А., Рауан, 1997. –271 -276 б.
калық ойындар т.б. арқылы оқу мазмұны оқушылардың белсенді әрекетінде игеріледі. Ал қорытынды бӛлім шығармашылық жұмыстарға арналады.
Жаңа оқыту технологиялары бойынша сабақ түрі оқушының білімді меңгеру үдерісінің құрылымына қарай ұйымдастырылады1. Олар:
Қабылдау
Мәнін түсіну
Есте сақтау
Қолдану
Қорыту
Әрбір сабақ түрі ӛзіне тән белгілі логикасына қарай құрылады. Оларды саралар болсақ, бірінші сабақ типі: «Бастапқы жаңа білімді оқып үйрену және есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері» делінеді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың қабылдау, мәнін түсіну және бастапқы білімді оқып үйрену, есте сақтау әрекетінің әдіс-тәсілдерін ұйым- дастыру.
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):
Мотивация
Оқушылардың оқу-таным түсініктерін ӛзектілеу кезеңі
Оқушы түсінігін алғаш тексеру кезеңі
Алғашқы қайталауды ұйымдастыру кезеңі
Талдау кезеңі
Рефлексия.
Бұл сабақты кӛбіне дәріс, кино сабақ, саяхат сабақ, әңгімелесу т.б. сабақтары түрінде ұйымдастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |