Қазақстан республикасы білім және ғылым


Кескін арасындағы өту ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет26/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
Кескін арасындағы өту ерекшеліктері 
 
Қабаттар арасында өту ерекшеліктігі бойынша сегіз негізгі 
түрге бөлінеді: 
Тегіс – екі қабаттың арасы тік болғанда, топырақтарда жиі, 
әсіресе, топырақ қабатының астында кездеседі.
Толқынды – екі қабаттың арасы толқын сияқты болады, 
орманды топырақтардың астыңғы жағында болады. Кейде жыр-
тылатын қабаттарда да кездеседі. Толқынның ұзындығы 5 –10 
см, амплитудаға салыстырғанда 0,5. 


Қалталы. Далалы топырақтардың қарашірінді қабаттары-
ның астыңғы жағында кездеседі. Қалталы шекара түрі, ағын-
дардың тереңдігін еніне салыстырғанда 0,5- тен 2 -ге дейін бөлі-
неді. Егер 0,5-тен кем болса, толқынды болғаны. Егер 2-ден көп 
болса – тілсымақты болып саналады. 
Тілсымақты – эллювиальді қабаттардың астыңғы жағында 
кездеседі. Далалы топырақтардың қарашірінді қабаттарының 
астыңғы жағында да кездеседі. 
Ағынды. Топырақтар жарылып, топырақта қарашіріндінің 
терең іздері қалған жағдайларда кездеседі. Ағындылардың те-
реңдігі мен енін салыстырғанда 5-тен, кейде оннан да артық 
болады. 
Шайылған. Эллювиальді үдерістері күшті топырақтарда, 
қатты күльденген топырақтарда өтеді. А мен В қабаттарының 
арасында анық шекара өткізілмегенде болады және А
2
В қабатқа 
бөлінеді. 
Ара тәрізді – өте сирек кездеседі, күлгін топырақтарда 
болады. Толқынды шекарадан айыру қиын. 
Шарбақ тәрізді – өте сирек кездеседі. Көбінесе солодьті 
және кейбір топырақтардың діңгекті қабаттарының арасында 
кездеседі (1, 2). 
 
 
Екі қабат арасының көрсетілуі 
 
Екі қабат арасының көрсетілу дәрежесі мынандай түрлерге 
бөлінеді: 
Айқын ауысу – көршілес қабаттар арасындағы шекара 
кескінінде айқын көрсетіледі. Кескіннің қабырғасында пышақ-
пен 1, 2 немесе 3 см. белгісіздік мөлшерінде анықтауға болады. 
Анық ауысу – көршілес қабаттарының арасындағы шекара 
кескінде айқын көрсетіледі. Кескіннің қабырғасында 1 – 3, 2 – 5 
немесе 3 – 5 см. Белгісіздікпен анықтауға болады, (күлгін топы-
рақтардың А
2
астындағы қабаттарда қаратопырақтың қараші-
рінді қабаттарының астыңғы шекарасында кездеседі). 
Белгілі (заметный) ауысу – шекара 3 – 5 см белгісіздікпен 
көрсетіледі. 


Біртіндеп ауысу (постепенно) шекара 5 см-ден артық 
белгісіздікпен көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет