(крапчатый) – қабаттың біртекті бояу фонында ұсақ дақтар (әр
түсті) кездеседі.
Топырақ ылғалдылығы.
Топырақ ылғалдылығы әртүрлі факторларға байланысты:
метеожағдайға, жер астындағы сулардың
орналасуына, топырақ-
тың механикалық құрамына,
өсімдіктер ерекшелігіне, т.б.
Ылғалды топырақ құрғақты топыраққа қарағанда қүңгірт
түсті болады. Топырақ ылғалдылығы оның құрылымы мен құр-
лысына әсер етеді, т.б.
Далалық жағдайда топырақ ылғалдылығы бес дәрежеге
бөлінеді:
1. Құрғақтопырақ – шаңды, қолға ұстағанда ылғал сезіл-
мейді,
қолды суытпайды, топырақ ылғалдылығы гигроскопия-
лық ылғалдылыққа жақын (ылғалдылық ауалы құрғақ жағ-
дайда).
2. Ылғалдылау топырақ –
қолды суытады, шаңдатпайды,
кепкенде кішкене ақшылданады.
3. Ылғалды топырақ – қолға ылғал айқын сезіледі,
фильтрлі
қағазды ылғалдандырады, кепкенде түсі ақшылға
өзгереді және қолмен қысқанда топырақ формасын сақтайды.
4. Дымқыл топырақ – қолмен қысқанда топырақ қамыр
түсті күйге айналады, су қолды ылғалдандырады.
5. Сулы топырақ – топырақты
қолмен қысса бармақтар-
дың арасынан су ағады.
Топырақ құрылысы.
Топырақтың құрылысы – С.И.Долгов айтуы бойынша
топырақ құрылысы деп оның кескініндегі түйірлер мен түйірт-
пектер өзара байланысты орналасуы сипатының және соған
сәйкес қалыптасқан топырақтағы
саңылаулардың көлемі, өзек-
тігі мен тұрпатын айтады.
Топырақ құрылсының көлемі мен түрі бойынша мынандай
типтерге бөлінеді:
1. Қуыстар топырақ құрылысы бөлшектерінің ішінде ор-
наласады.
А. Жіңішке қуысы – топырақты тесетін қуыстық диаметрі
1 мм. Көбінесе лесстерде және одан қалыптасқан топырақтарда
кездеседі.
Ә. Куысты – қуыс диаметрі 1–3 мм., лессті топырақтарда
(сұр
топырақтар, шымды-күлгін топырақтарда) кездеседі.
Б. Губка тәрізді – топырақ 3–5 мм. Қуыстармен тесілген,
көбінесе күлгін қабаттарда кездеседі.
В. Тесікті немесе танаулы - куыс диаметрі 5–10 мм. (сұр
топырақтарда кездеседі және жер қазатын хайуанаттарға бай-
ланысты).
Г. Ұя тәрізді – қуыстардың диаметрі 10 мм. (субтропикалы
және тропика топырақтарында).
Д. Трубка тәрізді – үлкен
жер қазғыш тышқандармен
тесілген.
2. Бөлшектердің куыстар арасында орналасуынан:
А. Жіңішке жарықты
–3 мм.
- ден жіңішке, қуыстар тік ба-
ғытта орналасқан.
Ә. Жарықты – жарықтардың көлемі 3 –10 мм.
- ден
жіңішке, призмалы және діңгек тәрізді топырақтарда кездеседі.
Б. Саңылаулы – тік орналасқан қуыстар көлемі 10 мм
- д
ен кең, кейбір кебір топырақтар діңгекті қабаттарда кездеседі.
3. Топырақтың қысымы коллоидтарға – кремнезем, алюми-
ний және темір қосындыларының цементтелуіне, механикалық
құрамына, жануар және өсімдік
тамырларының тіршіліктеріне
байланысты құрғақ кезінде төменгідей дәрежелерге бөлінеді:
А. Өте тығыз немесе біріккен құрылыс – топыраққа күрек
кірмейді (1 см-ден артық кірмейді) біріккен қара топырақтар-да,
кебір топырақта кездеседі.
Ә. Тығыз жайласу
– күрек немесе пышақ топыраққа зорға
кіреді, 4 –5 см тереңділікке, топырақ қолмен әзер сынады (бал-
шықты топырақтар және кебірлі қабаттар).
Б. Борпылдақ құрылым – топырақ түйіртпекті, күрек
немесе пышақ топыраққа оңай кіреді, түйіртпекті агрегаттар өз
арасында аз цементтелген (құмбалшықты топырақтар –жоғарғы
қабаттар).
В. Үгілгішті құрылыс – күрек және пышақ топырақкқа
оңай кіреді. Топырақ сусымалы (шаңданған топырақ қабаттары).
Достарыңызбен бөлісу: