Қазақстан республикасы білім және ғылым


Топырақтардың биологиялық сіңіру қабілеттілігі



Pdf көрінісі
бет46/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Топырақтардың биологиялық сіңіру қабілеттілігі. 
Органикалық заттар түрінде бекіген қоректік элементтер топы-
рақтарға түседі және оларда жинақтала береді. Биологиялық 
сіңіру қабілеттілігі азоттың және барлық маңызды қоректік эле-
менттердің өсімдіктерге тиімді қатынастарда бекуін қамтамасыз 
етеді. Оның эрозияланған, жас, әлсіз дамыған және механика-
лық құрамы бойынша жеңіл топырақтарда үлкен ерекше маңы-
зы бар. 
Топырақтың түзілу үдерістерімен бұзылуы кездерінде әр-
түрлі заттардың қозғалуы, бекуі, пайда болуы және ыдырауы, 
топырақтардың маңызды қасиеттерін көрсететін сіңіру қабіле-
тінің барлық формаларының әсер етуінен жүреді. 
 
II.III Топырақтағы тірі бөліктің маңызы 
 
Топырақ – тірі дене. Топырақ органо-минералдақ құры-
лым, сонымен қатар оның құрамында азды-көпті тірі ағзалар: 
түрлі микроағзалар мен қарапайым майда жәндіктер болады. 
Топырақ құрамының «тірі бөлігін» геохимия ғылымының 
заңдары бойынша тірі ағзалардың топыраққа әсері ретінде де 
қарастыруға болады. Олар топырақ түзушілер, көптеген әртүрлі 
ағзалардың популяциялары мен популяция топтары, бәрінің 
таксономиялық жүйелік орындары да және қызметтері де әр-
түрлі. Оларды жалпы «Топырақ биотасы» деген атпен бірік-
тіруге болады. 
«Б и о т а» грекше – «biote» тіршілік деген мағына береді, 
яғни тірі ағзалардың тарихи қалыптасқан таралу аймақтарын-
дағы біркелкі жиынтығы. Биотаның биоценоздан басты айыр-
машылығы оның құрамында болатын барлық түрлер. 
Жер бетіндегі органикалық заттарды түзетін алғашқы про-
дуценттік экологиялық топқа фототрофты тәсілмен қоректену-
шілер кіреді. Жоғары сатылы құрамында ұлпасы бар және 


эукариотты типтегі клеткалылар өсімдіктер патшалығына топ-
тастырылған (Plantae). Бірклеткалы және көпклеткалылар (ұл-
пасы жоқтар) фотосинтездеуші эукариотты ағзалар да Plantae 
патшалығына жатады. 
Алғашқы кезде балдырларға топтастырылған көк жасыл 
балдырлар қазіргі жіктеу бойынша бактериялар деп аталып өз 
алдына жеке Procaryotae патшалығына топтастырылды. 
Қазіргі кездегі жүйеленім ғылымы бойынша тіршілік 
иелерінің өмір сүру формаларына (қоректену типіне және құры-
лымына) байланысты әрқайсысы үш топқа бөлінеді. Гетеро-
трофты организмдер органикалық заттарды пайдалану типіне 
байланысты адсорбцияланушы осмотрофты және галозойлы (ірі 
бөлшектерді қорытатындар) болып бөлінеді. Бірінші топтағы-
лар – редуценттерге (ыдыратушыларға) жатса, екінші топтағы-
лар – консументтерге, яғни тұтынушылар тобына жатқызылады. 
Бірклеткалы және мицелиалды ағзалар, (mykes – саңырау-
құлақтардың вегетативтік денесі, тарамданған бір-бірімен 
белгілі бағытта айқасып орамданған жіпшелерден тұрады, олар-
ды гиф деп атайды) яғни бактериялар мен саңырауқұлақтар ос-
мотрофтар тобына біріктірілген. Бұлар негізінен органикалық 
қалдықтарды ыдыратушылар, яғни биологиялық зат айна-
лымындағы ең соңғы топ болып есептелінеді. Әсіресе, өсім-
діктер қалдығын белсенді ыдыратушылар қатарына жататындар: 
саңырауқұлақтар (зигомицеттер, миксомицеттер, базидиоми-
цеттер, аскомицеттер) және жетілмеген саңырауқұлақтар, нақты 
эукабактериялар. Сонымен қатар архебактериялар (микоплазма, 
бұларда клетка қабығы жоқ, олар бактериялар мен вирус 
арасындағы ағзалар), рикксия-микроскопиялық бактериялар
жасыл, сарыжасыл балдырлар (қызыл және қоңырлар жатпайды, 
себебі олардың ұнтақтығы микроскопиялық), саңыраққұлақтар 
мен микроскопиялық бактериялар өзінің тіршілігін аяқтаған 
кезде сыртқы ортаға қышқылдар мен ферменттер бөледі де, ор-
ганикалық қалдықтарды ыдыратуға белсенді түрде қатынасады. 
Осылардың дене мөлшері микроскопиялық және негізінен 
топырақта тіршілік етуге бейімделген. Консументті ағзаларға
екі деңгейлік құрылымда ұйымдасқан көпклеткалылар (құрылы-


мында ұлпалары барлар) және бірклеткалы қарапайымдылар 
жатады. 
Топырақтағы тіршілік патшалығы 5 (бес) топты құрайды. 
1. Өсімдіктер (Plantae) – фотосинтездеуші эукариотты 
ағзалар – бір клеткалы балдырлардан бастап ұлпасы бар өсімдік-
терге дейінгілер (денесінде ұлпалары барлар); органикалық 
затты түзуші бірінші продуценттер (түзушілер); 
2. Жануарлар (Animalia) – галозойлы типпен қоректенуші 
эукариотты ағзалар бірклеткалы қарапайымдармен қатар ұлпасы 
бар денелері және арнайы мүшелері бар күрделі ағзалар; орга-
никалық заттарды әртүрлі трофикалық деңгейде тұтынушы кон-
сументтер (тұтынушылар). 
3. Саңырауқұлақтар (Mycota) – адсорбция тәсілімен қорек-
тенетін эукариотты ағзалар, яғни бірклеткалылар, мицелиалдар, 
кейде жалған денелілер. Бұлар негізігі органикалық заттарды 
ыдыратушы редуценттерге (ыдыратушыларға) жатады. 
4. Прокариоттар (Procaryote) – ядросы айқын емес 
ағзалар, көбіне бірклеткалы және жіпшелі өте ұсақ (микроскоп-
пен ғана көруге болатын) ағзалар. Олар қоректену типіне қарай 
автотрофты және гетеротрофты болып бөлінеді. 
А в т о т р о ф т ы продуценттер – тек қана СО
2
(көмір-
қышқыл газы) негізі көміртек көзі ретінде пайдаланушылар, 
олар клеткаға (жасушаға) қажетті заттарды содан алады. 
Г е т е р о т р о ф т ы л а р – сыртқы органикалық заттарды 
тұтынушылар. Кейбір клеткалы қарапайымдарда әрі жануар-
ларға, әрі өсімдіктерге тән қоректену белгілері бар. Оған мысал 
ретінде саңырауқұлақтарды немесе цианобактериаларды атауға 
болады. Соған сәйкес олар – продуценттер де, редуценттер де 
болады. 
Тірі ағзалардың құрылысы, мөлшері және әртүрлі қорек-
тену типтері олардың экологиялық функциялары, топырақта өте 
күрделі әртүрлі қарым-қатынаста және өзара тығыз байланыста
тіршілік ететін ағзалар патшалықтарының мекен ететін табиғи 
орта жағдайларының қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер топырақта тамырларын 
жаяды, төменгі сатыдағы балдырлар топырақ үстінде немесе то-
пырақтың жоғарғы қабатында тіршілік етеді. Әртүрлі мөл-


шердегі жануарлар топырақты тіршілік ететін орын ретінде 
түрліше пайдаланады: кейбір түрлері оның жарық жерлерінде 
немесе ылғалы мол жерлерінде үнемі тіршілік етсе, кей түрлері 
топырақты тесіп жол, үңгір, ін жасайды, енді бір түрлері топы-
рақ ішін басқалардан тығылып бас сауғалау үшін ғана пайда-
ланады немесе қысқы ұйқыға кетеді. Қарапайымдылар тек ыл-
ғалды жерде ғана тіршілік етеді. Ең ұсақ саңырауқұлақтар, бак-
териялар және актиномицеттер топырақ түйірлеріне жабысып 
өсіп колониялар құрайды, кейбір түрлері су капиллярларында
тіршілік етіп, үнемі қозғалыста болады. 
Топырақта тіршілік ететін ағзалардың саны мен түрлері 
кеңістік пен уақытқа байланысты үнемі өзгеріп отырады. 
Алайда әр топырақтың өзіне тән биотасы болады, олар топырақ 
түзілу кезінде өздеріне қажетті үдерістерді жүзеге асырады. 
Топырақтүзу құбылысында жасыл өсімдіктер, төменгі 
сатылы хлорофилсіз организмдер (микроорганизмдер мен қы-
налар) және жануарлар белсенді араласады. Аталған организм-
дердің атқаратын жұмысы әртүрлі болғанымен, олардың іс-
әрекеттері біріге келе тау жыныстарын топыраққа айналдырады. 
Жасыл өсімдіктер жыл сайын топырақты құрамында
күлдік элементтермен қоса жинақталған күн қуаты бар едәуір
көлемде органикалық заттармен қамтамасыз етеді. Органикалық 
заттардың құрамындағы 1 г көміртегі 9,33 ккал күн қуатын 
сіңіре алады, сонда 1 га жерге түсетін өсімдік қалдықтарының 
орташа мөлшері 10 тонна болса, ол 9,33 х 10

ккал күн қуатын 
сіңірген болады. Күн қуатының өте күшті осы мөлшері 
топырақтүзу кезінде пайдаланылады. 
Өсімдіктің әр түрлері өздері құрған биомассаның көлемі 
мен сапасы және топыраққа түсетін мөлшері жөнінен бір-
бірінен айрықша ерекшеленеді. 
Табиғи шөптесін өсімдіктер жыл сайын қурайтын жер 
бетіндегі бөліктері мен тамырлары есебінен топырақты орга-
никалық заттармен байытып отырады. Ағаштұқымдастар жер 
бетіне түсетін жапырақ, бұтақ, жемістері арқылы, ал мүктер мен 
қыналар органикалық заттармен жер бетін байытып жатады. 
Шалғынды және құрғақ далалы жер өсімдіктері биомас-
сасы 85%-ға дейінгі мөлшерін тамыр жүйелері құрайды. Осыған 


байланысты органикалық заттар мен күлдік элементтер көлемі 
түгелге жуық топыраққа қайтарылып отырады. Шалғынды 
шөптердің топырақтарының орманды және құрғақ далалы 
жерлерге қарағанда құндылығы жоғары болады. 
Орман-тоғайлы өсімдіктердің топырақтары мол ылғалды, 
жуылып - шайылып тұрғандықтан ондағы органикалық және 
минералды қосылыстардың ерігіш түрлері шайылып кетеді. 
Топырақтың беткі эллювиальді қабаттарының тереңдігі (қалың-
дығы) аздау болады. 
Далалы аймақтардағы шөптесін өсімдіктердің топырағы 
ылғалдың жетіспеуіне сәйкес толық кескінді жуылып-шайыла 
алмайды. Шөптердің топырақтың беткі қабаттарына шоғырлан-
ған өте көп тамыр жүйелері жыл сайынғы шіріп-ыдыраудың 
әсерінен салыстырмалы түрде қалыңдығы терең, жұмсақ және 
бос қарашіріндісі мол эллювиальді қабатты түзеді. 
Органикалық заттардың ыдырап шіруіне олардың 
химиялық құрамы әсер етеді. Құрғақ органикалық заттардың құ-
рамына кіретін күлдік элементтердің, көмірсулардың, нәруыз-
дардың, лигнин, липидтердің және т.б. қосындыларының мөл-
шері әртүрлі өсімдіктердің құрамында әрқилы болып келеді. 
Ағаш сүрегі мен қылқандарында шөптесін өсімдіктеріне қара-
ғанда лигнин, ағаш майы және ашытқыш заттары көп болға-
нымен нәруыздар мөлшері аз болады. Қылқанды ағаштармен 
салыстырғанда жапырақты ағаштарда күлдік элементтер көп, ал 
ашытқыш заттар аз болады. 
Органикалық қалдықтардың биохимиялық өзгерулері 
кезінде олардың аралық және соңғы жәй заттарға ыдырауымен 
қатар, құрылымы мен құрамы жөнінен күрделі жоғары моле-
кулалық гумустық (қарашірінділік) заттар пайда болады. Бұл 
заттар ары қарай ыдырауға салыстырмалы түрде берік, сон-
дықтан уақыт өткен сайын топыраққа жинала береді. 
Топырақты көптеген микроорганизмдер түрлері (бактерия-
лар, актиномицидтер, саңырауқұлақтар, балдырлар, қыналар, қа-
рапайымдылар) мекендейді. Микроорганизмдер негізінен орга-
никалық қалдықтардың көбісі болатын (түсіп тұратын) топы-
рақтың ең жоғарғы қабатында жиналған, олар төменгі қабат-


тарда өсімдік тамырларының маңына (ризосферасына) топ-
тасады. 
Топырақтүзу құбылысында микроағзалардың маңызы өте 
зор. Микроорганизмдердің белсенді араласуының арқасында ор-
ганикалық қосылыстардың топырақ қарашіріндісіне айналуына 
мүмкіндік туады. Микроорганизмдер атмосфера азотын ассеми-
ляциялайды (сіңірелі). Олар биологиялық зат айналымының ең 
белсенді факторы болып саналады, себебі топырақ ерітіндісінде 
өсімдікке қажетті қоректік элементтер болуы микроорганизм-
дердің тіршілігі арқасында жүзеге асады, яғни, олар топырақтың 
құнарлылығына да тікелей әсер етеді. 
Топырақ микроорганизмдерінің ішіндегі ең көп тарағаны 
бактериялар, олардың саны 1 г топырақта жүздеген мыңнан 
миллиардқа дейін жетеді. Топырақ бактериялары қоректену 
әдісі бойынша гетеротрофтарды (органикалық қосындылардың 
көміртегі пайдаланушылар) топтарына бөлінеді. Демалу (тыныс 
алу) түрі бойынша бактериялар аэробты (молекулалық оттегімен 
тіршілік етеді) және анаэробты (тіршілігіне бос оттегіні қажет 
етпейді) болып бөлінеді. 
Автотрофты (прототрофты) бактериялар топырақтүзу 
құбылысы үшін аса маңызды интрификация, сульфофикация, 
темірдің тотығуы сияқты жұмыстарды атқарады. 
Гетеротрофты (метотрофты) аэробты бактериялар өсімдік 
пен жануарладың қалдықтарына кіретін органикалық заттарды 
тотықтандырады, бұлардың арасында көмірсулар, нәруыздар, 
майлар, қышқылдар және т.б. ыдырайды. Гетеротрофты аэробты 
бактериялар көмірсулар мен пектин заттарының ашуын, нәруыз-
дардың шіруін тудырып, денитрификация және десульфофи-
кация құбылыстарын жүргізеді. Осылай бактериялар мен орга-
никалық заттардың ыдырауы аяққы газтәріздес заттарға (аэроб-
ты жағдайда –көмірқышқыл газы, аммиак, су, анаэробты жағ-
дайда аммиак, күкіртсутегі, метан) немесе аралық өнімдерге 
(спирттер, қышқылдар, аминқышқылдары, т.б.) дейін жүруі 
мүмкін. 
Актиномицидтер аэробты, сапрофитті организмдер, бей-
тарап топырақтарда көп кездеседі (жалпы топырақта бактерия-
лардан әлдеқайда аз кездеседі). Олар клетчатканы, легнинді, 


парафинді, балауызды, гумустық заттарды жақсы ыдыратып
құрамындағы қоректік элементтерді босатады. 
Саңырауқұлақтар топырақта көп тараған. Олар аэробты 
жағдайда көмірсуларды, лигнинді, клетчатканы, майлар мен 
нәруыздарды, т.б. органикалық заттарды жақсы ыдыратады. 
Балдырлар – көмірқышқыл газын сіңіру қабілеті бар өте 
майда организмдер, негізі топырақтың беткі қабаттарына тара-
ған. Топырақ балдырларының үш түрі бар: жасыл, көкжасыл 
және диатомды. Балдырлардың тіршілігі жақсы ылғалданған 
топырақтарда жақсы өрбиді. Балдырлар бөліп шығаратын оттегі 
топырақтағы тотықтану құбылыстарын жоғары деңгейде ұстауға 
көмектеседі. 
Қыналар (саңырауқұлақтар мен балдырлардың сембиозы) 
табиғатта негізінен құнарсыз жерлерде, тау жыныстарында 
мекендеген. Олар жыныстар мен топырақтарды биохимиялық 
(еріту) және механикалық жолмен бұзады. 
Топырақтағы қарапайымдыларға тамыраяқтылар (амеба-
лар), шыбыртқылар және инфузориялар топтары жатады. Олар-
дың саны 1 г топырақта ондап-жүздеп, мыңдап кездеседі. Бар-
лық қарапайымдылар аэробты организмдер, топырақтың ең 
беткі қабатын мекендейді. Кейбір сапрофитті қарапайымдылар 
осмостық қысым арқылы қоректенеді (автотрофты, көмір-
қышқыл газы мен минералдарды сіңіреді). Қарапайымдылардың 
жеке түрлері нәруыздарды, көмірсуларды, майлар мен клетчат-
каны ыдыратады. Қарапайымдылардың көпшілігі бактериялар 
және саңырауқұлақтармен қоректенеді. Осыған байланысты 
қарапайымдылардың кенеттен көбеюі бактериялардың санын 
азайтады, яғни, қарапайымдылар белсендігінің артуы топырақ 
құнарлылығына теріс әсер ететін көрсеткіш болып есептеледі. 
Қорыта келгенде, топыраққа түсетін органикалық зат-
тарды шірітіп-ыдыратуда топырақты мекендейтін барлық орга-
низм түрлері қатысады, яғни, көміртекті және азотты қосылыс-
тарды ыдыратып, жаңа түрге айналдыруды микроорганизм-
дердің жеке топтарымен байланыстыруға ешбір болмайды. 
Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар топырақта 
аэробты және анаэробты жағдайларда бактериялар, саңырау-
құлақтар мен актиномицеттер әсерінен альбумоза, пептон, одан 


әрі аминқышқылдарына дейін ыдырап, ең соңында аммиак және 
ароматты қышқылдарға бөлініп кетеді. Бұл құбылыс аммонифи-
кация деп аталады. Мұнда пайда болған аммиак топыраққа бір-
шама сіңуі мүмкін, қалғаны нитраттарға немесе молекулярлық 
азотқа айналып кетеді. Аммонификация кезінде топырақ ерітін-
дісінде түзілген өсімдікке сіңімді аллюминилі азот жоғары өнім 
өндіруде аса маңызды орын алады. Бұл жерде мынаны ескеру 
керек: егер органикалық затта нәруыз көп мөлшерде және көмір-
тегінің азотқа қатынасы 20-дан кем болса ғана өсімдікті азотпен 
қоректендіруде аммонофикация құбылысының маңызы артады. 
Нәруызды қосылыстардың мөлшері аз болса, түзілген аммиак 
микроорганиздерге биологиялық сіңіп, толығымен олардың 
нәруызын жасауға жұмсалады. Сондықтан топыраққа көмірте-
гісі көп органикалық заттарды (сабан, сабаны көп қи) енгізу 
өсімдіктің азотпен қоректенуінің жетімсіздігіне әкеп соқтыруы 
мүмкін. 
Нетрификация дегеніміз – аммиактың протопрофты бакте-
риялармен азот қышқылына дейін биохимиялық өзгеру құбы-
лысы. Нетрификация қарқынды түрде тек қана аэробты жағ-
дайда (жақсы аэрацияда) азқышқылды және сілтілі топырақ-
тарда жүреді. Агрономиялық жақсы жағдайда 1 га жерде 
нетрификацияның салдарынан 300 кг-ға дейін азот қышқылы 
түзіледі. 
Денитрификация дегеніміз – анаэробты жағдайда бак-
териялардың азот қышқылын азотты қышқылға және нитратты 
нитриттерге дейін тотықсыздандыру құбылысы. 
Бактериялар, саңырауқұлақтар мен балдырлар арасында 
атмосфералық ауадан азотты сіңіретін, сөйтіп топырақты азот-
пен байытатын түрлері бар. Бұлардың біреулері өсімдіктермен 
симбиоздық қарым-қатынас құрса, мысалы, бұршақтұқымдас 
өсімдіктер тамырындағы түйнекті бактериялар, басқалары то-
пырақ ішінде бос тіршілік етеді (аэробты – Азотобактер, ана-
эробты – клостридиум, саңырауқұлақ – Фома). 
Азотты фиксациялаушы бактериялардың қуат көзі болып 
олар тотықтыратын көмірсулар саналады. Осы бактериялардың 
тіршілігінің арқасында 1 га жерге 5-10 кг азот жиналады. 


Түйнекті бактериялар жылына жоңышқалы танапта гектарына 
100 кг-ға дейін азот жинақтайды. 
Топырақта бос тіршілік ететін азотфиксацияларға қолайлы 
жағдай туғызу үшін арнайы бактериалды препараттар (азото-
бактерин, нирагин) пайдалануға болады. 
Топырақтағы органикалық фосфаттарды, күкірт пен темір, 
марганец пен кремний қосылыстарын ыдырататын микро-
организмдер түрлері де жеткілікті. 
Топырақтүзу құбылысында әртүрлі макроскопиялық жан-
уарлар 
организмдері

құрттар,
жәндіктер, омыртқалылар қатысады. 
Топырақтүзудегі ең белсенді омыртқасыздар – құрттар. 
Агрономиялық көрсеткіштері жақсы қалыптасқан 1 га жерде 
бірнеше миллиондаған дана жауын құрты кездеседі. Жауын 
құрттары өсімдік қалдықтарымен қоректене отырып, топырақты 
кез келген жаққа тесіп, ас қорыту кезінде аса көп мөлшерде 
өзінен өткізеді. (мысалы, Н.А.Димоның зерттеулері бойынша 
суармалы бозтораптардың 1 га көлеміне жауын құрттары жыл 
сайын 123 тонна экскремент (копролит) түріне қайта өңделген 
топырақты шығарады екен). Осы жұмыстардың әсерінде топы-
рақтың физикалық қасиеттері жақсарады, топырақ қабаттары 
борпылдақ түрге айналып, ауа – су өткізгіштік қасиеттері ұлғая-
ды, яғни, топырақтың құнарлылығын арттыруға елеулі көмегін 
тигізеді. 
Жәндіктер (құмырсқалар, аралар, әртүрлі қоңыздар мен 
олардың лечинкалары) мен омыртқалы жануарлар да (кесіртке-
лер, жыландар, әртүрлі тышқандар) өздерінің органикалық қал-
дықтармен қоректеніп, тіршілігінде атқаратын әртүрлі және 
орасан зор жұмыстарының арқасында тұрақты жүріп жататын 
топырақтүзу құбылысына тоқтаусыз қатысып жатады. 
Өсімдіктің көпшілік түрлері алғашқы продуценттер, яғни 
жер үстіндегі биоценозды (фитоценозды) құрайтындар болып 
саналады. Органикалық заттардың түзілуі негізінде біздің ға-
ламшаларымыздағы биологиялық айналым жүріп отырады.
Биологиялық айналымға қатынасатындар – топырақтар, ауадан 
алынған элементтердің өсімдік бойына сіңуі, полимерлердің 
(атом мен молекулалардың көптүрлілігі) биосинтезделуі, шірі-
ген органикалық қалдықтардың микроағзалардың әсерінен ыды-


рауы, нәтижесінде химиялық элементтердің топыраққа, ауаға 
қайта таралуын қамтамасыз етеді. Биологиялық зат айналымы 
нәтижесінде топырақ органикалық заттармен, азотпен, мине-
ралды қоректік заттармен байытылады және олар қайтадан өсім-
дік қажеттігігіне жұмсалады. 
Биологиялық зат айналым әртүрлі табиғи зоналарда әр-
түрлі қалыптасады, оның көрсеткіштері өсімдіктің биомас-
сасына, биомасса құрамындағы элементтерге, түскен жапырақ-
тарға, төсеніштерге, т.б. байланысты болады. 
Жоғарыда айтылған заңдылықтар топыраққа әртүрлі 
дәрежеде әсер етіп оның құнарлық қасиетін де әртүрлі дәрежеде 
қалыптастырады. Сөйтіп топырақтағы тіршілік иелері алуан 
түрлі болғандықтан, олардың биологиялық ерекшеліктеріне 
«Топырақ биологиясы» пәнін өткенде толығырақ тоқталамыз. 
Топырақ биотасына қысқаша түсінік бердік, келесі мәліметтерде 
«Топырақтану» пәні тұрғысынан топыраққа жеке түсінік 
береміз. 
Топырақтану ғылымының негізін қалаушы ғалымдардың 
(олар жоғарыда келтірілген) тұжырымдамалары бойынша топы-
рақ – тірі дене. Топырақтың құрамында, жоғарыда айтылған-
дай, тек өлі минералды заттар ғана емес, әр кезде азды-көпті тірі 
ағзалар, түрлі микроағзалар мен қарапайым майда жәндіктер 
болады. Бұлар топырақтың тірі бөлігін құрайды. Микрооағзалар 
табиғаттың ыстық-суығына да, оттегінің бар-жоғына да, 
ортаның қышқылдығы мен сілтілігіне де қарамайды, барлық 
жағдайға бейім келеді. Тек оларға қажетті ылғал мен қоректік 
зат болса болғаны, сондықтан олар табиғаттың барлық бұры-
шында да кездеседі. Олар топырақтың бір бөлігі болып сана-
лады. Топырақтың тірі бөлігіне өсімдіктердің тірі тамырлары да 
жатады, өйткені өсімдіктің тамырынсыз топырақ пайда 
болмайды. 
Топырақта микрооағзаларының түрлері мен санының 
әртүрлі болуы ондағы табиғи жағдайлардың, яғни топырақтың 
түрліше болуына байланысты. 
Құнарлы қара топырақтың бір грамында бактерия саны 5 
млрд, құнары аздау күлгін топырақта оның саны 1 млрд. Көр-
некті микробиолог ғалым Н.А.Красильниковтың есептеуіне қа-


рағанда, топырақтың құнарлы қабатында гектарына 5-7 тоннаға 
дейін тірі бактериялар болады екен (Н.А.Красильников, 1954). 
Балдырлардың да топырақта негізінен екі түрлі жасыл 
және диатомды түрі тіршілік етеді. Бұлар алғашқы топырақ 
түзушілер қатарына жатады. Топырақта көп тарағандардың бірі 
– саңырауқұлақтар. Олар негізінен орманды, ылғалды аймақ-
тардың топырақтарында өседі. 
Саңырауқұлақтардың көп тараған түрі – актиномицеттер 
(немесе сәулелі саңырауқұлақтар). Қыналар – топырақта көп 
кездесетін, алғашқы топырақ түзуші төменгі сатылы өсім-
діктердің бірі. 
Микроағзалардың көбісі топырақтың жоғары құнарлы 
қабатында, әсіресе өсімдік тамырларының айналасында, қала 
берсе өсімдік тамырларының ішінде (түйіршік бактериялар) 
кездеседі. 
Топырақ құрамында бұл микроағзалар мен төменгі сатылы 
өсімдіктерден басқа, төменгі сатылы қарапайым жәндіктер: аме-
балар, тамыраяқтылар, инфузориялар және тағы басқалар кез-
деседі. Бұлардың саны 1 г топырақта 1 – 1,5 млн-ға дейін жетеді. 
Жоғарыда айтылған микроағзалар мен төменгі сатылы ағзалар 
топырақта жай ғана өмір сүрмейді. Олар өседі, өнеді, өледі, 
сөйтіп топыраққа күрделі өзгерістер енгізеді. 
Микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлардың органикалық 
қалдықтарын шірітіп, ыдыратып жай қосылыстарға: суға, көмір 
қышқыл газына, аммиакқа және басқа заттарға айналдырады. 
Егер де жер бетінде тек өсімдіктер мен жануарлар ғана 
болса, көп органикалық заттар ыдырамай, жинала береді де, 
табиғаттағы заттардың айналымына едәуір кедергі келтірер еді, 
тіршілік “санитарларынсыз” өмір де болмас еді. 
Микроағзалар органикалық қалдықтарды тек ыдыратып 
қана қоймайды, олар бұдан жоғарыда айтылған гумус сияқты 
күрделі зат құрайды. Сонымен топырақта өмір сүретін микро-
ағзалар мен төменгі сатылы қарапайым жәндіктер оның қасие-
теріне әсерін тигізетін, тіпті топырақ түзуші фактордың өзі бола 
тұрып, оның құрамының бір бөлігі болып саналады. Міне, сон-
дықтан да топырақ тірі денеге жақын деп танылып, биология 
ғылымдарының бір саласы ретінде қарастырылады. 


Бұл айтылған микроағзалар мен төменгі сатылы ағзалар-
дың басқа топырақты мекендейтін әртүрлі омыртқасыз және 
омыртқалы жәндіктер мен жануарлар көп-ақ. Олардың топырақ-
қа тигізетін әсері біраз шамада. Дегенмен, олар тікелей топырақ 
құрамына енбейді. Олардың ішінде топырақ қасиеттері мен құ-
нарына өте мол әсер ететін жәндік – жауын құрты. Ол топырақ 
пен топырақ араласқан органикалық заттармен қоректенеді де, 
оны денесінен әртүрлі түйіршіктер ретінде шығарып, өзіне тән 
капролитті құрылым түзеді. Топырақты денесімен әрі-бері тесіп 
өтетіндіктен, ол топырақтағы ауа-ылғал режимдеріне де әсері 
көп. 
Қазақстанда жауын құрттары суармалы егіс алқаптарында, 
солтүстік қара топырақты аймақта, таулы алқаптарда, әсіресе 
Шығыс Қазақстандағы Алтай таулы аймағында көп кездеседі. 
Алтай аймағында жауын құртының ірі түрлері тіршілік етеді. 
Тірі ағзалардың топырақ қарашіріндісін түзудегі рөлі 
ерекше. Топырақтың органикалық заттарының ішінде неше 
түрлі шіріген немесе толық шірімеген жануарлардың қалдық-
тары көп. Жалпы топырақтағы органикалық заттардың көзі ре-
тінде топырақтың бетіне түсіп, топырақ қабаттарында жиналып, 
топырақтың түзілу үдерісіне қатысатын – биоценоз қалдықтары. 
Биоценоздің мөлшері, құрылымы мен динамикасы табиғи зо-
налардың барлығында бірдей емес. Негізгі органикалық қал-
дықтар өсімдіктерден тұрады. Бұл биологиялық қалдықтар 
омыртқасыз жануарлар мен микроағзалар қалдықтарымен са-
лыстырғанда бірнеше ондаған немесе жүздеген есе артық, ал 
омыртқалы жануарлармен салыстырғанда мың есе артық. 
Сондықтан өсімдіктердің жер бетіне түскен қалдықтары және 
олардың тамырлары, ыдыраған өсімдіктердің бөліктері – 
органикалық заттарды құрайтын негізгі материалдар. 
Органикалық заттардың ыдырауы – өте күрделі құры-
лымдар мен молекулалардың жартылай жай молекулаларға,
оның ішінде толық ыдырап кеткен заттарға ауысуы (СО
2
, NН
3

Н
2
О т.б.). Органикалық компоненттердің ыдырауы өте күрделі 
әрі ұзаққа созылатын құбылыс, себебі бұл механикалық немесе 
физикалық бөліну, биологиялық немесе биохимиялық, химия-
лық қосылыстардан тұрады. 


Органикалық заттарды ыдыратуда топырақтағы әртүрлі 
ағзалар үлкен қызмет атқарады. Барлық топырақтарда органика-
лық заттарды ыдыратуда міндетті түрде бактериялар қатысады, 
өйткені олар заттарды ыдыратуға өте қабілетті. Олар өздері шы-
ғаратын ферменттермен қоректену үшін ақуыздарды, көмір-
сутектерді, органикалық қышқылдарды, спирттерді пайдалана-
ды. Бактериялар сияқты актиномицеттер де органикалық зат-
тарды ыдыратуға белсенді қатынасады. Топырақта ұзақ уақыт 
болып, өздеріне қолайлы жағдай туғыза отырып, әсіресе қара 
топырақта белсенді түрде органикалық заттарды шірітуде үлкен 
рөл атқарады. 
Саңырауқұлақтарда ферменттердің сан-алуан түрлері 
кездеседі, олар органикалық заттардың өзгеруіне жан-жақты қа-
тысады, бірақ та бактериялармен салыстырғанда әрекеттесу 
жылдамдығы аз. Ал ароматикалық заттарды шірітуде олар бел-
сендірек. Табиғатта лигнин мен таниннің ыдырауы осы ағза-
ларға байланысты. Қара шіріктің түзілуі де саңырауқұлақтардың 
көмегінсіз өтпейді. Топырақта целлюлозаны, триходерма, 
фузариум, кейбір аспцилиумдерді ыдырататын да осылар. 
Органикалық заттардың құралуына балдырлар – авто-
трофтар қатысады. Балдырлар түзген органикалық заттардың 
салмағы, топырақтың жоғары қабатында түзілген барлық орга-
никалық заттардың 0,05 – 0,2 пайызын құрайды. Балдырлар кө-
біне топырақтың беткі қабатына тараған, 10-20 см-ден төменде, 
олардың саны жоқтың қасы. 
Топырақтағы органикалық заттардың іріп-шіруіне әсер 
ететін, негізінен күрделі функциялар атқаратын – омыртқасыз 
жануарлар. Олар өсімдік қалдықтарын физикалық немесе меха-
никалық түрде бөлшектеп, майдалап, оларды әрі қарай саңы-
рауқұлақтар мен бактериялардың ыдыратуына дайындап береді. 
Омыртқасыз жануарлар ыдырай бастаған өсімдік қалдықтарын 
топырақтың төменгі қабатына апарып, онда ауаның алмасуына, 
құрамын жақсартуға, органо-минералдық құрылымдардың түзі-
луіне жағдай туғызады. Олардың тіршілік әрекетінен органика-
лық заттардың ыдырауы үдемелі жүреді. 
Омыртқасыз жануарлардың да топырақтағы биологиялық 
заттардың айналымына (2 % болса да) біраз рөлі бар. Бұл 


жануарлар түрлері топырақтың физикалық қасиеттерін қалып-
тастыруға және де топырақты араластыруға қатысады. 
Барлық жағдайларда да органикалық заттардың ыдырауы 
ферменттердің белсенді қатысуымен өтеді. Ферменттер – ақуыз 
молекулалардың ішінде ең ірі және ерекше органикалық құры-
лым. Олардың молекулалық салмақтары – 10 мыңнан бірнеше 
млн-ға дейін. Бұлар топырақта өтетін барлық биохимиялық 
реакциялардың үдеткіші – катализаторлары. Ферменттер зат 
алмасуды реттейді. Сондықтан барлық тіршілік үдерісінде оның 
маңызы ерекше. Олар топырақта өсімдік бойынан, жануарлар 
мен ұсақ ағзалардың денелерінен тарайды. Ферменттер ката-
лизатор ретінде органикалық заттар ыдырауы мен синтезделуін, 
химиялық реакцияларының жүруін күшейтеді. Барлық фер-
менттер бір құрамды және екі құрамды болып екі топқа 
бөлінеді. Топырақтағы ферменттердің белсенділігі мен қоректік 
элементтердің шоғырлануының арасында тығыз байланыс бар. 
Олардың белсенділігі сұр топырақтан қара топыраққа жыл-
жығанда артады. Қара шіріктің түзілуі де ферменттердің түр-
леріне, белсенділігіне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет