рақ агрохимиясы саласында Д.Н.Прянишников пен Я.В.Пейве
терең зерттеулер жүргізіп, көптеген жаңалықтар ашты.
Топырақ таза геологиялық та, таза биологиялық та дене
болмағандықтан оны зерттеу әдістері үнемі дұрыс нәтиже бере
бермейді.
Топырақ күрделі дене болғандықтан осы күнге дейін оны
белгілі бір ғылымдар қатарына жатқызу мүмкін болмай отыр.
1948 жылы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы академиясы-
ның тамыз сессиясынан кейін
Топырақтану ғылымы бірауыз-
дан биологиялық ғылымдарға жатқызылды. Сонымен топырақ-
тану ғылымы аса күрделі және өте қажетті білім.
Халық саны-
ның күн сайын өсуі, олардың әл-ауқатының көтерілуі үшін
топырақтанудың маңызы жылдан-жылға арта бермек.
Қазақстанда топырақтану ғылымы негізінің қалануы
Өмірбек
Оспанұлының есімімен тікелей байланысты. Мәскеудегі
Тимирязев ауылшарушылық академиясының топырақтану және
агрохимия мамандығын алған Ө.Оспанұлы КСРО Ғылым
академиясының аспирантурасына түсіп, 1936
жылы геология-
минерология ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғап
шықты. Бұл кезде Ө.Оспанов топырақтану саласынан қазақ
ұлтынан шыққан, алғашқы ғылыми дәрежесі бар ғалым болған.
Ө.Оспанұлы Қазақстанда топырақтану секторын ұйымдастыру
мәселесін көтеріп, оған басшылық ету үшін елімізге аты белгілі
профессор А.И.Безсоновты шақырды. Сонымен республикамыз-
да топырақ зерттеуші алғашқы ғылыми ұжым пайда болды. Бұл
топқа Отан соғысы жылдарының басында Алматыға көшіп кел-
ген КСРО ғылым академиясы Докучаев атындағы Топырақтану
институтының директоры Л.И.Прасолов бастаған,
кейінірек
академик
болған И.П.Герасимов, профессорлар М.А.Глазовсская,
Е.В.Лобова, т.б. қосылды.
Тікелей топырақ қыртысын Қазақстанда зерттеу осы үс-
тіміздегі ғасырдың басында, Ресейдің халқы тығыз мекендеген
Еуропалық бөлігінен шаруаларды шығысқа, Қазақстан мен
Сібірге көшіру мақсатымен құрылған Қоныстандыру
басқарма-
сы қолға алған. Бұл жұмыстар Докучаевтың дарынды шәкірті,
топырақтану саласындағы алғашқы академик К.Д.Глинканың
басқаруымен жүргізілді.
Топырақтану секторының, мәскеу мамандары қолдаған
алғашқы жемісті еңбектері енді Топырақтану институтын
ұйымдастыруға негіз болды.
Мұндай институт Ғылым акаде-
миясының құрамында 1945 жылы ашылды. Институт топы-
рақтану ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. 1974 жылы
Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1996 жылы Қазақ Республикасының Ғылым академия-
сының құрылуына 50 жыл толуына байланысты, Топырақтану
институтын ұйымдастыру мен дамытудағы
аса ірі еңбектері
үшін және ғылымды мәңгі есте қалдыру мақсатында институтқа
Ө.Оспанов аты берілді.
Топырақ – табиғат көркінің айнасы. Бұл сөзде көп мән бар.
Топырақтың тік қазылған пішінін қарап, сол жердегі ауа
райының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің, т.б. табиғат
құбылыстарының
тек қазіргі емес, өткен дәуірлерде қандай
болғанын айта аламыз. Сонымен, жай жатқан өлі дене емес,
жаратылыстың ерекше тарихи әрі табиғи денесі, оның пайда
болу, жер бетіне таралу заңдылықтары мен қасиеттері бар. Оны
топырақтану ғылымы зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: