Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет3/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
 
 
 
 
 
 
 


І . БӨЛІМ
1.1 Топырақ ғылымының даму тарихы 
 
Қара топырақтың пайда болуы жөніндегі алғашқы дұрыс 
болжам айтқан орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов (1763). Ол 
«Жер қабаттары туралы» атты кітабында: «Қара топырақтың 
пайда болуы, минералды емес, табиғи екі патшалықтан – 
өсімдіктер мен жануарлардан пайда болғанын барлықтарымыз 
мойындаймыз»,-деп жазды. В.В.Докучаев бір ғасырдан кейін 
осыны ғылыми негізге алды, қара топырақ туралы XVIII ғасыр-
да профессорлар М.А.Афония, И.М.Комовтар да жазды. Бірақ 
олар қара топырақтың пайда болуымен шұғылданған жоқ. 
Ерікті экономикалық қоғамның бағдарламасында әртүрлі 
топырақтың агрономиялық қасиеттері туралы мәліметтер сұрақ-
жауап ретінде жиналды. 
Ерікті экономикалық қоғаммен қатар топырақ туралы мә-
ліметтерді мемлекеттік мүлік министрлігінің ауылшаруашылы-
ғы Департамент есепшілері жинады. Осы материалдарды жинас-
тырып, 1851 жылы К.С.Веселовский Ресейдің Еуропалық бөлігі 
топырағының сызба-нұсқа түріндегі картасын жасады. Ал 1879 
жылы В.И.Гаславскийдің дәл осы территорияның топырағына 
арналған жаңа толықтырылған картасы жарық көрді. Шаруа мен 
диқаншылардан салық жинау мақсатында құрастырылған бұл 
карта ғылыми тұрғыда негізделмеген, бір түйінге келтірілмеген
еді. 
П.А.Костычев топырақтануды тек агрономиялық қана 
емес сонымен қатар оны бирлогиялық ғылымға да жатқызды, 
В.В.Докучаевтің 
ең жақын шәкірті И.М.Сибирцев П.А.Костычевті
топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі деп баға-
лаған. 
В.В.Докучаев ғылыми топырақтану мен ландшафтар 
туралы ілімнің негізін қалаушы. Ерікті экономикалық қоғам 
1876 жылы арнайы қара топырақ жөнінде комиссия құрды. Ко-
миссия жұмысына Петербург университетінің геология және 
минерология 
кафедрасында қызмет істейтін геолог В.В.Докучаев
шақырылды. В.В.Докучаев қара топырақ жөніндегі комиссиясы-
ның геология-географиялық және физика-химиялық зерттеу бағ-
дарламасын жасады. 1877-1878 жылдары даланың геология-гео-


графиялық зерттеу жұмыстары В.В.Докучаевтың басқаруымен 
жүргізілді. Физика-химиялық талдауға әр жердің топырағы мен 
тау жыныстарының үлгілері алынды. 
1898-1900 жылдары Докучаев Кавказ тауларының топы-
рақтарын, Түркістан, Каспийдің Шығысын, тіпті Қарақұмдағы 
Чорджау аймағының Репетек құмдарын, гипсті топырақтарды 
зерттеді. 
Қазақстан ғылымының өз алдына отау тігіп, Республика 
ғылым академиясының құрылуына әзірлік жұмыстары жүргізіле 
бастады. Соның бір көрінісі ретінде кешенді топырақтану-бота-
ника институты жеке-жеке институт болып қайта ұйымдасты-
рылды. 
Топырақтану институтының директоры болып Ө.Оспанов 
бекітілді. 
1952-1956 жылдар арасында институт құрамында 1946 
жылы ұйымдастырылған Қызылорда ғылыми зерттеу базасы 
болды. Ал 1961 жылдан 1967 жылға дейін Ақмоладағы филиал 
жұмыс істеді, 1968 жылдан бастап бұл филиал институттың 
осындағы бөлімшесі. Бұрын бөлімшеде, негізінен, топырақ 
қорғау бағытында зерттеулер жүргізілсе, 1981 жылы кебірлен-
ген топырақты мелиорациялау зертханасы ұйымдастырылды. 
Республикамыздың 
барлық 
облыстарының 
шағын 
масштабты топырақ карталарынан жиналған материалдар рес-
лублика топырағының таралу заңдылықтары, оның қасиеттері
мен көлемі жөнінен нақты мәліметтер берді. Осының нәтиже-
сінде топырақ құрамына, оның сапасына қарап, республикамыз-
дың ауылшаруашылығына пайдалануға қажетті жер қорлары 
анықталды. Осы анықталған топырақ түрлеріне және ауа райы 
жағдайымен байланысқан түрде еліміздің барлық жерінде мә-
дени дақылдар кең етек жайып тұрақты да сапалы өнім алынып 
келеді. Тек бір тоқталатын жай Қазақстандағы топырақ түрлері 
кейіннен көптеген антропогендік жүктеме барысында құнарлы-
лығын едәуір азайтып келе жатқан тенденция байқалады, сон-
дықтан жоғарыда аталған Республика мамандары рекультивация 
мәселесімен кеңінен шұғылданып көп жердің құнарлылығын 
қалпына келтіруде, әсіресе ландшафты жер шаруашылығына 
көп көңіл аударылып келеді. Жерді ыңғайына қарап, ландшаф-
тылығына арналған технологияны қолданып агротехникалық 


шараларды оптимизациялау кезінде және егіншілік жүйесіне 
бағытталған ауыспалы егістерді оңтайлы қолданғанда топырақ-
тың құнарлығы артатыны дәлелденген. Сондықтан осы оқулық-
та топырақтың экологиялық жағдайы мен оны бонитеттеу тәсіл-
деріне де айтарлықтай көңіл бөлінген. 
Топырақтану ғылымының қалыптасуы орыстың аса да-
рынды табиғаттанушы ғалымы В.В.Докучаевтың есімімен ты-
ғыз байланысты. В.В.Докучаевтан кейін оның еңбегін оның көп-
теген шәкірттері жалғастырды. Генетикалық топырақтану ХХ 
ғасырдың басында табиғаттанудың жаңа бір саласы ретінде қа-
лыптасты. Генетикалық деген түсінік «генезис», яғни топырақ-
тың пайда болуы, дамуы деген ұғымды білдіреді. Докучаевқа 
дейін топырақ агрономия мен геологияның бір саласы ретінде 
зерттеліп келді. 
Адам баласының әртүрлі құрылыстар жүргізіп, егін егіп, 
өнім алған жер бетіндегі тіршілігі мыңдаған жылдарға созыл-
ғаны мәлім. Алайда топырақ туралы ғылыми түсінік көпке дейін 
қалыптаса қойған жоқ. Егіншілік пен адам баласы ондаған жыл 
айналысып келгенімен тек ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ға-
сырдың бас кезінде ғана егіншілік туралы ғылым – агрономия 
дүниеге келді. Бұл кез дүние жүзінде феодалдық өндірістік қа-
тынастың капиталистік өндірістік қатынаспен ауысу кезеңі еді. 
Ғылыми агрономия мен алғаш айналысқан Албания 
табиғи зерттеушілері болды. ХІХ ғасырдың басында кейбір жүр-
гізген тәжірибе жұмыстарына сүйене отырып, неміс ғалымы 
А.Тэер өсімдіктердің органикалық заттармен қоректенуі теория-
сын ұсынды. Осыған байланысты ірі химиктер И.Берцелуис, 
К.Шпренгель, т.б. топырақтың қара шіріндісі – гумуспен ай-
налысты. 
Алайда кейінгі зерттеулер қарашірік (гумус) қоректік қа-
сиеттерге ие болғанымен, негізгі мәселе тек қана осы топырақ-
та 
емес екенін көрсетті. 1840 жылы неміс оқымыстысы Ф.Либихтың
«Химияны егіншілік пен физологияда пайдалану» деген еңбегі 
жарық көрді. Осыдан кейін бұл теорияны қолдайтындар кө-
бейіп, егіншілікке қарай бет бұрды. Топырақтың жыртылған қа-
батындағы азот, фосфор, калий мөлшері анықталды. Топырақ-
танудың алғашқы бұл бағытын негіздеушілер батыстың ірі 


оқымыстылары 
А.Тэер, Ю.Либих (неміс химиктері), М.Бертолло, 
Ж. Бусенго ( француз химиктері) болды. 
Осы кезден бастап агрономия мен топырақтанудың 
геология бағыты да өріс алды, яғни топырақтанудың агрогеоло-
гиялық бағыты қалыптасты. Бұл бағыт тек Батыс Еуропада 
ғана емес, сонымен қатар солтүстік Америка, Австралия, Жаңа 
Зелландияда, т.б. өріс алды. 
1765 жылы Петербургта егіншілік және экономика са-
лаларымен шұғылданатын Ресейдің алғашқы ауылшаруашы-
лығы қауымы – ерікті экономикалық қоғам ұйымдастырылды. 
Орыстың қаратопырағы тек Ресейді ғана асырап қойған 
жоқ, сонымен қатар онда өсірілетін астық, бидай еуропамен бай-
ланыстыратын негізгі сауда көзі болды. 
Петербургтағы 
орман 
институтының 
профессоры 
П.А.Костычев топырақтанудан алғашқы оқулық жазды.
П.А.Костычев топырақтануды тек агрономиялық қана емес,
биологиялық ғылымға да жатқызды. 
1876 жылы арнайы қаратопырақ жөнінде комиссия құ-
рылды. Комиссия жұмысына Петербург университетінің гео-
логия-минерология кафедрасында қызмет істейтін жас геолог 
В.В.Докучаев шақырылды. Мұнда келген соң В.В.Докучаев 
қаратопырақ жөніндегі комиссия мүшесі ретінде қаратопырақ-
тың геология-географиялық және физика-химиялық зерттеу 
бағдарламасын жасады. 1877-1878 жылдары далалық геология-
географиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Физика-химиялық 
жұмыстарға әр жердің топырақтары мен тау жыныстарының 
үлгілері алынды. 
1879-1881 жылдары химия-аналитикалық жұмыстары қол-
ға алынды. 1883 жылы В.В.Докучаев тарихта топырақтану жө-
ніндегі әлемге әйгілі «Табиғаттың қаратопырағы» атты ғылыми 
еңбегін шығарды. Бұл еңбектерінің нәтижесінде ол тек қарато-
пырақтың пайда болуын ғана емес, сонымен қатар оның қасиет-
терін, кеңістіктегі өзгерістерін, таралу заңдылықтарын анықтай 
келіп, жалпы топырақ туралы жаңа түсінікке келді. Топырақты 
география тұрғысынан ерекше жаңа салыстырмалық зерттеу 
әдісін ұсынды. Нағыз қаратопырақтар топырақтың қара шірін-
дісіне боялған А қабаты 0-40 (60) см жетіп, өтпелі В қабаты, 


біршама топырақ қара шіріндісі бар және жоғарғы қара шірін-
діге бай қабаттан жолақтанып жылжыған қара қошқыл «тіл-
дері» және бозғылт тартқан әк қосындылары бар. Оның терең-
дігі 40-60 см – 80-100 см, одан төмен топырақ түзуші аналық 
жыныс – С қабатында өтеді. 
Топырақ түзуші факторларға ол: климат, өсімдіктер мен 
жануарлар дүниесін, топырақ түзуші аналық жынысты, жер 
бедерін және аймақтың геологиялық жасын жатқызды. Бұл 
факторлар табиғаттың заңдылығына, яғни топырақ түзуші 
факторлардың үйлесімді сәйкестігіне байланысты өзгеретінін 
дәлелдеді. 
1888 жылы Ерікті экономикалық қоғам жанынан 
В.В.Докучаевтың басқаруымен арнайы топырақ комиссиясы 
құрылды. Бұл комиссия жұмысына тек ғалымдар ғана емес,
топырақтануға қатысы бар мекемелер, қызметкерлер де 
тартылды. Комиссия алдымен Ресейдің Еуропалық бөлігінің 
топырақ картасын жасады. 1889 жылы топырақтану комис-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет