Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет47/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
 
II. IV. Топырақ гумусы мен су түрлері 
Гумус немесе қарашірік дегеніміз ағзалардың анатомия-
лық құрылым белгілері толық жойылған топырақтағы органи-
калық заттың негізгі бөлігі. Бұл заттар үлкен екі топқа бөлінеді: 
Мамандандырылмаған органикалық қосылыстарды топы-
рақтан бөліп алуға болады, оларды бірыңғайландырып, саны 
анықталады (қанттар, аминқышқылдары, ақуыздар – белоктар
органикалық негіздер, дубилдік заттар, органикалық қышқыл-
дар, т.б.). Көптеген минералды топырақтарда органикалық зат-
тардың жалпы пайыздық мөлшері аз ғана болады. 
Мамандандырылған гумустық қосылыстардың  ең арнау-
лы бөлігі, көпшілік минералды топырақтарда болатын жалпы 
органикалық заттардың 80-90% -ын құрайды. 
Гумустық заттар дегеніміз шығу тегі, кейбір қасиеттері, 
құрылымдық белгілері жоғарғы молекулалық бағыттары


бойынша біріккен, құрамында азоты бар әртүрлі органикалық 
қосылыстар. Ең маңыздыларын атап көрсетейік: 1) гумустық 
заттардың әртүрлі топтары мен фракциялары үшін өзіне тән 
бояуы болады, олар күңгірт-құба бояудан – қараға дейін, 
қызғылт-құба түстен сарғыш-қызғылт бояуға дейін ауытқиды; 
2) карбоксил топтарына байланысты қышқылдық сипаттама; 3) 
Әртүрлі фракциялар мен топтардағы көміртегінің мөлшері 36 – 
62%, азот 2,5-5% аралығында болады; 4) барлық топтарда 3-6%
гетероциклдік азоты бар циклдік фрагменттің болуы; 5) гидро-
лизденбейтін азот мөлшері жалпы азоттың 25-35% құрайды; 6) 
алуан түрлі заттардың молекулярлық массалары бойынша алын-
ған көрсеткіштер 700-800 аралығынан 100 мыңға дейін болады. 
Фульвоқышқылдарыең ерігіш гумус тобының қосын-
дылары, өте жылжымалы, молекулярлық массасы жалпы гумус-
тық заттардың орташа көрсеткіштерінен төмен. Көміртегінің 
мөлшері басқа гумустық заттар топтарының өкілдерімен 
салыстырғанда аз болады. Кешенді және хелатотүзілулерге 
бейімді, қышқылдық қасиеттері айқын байқалады. Басқа топтар-
дың заттарымен салыстырғанда фульвоқышқылының бояуы 
ақшылдау болады. Сұр топырақтарда, кейбір тропикті топы-
рақтарда, қызыл топырақтарда, күлгін типті топырақтарда
көбірек болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет