кепкен балшықты, қалыңдығы 5-7 см қабықтар түзіледі, олар-
дың астында тұзданған аналық топырақ түзуші жыныстар орна-
ласқан. Топырақ бетінен шымырлайды.
Карбонаттар мен оның
тұздары (көбінесе NaCl и CaCl
2
) тақырлардың бетінде көрініп
жатады.
Сұр топырақтар
Бұл тау бөктеріндегі шөл далалар топырақтары, 34 млн. га
немесе ТМД териториясы 1,5 % қамтиды. Сұр топырақтар рес-
публика аумағының оңтүстік бөлігінде орналасқан, сондықтан
қыста тоң толық қаптайды.
Бұнда жауын-шашышын мөлшері
біршама көбірек, ал тау бөктері жазықтарында 400-500 мм-ге
жетеді.
Сұр топырақтар кескіні гаризонттарға нашар бөлінген А
гаризонты бояуы бойынша аналық жыныстан шамалы ғана
ерекшеленеді, өтпелі В гаризонтының түсі шамалы сұрғылт
болады, астында карбонаттар көп жинақталған иллювиальді
карбонаты В –
гаризонты орналасқан, сондықтан оның түсі
қошқыл болып келеді. 150-180 см-ге гипстің ұсақ кристалдары
жинақталады, одан төмен суда еритін тұздар орналасқан.
Топырақ кескінінің қалыптасуына әсер ететін маңызды
факторлар ылғалдылықпен кебу. Ашық-сұр топырақтар көк-
темде 1 м тереңдікке дейін, ал нақты сұр топырақтар 2м дейін
ылғалданады. Ылғалдану үдерісінде суда еритін тұздардың бір-
талайы жоғары
қабаттарға қайтып келеді, жазда топырақ
неғұрлым тереңге ылғалданған сайын, соғұрлым аз тұз қайта
көтеріледі.
Сұр топырақтардың ылғалдану дәрежесі жоғары болған-
дығынан эфемерлер дамуына жақсы жағдай туындайды, олар
тұтас өсімдік жамылғысын құрай алады.
Жоғары температура,
топырақтың жақсы жылу режимі, өсімдік қалдықтарының күл-
ділігі жоғары екендігі топырақта органикалық заттардың толық
ыдырауына қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Өсімдік
қалдықтарымен шірінді заттардың тез ыдырауы, минералдануы
нәтижесінде сұр топырақтарда аз ғана қара шірік қалады. Боса-
ған қоректік элементтер сумен шайылып кетпей, топырақтың
беткі 1-4 м қабатында қалады. Осыған байланысты қара шірігі аз
болғанымен сұр топырақтардың өнімділігі жоғары.
Олардың
құрамында бірталай мөлшерде азот пен калий болады, фосфор
қосылыстары еруі қиын 3 кальцийлік Са
3
(PO
4
)
2
түрінде кезде-
седі. Жазғытұрым ылғалдың аздығына байланысты сұр топы-
рақтағы биологиялық үдерістер
келесі көктемге дейін
тоқтайды.
Жоғарғы гаризонттары құрамындағы қарашірік мөлше-
ріне қарай сұр топырақтарды келесі тип тармақтарына бөледі:
ашық сұр топырақ-қара шірік молшері 0,5-3,5 %, сұр топы-
рақтар – қарашірік мөлшері 1,5-3,5 % және нақты сұр топырақ-
тар-қара шірік мөлшері 3,5-5,0 %.
(А+В) гаризонттары қалыңдығына байланысты сұр
топырақтары жұқа қабаты (А+В 40см -ден аз), орташа қабаты
(40-80 см) және қалың қабаты (80см ден көп) деп боледі.
Достарыңызбен бөлісу: