бетеге, жусан, тағы басқалар жусанды-бетегелі қауымдастық-
тардан тұрады, олар өсімдік құрамында басым болады, сонымен
қатар эфемерлер де көптеп кездеседі. Шалғын өсімдіктері құр-
ғақ дала зонасына өзен жайылмалар
мен аңғарлар бойымен тара-
лады. Ағаш тектес өсімдіктер осы зонаның ойпаң жерлерінде –
сайлар мен өзектерде, беткейлерде, өзен жағасында орналасқан.
Бұнда емен, үйеңкі, көктерек, қарағай, қарағаш, акация ағаш-
тары өседі. Орман өсімдіктері күңгірт-күрең және күрең топы-
рақтарда дамыған. Дегенмен бұл зонада дала өсімдіктері басым.
Достарыңызбен бөлісу: